"Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 524 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 желтоқсанда № 37551 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларында:

      2-тармақтың 27) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор (бұдан әрі – Оператор) – мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, оның дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталдағы үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі, тауарларды таңбалау және прослеживаемость ету ақпараттық жүйесін әзірлеу, басқару, сүйемелдеу және эксплуатациялық қолдау, оның ішінде Ұлттық тауарлар каталогын әзірлеу, жүргізу және жаңарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын ұйым;";

      15 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Аяқ киім тауарларын ТТҚ АЖ тіркеу үшін айналымға қатысушы ТТҚ АЖ мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) өтініш берушінің ЖСН немесе БСН;

      2) өнім коды (GTIN);

      3) тауарды өндіруші туралы мәліметтер;

      4) ЕАЭО СЭҚ ТН коды;

      5) аяқ киімнің түрі;

      6) тауардың сауда атауы;

      7) өнім туралы мәліметтер (бренд, аяқ киімнің түсі, өлшемі, моделі, аяқ киімнің үстіңгі материалы, аяқ киімнің төменгі материалы, аяқ киімнің астары материалы);

      8) тауардың міндетті талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттың нөмірі мен күні (сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация), Кеден одағының 017/2011 ТР ТС "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерге қатысты Кеден одағының 007/2011 ТР ТС "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. ТТҚ АЖ аяқ киім тауарларының қаптамасына салынған сәйкестендіру құралындағы таңбалау кодын қайта қалыптастыруға (генерациялауға) жол бермейді.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Анықталған сәйкессіздіктер туралы электрондық хабарламада мынадай мәліметтер болады:

      1) жіберушінің ЖСН немесе БСН;

      2) алушының ЖСН немесе БСН;

      3) қабылданған / қабылданбаған аяқ киім тауарларын сәйкестендіру кодтарының тізімі;

      4) мәліметтері жоқ немесе қабылдау/беру актісінде дұрыс көрсетілмеген аяқ киім тауарларын сәйкестендіру кодтарының тізімі (бар болса);

      5) қабылдау актісінде бағасы мен құны бойынша мәліметтер дұрыс емес аяқ киім тауарларын сәйкестендіру кодтарының тізімі;

      6) қабылдау/беру актісінің деректемелері.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Фискалдық деректер операторы нақты уақыт режимінде мынадай мәліметтерді қамтитын әрбір өткізілген тауар бірлігі бойынша ТТҚ АЖ-ға мәліметтерді беруді жүзеге асырады:

      1) сатушының ЖСН немесе БСН;

      2) бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі;

      3) фискалдық құжаттың деректемелері (чектің нөмірі мен күні);

      4) сату күні мен бағасы;

      5) тауарға салынған сәйкестендіру құралында қамтылған тауарды сәйкестендіру коды.";

      73 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. ТТҚ АЖ-да қамтылған тауарларды таңбалау және қадағалау процесінде қалыптастырылған ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады және тек келесі тұлғаларға беріледі:

      1) тауар айналымына қатысушыға тауар айналымына осы қатысушы жасаған тауармен жасалатын мәмілелер туралы ақпарат бөлігінде;

      2) өзі иесі болып табылатын таңбаланған тауарлар туралы статистикалық және талдамалық ақпарат бөлігінде тауарлар айналымына қатысушыға;

      3) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті тауарлар айналымына қатысушылар туралы, тауарлар және олардың айналымы туралы ақпарат бөлігінде;

      4) тұтынушыларға ТТҚ АЖ-да қамтылған тауарлардың сипаттамалары, тауарларды өндіруші немесе сатушы туралы ақпарат бөлігінде.";

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Таңбалауға жататын аяқ киім тауарларының айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге оларды ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығару рәсімімен орналастырғаннан кейін таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларының тізбесін жүргізу тәртібі";

      74-тармақтың 2) тармақшысы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қойма ғимараттарының техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер, қойма ғимараттарының аумағындағы орналасу схемасы, көлік құралдарының аумаққа кіруі мен шығуы, қойма ғимаратына адамдардың кіруі мен шығуы бойынша бақылау жүйелерінің орналасуы (мысалы, қойма аумағына кіру және шығу бойынша адамдардың есебін жүргізу журналы және (немесе) қойма ғимараттарына кіруге бақылау жасау жүйесі), бейнебақылау құралдары және олардың орналасу схемасы, көлік құралдарының қойма аумағына кіруін және адамдардың кіруін бақылауға жауапты тұлғалардың байланыс мәліметтері, сондай-ақ бейнебақылау құралдарына қол жеткізу және оқиғалар туралы бейнемазмұнды қарау үшін жауапты тұлғалар туралы мәліметтер. Адамдардың қойма үй-жайына кіруі мен шығуын бақылау Электрондық бақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Электрондық бақылау жүйесі болмаған кезде көлік құралдарының кіруін есепке алу журналдарын және адамдардың қойма ғимараттарының аумағына кіруі мен шығуын есепке алу журналдарын жүргізу жүзеге асырылады. Қойма ғимаратына кіру мен шығуды бақылау жүйелерінің, сондай-ақ бейнебақылау құралдарының және олардың орналасу схемаларының барлығы тиісті фотосуреттер мен бейнемазмұндармен расталуы тиіс;";

      мынадай мазмұндағы 77-1 және 77-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "77-1. Қоймалар тізбесінен шығару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) импорттаушының ерікті өтініші;

      2) негізінде қойма бөлмесі Тізбеге енгізілген құжаттардың біреуінің қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату;

      3) сот актісінің болуы.

      77-2. Осы Қағидалардың 77-1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар туындаған кезде, Импорттаушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде Уәкілетті органды аталған жағдай туралы хабардар етеді.

      Уәкілетті орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде қойма үй-жайын Тізбеден алып тастайды.";

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Бекітілген Тізбеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Уәкілетті органға өтінімдер түскен кезде, бірақ тоқсанына бір реттен жиі емес, осы Қағидалардың 77-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда жүзеге асырылады.";

      7-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
И. Шархан

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрі міндетін атқарушының
2025 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 524 бұйрыққа қосымша
Аяқ киім тауарларын таңбалау
және қадағалау қағидаларына
7-қосымша

________ №____ Қабылдау (беру) актісі

      1. Жалпы ақпарат:

      1.1. Ұйым (жеке кәсіпкер) – жөнелтуші

      1.2. Жіберушінің ЖСН немесе БСН

      1.3. Ұйым (жеке кәсіпкер) – алушы

      1.4. Алушының ЖСН немесе БСН

      2. Бастапқы құжаттың күні мен нөмірі-қабылдау (беру) актісі * ____ жылғы № ____

      3. Тауарлар туралы ақпарат:

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Өнім коды (GTIN)

Тауардың атауы

Қаптама түрі**

Тауарды/қаптаманы сәйкестендіру коды

Тұтыну қаптамаларының саны

Тауар бірлігінің бағасы

ҚҚС-сыз тауардың құны

ҚҚС

ҚҚС-пен бірге тауардың жалпы құны

Ставка

Сомасы


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













Барлығы







      Құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылды ___________________

      Ескерту:

      * – бұрын қағаз тасығышта жазып берілген қабылдау/беру актісі бойынша мәліметтер енгізілген жағдайда көрсетіледі;

      ЕАЭО СЭҚ ТН - ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      GTIN – Global Trade Item Number;

      ҚҚС-қосылған құн салығы;

      **– мәндерді қабылдай алады: тұтынушы, көлік;

      ЭЦҚ - электрондық цифрлық қолтаңба.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады