Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 791 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 желтоқсанда № 37616 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 593 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35018 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Үлгілік конкурстық құжаттамаларға, аукциондық құжаттамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесінде:

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бұйрыққа 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 89-1-тармақпен толықтырылсын:

      "89-1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәбіл бойынша жалпыға бірдей мәлімет үшін хабарлама алу немесе авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін эфирге беру құқығын беру жөніндегі қызметтер бойынша конкурсқа қатысуға арналған әлеуетті өнім берушінің (құқықтарды ұжымдық басқарудың аккредиттелген ұйымының) өтінім бағасы, егер ол Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 400 және 2023 жылғы 22 маусымдағы № 401 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32874 және № 32873 болып тіркелген) бұйрықтарымен бекітілген авторлық сыйақының және орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелеріне сәйкес белгіленетін мөлшерлемеден төмен болса, демпингтік деп танылады.";

      268 және 269-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "268. Әлеуетті өнім берушінің аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі өткен жылдың алдындағы кемінде үш жыл үшін есепке алынады.

      Әлеуетті өнім берушінің жылдық қаржылық есептілігінің аудитін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №231 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10875 болып тіркелген) Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптардың 4-тармағына сәйкес келетін және жүргізген сапаны сыртқы бақылау нәтижелері бойынша "4"-тен төмен емес баға алған аудиторлық қызмет жөніндегі Кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілерінің тізбесіне кіретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады.

      269. Аудиттелген жылдық қаржылық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийінде орналастыру Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, сондай-ақ аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес 30 қыркүйектен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап ескеріледі.

      Бұл ретте, 2022, 2023 және 2024 жылдарға арналған аудиттелген жылдық қаржылық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийінде орналастыруы 2026 жылғы 15 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады және 2026 жылғы 1 мамырдан бастап мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ескеріледі.";

      301-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "301. "Толық бітіріп берілетін құрылыс" бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурс қорытындыларына әсер ететін мынадай бағалық емес өлшемшарттар қолданылады:

      1) әлеуетті өнім берушіде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде 50 (елу) пайызын құрайтын құрылыс-монтаж жұмыстарының сомасы орындалған шарттар бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.

      Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларына сәйкес жұмыс тәжірибесінің тізіліміне енгізілетін құжаттардың электрондық көшірмелері болып табылады.

      Егер әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті жылы әрбір өткізілген осындай объект үшін 1 (бір) балл беріледі. Осы өлшемшарттың конкурстағы баллдардың жиынтық саны 5 (бес) баллдан аспайды.

      Бұл ретте, қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі ескерілмейді.

      2) сала бойынша орташа көрсеткіштен асатын жергілікті қамту үлесін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме (жобалауға арналған тапсырмада көрсетілген).

      Егер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім құрамында сала бойынша орташа көрсеткіштен (жобалауға арналған тапсырмада көрсетілген) асатын жергілікті қамтудың үлесін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемені қабылдаса, мұндай әлеуетті өнім берушіге жергілікті қамтудың әрбір қосымша 10 (он) пайызы үшін 1 (бір) балл беріледі;

      3) құрылыс объектісі бойынша сапа кепілдігі:

      негізгі құрылымдарға;

      инженерлік желілерге;

      жабдыққа.

      Егер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім құрамында құрылыс объектісі бойынша сапа кепілдігіне келісім берген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушіге:

      негізгі конструкцияларға кепілдік үшін кепілдіктің әрбір жылы үшін 0,1 (нөл бүтін оннан бір) балл, осы өлшемшарттың конкурстағы баллдардың жиынтық саны 5 (бес) баллдан аспайды;

      инженерлік желілерге кепілдіктің әрбір жылы үшін 0,1 (нөл бүтін оннан бір) осы өлшемшарттың конкурстағы балдардың жиынтық саны 2 (екі) баллдан аспайды;

      жабдыққа кепілдіктің әрбір жылы үшін 0,1 балл, осы өлшемшарттың конкурстағы баллдардың жиынтық саны 1 (бір) баллдан аспайды;

      4) қаржыландыру шарттарын қабылдау:

      аванстан бас тарту;

      объектіні пайдалануға бергенге дейін орындалған жұмыстар актілеріне аралық ақы төлеуден бас тарту.

      Егер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім құрамында аванстан бас тарту туралы міндеттеме қабылдаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушіге 1 (бір) балл беріледі.

      Егер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім құрамында объектіні пайдалануға беру аяқталғанға дейін орындалған жұмыстардың аралық актілеріне ақы төлеуден бас тарту туралы келісім берген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушіге 5 (бес) балл беріледі.

      5) объектінің энергия тиімділігі сыныбын қамтамасыз ету.

      Егер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім құрамында объектінің энергия тиімділігі сыныбын қамтамасыз етуге кепілдік берген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушіге жобалауға арналған тапсырмада белгіленгенге қатысты әрбір арттыру пункті үшін 1 (бір) балл беріледі;

      6) жобаны өз қаражаты есебінен іске асыру (демеуші).

      Егер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім құрамында жобаны өз қаражаты есебінен іске асыруға кепілдік берген жағдайда (демеуші), мұндай әлеуетті өнім берушіге 50 (елу) балл беріледі.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 301-тармағында көзделген қалған өлшемшарттар қолданылмайды;

      6-1) кейіннен мемлекеттік міндеттемелерді орындай отырып, жобаны өнім берушінің өз қаражаты есебінен іске асыру.

      Егер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім құрамында кейіннен мемлекеттік міндеттемелерді орындай отырып, жобаны өз қаражаты есебінен іске асыруға кепілдік берген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушіге 50 (елу) балл беріледі.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 301-тармағында көзделген қалған өлшемшарттар қолданылмайды.

      Кейіннен мемлекеттік міндеттемелерді орындай отырып, жобаны әлеуетті өнім берушінің өз қаражаты есебінен іске асырылған және бағалық емес өлшемшарттар баллдарының саны тең болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларына сәйкес, қаржы-экономикалық модельдің ең жақсы шарттарын ұсынған конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады;

      7) объектіні сенімгерлік басқаруға қабылдай отырып, жобаны өз қаражаты есебінен іске асыру.

      Егер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім құрамында объектіні сенімгерлік басқаруға берудің үлгілік шарты талаптарында объектіні сенімгерлік басқаруға қабылдай отырып, өз қаражаты есебінен объектіні іске асыруға кепілдік берген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушіге 48 (қырық сегіз) балл беріледі.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 301-тармағында көзделген қалған өлшемшарттар қолданылмайды.

      Бағалық емес өлшемшарттар баллдарының саны тең болған кезде Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайтын әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығының үлкен көрсеткіші бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

      Әлеуетті өнім берушілердің қаржылық орнықтылық көрсеткіші тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.";

      538-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы Қағидалардың 301-тармағының 6), 6-1) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда өнім берушілерге.";

      580-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өнім берушінің веб-портал арқылы қорларды басқа жаққа жіберуге арналған жүкқұжаттың электрондық нысанын және Ұлттық тауарлар каталогынан оның бірегей кодын көрсете отырып, тауарды қабылдап алу-беру актісін ресімдеуі;";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

      Конкурстық құжаттамада:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшасымен толықтырылсын:

      "15) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларына сәйкес, тапсырыс беруші бекіткен қаржы-экономикалық модельді.

      Осы тармақша жобаны кейіннен мемлекеттік міндеттемелерді орындай отырып, өнім берушінің өз қаражаты есебінен іске асыра отырып, "толық бітіріп берілетін құрылыс" бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылады.";

      18-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшасымен толықтырылсын:

      "8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларына сәйкес, әлеуетті өнім беруші әзірлеген қаржы-экономикалық модельді.

      Осы тармақша жобаны кейіннен мемлекеттік міндеттемелерді орындай отырып, өнім берушінің өз қаражаты есебінен іске асыра отырып, "толық бітіріп берілетін құрылыс" бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылады.";

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 13-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 7-1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 18-қосымшада:

      Аукциондық құжаттамада:

      осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 7-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 38-қосымшада:

      Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:

      6.1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жаңа, пайдаланылмаған, зауыт орамасында, материалы мен орындауында ешқандай ақаулықтары жоқ екендігіне, авиациялық техниканы сатып алуды қоспағанда;";

      көрсетілген Қағидаларға 39-1-қосымшада:

      "Толық бітіріп берілетін құрылыс" бойынша мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартта:

      3.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Мердігер Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді Орындаушы аванстық төлемнен бас тартқан жағдайларды қоспағанда, 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жасайды.

      Шарттың жалпы сомасының ______% (_____ пайыз) мөлшеріндегі аванстық төлем (алдын ала төлем) Орындаушы авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді және төлеуге шотты ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі. Аванстық төлем (алдын ала төлем) осы Қағидалардың 301-тармағының 6), 6-1) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, авансты қайтаруды қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда жүргізіледі, аванстық төлем (алдын ала төлем) жүргізілмейді.

      Жұмыстардың көлемі қосалқы мердігерлікке берілген жағдайда, мердігер қазақстандық тауарөндірушілер тізіліміндегі қосалқы мердігерлікке бөлінген соманың 30 (отыз) пайыз мөлшерінде аванстық төлем төлеуге міндеттенеді.

      Аралық төлемдерді Тапсырыс беруші ақшалай қаражатты Мердігердің есеп шотына аудару жолымен төлейді <төлем шарты> Тараптар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі істері жөніндегі уәкілетті органының ақпараттық жүйесінде электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қалыптастырылған және қол қойылған орындалған жұмыстар актілеріне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, пропорционалды ұстап қалуды ескере отырып төлейді бұрын төленген авансты, сондай-ақ кепілдік жарнаны шарт сомасының 5 (бес) пайызы мөлшерінде, <сома>мөлшерінде ұстап қалуды көздейді.

      Қазақстандық тауарөндірушілер тізіліміндегі Қосалқы мердігерге аралық төлемдерді Мердігер бұрын төленген авансты пропорционалды ұстауды ескере отырып, Тапсырыс берушіден Мердігердің есеп айырысу шотына аралық төлемдер түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.

      Орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуді Тапсырыс беруші мердігердің есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді <төлем шарты> тараптар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі істері жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қалыптастырылған және қол қойылған орындалған жұмыстар актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей.

      Мердігер орындалған жұмыстар үшін қазақстандық тауарөндірушілер тізіліміндегі қосалқы мердігерге ақы төлеуді Мердігердің есеп шотына Тапсырыс берушіден төлем түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      Бір қаржы жылы шеңберінде жұмыстар орындалған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстар аяқталғаннан және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде <сома> мөлшерінде шарт сомасының қалған 5 (бес) пайызын төлейді.

      Егер жұмыстарды орындау мерзімі бір қаржы жылынан асқан жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстар аяқталғаннан кейін және құрылысы аяқталған соңғы жылы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде <сома> мөлшерінде шарт сомасының қалған 5 (бес) пайызын төлейді.

      Егер осы шарт осы қаражатты төлеу бойынша Тапсырыс беруші тарапынан мемлекеттік міндеттемелерді кейіннен орындай отырып, Мердігердің өз қаражаты есебінен жұмыстарды орындау шеңберінде жасалған жағдайда, орындалған Жұмыстар үшін ақы төлеу "толық бітіріп берілетін құрылыс" бойынша объектісін пайдалануға беру актісіне қол қойылған күннен бастап ___ жыл мерзімде жүзеге асырылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 47 және 48-қосымшалар осы бұйрыққа 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 791
Бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрінің
2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 593 бұйрығына
1-қосымша

Үлгілік конкурстық құжаттамаларға, аукциондық құжаттамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі

Тауарлар, жұмыстар, қызметтер атауы

Сипаттама

Ескертпе

І.

Тауарлар:



1.

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары:



1.1.

Төсек-жайма (көрпе тысы, ақ жайма, жастық тысы, матрастардың тыстары)



1.2.

Көрпе, жастық, матрац, матрацқа арналған тыс, жамылғы



1.3.

Дастархан, төсек жапқыш, орамал, тоқыма майлықтар, пердешелер, перделер, шымылдықтар



1.4.

Дайын ерлер, әйелдер мен балалардың киім-кешек заттары (блузкалар, шалбарлар, жемпірлер, курткалар, костюмдар, жүзу киімдері, жакеттер, костюмдер, суға түсуге арналған іш киім, курткалар, курткалар-пиджактар, қысқа тондар, іш киімдер, жейделер, теннискалар, қалың күртелер, жеңіл жейде -пололар, шалбарлар және белдемшелер, кимоно)



1.5.

Жұмыс киімі, жұмыс халаты, алжапқыш, кеудеше, көкірекше-жамылғы, дабыл кеудеше, санитариялық костюм, қышқылға қарсы костюм, төмен температурадан қорғауға арналған костюм, өндірістік ластанудан қорғауға арналған костюм, матадан жасалған жеңқап, дәнекерлеуші костюм, судан қорғауға арналған плащ, жұмыс комбинезоны, қысқа және ұзын жеңді қалыпты көйлек, камуфляжды костюм, ластанулар мен механикалық әсерлерден қорғауға арналған жалпы өндірістік киімдер



1.6.

Медициналық мақсаттағы киім-кешек (медициналық халат, медициналық костюм, хирургиялық костюм, хирургиялық бахилалар, келушілерге арналған жамылғы-халат, жаялықтар, (рентгеннен қорғағыш) пелерина)



1.7.

Ерлер және әйелдер іш киімдері (пижама, ішкиім, ішкөйлек, ішкөйлек пен шолақ шалбар, дамбалдар, шұлықтар, шұлғаулар, жеңіл жейде, жатарда киетін іш көйлек, халат және жейде)



1.8.

Бас киімдер (берет, күнқағары бар қалпақ (бейсболка), кепеш, кепке, қалпақ, үшкіл орамал, бас киім, дулыға, қалпақтар, фуражка, пилотка)



1.9.

Аяқ киім (бәтеңкелер, етіктер (ерлер, арнайы костюмдерге арналған, резеңке, ерлер, диэлектрлік, резеңке), бутстер, резеңке кебістер, пима, кроссовкалар, қысқа қонышты бәтеңке, қысқа қонышты етік, сандалдар, тәпішке, тәпішке (резеңке шәркей), туфли, етік, кеды)



1.10.

Қол орамалдар, галстуктер, мойын бөкебайлар, шұлықтар, шұлғаулар, қысқа шұлық, шұлық, тоқыма материалдардан жасалған киімнің бөліктері (дулыға астары, жапсырмалар, белбеу, жұмыс сөмке, сөмке, портфель, портмоне, белбеу, кілем, биялай, термос-сөмке бауымен, қолғаптар, биялайлар, жаға астары)



1.11.

Кендір, үлдірлер мен полиэтилен пакеттерді қоспағанда қаптар мен пакеттер



1.12.

Брезенттер, қаптар, жапқыштар, тенттер (шатырлар)



1.13.

Электротехникалық жабдықтарға арналған шүберектерді қоспағанда өзге де тоқыма бұйымдары (еден, ыдыс жууға арналған шүберек, шаң тазалалау және өзге де тазалауға арналған керек-жарақтар, геологиялық сынамаларға арналған қаптар, техникалық салфеткалар)



1.14.

Өзге де жеңіл өнеркәсіп өнімдері (мата, тері, киіз, жіп, жіптер, панно, кілем, кілемше, киіз, толтырма, жол жиынтығы, мата, жіп, тұтқыш, қысымды жең, өрт сөндіруші белдігі, синтепон, ұлтарақ, ту, жалауша, фуршет белдемесі, бау, эмблема, бант (орындықтарға арналған, мақтадан)



2.

Жиһаз өнеркәсібінің тауарлары:



2.1.

Тұрмыстық және қоғамдық үй-жайларға арналған жиһаз, кеңселерге, студияларға, қонақ үйлерге, мейрамханаларға және қоғамдық орындарға арналған жиһаз (орындықтар, орындықтар, табуреттер, дивандар, креслолар, орындықтар, тіреулер, демонстрациялық шкафтар, сөрелер, бокстар, сату үстелі, верстактар (үстелдер), приставкалар, бар станциялары, мінбе, стеллаждар, шкафтар, ілгіштер, киім ілгіштер, тумбалар, қалқалар, жиһаз жинақтары, ресепшн тіреулері, сөрелері, пирамидалар, стендтер, үлкен биік айна, перде, сүлгілер, комодтар, төсектер, жұмсақ жиһаздар)



2.2.

Балалар және мектеп жиһазы (оқушылар парталары, оқушылар орындықтар, балалар төсегі, балалар шкафтары, жиһаз гарнитурлары, манеждер, жәшіктер)



2.3.

Зертханалық жиһаз (зертханалық орындықтар, табуреттер, басқа да зертханалық орындықтар, шкафтар, үстелдің үстіңгі тақтайшалар, стеллаждар, сөрелер, тумбалар және үстелдер)



2.4.

Ас үй жиһазы (асхана гарнитурасы, үстелдің үстіңгі тақтайы, бар тіреулері, үстелдер-жуғыштар)



2.5.

Матрастар мен жатын қаптары



3.

Ұйымдастыру техникасы (жұмыс станциялары, дербес компьютерлер, моноблоктар, мониторлар, экрандар, процессорлар, ноутбуктер, көп функционалды құрылғылар, принтерлер, сканерлер)



4.

Автомобильдік көлік құралы (жеңіл автомобиль)



5.

Жанармай (АИ-92, АИ-95, АИ-98)



6.

Дизельдік жанармай (жазғы, қысқы, арктикалық)



ІІ.

Қызметтер:



1.

Мерзімді баспасөз басылымдарының қызметтері



2.

Байланыс қызметтері:



2.1.

Cым желілері арқылы тар жолақты интернетке қол жеткізуді ұсынуға бағытталған қызметтер



2.2.

Сымсыз желілер арқылы кең жолақты интернетке қол жеткізу бойынша қызметтер



2.3.

Сымсыз желілер арқылы тар жолақты интернетке қол жеткізу бойынша қызметтер



2.4.

Сым желілері арқылы кең жолақты интернетке қол жеткізуді ұсынуға бағытталған қызметтер



2.5.

Жергілікті телефон байланысы қызметтері



2.6.

Мобильді интернет қызметтері



2.7.

Тіркелген жергілікті, қалааралық, халықаралық телефон байланысы қызметтері



2.8.

Ұялы байланыс қызметтері



2.9.

Виртуалды карта мен корпоративтік шот ұсыну арқылы IP-телефония қызметтері



2.10.

Жер станциясының спутниктік байланыс қызметтері



2.11.

Спутниктік жылжымалы байланыс қызметтері



2.12.

Кәбіл бойынша жалпыға бірдей мәлімет үшін хабарлама алу немесе авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін эфирге беру құқығын беру жөніндегі қызметтер



3.

Білім беру ұйымдарындағы күзет қызметіттері



  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 791
Бұйрығына 2-қосымша
Конкурстық құжаттамаға
2-1-қосымша

Әлеуетті өнім берушінің "Толық бітіріп берілетін құрылыс" шарты бойынша жұмыстарды орындауға келісімі (міндеттемелері)

      Конкурстың №__________________________________________________

      Конкурстың атауы _______________________________________________

      Тапсырыс берушінің атауы________________________________________

      Тапсырыс берушінің Бизнес сәйкестендіру нөмірі _____________________

      Әлеуетті өнім берушінің атауы _____________________________________

      Әлеуетті өнім берушінің Бизнес сәйкестендіру нөмірі __________________

Атауы Иә Жоқ Ескертпе
1.

Орташа салалық көрсеткіштен асатын жергілікті қамту үлесін қамтамасыз ету міндеттемесі (жобалау тапсырмасында көрсетілген) (пайызбен үлесі көрсетіледі)




2.

Құрылыс объектісінің сапасына кепілдік беру міндеті:




негізгі құрылымдарға




инженерлік желілерге




жабдықтарға




3.

Қаржыландыру шарттары:




аванстық төлемнен бас тарту




объект пайдалануға берілгенге дейін орындалған жұмыстардың актісіне аралық төлемнен бас тарту




4.

Жобалық тапсырмада белгіленгенге қатысты әрбір арттыру нүктесі үшін объектінің энергия тиімділігі сыныбын қамтамасыз ету міндеті




5.

Жобаны өз қаражат есебінен іске асыруға міндеттеме (демеуші)




6.

Кейіннен мемлекеттік міндеттемелерді орындай отырып, жобаны өз қаражаты есебінен іске асыруға міндеттеме




7.

Объектіні сенімгерлік басқаруға қабылдай отырып, жобаны өз қаражаты есебінен іске асыруға міндеттеме




      Ескертпе:

      Біздің конкурсқа қатысуға өтініміміз жеңімпаз деп танылған және бізбен шарт жасасқан жағдайда, жоғарыда аталған барлық шарттар мен міндеттемелерді орындау бойынша міндеттемені өзімізге қабылдаймыз.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 791
Бұйрығына 3-қосымша
Конкурстық құжаттамаға
13-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (тапсырыс беруші толтырады)

      Тапсырыс берушінің атауы________________________________________

      Конкурстың №__________________________________________________

      Конкурстың атауы_______________________________________________

      Лоттың №______________________________________________________

      Лоттың атауы___________________________________________________

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы*


Тауардың атауы*


Өлшем бірлігі*


Саны (көлемі)*


Қосылған құн салығын есептемегенде бірлік бағасы*


Қосылған құн салығын есепке алмағанда, сатып алуға бөлінген жалпы сома*


Жеткізу шарттары (сәйкес ИНКОТЕРМС 2010)*


Жеткізу мерзімі*


Жеткізу орны


Аванстық төлем мөлшері*


Ұлттық стандарттардың атауы, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға арналған мемлекетаралық стандарттар. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалауды ескере отырып, сатып алынатын тауарлардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі


Тұрғын емес мақсаттағы ғимараттарды, құрылыстарды, үй-жайларды, авиациялық техниканы сатып алуды қоспағанда, тауар жаңа, пайдаланылмаған шарт жасасу күніне дейін (үш жылға дейін) шығарылған жылы болуға тиіс


Кепілдік мерзімі (айлармен)


Сатып алынатын тауардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану және өзге де сипаттамаларының сипаттамасы


Ілеспе қызметтер (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (тауарларды монтаждау, баптау, оқыту, тексеру және сынау)


Әлеуетті өнім беруші оны жеңімпаз деп айқындаған және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені және ұсынбағаны үшін бас тартуына жол берілмейді)


      Ескертпе:

      1. Функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану, өзге де сипаттамалар, ілеспе қызметтер және орындаушыға қосымша шарттар бойынша әрбір талап жеке жолда көрсетіледі.

      2. Осы техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

      3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшелік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

      * мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан тартылады (автоматты түрде көрсетіледі).

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 791
Бұйрығына 4-қосымша
Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
7-1-қосымша

"Толық бітіріп берілетін құрылыс" конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамасы (сатып алу нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алу тәсілі мен нөміріне байланысты болуы тиіс (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)

      Күні мен уақыты

      Тапсырыс беруші* _______________________________________________

      Конкурстың № __________________________________________________

      Конкурстың атауы _______________________________________________

      Ұйымдастырушының атауы _______________________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы __________________________________

      Конкурстық комиссияның құрамы:

Т.А.Ә. Ұйымдағы лауазымы Комиссиядағы рөлі




      Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын жұмыстардың тізбесі __

Лоттың № Лоттың атауы Саны Бірлік үшін баға Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге






      Лот № _________________________________________________________

      Лот атауы ______________________________________________________

      Конкурсқа (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат:

      (хронология бойынша) (өтінімдер саны)

Әлеуетті өнім берушінің атауы БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН Өтінім берілген күні мен уақыты (хронология бойынша)




      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде мынадай құжаттар сұралды (сұрау салу жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):

Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы Сұрау салу жіберілген күн Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы Сұрау салуға жауап беру күні





      Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН

Комиссия мүшесінің Т.А.Ә

Комиссия мүшесінің шешімі

Ауытқу себебі

Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы






      Конкурсқа қатысуға қабылданбаған өтінімдер (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН Қабылдамаудың себебі1




      _______________________________________________________________

      1мәтіндік мәннен тұратын анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес еместігі, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігі, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 7-бабының талаптарын бұзушылық).

      Конкурсқа қатысуға келесі өтінімдер жіберілді (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы БСН (ЖСН)/ССН/ТЕН



      Осы Қағидалардың 301-тармағында көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін осы конкурсқа қатысуға ұсынылған конкурсқа қатысуға барлық өтінімдерге қолдану нәтижелері туралы ақпарат:

Әлеуетті өнім берушінің атауы БСН (ЖСН)/ ССН/ НП Баллдар саны



Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде 50 (елу) пайызын құрайтын құрылыс-монтаж жұмыстарының сомасы орындалған шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі

Сала бойынша орташа көрсеткіштен асатын жергілікті қамту үлесін қамтамасыз ету (жобалауға арналған тапсырмада көрсетілген)

Құрылыс объектісі бойынша сапа кепілдігі:
негізгі құрылымдарға;
инженерлік желілерге;
жабдыққа.

Қаржыландыру шарттарын қабылдау:
аванстан бас тарту;
объектіні пайдалануға бергенге дейін орындалған жұмыстар актілеріне аралық ақы төлеуден бас тарту;
сметалық құнын ұлғайту жағына қарай түзетуден бас тарту.

Объектінің энергия тиімділігі класы

Жобаны өз қаражаты есебінен іске асыру (демеуші)

Жобаны кейіннен мемлекеттік міндеттемелерді қабылдай отырып, өз қаражаты есебінен іске асыру

Объектіні сенімгерлік басқаруға қабылдай отырып, жобаны өз қаражаты есебінен іске асыру

Баллдардың жалпы саны













      Конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын есептеу:

Әлеуетті өнім берушінің атауы БСН (ЖСН)/ ССН/ ТЕН Бөлінген сома Баллдардың жиынтық саны Қаржылық орнықтылық көрсеткіші Өтінімді беру күні мен уақыты







      Конкурстық комиссияның шешімі:

      1 № ___ лот бойынша жеңімпаз болып анықталсын:

Жеңімпаздың әлеуетті өнім берушінің атауы Жеңімпаздың әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН Бенефициарлық иесінің Т. А. Ә. Бенефициарлық иесінің жеке басын куәландыратын құжат (құжаттың нөмірі мен берілген күнін, азаматтығын, тұратын елін көрсету) Акциялардың 25% немесе одан көп бөлігін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иелену Дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 25% немесе одан көбін тікелей немесе жанама иелену Директорлар кеңесінің немесе соған ұқсас басқарушы органның көптеген мүшелерін тағайындауға тікелей немесе жанама құқығы Бірде-бір бенефициар иесі алдыңғы шарттардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келмейді Бенефициарлық иеленушіні анықтау мүмкін еместігі туралы ақпарат (құжаттың қосымшасы)





Иә/жоқ

Иә/жоқ

Иә/жоқ

Иә


      Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші:

Екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы БСН/ЖСН



      2. Тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің атауы) Заңда белгіленген мерзімде (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасассын.

      Не:

      №___ лот бойынша мемлекеттік сатып алу (сатып алудың атауы): _____________________ **байланысты өткізілмеді деп танылсын.

      Ескертпе:

      * Егер тапсырыс беруші бірнеше болса, тапсырыс беруші туралы ақпарат көрсетілмейді.

      **Мынадай мәндердің бірі: "берілген өтінімдердің болмауы", "конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеді", "конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілді".

      Не:

      Сатып алудың күшін жою жүргізілген, оған мыналар негіз болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері _________№ _______ (нұсқама, хабарлама, ұсыныс, шешім).

      Күшін жою туралы шешім қабылдаған орган: (_____________________).

      Не:

      Заңның 6-бабы 10-тармағының _______ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тартылды.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 791
Бұйрығына 5-қосымша
Аукциондық құжаттамаға
7-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (тапсырыс беруші толтырады)

      Тапсырыс берушінің атауы_____________________________________

      Аукционның № ______________________________________________

      Аукционның атауы____________________________________________

      Лоттың №____________________________________________________

      Лоттың атауы_________________________________________________

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы*


Тауардың атауы*


Авиациялық техниканы сатып алуды қоспағанда, тауар жаңа, пайдаланылмаған, шығарылған жылы шарт жасалған күнге дейін (үш жылға дейін) ерте болмауға тиіс


Өлшем бірлігі*


Саны (көлемі)*


Қосылған құн салығын есепке алмағандағы бірлік бағасы*


Қосылған құн салығын есепке алмағанда, сатып алу үшін бөлінген жалпы сома*


Жеткізу шарттары (ИНКОТЕРМС 2010 сәйкес)*


Жеткізу мерзімі*


Жеткізу орны*


Аванстық төлем мөлшері*


Ұлттық стандарттардың атауы, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға арналған мемлекетаралық стандарттар. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалауды ескере отырып, сатып алынатын тауарлардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі


Сатып алынатын тауардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану және өзге де сипаттамаларының сипаттамасы


Ілеспе қызметтер (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (тауарларды монтаждау, баптау, оқыту, тексеру және сынау)


Әлеуетті өнім берушіге оның жеңімпазы анықталған және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда қойылатын талаптар (қажет болған кезде көрсетіледі) (әлеуетті өнім берушіні көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені және ұсынбағаны үшін қабылдамауға жол берілмейді)



Ұсынылатын тауардың техникалық ерекшелігінің барлық мәліметтерінің дұрыстығын растаймын

      Ескертпе:

      1. Әрбір сипаттамалар, параметрлер, бастапқы деректер және орындаушыға қосымша шарттар жеке жолмен көрсетіледі.

      2. Техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

      3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшелік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

      4. Әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы деп танылған және онымен шарт жасалған жағдайда, мұндай шарттың техникалық ерекшелігі аукцион жеңімпазының техникалық ерекшелігінің негізінде қалыптастырылады.

      * мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан тартылады

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 791
Бұйрығына 6-қосымша
Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
47-қосымшa

      Нысан

      Өнім беруші* _______________ ЖСН/БСН*

Құжаттың нөмірі** Жасалған күні* Бекіту күні*

      Қорларды шетке беруге арналған жүкқұжат (электрондық нысан)

Жөнелтуші – ұйым (жеке кәсіпкер) *

Алушы – ұйым (жеке кәсіпкер) *

Жеткізуге жауапты (Т.А.Ә.) **

Көліктік ұйым **

Тауарлық-көліктік жүкқұжат (нөмірі, күні**






Ретімен нөмірі

Шарттың № **

Атауы, сипаттамасы *

Қосымша сипаттамасы**

Номенклатуралық нөмірі **

Ұлттық тауарлар каталогының бірегей коды

Өлшем бірлігі*

Саны

Бірлік үшін бағасы, теңге*

ҚҚС-пен сомасы, теңге*

ҚҚС сомасы, теңге*

беруге жатады **

берілгені**


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













Жиыны



х




      Барлық берілген қорлардың саны (жазумен)________________________ сомаға (жазумен), теңгемен __________________________________________________*

Беруге рұқсат еткен Т.А.Ә.**
_______/_________/__________
Лауазымы** қолы (ЭЦҚ)
қолды таратып жазу*
_____________ берген *
20 _____ ж. "____" ________
№ ___ сенімхат бойынша**
______________________
Қорларды ______/_______ алды
қолы (ЭЦҚ) қолды таратып жазу*
Бас бухгалтер Т.А.Ә.**______/____
М.О. қолы (ЭЦҚ) қолды таратып жазу*

Берген **__________/________
қолы (ЭЦҚ) қолды таратып жазу*

      Ескертпе:

      *мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде толтырады;

      ** өнім беруші толтырады;

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      М.О. – мөр орны;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      ЭЦҚ – электрондық-цифрлық қолтаңба.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 791
Бұйрығына 7-қосымша
Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
48-қосымшa

Тауар(лар)ды қабылдап алу-беру актісі

      20_____жылғы "___" ____ №__

      Құжаттың нөмірі* қол қою күні *

      (тапсырыс беруші актіге қол қойған күні және уақыты тіркеледі)

      Осы акті 20 __ жылғы "__"________ № __ _________ шартқа (және қосымша келісімге) (шарттың (және қосымша келісімнің) атауы, күні және нөмірі*) сәйкес төменде қол қойған Өнім беруші (Өнім берушінің атауы*) өкілдерінің атынан _____________________, берілгені, ал төменде қол қойған Тапсырыс беруші (Тапсырыс берушінің атауы*) өкілдерінің атынан __________________________ (Тапсырыс беруші) қабылдағаны жөнінде жасалды:

Тауар туралы мәліметтер**

Тауарды жеткізу орны

Тауардың атауы

Номенклатуралық (зауыттық) нөмірі (бар болса)

Ұлттық тауарлар каталогының бірегей коды

Өлшем бірлігі

Саны

Бірлік үшін баға (теңге), оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда

Сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

1


















      Шартқа сәйкес осы акт бойынша тауар(лар)дың құны ________________ теңгені құрайды, оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке (цифрмен, жазумен) алмағанда**,

Өнім берішінің атауы* ЖСН/БСН* ЖСК/БСК** Банк** Заңды мекенжайы* Өнім берішінің өкілдері** Бекітемін**

Т.А.Ә. лауазымы

қолы

Т.А.Ә. лауазымы

қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Шарт бойынша ақпарат
1

Жалпы мәліметтер

Шарттың жалпы құны *

Аванстық төлемдер сомасы ***

Шарттың қолданылуынан бастап төлем сомасы***

Бұрын актіленгендердің сомасы***

Жеткізу мерзімін өткізіп алу немесе міндеттемелерді тиісінше орындамағаны (ішінара орындамағаны) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы***

Мерзімі өткен күндердің саны***

1

2

3

4

5

6








2

Шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды: Бағдарлама/Кіші бағдарлама/Ерекшелік***


3

Нақты шығыстар, оның ішінде осы акті бойынша өнім беруші жүргізген нақты шығыстар ***


Тауардың атауы*

Өлшем бірлігі*

Саны*

бірлік үшін баға, теңге*

сома, теңге*


1

2

3

4

5

1










4

Өнім берушіге аудару талап етілетін сома***


      Қосымша: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (болған кезде өнім беруші/тапсырыс беруші тіркеп отырады)

Тапсырыс берушінің атауы* ЖСН/ БСН* ЖСН/ БСК*** Банк*** Заңды мекенжайы*** Тапсырыс берушінің өкілдері*** Бекітемін (ұйымның басшысы)*

Тауарды қабылдау үшін жауапты

Ресімдеудің дұрыстығына жауапты (деректемелер, ерекшеліктер)


Т.А.Ә.

қолы

Т.А.Ә.

қолы

Т.А.Ә.

қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Ескертпе:

      * мемлекеттік сатып алудың веб-порталы автоматты түрде толтырады;

      ** өнім беруші толтырады;

      ***тапсырыс беруші толтырады.

      Өнім беруші мен Тапсырыс беруші толтыратын банктік деректемелер (ЖСК/БСК/Банк) жасалған шарттың банктік деректемелеріне сәйкес келуі тиіс және шарт тараптарына ғана қолжетімді.

      Аббревиатураларды толық жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады