БҰЙЫРАМЫН:
1. "Оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15301 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын ұйымдары үшін үлгілік штаттары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттары.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі споршыларды даярлау жүзеге асырылатын ұйымдары үшін үлгілік штаттарында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын ұйымдары үшін үлгілік штаттары";
"Өз меншігінде спорттық базасы бар ұйымдарға арналған қосымша штаттық бірліктер" бөлімшесінде:
реттік нөмірі 34-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
34-2. | Медициналық кешеннің басшысы (меңгерушісі) | 1 бірлік |
";
реттік нөмірі 43-жолына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"Авиациалық спорт түрлерін дамытып жатқан ұйымдар үшін" бөлімшесінде:
реттік нөмірлері 73 және 74-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
73. | Парашюттік-десанттық дайындық нұсқаушысы | 2 бірлік |
74. | Парашюттік-десанттық дайындық қоймасының меңгерушісі | 1 бірлік |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарында:
"Ғылыми-әдістемелік қызмет жүзеге асырылатын ұйымдар" бөлімінде:
"Басқарушы персонал" бөлімшесінде:
реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
22. | Басшының орынбасары | 4 бірліктен артық емес |
5 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 23-1 және 24-1-жолдарымен толықтырылсын:
"
23-1. | Бас бухгалтердің орынбасары | 1 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
24-1. | Бас инженер | 1 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
";
"Әкімшілік персонал" бөлімшесінде:
реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
28. | Бухгалтер | 1 бірлік |
5 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
";
реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
31 | Заңгер | 1 бірлік |
4 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 36-1, 36-2, 36-3, 36-4, 36-5, 36-6 және 36-7-жолдарымен толықтырылсын:
"
36-1. | Асхана басшысы (меңгеруші) | 1 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
36-2. | Бассейннің басшысы (меңгеруші) | 1 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
36-3. | Кітапхана басшысы (меңгеруші) | 1 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
36-4. | Спорттық ғимараттың басшысы (меңгерушісі) | 1 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
36-5. | Кір жуатын бөлме басшысы (меңгеруші) | 1 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
36-6. | Шаруашылық қызмет көрсететін құрылымдық бөлімшенің (қазандық, қойма) басшысы | 2 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
36-7. | Медициналық ғимараттың басшысы (меңгерушісі) | 1 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
";
"Допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдарда өз меншігінде ғимараты болған жағдайда қосымша штаттық бірліктер" бөлімінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81 және 82-жолдарымен толықтырылсын:
"
70. | Дизельдік техника жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі механик | 3 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
71. | Техник | 5 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
72. | Кітапханашы | 2 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
73. | Энергетик | 5 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
74. | Әкімші | жеке спорт ғимараты болған жағдайда, әрбір жеке тұрған жатақхана, асхана ғимаратына 1 бірлік |
75. | Кезекші әкімші |
жеке спорт ғимараты болған жағдайда, әрбір жеке тұрған жатақхана, асхана ғимаратына |
76. | Кассир (ұйымдарда халыққа ақылы қызметтерді көрсету кезінде) |
жеке спорт ғимараты болған жағдайда, жеке орналасқан халыққа қызмет көрсететін әрбір аймаққа (спорттық арена, фитнес, жаттығу залы, бассейн, спорт түрлері бойынша секциялар, қонақ үй, асхана) 1 бірлік |
77. | Дыбыстық техника жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі механик | 3 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
78. | Механик | 5 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
79. | Инженер | 5 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайдам |
80. | Нұсқаушы | 10 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
81. | Менеджер | 15 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
82. | Шебер | 5 бірлік, жеке спорт ғимараты болған жағдайда |
".
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
