"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 1758 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 желтоқсанда № 37701 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында:

      242-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "242. ӘДК-ның:

      "Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде болған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия)";

      "Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде болған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия)";

      "Майданда болуына байланысты шалдыққан ауру";

      "Жауынгерлік іс-қимылдар жүргізілген басқа мемлекеттер аумағында әскери қызмет өткеруіне байланысты шалдыққан ауру";

      "Жауынгерлік іс-қимылдар жүргізілген басқа мемлекеттер аумағында әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде болған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия)" деген қорытындысы әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге және азаматтарға шығарылады, олардың мәртебесі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған.";

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеде:

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. ЖАО медициналық комиссияларының жұмысы Кодекстің 12-бабы 2-тармағының 30) тармақшасына, 13-бабының 17) тармақшасына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 1-тармағына сәйкес ұйымдастырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Д. Косанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2025 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1758 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Тексерілуге (емделуге) жолдама

      Азамат ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы) Cіз стационарлық (амбулаториялық)

      тексерілу (емделу) үшін ______________________

      __________________________________________________________ жіберілесіз.

      (емдеу-профилактикалық ұйым атауы және ұйымның мекенжайы) Емдеу-

      профилактикалық ұйымға 20 ___ ж. "___" _____________ сағат "___" келуге тиіссіз.

      Болжамды диагнозы ___________________________________________________

      _________________________________________________________________. МО

      ______________________қорғаныс істері басқармасының (бөлімінің) бастығы

      ______________________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі) 20 ___ жылғы "___"_____________

      ______________________________________________________________________

      (кесу сызығы)

Хабарлама

      Кімге _________________________________________________________________

      (ұйым басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________________________________________________________.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан

      Республикасының Заңына сәйкес _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) стационарлық (амбулаториялық) тексерілу

      (емделу) үшін ________________________

      _____________________________________________________________жіберіледі.

      (емдеу-профилактикалық ұйым атауы және ұйымның мекенжайы)

      Осыған байланысты Сізден стационарлық (амбулаториялық) тексерілу (емделу)

      курсынан өту үшін уақыт беруіңізді сұраймын. Қорғаныс істері басқармасының

      (бөлімінің) бастығы ________________________________ (әскери атағы, қолы,

      инициалы, тегі) МО 20 ___ жылғы "___" _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады