"Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 468 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 18 желтоқсанда № 37606 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларында:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Жұмыс органы облигациялық қарыз бойынша купондық төлемдер басталған күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің банктік шотына жасалған келісімге сәйкес купондық сыйақының субсидияланатын бөлігін төлеммен аударады.

      Бұл ретте, есептік жылы астық нарығы жөніндегі оператордың облигациялары бойынша есептелетін купондық сыйақы бойынша субсидияларды аудару тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат шегінде эмитенттің банктік шотына есептік жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей аванстық төлеммен жүзеге асырылады.

      Эмитент, оның ішінде астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитент облигациялар бойынша купондық сыйақыны өз қаражаты есебінен төлеген жағдайда, жұмыс органы эмитентке облигациялар бойынша купондық сыйақының субсидияланатын бөлігінің сомасын эмитенттің банктік шотына аудару жолымен облигациялар бойынша купондық сыйақының бұрын төленген бөлігін өтейді.

      Жұмыс органы субсидиялар қаражаты болған кезде, жасалған келісімге сәйкес облигациялар бойынша төленуі тиіс, шығарылған мерзімі 18 (он сегіз) айды қоса алғанға дейінгі мерзімді құрайтын облигациялар бойынша 100% (жүз пайыз) купондық сыйақыны эмитенттің, оның ішінде астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің банктік шотына аванстық төлеммен аударады.

      Эмитентке облигациялар бойынша купондық сыйақыларды аванс түрінде өтеуге жол беріледі.

      Эмитент, астық нарығы жөніндегі операторды қоспағанда, субсидия қаражатын алғаннан кейін не Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы болған кезде не тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте купондық сыйақыны субсидиялауға қаражат болған кезде қарыз алушыларды купондық сыйақының 100 % (жүз пайызы) мөлшерінде субсидиялар көзделген жалпы сомаға қарыз шарттарын жасасу жолымен қысқа мерзімді/орта мерзімді облигациялар есебінен сыйақының жеңілдетілген мөлшерлемесі бойынша кредиттер түрінде қаржыландыру жүзеге асырылады.

      Көрсетілген қысқа мерзімді/орта мерзімді облигациялар есебінен:

      2025 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған қарыз шарттары бойынша агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қаржыландыруға бұрын берілген кредиттік қаражатты ауыстыруға жол беріледі. Бұл ретте бюджеттік кредиттерді ауыстыруға жол берілмейді;

      2023 жылғы 1 қарашадан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бұрын берілген кредиттік қаражатты ауыстыруға;

      көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 2023 жылғы 1 қарашадан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша екінші деңгейлі банктердің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, өңірлік инвестициялық орталықтардың және микроқаржы ұйымдарының қарыз алушыларының міндеттемелерін қайта қаржыландыруына жол беріледі.

      Эмитенттің қарыз алушыға 36 (отыз алты) айдан аспайтын мерзімге кредит желісін беруге (ашуға) жол беріледі. Бұл ретте кредит желісі шеңберінде берілетін кредит мерзімі облигациялардың айналыс мерзімінен аспауы тиіс.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Эмитенттің ұзақ мерзімді облигациялық қарыздары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау мынадай шарттарда жүзеге асырылады:

      1) субсидиялау облигациялық қарыздың купондық сыйақысының толық мөлшерін құрайды;

      2) субсидиялаудың шекті мөлшері облигациялық қарыз тарту сәтінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің жиынтық мәнінен плюс 2,5%-тен (екі бүтін оннан бестен) аспайды. Бұл ретте "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының www.kase.kz ресми интернет-ресурсында жарияланатын сауда-саттық/жазылым өткізу күні облигациялық қарызды тарту күні болып есептеледі;

      3) облигациялық қарызды өтеу мерзімі – Проспектінің шарттарына сәйкес.

      Бұл ретте олар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жүзеге асырылатын орналастырылған облигацияларды қайта қаржыландыру және (немесе) өтеу мақсатында шығарылған эмитенттің ұзақ мерзімді облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол беріледі.";

      2, 3 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының он сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі Ұлттық
статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 468 бұйрығына
1-қосымша
Облигациялар бойынша
купондық сыйақыны
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Облигациялар бойынша купондық сыйақы бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № КСЕ-1 нысан

      Жиілігі: жыл сайын

      Есепті кезең: 20 __ жыл

      Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: эмитент

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі



            Жинау әдісі: электрондық түрде

Эмитенттің атауы

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Облигациялар проспектісі (халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі))

Облигациялық қарыз сомасы

Облигациялар айналысының барлық мерзіміне барлықкөзделген субсидиялар , теңге

Барлық аударылған субсидиялар, теңге

Ауытқу ( + , -) ( + ) артық төлем, ( - ) кемшілік, теңге

Пайдаланылмаған субсидияларды қайтару (факт), теңге

Банк шотындағы субсидиялардың қалдығы, теңге

Барлығы

Есепті кезеңде

Барлығы

Есепті кезеңде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


































Жиыны:











      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы ____________________________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________________________________

      Электрондық поштасының мекенжайы______________________________

      Орындаушы _________________________________________________________

      аты және әкесінің аты (бар болса), тегі

      Басшы немесе уәкілетті тұлға

      ____________________________________________________________________

      аты және әкесінің аты (бар болса), тегі

      Ескертпе: әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Облигациялар бойынша купондық сыйақы бойынша субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсінікдірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
"Облигациялар бойынша купондық
сыйақы бойынша субсидияларды
нақты пайдалану туралы есеп"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Облигациялар бойынша купондық сыйақы бойынша субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: КСЕ-1 нысаны, кезеңділігі: жыл сайынғы)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Облигациялар бойынша купондық сыйақы бойынша субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды эмитент толтырады.

      3. Нысанға орындаушы және басшы не уәкілетті тұлға қол қояды.

      4. Нысанды эмитент Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін ұсынады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанның 1-бағанында эмитенттің атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 2-бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      7. Нысанның 3-бағанында облигациялардың проспектісі (халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі)) көрсетіледі.

      8. Нысанның 4-бағанында облигациялық қарыз сомасы көрсетіледі.

      9. Нысанның 5-бағанында облигациялар айналысының бүкіл мерзіміне, бүкіл кезеңге және есепті кезеңге теңгемен субсидиялар көрсетіледі.

      10. Нысанның 6 және 7-бағандарында бүкіл кезең мен есепті кезең үшін аударылған субсидиялар теңгемен көрсетіледі.

      11. Нысанның 8 және 9-бағандарында барлық кезең үшін және есепті кезең үшін теңгемен ауытқу (артық төлем, кемшілік) көрсетіледі.

      12. Нысанның 10-бағанында пайдаланылмаған субсидияларды қайтару (факті), теңгемен көрсетіледі.

      13. Нысанның 11-бағанында банктік шоттағы субсидиялардың қалдығы теңгемен көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 468 бұйрығына
2-қосымша
Облигациялар бойынша
купондық сыйақыны
субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz

      интернет ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Ұсыныс.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № КСЕ-2 нысан

      Кезеңділігі: бір реттік

      Есепті кезең: 20 ____ жылғы "___" _____________ (қаржы институты ұсыныс берген күні)

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: эмитент

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тиісті жылдың 1 қаңтарынан бастап

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі



      Жинау әдісі: электрондық түрде / қағаз түрінде

      Осымен:

      1) қаржылық берешекті қайта құрылымдау және жеделдетілген оңалту рәсімін қоспағанда, эмитент қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту, таратылу немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағаны;

       2) ұсыныста көрсетілген облигациялық қарыз бойынша купондық сыйақы басқа мемлекеттік және (немесе) бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияланбайтыны расталады.

      Қосымша:

      облигациялар шығарылымы проспектісінің көшірмесі ______ парақта;

      облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі ______ парақта;

      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінен алынған үзіндінің көшірмесі______ парақта.

      1-кесте. Эмитент туралы мәліметтер

1

Эмитенттің атауы


2

Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі


3

Эмитент туралы мәліметтер: БСН*


4

Банк деректемелері


5

Байланыс телефоны


      2-кесте Субсидиялауға жататын облигациялық қарыздар туралы ақпарат

Облигациялар проспектісі (ISIN (НИН)**)

Облигациялық қарыз сомасы, теңге

Купондық сыйақы, %

Облигациялардың айналыс мерзімі аяқталған күн

1

2

3

4

5

1





2





3





4





      Эмитент басшысының немесе уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы_______________________________

      Берілген күні: 20___ жылғы "___" _______

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      * БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ** ISIN (ҰСН) – халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі).

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанға қосымша
"Ұсыныс"

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Ұсыныс" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: № КСЕ-2 нысаны, кезеңділігі: бір реттік)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Ұсыныс" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды эмитент толтырады.

      3. Нысанға эмитент басшысы не уәкілетті адам қол қояды.

      4. Нысанды эмитент Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады.

      5. Нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанның 1-кестесінің 1-бағанында эмитенттің атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 1-кестесінің 2-бағанында басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі.

      8. Нысанның 1-кестесінің 3-бағанында эмитент туралы мәліметтер көрсетіледі: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН).

      9. Нысанның 1-кестесінің 4-бағанында банк деректемелері көрсетіледі.

      10. Нысанның 1-кестесінің 5-бағанында байланыс телефондары көрсетіледі.

      11. Нысанның 2-кестесінің 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      12. Нысанның 2-кестесінің 2-бағанында халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі) облигациялардың проспектісі көрсетіледі.

      13. Нысанның 2-кестесінің 3-бағанында облигациялық қарыз сомасы, теңгемен көрсетіледі.

      14. Нысанның 2-кестесінің 4-бағанында купондық сыйақы пайызбен көрсетіледі.

      15. Нысанның 2-кестесінің 5-бағанында облигациялардың айналысы мерзімінің аяқталған күні көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 468 бұйрығына
3-қосымша
Облигациялар бойынша
купондық сыйақыны
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://gosagro.kz/auth/login

      интернет-ресурста орналастырылған:

      Әкімшілік нысанның атауы: Қаражат тарту жоспары

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № КСЕ-3 нысан

      Кезеңділігі: бір реттік

      Есепті кезең: 20 ____ жылғы "___" _____________ (эмитенттің қаражат тарту жоспарын берген күні)

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: эмитент

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тиісті жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі



      Жинау әдісі: электрондық түрде

      1-кесте. Қаржы жылының жоспарлы кезеңіне агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін қаражат тарту жоспары.

Р/с№

Барлығы ____ жылға

Оның ішінде айлар бойынша

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14












































Жиыны













      2-кесте. Қаржы жылының екінші жоспарлы кезеңіне агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін қаражат тартудың болжамды жоспары.

Р/с№

Барлығы ____ жылға

Оның ішінде айлар бойынша

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14












































Жиыны













      3-кесте. Қаржы жылының үшінші жоспарлы кезеңіне агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін қаражат тартудың болжамды жоспары.

Р/с№

Барлығы ____ жылға

Оның ішінде айлар бойынша

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14












































Жиыны













      4-кесте. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін тартылған облигациялық қарыздар бойынша негізгі борыштың қалдығы.

Р/с№

Барлығы ____ жылға

Оның ішінде айлар бойынша

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14












































Жиын













      5-кесте. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит, лизинг беру мақсаттары үшін тартылған қаражат қалдығының және тарту жоспарының сомасы.

Р/с№

Барлығы ____ жылға

Оның ішінде айлар бойынша

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14












































Жиыны













      Эмитент басшысының немесе уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _____________________________

      Берілген күні 20 __ жылғы "___" _______.

  Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған
"Қаражат тарту жоспары"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Қаражат тарту жоспары" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

(индекс: № КСЕ-3 нысаны, кезеңділігі: бір реттік)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Қаражат тарту жоспары" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды қаржы институттары толтырады.

      3. Нысанға басшы не уәкілетті адам қол қояды.

      4. Нысанды қаржы институттары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады.

      5. Нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанның 1-кестесінің 1-жолында реттік нөмірі көрсетіледі.

      7. Нысанның 1-кестесінің 2-жолында қаржы жылының жоспарлы кезеңіне агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін қаражат тарту жоспары көрсетіледі.

      8. Нысанның 1-кестесінің 3-14-жолдарында қаржы жылының айлары бөлінісінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін қаражат тарту жоспары көрсетіледі.

      9. Нысанның 2-кестесінің 1-жолында реттік нөмірі көрсетіледі.

      10. Нысанның 2-кестесінің 2-жолында қаржы жылының екінші жоспарлы кезеңіне агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін қаражат тартудың болжамды жоспары көрсетіледі.

      11. Нысанның 2-кестесінің 3-14-жолдарында қаржы жылының айлары бөлінісінде екінші жоспарлы кезеңге агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін қаражат тартудың болжамды жоспары көрсетіледі.

      12. Нысанның 3-кестесінің 1-жолында реттік нөмірі көрсетіледі.

      13. Нысанның 3-кестесінің 2-жолында қаржы жылының үшінші жоспарлы кезеңіне агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін қаражат тартудың болжамды жоспары көрсетіледі.

      14. Нысанның 3-кестесінің 3-14-жолдарында қаржы жылының айлары бөлінісінде үшінші жоспарлы кезеңге агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін қаражат тартудың болжамды жоспары көрсетіледі.

      15. Нысанның 4-кестесінің 1-жолында реттік нөмірі көрсетіледі.

      16. Нысанның 4-кестесінің 2-жолында қаржы жылының жоспарлы кезеңінің агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін тартылған облигациялық қарыздар бойынша негізгі борыштың қалдығы көрсетіледі.

      17. Нысанның 4-кестесінің 3-14-жолдарында қаржы жылының жоспарлы кезеңінің айлары бөлінісінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін тартылған облигациялық қарыздар бойынша негізгі борыштың қалдығы көрсетіледі.

      18. Нысанның 5-кестесінің 1-жолында реттік нөмірі көрсетіледі.

      19. Нысанның 5-кестесінің 2-жолында қаржы жылының жоспарлы кезеңінің агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін тартылған қаражат қалдығының және тарту жоспарының сомасы көрсетіледі.

      20. Нысанның 5-кестесінің 3-14-жолдарында қаржы жылының жоспарлы кезеңі айлары бөлінісінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін тартылған қаражат қалдығы және тарту жоспарының сомасы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады