"Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 26 тамыздағы № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 119/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 22 желтоқсанда № 37635 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 26 тамыздағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15747 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне ақша төлеу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысының 50-тармағына сәйкес баянат (өтініш) істер мен лауазымды қабылдаған не болмаса мекеме тізімінен шығарылған күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде мынадай лауазымды адамдардың атына ұсынылады:

      1) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) Төрағасына – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ведомстволарының бірінші басшылары, құрылымдық бөлімшелерінің және ҰҚК әскери, арнаулы оқу орындарының бастықтары;

      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарына – олардың қарамағындағы әскери қызметшілер және көрсетілген бөлімшелерде бұрын қызмет өткерген әскери қызметтен босатылған адамдар;

      3) ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің әскери қызметшілері мен әскери қызметтен босатылған адамдар, ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының бастықтары;

      4) ҰҚК мемлекеттік мекемелерінің бірінші басшыларына – олардың қарамағындағы әскери қызметшілер және көрсетілген бөлімшелерде бұрын әскери қызмет өткерген әскери қызметтен босатылған адамдар.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеуге бұйрық жасауға жауапты мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап бес күннен кешіктірмей баянатта (өтініште) көрсетілген мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады.

      Баянатта (өтініште) көрсетілген тасымалдау бағыты елді мекендердің нақты орналасуына сәйкес келмеген жағдайда, құрылымдық бөлімше өтініш берушіге оларды пысықтау үшін қайтарады. Өтініш беруші он күн ішінде құрылымдық бөлімшеге қайта өтініш жасайды, бұл ретте баянат (өтініш) бастапқы тіркелген күні берілген болып есептеледі.

      Баянат (өтініш) негізінде құрылымдық бөлімше төлем мөлшерін белгілейді және ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеуге бұйрық жобасын дайындайды.".

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады