"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 278 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 22 желтоқсанда № 37645 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20509 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
М. Мелдебекова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 278 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 27 сәуірдегі
№ 164 бұйрығымен бекітілген

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы немесе қағаз тасымалдағышта "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы жүзеге асырылады.

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

      3. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті Порталда ашу үшін білім беру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей хабарлама жібереді.

      Құжаттарды қабылдау және үміткерлерді конкурстық іріктеуден өткізуді ұйымдастыру үшін көрсетілетін қызметті беруші педагогтерден, әкімшілік-басқару және оқу-көмекші қызметкерлерден қабылдау комиссиясын құрады.

      Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ конкурстың өту мерзімін көрсетілетін қызметті беруші айқындайды және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарында жарияланады.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін үміткердің заңды өкілдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға сауалнамасы бар өтінішті тапсырады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз тасымалдағышта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға сауалнамасы бар өтінішті ұсынады.

      5. Өтініш Портал арқылы Бірыңғай ақпараттық білім беру ортасына (бұдан әрі – БАББО) келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде мыналарды жүзеге асырады:

      1) құжаттар топтамасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді;

      2) құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және олар осы Қағидалардың 2-қосымшасының 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес рұқсаттаманы жібереді. Тестілеу күндері үміткерлердің рұқсаттамасы өздерімен бірге болуы керек;

      3) құжаттар осы Қағидалардың 2-қосымшасының 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Портал арқылы келіп түскен өтініштердің барлығы БАББО-да өңделеді.

      6. Құжаттар топтамасы қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде мыналарды жүзеге асырады:

      1) құжаттар топтамасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді;

      2) құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және олар осы Қағидалардың 2-қосымшасының 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес рұқсаттаманы береді. Тестілеу күндері үміткерлердің рұқсаттамасы өздерімен бірге болуы керек;

      3) құжаттар осы Қағидалардың 2-қосымшасының 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Құжаттарды қағаз тасымалдағышта қабылдаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға сәйкес ұсынылған құжаттар негізінде БАББО-да үміткерлердің деректер базасын қалыптастырады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес Портал арқылы немесе қағаз тасымалдағышта құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) конкурстық іріктеуге қатысу туралы өтінішті белгіленген мерзімдерден кеш берген, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қолхат береді.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы №452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен енгізілуін қамтамасыз етеді.

      9. Кешенді тестілеуден өткеннен кейін Портал арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға "1414" бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзі арқылы SMS-хабарламаларды мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі – МАБ) тіркелген ұялы байланыс желісінің абоненттік нөміріне көрсетілетін қызметті берушінің ресми сайтында жарияланған күні кешенді тестілеудің нәтижелері туралы хабарлама жіберіледі.

      10. Үміткерге Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты тағайындалған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "1414" бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзі арқылы SMS-хабарламаларды МАБ-та тіркелген ұялы байланыс желісінің абоненттік нөміріне немесе конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде көрсеткен электрондық поштасына мынадай мазмұндағы хабарлама жіберіледі:

      1) конкурс қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантының тағайындалғаны туралы;

      2) Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқуға келісім берген жағдайда хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде "eGov Mobile" электрондық үкіметінің мобильді қосымшасының "Bilim" сервисі арқылы білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу қажеттілігі туралы.

      11. Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқитынын растау үшін көрсетілетін қызметті алушы:

      1) өтінішті Портал арқылы тапсырса, "eGov Mobile" электрондық үкіметінің мобильді қосымшасының "Bilim" сервисі арқылы білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қояды;

      2) өтінішті қағаз тасымалдағышта тапсырса, көрсетілетін қызметті беруші ұсынған білім беру қызметін көрсету туралы шартқа 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа қол қоймаған жағдайда, оқушы Назарбаев Зияткерлік мектебіне қабылдана алмайды.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.

      Шағымданатын әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып жатқан көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып жатқан көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде оң шешім қабылдаған, шағымда көрсетілген талаптарға толық сәйкес келетін әрекет жасаған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      13. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      15. Егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Қазақстан Республикасы
Президентінің "Өркен" білім
беру гранты шеңберінде
"Назарбаев Зияткерлік
мектептері" дербес білім беру
ұйымына конкурсқа қатысу
үшін құжаттарды қабылдау және
оқуға қабылдау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
Қабылдау комиссиясына
үміткердің заңды өкілінен
Тегі__________ Аты_________
Әкесінің аты (ол болған жағдайда) _______
Тұрақты тіркелген мекенжайы___________
Тұрғылықты (нақты) тұратын мекенжайы
_____________________________________
Телефон нөмірі _______________________
Жеке куәлік № ______________________
Берген (кім және қашан)
_____________

Конкурсқа қатысуға өтініш

      ______________ туған үміткер ___________________________________________,

      (жылы, айы, күні) (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) толық)

      ______________________________________________________________________

      (мектептің атауы)

      Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқыту __________тілінде жүргізілетін ___ сыныбында оқу үшін өткізілетін конкурстық іріктеуге қатысуына рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Осымен үміткердің осы өтініште көрсетілген мектепте бөлінген гранттар шегінде оқу үшін конкурсқа қатысатыны туралы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидаларының және оның мөлшерлерінің талаптарымен танысқанымды растаймын.

      _________ "____" ______________________________

      (қолы)             (өтінішті тапсыру күні)

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ филиалдарында оқуға үміткердің сауалнамасы

      ________________________________________________________________________

      Үміткердің тегі, аты (туу туралы куәлік немесе жеке куәлік бойынша)

      ________________________________________________________________________

      Әкесінің аты (ол болған жағдайда) (туу туралы куәлік немесе жеке куәлік бойынша)

Азаматтығы

___________________________________
азаматтығын көрсетіңіз

Туған күні

___________________________________
туған күнін көрсетіңіз

Конкурсқа қатысу үшін таңдаған
Назарбаев Зияткерлік мектебі

___________________________________
___________________________________
мектептің атауын көрсетіңіз

Сынып

___________________________________
оқу сыныбын көрсетіңіз

Оқу тілі

___________________________________
қалаған оқу тілін көрсетіңіз

Қай мектептен келді

___________________________________
толық атауы
___________________________________
___________________________________
мектептің орналасқан жері

Байланыс деректері

 
үй телефоны ________________
ұялы телефоны ______________
e-mail ______________________

      ___________________________
Үміткердің заңды өкілінің қолы

Үміткердің заңды өкілдері туралы мәліметтер*

Туысқандық дәрежесі

Әкесі

Анасы

Өзге де заңды өкілдер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы




Азаматтығы




Жұмыс/оқу орны, қызметі




Үй, жұмыс телефоны, елді мекен телефонының коды




Үміткердің мекенжай деректері*

Елді мекен

Тұратын орны

Тіркелген орны

Облыс



Қала



Аудан



Ауыл



Көше, шағын аудан



Үй



Пәтер



      * Байланыс, мекенжай деректері өзгерген жағдайда, 5 күн ішінде қабылдау комиссиясының мүшелеріне хабарлау қажет

      ___________________________
Үміткердің заңды өкілінің қолы

      Мен ____________________________________________________________________

      үміткердің заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________ үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – үміткер)

      осы сауалнамада көрсетілген барлық ақпараттың толық және дұрыс екендігін растаймын.

      Біле тұра жалған немесе толық емес деректерді беру үміткердің конкурстан шығып қалуына, сондай-ақ тағайындалған жағдайда "Өркен" білім беру грантынан айыруға әкеп соғатыны маған мәлім.

      Мен төмендегі:

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидаларымен және мөлшерілерімен;

      Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру қағидаларының талаптарымен;

      Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құқықтық актілеріне сәйкес іскерлік, классикалық үлгідегі бірыңғай мектеп формасы мен оқушылардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптармен таныстым.

      Мен, үміткерге Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындаған жағдайда, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Назарбаев Зияткерлік мектептерінде белгіленген барлық ережелерді орындауға міндеттенемін, оның ішінде үміткердің сыртқы келбетіне және бірыңғай мектеп формасын кию міндеттемесіне қойылатын талаптарды орындауға кепілдік беремін.

      Маған жоғарыда көрсетілген талаптар мен міндеттемелер орындалмаған жағдайда, оқушының Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құқықтық актілерінде көрсетілген, оның ішінде Назарбаев Зияткерлік мектебінен шығарылуына дейін алып келетін тәртіптік шаралардың қолданылуына әкелуі мүмкін екені белгілі.

      Үміткердің сауалнамалық деректерін, конкурстық іріктеу нәтижелерін шетелдік әріптестерге, мемлекеттік органдарға, сарапшыларға және өзге де мүдделі ұйымдарға беруге, сондай-ақ конкурстық іріктеу нәтижелерін "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ интернет-ресурсында орналастыруға қарсы емеспін.

      Мен үміткердің дербес және биометриялық деректерін жинақтауға, өңдеуге келісемін.

      Үміткердің конкурстық іріктеуге қатысуына дербес жауапкершілікте боламын және үміткердің конкурстың барлық шарттары мен талаптарын сақтауын, сондай-ақ конкурсқа делдалдардың қатысуынсыз тікелей өз бетінше қатысуын қамтамасыз етуге міндеттенемін. Үміткердің конкурстан өтуі кезінде конкурстық іріктеуді ұйымдастыруға және өткізуге жауап беретін ұйымдардың қызметкерлерімен ізетті болуға міндеттенемін.

      Конкурстан өткен соң менің және үміткердің "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ-ның зияткерлік меншігі мен құпия ақпарат саналатын кешенді тестілеудің тест тапсырмаларының мазмұнын таратпауына міндеттенемін.

      Ескерту: Жоғарыда аталған барлық нормативтік-құқықтық актілер көрсетілетін қызметті берушінің www.nis.edu.kz ресми сайтында орналастырылған.

Күні ______

____________________________



Үміткердің заңды өкілінің қолы


  "Қазақстан Республикасы
Президентінің "Өркен" білім
беру гранты шеңберінде
"Назарбаев Зияткерлік
мектептері" дербес білім беру
ұйымына конкурсқа қатысу
үшін құжаттарды қабылдау және
оқуға қабылдау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) "электрондық үкімет" веб-порталы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ Портал арқылы жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – үміткерге конкурсқа қатысу үшін рұқсаттама беру не Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне үміткердің конкурсқа қатысуы үшін рұқсаттама не Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жауабы жіберіледі.

6

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлемақы мөлшері және оны алу тәсілдері

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 12:30-дан 13:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.
2) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақытындағы сағат 18:00-ден кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері мен орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында, әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарында;
2) Порталда жарияланады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз тасымалдағышта):
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім және келісім;
2) үміткердің туу туралы куәлігі/жеке басын растайтын құжаты (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты;
3) үміткердің заңды өкілінің жеке басын растайтын құжаты (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты.
Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің талабына сәйкес үміткердің заңды өкілдері үміткердің азаматтығын растайтын құжаттар ұсынуы тиіс;
4) үміткердің ағымдағы оқу жылындағы үлгерім табелінің көшірмесі. Қажетті құжаттар басшының қолымен және тиісті білім беру ұйымының мөрімен куәландырылуы тиіс.
5) құжаттарды тапсыру кезінде шетелдік білім беру ұйымдарында оқитын үміткерлер мектептен оқу сыныбын және оқу/күнтізбелік жылын, анықтаманың берілген күнін көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі, немесе мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған аудармасы бар табельдің/анықтаманың немесе басқа да ресми құжаттың түрлі-түсті көшірмесін қосуы/тіркеуі тиіс;
6) үміткердің цифрлық түрлі-түсті фотосуретіне қойылатын талаптар:
фотосуретті алдыңғы жағынан ақшыл фонда, бет әлпеті ешқандай қимылсыз бейтарап түрінде және аузы жабық күйінде түсіру;
көздері ашық, анық көрінуі және оларды шашпен жаппау;
бет әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 70-85%-ын құруы;
жан-жағы 3х4 қатынасындағы өлшемі 1 МБ (мегабайт) аспайтын графикалық файл түрінде;
фотосурет өлшемі кемінде 450x600 пиксель, ажыратымдылығы 80 пиксель/дюйм (dpi) болуы тиіс.
Рұқсат етілмейді:
бас киім мен көзілдірік киіп түсуге;
компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе көшіру арқылы жасалған фотоларды пайдалануға;
7) сенімхат (үміткердің заңды өкілінің атынан үшінші тұлға өтініш берген жағдайда).
Порталға:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш және көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы келісім;
2) құжаттарды тапсыру кезінде шетелдік білім беру ұйымдарында оқитын үміткерлер мектептен оқу сыныбын және оқу/күнтізбелік жылын, анықтаманың берілген күнін көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі, немесе мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған аудармасы бар табельдің/анықтаманың немесе басқа да ресми құжаттың түрлі-түсті электрондық көшірмесін қосуы/тіркеуі тиіс;
3) үміткердің цифрлық түрлі-түсті фотосуретіне қойылатын талаптар:
фотосуретті алдыңғы жағынан ақшыл фонда, бет әлпеті ешқандай қимылсыз бейтарап түрінде және аузы жабық күйінде түсіру;
көздері ашық, анық көрінуі және оларды шашпен жаппау;
бет әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 70-85%-ын құруы;
жан жағы 3х4 қатынасындағы өлшемі 1 МБ (мегабайт) аспайтын графикалық файл түрінде;
фотосурет өлшемі кемінде 450x600 пиксель, ажыратымдылығы 80 пиксель/дюйм (dpi) болуы тиіс.
Рұқсат етілмейді:
бас киім мен көзілдірік киіп түсуге;
компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе көшіру арқылы жасалған фотоларды пайдалануға.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, туу туралы куәліктер туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33295 болып тіркелген) бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты Порталдағы "жеке кабинеттен", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінен, www.nis.edu.kz ресми сайтынан, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталықтары арқылы алуға болады.
Үшінші тұлғалардың қызмет алу шарттары: Порталдағы "жеке кабинеттен" мәлімет сұралатын тұлғаның келісімімен, үшінші тұлғалардың электрондық сұранысы.
Құжаттар топтамасы қағаз тасымалдағышта тапсырылған жағдайда күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Конкурсқа қатысу үшін өтінішті құжаттарды қабылдаудың соңғы күні берген кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін құжаттарды қабылдау мерзімі өткеннен кейін ала алады, бұл ретте ескертулерді жою үшін өтінішті қайта беру мүмкіндігі болмайды.

  "Қазақстан Республикасы
Президентінің "Өркен" білім
беру гранты шеңберінде
"Назарбаев Зияткерлік
мектептері" дербес білім беру
ұйымына конкурсқа қатысу
үшін құжаттарды қабылдау және
оқуға қабылдау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша

     



  "Қазақстан Республикасы
Президентінің "Өркен" білім
беру гранты шеңберінде
"Назарбаев Зияткерлік
мектептері" дербес білім беру
ұйымына конкурсқа қатысу
үшін құжаттарды қабылдау және
оқуға қабылдау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ мына негіздерге байланысты өтінішті қабылдаудан бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) үміткердің заңды өкілінен сенімхатсыз үшінші тұлғаның құжаттарды ұсынуы;

      4) үміткерде Қазақстан Республикасы азаматтығының болмауы;

      5) үміткер фотосының осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сай болмауы.

      (қажетті себептің астын сызу)

      Орындаушы: Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ______________ Телефоны ___________

      Алдым: Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)/ЭЦҚ ______

      Көрсетілетін қызметті беруші филиалы қызметкерінің қолы/филиал

      БСН ________________"___"_____20____жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады