"Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 350 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 28 қарашадағы № 410 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 желтоқсанда № 37535 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11637 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз етуге:

      1) регламенттерге, зауыттық нұсқаулықтарға, осы Қағидаларға, сондай-ақ басқа да қолданыстағы нормативтік-техникалық қағидаларға сәйкес электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі құжаттармен сәйкес сыртқы электрмен жабдықтау көзінен электр энергиясын беруге және таратуға арналған әуежайдың электр қондырғыларын, жарықпен сигнал беру жабдығы жүйелерін (бұдан әрі – ЖСБЖ), әуеайлақ белгілерін, жер үсті аэронавигациялық оттарын, перронды прожекторлық жарықтандыру жүйелерін, автономды және резервтік электрмен жабдықтау көздерін техникалық пайдалану;

      2) азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік және жолаушылар нысандарының электр қуаты мен жарықтандыру жабдықтарын, әуежайдың орталық тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы станцияларын техникалық пайдалану;

      3) электрмен жабдықтаудың сыртқы көзінен алынатын электр энергиясын ұтымды және мақсатқа сай пайдалану;

      4) нысандарды электрмен жабдықтаудың және электр қондырғыларының жұмысының сенімділігін арттыруды, техникалық қызмет көрсету сапасын арттыруды және электр энергиясын үнемдеуді қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

      Ұшудың электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз етілуі ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету қызметімен (бұдан әрі – Қызмет) жүзеге асырылады.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) автономды электрмен қоректендіру көзі – әуежайдың электр желісімен байланысы жоқ және кепілдендірілген электрмен қоректендіру қалқанына немесе тікелей электр қабылдағыштарға қосылған электрмен қоректендіру көзі;

      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      3) әуеайлақ минимумы – осы әуеайлақта осы үлгідегі әуе кемесінің ұшуын және қонуын орындауға рұқсат етілетін ұшып-қону жолағы мен бұлттардың төменгі шектік биіктігіндегі (немесе шешім қабылдау биіктігіндегі) көрінімдердің ең аз рұқсат етілетін мәні;

      4) әуеайлақтың жарық сигнал беру жабдығының жүйесі – әуеайлақта белгілі схема бойынша орналастырылған және көрінімнің әртүрлі жағдайында әуе кемелерінің ұшып шығуын, қонар алдындағы соңғы кезеңін, қонуы мен жермен жүруін қамтамасыз етуге арналған жарық сигнал беру аспаптарының, электр жабдықтары мен басқару аппараттарының жиынтығы;

      5) әуежай объектілерін электрмен қоректендірудің бұзылуы – электрмен қоректендірудің осы объектіні резервтік қуат көзіне ауыстыру үшін белгіленген мерзімнен кем уақытқа ажыратылуы;

      6) әуежай объектілерін электрмен қоректендірудің істен шығуы – осы объекті үшін резервтік қуат көзіне көшу үшін белгіленген уақыттан ұзағырақ уақытқа электрмен қоректендіруді ажырату;

      7) бұйымның формуляры – бұйымның техникалық жай-күйін көрсететін және оны пайдалану жөніндегі мәліметтерді (жұмыс ұзақтығы мен жағдайлары, ТҚ, жөндеу түрлері, құрамдас бөліктер мен бөлшектерді ауыстыру және пайдаланудың бүкіл кезеңі үшін басқа да деректерді қамтитын), дайындаушы кепілдік берген ЖСБЖ, ДГҚ, ҮҚБК негізгі параметрлері мен техникалық сипаттамаларын куәландыратын құжат;

      8) глиссада – қонуға бет алудың соңғы кезеңінде әуе кемесінің төмендеуі үшін белгіленетін ұшу бейіні;

      9) глиссадалық оттар – глиссаданы көзбен көріп индикациялауға арналған оттар;

      10) жарықтың орташа күші – жарық шоғыры шашуының берілген бұрыштары шегінде барлық бағыттар бойынша жарық күшінің орташаланған мәні;

      11) желілік от – ең үлкен аралықпен көлденең желі бойына орнатылып, қашықтықтан қысқа жарық жолағы болып көрінетін екі немесе одан да көп оттар;

      12) жердегі аэронавигациялық от (от) – әуе кемелерінде орнатылған оттарды қоспағанда, аэронавигациялық құрал ретінде пайдалануға арналған, жарықты бөлуі анықталған бағыты бар жарықтандыру құрылғысы;

      13) көрінімділік – авиациялық мақсаттар үшін көрінімділік келесі шамалардың ең үлкенін білдіреді:

      жерге жақын орналасқан, рұқсат етілген өлшемдегі қара нысанды жарық фонында бақылау арқылы ажыратуға және анықтауға болатын ең үлкен қашықтық (а);

      жарықтандырылмаған фонда шамамен 1000 кд жарық күші бар оттарды ажыратуға және анықтауға болатын ең үлкен қашықтық (b);

      Бұл екі қашықтықтың ауада белгілі бір жұтылу жылдамдығымен әртүрлі мәндері бар, соңғысы (b) фонның жарықтандырылуына байланысты, ал біріншісі (а) көрінудің метеорологиялық оптикалық диапазонымен сипатталады (MOR);

      14) қызмет объектілері – ұшуды жарықпен техникалық қамтамасыз етуге, 10 (6) киловольттық кернеуді 0,4 киловольтқа трансформациялауға, электр энергиясын әуежай объектілерінің, авиакәсіпорындарының қызметтік және жолаушы объектілері электр күш жабдықтары арасында беру және бөлуге арналған электрлі қондырғылары бар объектілер; өнеркәсіптік энергия жиілігін басқа энергия күшіне немесе басқа жиіліктегі энергия күшіне өзгертуге, өндірістік мақсаттағы объектілердің ішінде электр энергиясын беру мен бөлуге арналған басқа қызметтер объектілері, электр қондырғылары бар объектілер, сондай-ақ олардың электр күш және жарық беру жабдықтары.

      15) оттар жүйесінің сенімділігі – жүйенің үздіксіз және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, жабдықтың белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгіленген пайдалану шегінде жұмыс істеу қабілеті;

      16) отты ауыстыру уақыты – оттың 25% немесе одан жоғары қарқындылық мәндерінде жұмыс істеген кезде электрмен жабдықтау көздерін ауыстыру кезінде 50% -дан төмен түскеннен кейін берілген бағытта өлшенген оттың нақты қарқындылығын 50% мәніне дейін қалпына келтіруге кететін уақыт;

      17) оттың істен шығуы – қандай да бір себеппен жарықтың орташа күшінің берілген сәуле шашу бұрыштарында жаңа оттың нормалық жарық күшімен салыстырғанда 50% астам төмендеуі;

      18) профилактикалық техникалық қызмет көрсету регламенті – техникалық қызмет көрсетудің мерзімділігі мен көлемін белгілейтін құжат;

      19) резервтік электрмен қоректендіру көзі – негізгі көзден электрмен қоректендіру бұзылған жағдайда электр қабылдағыштарға қосылатын және негізгі көзден электрмен қоректендіруді қалпына келтіруге қажетті максималды уақыттан асатын уақыт ішінде электрмен қоректендіруді қамтамасыз ететін қуат көзі;

      20) талдау – персоналдың кәсіби дайындығын жетілдіру, жұмыстағы ауытқуларды жою және олардың алдын алу мақсатында жұмысты орындау сапасын талдау;

      21) тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекарасы – теңгерімдік тиесілілігі немесе электрмен жабдықтау шарты бойынша айқындалатын және тараптардың теңгерімдік тиесілілігі мен пайдалану жауапкершілігін ажыратудың тиісті актісімен расталған күтіп-ұстауға және техникалық жай-күйге жауапты шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы энергетикалық жабдықты және/немесе осы шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында электр желісін бөлу нүктесі;

      22) тәуелсіз қуат көзі – кернеу немесе басқа қуат көздері жоғалған кезде реттелетін шектерде апаттан кейінгі режимде сақталатын қуат көзі.

      Тәуелсіз қуат көздерінің қатарына бір немесе екі электр станциялары мен қосалқы станциялардың екі секциясы немесе шиналар жүйесі кіреді, сонымен бірге келесі екі шарт бір уақытта орындалады:

      секциялардың немесе шиналар жүйелерінің әрқайсысы өз кезегінде тәуелсіз қуат көзінен қуат алады;

      секциялар (жүйелер) шиналар бір-бірімен байланыспаған немесе шиналар секцияларының (жүйелерінің) бірінің қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда автоматты түрде ажыратылатын байланысы бар;

      23) технологиялық карта – регламенттік операцияларды орындау тәртібін, техникалық талаптарды, қолданылатын құралдарды және қажетті еңбек шығындарын қамтитын құжат;

      24) ұшу-қону жолағындағы көрінім (ұшу-қону жолағындағы көрінім қашықтығы) – ұшу-қону жолағының остік сызығындағы әуе кемесінің ұшқышы ұшу-қону жолағы жамылғысының таңбалануын немесе оны шектейтін немесе оның остік сызығын белгілейтін оттарды көре алатындай шектегі ең ұзақ қашықтық;

      25) ҰЭЖТҚЕ – ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету;

      26) электр желісінің теңгерімдік тиесілігінің шекарасы – электр энергиясы нарығының шаруашылық жүргізуші субъектілері: энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар арасындағы, сондай-ақ электр желісінің теңгерімдік тиесілігі бойынша айқындалатын тұтынушылар мен қосалқы тұтынушылар арасындағы электр желісін бөлу нүктесі;

      27) электрмен жабдықтау – әуежай мен оның объектілерін энергия жүйесінен электр қуатымен қамтамасыз ету;

      28) электрмен жабдықтаудың сыртқы көзі – әуеайлақтың ішкі тарату желілеріне электр энергиясын беру, әуе және/немесе жерасты кабельдік желілері арқылы жүзеге асырылатын сыртқы электр желісі;

      29) электр қондырғылары – электр энергиясын өндіруге, өзгертуге, трансформациялауға, беруге, бөлуге және оны энергияның басқа түріне айналдыруға арналған машиналардың, желілік аппараттар мен қосымша жабдықтардың (осылар орнатылған ғимараттары және үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

      30) электрмен қоректендірудің кепілдікті жүйесі – нормативтік мерзімнен аспайтын уақыт ішінде электрмен жабдықтауды (электрмен қоректендіруді) қалпына келтіруді қамтамасыз ететін қоректендірудің резервтік жүйесі;

      31) электрмен қоректендірудің үздіксіз жүйесі – технологиялық жабдық жұмысының үзіліссіздігі бұзылмайтындай уақыт ішінде электрмен жабдықтауды (электрмен қоректендіруді) қалпына келтіруді қамтамасыз ететін электрмен қоректендіру жүйесі;

      32) І санаттағы электр қабылдағыштар – электрмен жабдықтаудың үзілуі адам өміріне қауіп төндіруі, кәсіпорындардың экономикасына елеулі залал келтіруі, қымбат тұратын негізгі құрал-жабдықтардың зақымдануы, өнімдердің жаппай ақауы, күрделі технологиялық процестің бұзылуы, электр энергиясының үзілуіне әкелуі мүмкін электр қабылдағыштардың, коммуналдық шаруашылықтың аса маңызды элементтерінің жұмысының бұзылуы.

      І санаттағы электр қабылдағыштардың құрамынан электр қабылдағыштардың арнайы тобы бөлінеді, олардың үздіксіз жұмыс істеуі адам өміріне, жарылыстарға, өрттерге және қымбат тұратын негізгі құрал-жабдықтардың бүлінуіне жол бермеу мақсатында өндірісті апатсыз тоқтату үшін қажет.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әуежайдың электрмен жабдықтау жүйесі қызмет көрсету нысандарын, сондай-ақ егер жүйенің электр қуаты бос болса, жасалған азаматтық-құқықтық шарттар негізінде әуежай аумағында орналасқан басқа тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. ЖСБЖ нысандарының кепілді қоректендіру қалқандарына осы нысандардың жұмысы мен қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін тұтынушыларды қосуға рұқсат етіледі (апаттық жарықтандыру, технологиялық: жылыту, желдету және ауаны баптау). Кепілді қоректендіру қалқандарына қосылған тұтынушылардың тізбесі Қызметтің тізілімінде қалыптастырылады және Қызмет басшысымен бекітіледі. Уақытша қосылуға Қызмет басшысының мерзімі мен негізі көрсетілген жазбаша өкімі бойынша ғана жол беріледі және ол хаттамамен ресімделеді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Электрмен жабдықтаудың сенімділік дәрежесіне қарай электр энергиясын тұтынушылардың санаттары және электрмен жабдықтау бұзылған жағдайда оттарды ауыстыру уақыты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларының 57-қосымшасында келтірілген талаптарға сәйкес келуге тиіс (бұдан әрі – ҚР АА ӘПЖН). ҚР АА ӘПЖН-ға өзгерістер енгізілген жағдайда уәкілетті орган ілеспе түсіндірме жариялайды және алты ай ішінде осы Қағидалар мен пайдаланушының жергілікті регламенттерін сәйкестендіруді қамтамасыз етеді. Қарама-қайшылықтар болған жағдайда түпкілікті реттеу жүзеге асырылғанға дейін қауіпсіздіктің неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ететін норма уақытша қолданылады.";

      14-тармақ алып тасталсын;

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. ЖСБЖ орналасуы мен құрамына қатысты барлық өзгерістер, оның жұмысындағы бұзушылықтар және оны жөндеу кезінде өшіру, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген), Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес тиісті аэронавигациялық ақпарат жарияланады.

      ЖСБЖ құрамының өзгеруі туралы уақтылы және дұрыс ақпаратты бақылауды Қызмет бастығы жүзеге асырады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. ЖСБЖ-на арналған электрмен жабдықтау жүйелері жабдықтың жекелеген элементтері (оның ішінде фидерлер) істен шыққан кезде ұшқыш бағдарлармен тиісті визуалды байланысын сақтайтын және бұрмаланған ақпаратты қабылдамайтындай етіп жасалған. Әрбір ішкі жүйелерде шамдардың резервтелуі және барынша қамтамасыз етілуі тиіс жарық-сигналдық суреттің сақталуы мүмкін. Ішкі жүйелердегі кабельдік желілердің саны жүйенің мақсатына, санатына, шамдардың қуаты мен орналасуына байланысты анықталады – ҚР АА ӘПЖН сәйкес.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. ЖСБЖ жүйелерін ұшу тексерулері осы Қағидаларға 23-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес фото және бейне құжаттамамен жүргізіледі. Ұшу және аспаптық тексерулердің есептері электрондық түрде кемінде бес жыл сақталады және реттеуші орган үшін жабық бөлімде жарияланады. Даулы көрсеткіштер болған жағдайда аккредиттелген зертхана он бес жұмыс күні ішінде тәуелсіз тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижелері мен ақаулар актілері жою мерзімдерін және жауапты тұлғаларды көрсете отырып, міндетті түрде жариялануға тиіс.";

      24-тармақ алып тасталсын;

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Техникалық пайдалану келесі іс-шараларды қамтиды:

      1) техникалық пайдалануды ұйымдастыруды, техникалық пайдалануды және күрделі жөндеуді жоспарлауды;

      2) қызметті материалдық-техникалық қамтамасыз ету, электр қондырғыларын қабылдау және пайдалануға беру, қызмет көрсететін персоналды оқыту және өз бетінше жұмыс істеуге жіберу;

      3) техникалық қызмет көрсету, оның ішінде жедел және мерзімді (мерзімдері мен ресурстары бойынша) техникалық қызмет көрсету, авариялық, ағымдағы және профилактикалық жөндеу жұмыстары, электр қондырғыларын жетілдіру мақсатында қайта қарау, жаңадан орнатылған ұшуды электрмен жарықтандыру жабдықтарын орнатуды қадағалау.

      Техникалық қызмет көрсету жабдықты өндіруші ұйымдардың нұсқаулықтарында (басшылықтарында), профилактикалық қызмет көрсету ережелерінде, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелерінде белгіленген көлемде және жиілікте, жергілікті пайдалану тәжірибесін сонымен қатар істен шығу жиілігі, жабдықтың тозу дәрежесі, климаттық ерекшеліктер және басқа факторларды ескере отырып жүзеге асырылады.

      Техникалық қызмет көрсету түрлері және оны жүзеге асыру әдістері техникалық қызмет көрсетудің әрбір түрі үшін әзірленген және жабдықты әзірлеуші немесе азаматтық авиация ұйымының басшысы бекіткен технологиялық карталармен анықталады;

      4) азаматтық авиация ұйымдарының қызметтері бойынша электр энергиясының шығынын бөлу және бақылау;

      5) жабдықтарды, қосалқы жабдықтар мен аспаптардың, қосалқы құралдар мен керек-жарақтардың (ҚҚКЖ), бекітілген ЖСБЖ мен материалдардың төмендетілмейтін авариялық-қоры кірісі мен шығысы осы Қағидалардың 25-қосымшасына сәйкес журналға жазбаларды енгізе отырып есепке алынады;

      6) электр қондырғыларын пайдалану, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың сақталуын бақылау;

      7) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету қызметі құжаттамасының тізбесін сақтау;

      8) техникалық қызмет көрсету әдістерін жетілдіру және ұйымдастыру.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Жабдықтарды күрделі жөндеу кезеңділігінің кестесіне және электр жабдықтарын күрделі жөндеу және қайта құру жоспарының жобасына сүйене отырып, ұзақ мерзімді күрделі жөндеу жоспарының жобасын әзірлеу, әрі қарай үйлестіру, жобалау және Қызмет жоспарларына енгізу.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Ағымдағы жоспарлау келесі әзірлеуді қамтиды:

      1) электр қондырғыларындағы жоспарлы-алдын алу жұмыстарының жылдық кестелері және ЖСБЖ регламенттік жұмыстары;

      2) күзгі-қысқы маусымға (бұдан әрі – КҚМ) және көктемгі-жазғы маусымға (бұдан әрі – КЖМ) ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету нысандарын маусымдық дайындау жоспарлары;

      3) Қызметті оқыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарлары;

      4) электр энергиясын тұтыну жоспары;

      5) қызметтің жабдықтарын, ғимараттары мен үй-жайларын күрделі жөндеудің жылдық жоспарлары.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестесі шеңберінде жүргізілетін іс-шаралардың орындалуы жауапты тұлғалардың қолы қойылған жазбалармен және Қызмет басшысының жұмыстардың орындалуын тексеруімен расталады.";

      46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Пайдалану процесінде орындалған электр қондырғыларындағы барлық өзгерістер электр қондырғыларына жауапты тұлғаның қолы қойылған сызбаларда және сызбаларда оның лауазымы мен өзгертілген күні көрсетіліп уақытылы көрсетіледі. Сызбалардағы өзгерістер туралы ақпарат нарядтармен өкімдер бойынша жұмыстарды есепке алу журналына жазыла отырып, осы сызбаларды білуі қажет барлық қызметкерлердің назарына жеткізіледі.

      47. Электр схемаларының электрмен жабдықтаудың нақты пайдалану схемаларына сәйкестігі жыл сайын тексеру белгісімен тексеріледі.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Қызмет мамандарының жұмысты өздігімен орындауына рұқсат беру келесі ретпен жүзеге асырылады:

      1) маманды жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығару;

      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген), Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламаларының (бұдан әрі – Үлгілік бағдарламалар) талаптарына сәйкес оқудан өту;

      3) ең тәжірибелі маманның жетекшілігімен маманның тағылымдамасын өткізу (әуеайлақтың ерекшеліктерімен әзірленген бағдарламаларға сәйкес жарық-сигналдық жабдықтар мен электр жүйелеріне техникалық қызмет көрсету технологиясымен, әуеайлақта ұшуды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын қызметтермен және ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібінде, қызмет мамандарының жұмыс технологиясымен және осы Қағидалармен танысу және зерделеу);

      4) ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды, лауазымдық нұсқаулықтарды және әуеайлақты күтіп-ұстау технологиясын білу бойынша сынақтарды қабылдау;

      5) өзіндік жұмысқа рұқсат беру туралы бұйрық шығару.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Электр қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді осы электр қондырғыларына Қызмет басшысының жазбаша бұйрығымен бекітілген мамандар қамтамасыз етеді. Қызмет көрсету нәтижелері осы Қағидаларға 9-10-қосымшаларға журналдарда және формулярларда жазылады.";

      мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:

      "62-1. Қызмет көрсететін мерзімді тексерулер келесі түрлерге бөлінеді:

      күнделікті жедел тексерулер;

      жоспарлы тексерулер;

      жоспардан тыс тексерулер.

      Күнделікті жедел тексерулер материалдық-техникалық құралдарды тасымалдау үшін арнайы бөлінген автокөлікті пайдалана отырып, осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау парақтарын (бақылау парақтарын) пайдалана отырып, ауысымдық қызмет маманы келгенге дейін жүргізіледі. Бұл тексерулердің мақсаты жарықтандыру жабдығының профилактикалық техникалық қызмет көрсету талаптарына сәйкестігіне әсер ететін кемшіліктерді анықтау және дереу жою болып табылады.

      Жоспарлы тексерулер ҚКМ немесе КЖМ-да жұмыс істеуге дайындық аясында жүргізіледі. Қарап-тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақаулар актілері жасалады. Көрсетілген актілер негізінде электр қондырғыларындағы анықталған ақауларды жою бойынша жоспарлар әзірленеді.

      Жоспардан тыс тексерулер келесі оқиғалар болған жағдайда және (немесе) аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады:

      қарқынды жауын-шашынның түсуі;

      дауылды жел;

      шектеулі көрінімділік жағдайларында операцияларды енгізу;

      дүлей зілзалалар;

      әуеайлаққа өзге де қолайсыз табиғи әсерлер.";

      мынадай мазмұндағы 76-1-тармақпен толықтырылсын:

      "76-1. Көру мүмкіндігі шектеулі жағдайларда ұшқан кезде Қызметпен Қызмет нысандарының, ЖСБЖ, кабельдік желілер мен сақиналардың жанында техникалық қызмет көрсету бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге шектеу қояды.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. ЖСБЖ-на техникалық қызмет көрсету оттар жүйесінің сенімділігін, тұрақты дайындықты және апатсыз жұмысты қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады, техникалық сипаттамаларға, жұмыс режимдеріне және пайдалану жағдайларына сәйкес.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Күнделікті жұмыстарды жүргізу кезінде техникалық қызмет көрсету жұмыстарының тізбесі (ТҚ-1), апталық (ТҚ-2), айлық (ТҚ-3), тоқсандық (ТҚ-4) және жартыжылдық (ТҚ-5) / маусымдық (ТҚ-М), жылдық (ТҚ-6), жоспардан тыс регламенттік жұмыстар профилактикалық техникалық қызмет көрсету регламенттерінің технологиялық карталарында және ЖСБЖ пайдалану жөніндегі зауыттық нұсқаулықтарда келтірілген.";

      мынадай мазмұндағы 79-1, 79-2, 79-3, 79-4 және 79-5-тармақтармен толықтырылсын:

      "79-1. Жарықпен сигнал беру жабдығына, электр қондырғыларына профилактикалық техникалық қызмет көрсету осы Қағидаларға 4, 5- қосымшаларда баяндалған талаптарға сәйкес орындалады.";

      79-2. ЖСБЖ қызмет ету мерзімі ішінде ақаусыздық көрсеткіштерін талдау үшін осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес ЖСБЖ істен шығу және бұзылу жинақтау-картасы толтырылады.

      79-3. Әрбір отқа көрінетін от элементтерінде сәйкестендіру нөмірі беріледі.

      79-4. Оттардың бұрандамалы қосылыстарын тарту жылына кемінде бір рет дайындаушының ұсынымдарында белгіленген тарту сәтімен жүзеге асырылады.

      79-5. Қызмет қосалқы бөлшектердің жиынтығын жасақтайды, бірақ әрбір оттар жүйесі үшін кемінде 10 % болуы тиіс.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. ЖСБЖ жүйесінің ұшуын тексеру жердегі тексерулердің оң нәтижелері болған жағдайда, оның жұмыс істеуінің дұрыстығын және оның қолданыстағы стандарттарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      ЖСБЖ-ның жердегі тексерістері келесі іс-шараларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      зақымдалған оттардың немесе от бөлшектерінің болуы;

      жарық сүзгілерінің жай-күйі;

      коррозияның болуы;

      тазалық;

      бұрандалы қосылыстарды тарту;

      шамдарды туралау (нысаналау);

      ылғалдың/судың болуы;

      оттардың электрлік қосылыстарының жай-күйі;

      әрбір оттың құрылымы мен іргетасының жай-күйі.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Глиссадалық оттарды ұшумен тексеру жүйенің түріне байланысты арнайы бағдарламалар бойынша зертханалық ұшақтармен және пилотсыз авиациялық жүйелермен жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 86-1 және 86-2-тармақтарымен толықтырылсын:

      "86-1. ИКАО-ның І, II және III санаттары бойынша қонуға дәлме-дәл кіруді қамтамасыз ету үшін жабдықталған ұшу-қону жолақтары үшін жақындату оттары мен ҰҚЖ оттары жүйелерінің бөлігі болып табылатын оттардың қарқындылық параметрлерін, жарық сәулелерінің шашырау бұрыштарын және бағдарын жеке шамдардың сипаттамаларын талдау үшін дәлдікті қамтамасыз ететін жылжымалы өлшеу қондырғысын пайдалана отырып өлшеу жүргізіледі.

      86-2. ИКАО-ның І, II және III санаттары бойынша қонуға дәлме-дәл кіруді қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын ҰҚЖ оттарының параметрлерін өлшеу кезеңділігі қозғалыс тығыздығын, ластанудың жергілікті деңгейін, орнатылған ЖСБЖ сенімділігін және эксплуатациялық өлшеулердің нәтижелерін ұдайы бағалауды ескере отырып, бірақ тереңдетілген оттар үшін жылына кемінде екі рет және жерүсті оттары үшін жылына кемінде бір рет анықталады.";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Апаттар бір уақытта екі жерде орын алған жағдайда негізгі көлікке қосымша екінші жедел көлікті бөлу көзделеді.";

      3, 5, 11, 21, 23, 24, 25, 26, 27 және 28-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 28 қарашадағы
№ 410 Бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының ұшуын
электрлі жарықпен-техникалық
қамтамасыз ету қағидаларына
3-қосымша

Ұшуды электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қызметі құжаттамаларының тізбесі

      1. Журналдар

      1) электр қондырғыларын ағымдағы жөндеуге өтінімдер журналы;

      2) құжаттарды зерделеу журналы;

      3) кабельдік сақиналар журналы (ҰЖТҚЕ);

      4) кабельдік желілер журналы (ҰЭТҚЕ);

      5) техника және өрт қауіпсіздігі, жабдықтарды пайдалану бойынша білімдерін тексеру журналы;

      6) аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығулар журналы;

      7) хаттамалар, сынақтар мен тексерулер актілерінің журналы (ӘЖ);

      8) нарядтар мен өкімдерді тіркеу журналы;

      9) кабель сақиналарының оқшаулау кедергілерінің журналы;

      10) техникалық оқу және талдау журналы;

      11) дизель-генераторларға техникалық қызмет көрсету журналы (ҰЖТҚЕ);

      12) резервтік дизель-генераторларға техникалық қызмет көрсету журналы (ҰЭТҚЕ);

      13) жабдықтар мен материалдарды есепке алу журналы (Жоспарлау);

      14) жабдықтар мен материалдарды есепке алу журналы (ҰЖТҚЕ);

      15) жабдықтар мен материалдарды есепке алу журналы (ҰЭТҚЕ);

      16) электр қондырғыларын сынау және тексеру хаттамаларын, актілерін есепке алу журналы;

      17) ӘЖ жұмысын есепке алу журналы;

      18) ЖПШ жұмысын есепке алу журналы;

      19) жедел топтың жұмысын есепке алу журналы;

      20) торап (ҰЖТҚЕ) жұмысын есепке алу журналы;

      21) тораптың жұмысын есепке алу журналы (ҰЭТҚЕ);

      2. Нұсқаулықтар

      22) ішінара істен шыққан жағдайда жабдықты пайдалануды шектеу жөніндегі нұсқаулық;

      23) қауіпсіздік техникасы және алғашқы көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық (ӘЖ);

      24) қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі шаралары, жөндеу (ЖПШ) бойынша нұсқаулықтар;

      25) өзара іс-қимыл және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтар (ҰЖТҚЕ);

      26) өзара іс-қимыл және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық (ҰЭТҚЕ);

      27) басқа қызметтермен өзара іс-қимыл және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтар (жедел топ);

      28) техника және өрт қауіпсіздігі, жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар;

      3. Схемалар

      29) ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету қызметінің құрылымдық сызбасы;

      30) қашықтан басқару схемасы (ҰЖТҚЕ);

      31) торап нысандарының электрмен жабдықтау схемасы (ҰЖТҚЕ);

      32) дизель-генераторлардың автоматика сұлбалары (ҰЖТҚЕ);

      33) жоғары вольтты және төмен вольтты электрмен жабдықтау схемалары;

      34) жарықпен сигнал беру жабдықтарының сұлбалары;

      35) төмен вольтты қалқандар мен кепілдендірілген қуат қалқандарының (ҰЖТҚЕ) схемалары;

      36) жарықтықты реттегіштердің сұлбалары;

      37) жалпы мақсаттағы нысандарының электр жабдықтарының схемалары;

      38) жарықпен сигнал беру жабдықтарының сұлбалары;

      39) күштік және жарықтандыру желілерінің атқарушылық схемалары;

      40) электрмен жабдықтау және электрмен қоректендіру схемаларының жиынтығы;

      4. Кестелер

      41) сыртқы жарықтандыруды қосу және өшіру кестесі;

      42) жабдықтарды күрделі жөндеу кестесі (Жоспарлау);

      43) жабдықтарды күрделі жөндеу кестесі (ҰЖТҚЕ);

      44) жабдықты күрделі жөндеудің кестесі (ҰЭТҚЕ);

      45) ұшуды тексеру кестесі (ҰЖТҚЕ);

      46) метрологиялық салыстырып тексеру кестесі (ҰЖТҚЕ);

      47) өлшеу құралдарын метрологиялық тексерудің кестесі (ҰЭТҚЕ);

      48) техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестесі (ҰЖТҚЕ);

      49) жабдықтарды күрделі жөндеудің мерзімділік кестесі;

      50) жоспарлы-алдын ала жөндеулер кестесі (ҰЭТҚЕ);

      51) тексерулер кестесі және есепке алу (Жоспарлау);

      52) ауысымдық персоналдың кезекшілік және демалыс кестелері;

      53) жеткізуге және қаржыландыруға өтінімдер кестесі (Жоспарлау);

      5. Ведомостар

      54) ақаулар ведомосы және жұмыстар тізбесі (Жоспарлау);

      55) жарықпен сигнал беру жабдықтарының ақауларының ведомостары;

      56) жабдық ақауларының ведомостері (ҰЭТҚЕ);

      57) релелік қорғаныс қондырғыларының тізімі (ҰЭТҚЕ);

      58) релелік қорғаныс қондырғыларының ведомостары;

      6. Бұйрықтар / нұсқаулар / өкімдер;

      59) қызмет бойынша бұйрықтар, нұсқаулар мен өкімдер;

      60) бұйрықтар, нұсқаулар және басшылық құжаттар (ҰЭТҚЕ);

      61) тораптың (ҰЖТҚЕ) жұмысы бойынша нұсқаулар, бұйрықтар және құжаттар;

      62) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы түйін туралы бұйрықтар (ҰЖТҚЕ);

      63) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы түйін бұйрықтары (ҰЭТҚЕ);

      7. Өзге де құжаттар

      64) қызмет туралы ереже;

      65) жобалау-сметалық құжаттама (Жоспарлау);

      66) пайдаланылатын жабдықтың жобалық-сметалық құжаттамасы;

      67) жабдықтың зауыттық сипаттамалары мен төлқұжаттары (ҰЖТҚЕ);

      68) зауыттық сипаттамалар, төлқұжаттар және формулярлар (ӘЖ);

      69) зауыттық сипаттамалар, төлқұжаттар және формулярлар (ЖПШ);

      70) кабельдік сақиналардың төлқұжаттары;

      71) нарядтардың, хаттамалардың, актілердің бланкілері;

      72) жарықпен сигнал беру жабдығын сынау хаттамалары;

      73) жердегі тексерулердің хаттамалары;

      74) ұшуды тексеру актілері (ҰЖТҚЕ);

      75) электр қондырғыларын пайдалану жауапкершілігін шектеу актілері;

      76) штаттық кесте және нақты саны;

      77) профилактикалық техникалық қызмет көрсету регламенті (ҰЖТҚЕ);

      78) профилактикалық қызмет көрсету регламенті (ҰЭТҚЕ);

      79) шағым-арыз актілері;

      80) пайдалануға жарамдылық куәлігі;

      81) жарықаен сигнал беру жабдығына техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық;

      82) электрлік жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық;

      83) ҰЭЖТҚЕ бойынша Қағидалардың бақылау даналары;

      84) электр қондырғыларын (ӘЖ) сынау бойынша нормалар мен нұсқаулар;

      85) жабдықтарға, материалдарға және аспаптарға өтінімдер;

      86) өтінімдер қалтасы (Жоспарлау);

      87) электр беру желілері трассаларының және кабельдік желілерді байланыстырудың жоспарлары;

      88) жұмыс жоспарлары (ЖПШ, ӘЖ, Жоспарлау);

      89) өлшем құралдарының, қорғаныс құралдары мен жабдықтарының тізімдемесі;

      90) абоненттер мен қызметтердің телефондарының тізімі;

      91) ЖСБЖ істен шығу және бұзылу жинақтау картасы.

      Ұшуды электрмен жарықтандыруды қамтамасыз ету қызметінің тізімінде көрсетілген құжаттама бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, қағаз және/немесе электронды форматта жүргізілуі мүмкін.

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 28 қарашадағы
№ 410 Бұйрыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының
ұшуын электрлі жарықпен-
техникалық қамтамасыз
ету қағидаларына
5-қосымша

Жарықпен сигнал беру жабдығы мен электр қондырғыларына профилактикалық техникалық қызмет көрсетудің ең төменгі регламенті

      1. Жарықпен сигнал беру жабдығының жүйелері үшін жалпы сипаттағы техникалық қызмет көрсету мынадай кестеден және іс-шаралардан тұрады:

Жұмыс түрлері

ТҚ-1

ТҚ-2

ТҚ-3

ТҚ-5/ТҚ-М

ТҚ-6

Жоспардан тыс

1

Басқару жүйесінің жұмысын тексеру

X






2

Жабдықтарды жалпы тазалау


X





3

Ылғалдың болуын тексеру


X





4

Сүзгілерді және желдету/ауабаптау жүйелерін тексеру


X





5

Қауіпсіздік қалқандарын, өрт сөндіргіштерді және қорғаныс құралдарын тексеру



X




6

Барлық сыртқы тізбектердің және кабельдiк сақиналардың оқшаулама кедергiлерiн тексеру



X




7

Тарату пунктеріне кіріс кернеуін тексеру




X



8

Жерге қосу кедергісін тексеру




X



9

Шиналарды тазалау және тексеру




X



10

Реле жұмысын тексеру




X



11

Май түріндегі сақтандырғыштарды тексеру




X



12

Май ажыратқыштарын тексеру




X



13

Резервтік қорек көздеріне ауысу



X




14

Басқару панельдерін немесе компьютерлік жабдықтарды тексеру




X



15

Фотоэлементті тексеру




X



16

GPS антенналарын тексеру




X



17

Найзағайдан қорғайтын құрылғыларды тексеру




X



18

Өзге де электр жабдықтарын тексеру




X



19

Трансформаторлар мен реттегіштердегі майдың диэлектрлік беріктігін сынау





X


20

Қажет болған жағдайда жабдықты сырлау





X

X

      2. ҰҚЖ және БЖЖ жер үсті бүйірлік оттарына техникалық қызмет көрсету, мынадай кесте мен іс-шаралардан тұрады:

Жұмыс түрлері

ТҚ-1

ТҚ-2

ТҚ-3

ТҚ-5/ТҚ-М

ТҚ-6

Жоспардан тыс

1

Күйіп кеткен шамдарды тексеру және қажет болған жағдайда жөндеу

Х






2

Линзалардың тазалығын тексеру

Х






3

Фотометриялық тестілеу, бағыттылық пен көлбеу бұрыштарын тексеру



Х


Х


4

Шамдарды нысаналау




Х


Х

5

Коннекторлар мен түйіспелерді тазалау






Х

6

Оттар мен бекіткіштердің орнату биіктігін тексеру






Х

7

Оттарда және құдықтарда ылғалдың болуын тексеру




Х



8

Коррозияға және тозуға тексеру





Х


9

Шамдардың орнатылуын тексеру және түйіспелерді тазалау





Х


10

Төсемдердің жағдайын тексеру





Х


11

Оттардың айналасын қардан және/немесе өсімдіктерден тазалау






Х

      3. ҰҚЖ және БЖЖ тереңдетілген оттарына техникалық қызмет көрсету, мынадай кесте мен іс-шаралардан тұрады:

Жұмыс түрлері

ТҚ-1

ТҚ-2

ТҚ-3

ТҚ-4

ТҚ-5 / ТҚ-М

Жоспардан тыс

1

Күйіп кеткен және күңгірт шамдарды тексеріп қарау

Х






2

Ақаулы оттарды ауыстыру


Х





3

Линзаларды тазалау



Х




4

Фотометриялық тестілеу





Х

Х

5

Бұранды қосылыстардың бекітілуін тексеру




Х


Х

6

Оттардың негізінде судың болуын тексеру





Х

Х

7

Оттардың айналасын қардан тазалау






Х

8

Қосалқы кабельді тексеру






Х

      4. Глиссаданың индикация оттарына техникалық қызмет көрсету, мынадай кесте мен іс-шаралардан тұрады:

Жұмыс түрлері

ТҚ-1

ТҚ-2

ТҚ-3

ТҚ-4

ТҚ-5 / ТҚ-М

Жоспардан тыс

1

Шамдардың жұмысын тексеру

Х






2

Қашықтықтан басқару құралының жұмысын тексеру



Х




3

Механикалық бөлшектердің зақымдануын тексеру



Х




4

Шамдар мен сүзгілерді тазалау



Х




5

Сумен зақымдану және жәндіктердің бар-жоғын тексеру



Х




6

Кеміргіштердің бар-жоғын тексеру



Х




7

Көлбеу бұрыштарын тексеру




Х



8

Тіке көрінімділікті тексеру (өсімдіктер мен кедергілер)




Х



9

Жерге қосу кедергісін тексеру





Х


      5. Жақындату оттарына техникалық қызмет көрсету мынадай кестелер мен іс-шаралардан тұрады:

Жұмыс түрлері

ТҚ-1

ТҚ-2

ТҚ-3

ТҚ-5 / ТҚ-М

ТҚ-6

1

Күйіп кеткен шамдарды тексеру

Х





2

Қашықтықтан басқару құралының жұмысын тексеру


Х




3

Күйіп кеткен шамдарды ауыстыру


Х




4

Тереңдетілген оттардың тазалығын тексеру


Х




5

Оттарды жауып тұрған өсімдіктерден тазарту



Х



6

Оттардың орнату бұрышын тексеру




Х


7

Конструкциялардың бүтіндігін тексеру




Х


8

Тіке көрінімділікті тексеру (өсімдіктер мен кедергілер)




Х


9

Кабельдiк оқшаулама кедергiлерiн тексеру





Х

      6. Импульсті жақындату оттарына техникалық қызмет көрсету, мынадай кесте мен іс-шаралардан тұрады:

Жұмыс түрлері

ТҚ-1

ТҚ-2

ТҚ-3

ТҚ-4

ТҚ-5 / ТҚ-М

ТҚ-6

Жоспардан тыс

1

Барлық оттардың жарықтықтарының барлық деңгейлеріндегі жұмысын көзбен шолып тексеру

Х







2

Қашықтықтан басқару құралының жұмысын тексеру




Х




3

Оттардың бағыттылығын тексеру




Х




4

Тіке көрінімділікті тексеру (өсімдіктер мен кедергілер)




Х




5

Барлық тіректерді, айналарды және т.б. түзету және орнату бұрышын тексеру





Х



6

Шыны және шағылыстырғыш элементтердің жай-күйін тексеру






Х


7

Конструкциялардың шіруіне, тоттануына, созылымдардың тартылуына, қисаюына тексеру






Х


8

Жыпылықтағыш блоктардың шкафтарының ішін тексеру және тазалау






Х


9

Жерге қосу кедергісін тексеру, найзағайдан қорғау, клеммалар мен тіректердегі жабдықтар






Х


10

Өндірушіден ұсынылатын қызмет мерзімі бойынша барлық шамдарды ауыстыру







Х

      7. Әуеайлақ белгілеріне техникалық қызмет көрсету, мынадай кесте мен іс-шаралардан тұрады:

Жұмыс түрлері

ТҚ-1

ТҚ-2

ТҚ-3

ТҚ-4

ТҚ-5 / ТҚ-М

ТҚ-6

Жоспардан тыс

1

Күйіп кеткен шамдарды тексеру

Х







2

Тіке көрінімділікті тексеру (өсімдіктер мен кедергілер)

Х






Х

3

Тірек конструкциясын тексеру




Х




4

Жарықтандыруды / жарықтылықты өлшеу





Х



5

Конструкцияны және оның бояуын, тексеру, тазалау, жөндеу немесе ауыстыру






Х


6

Белгілердің айналасындағы қарды тазалау







Х

      8. Жарықтық реттегіштерге техникалық қызмет көрсету, мынадай кесте мен іс-шаралардан тұрады:

Жұмыс түрлері

ТҚ-1

ТҚ-2

ТҚ-3

ТҚ-5 / ТҚ-М

 
ТҚ-6

1

Жарықтықтың барлық сатыларында басқару тізбектерін тексеру

Х





2

Реттегіштің жай-күйін және жұмысын тексеру


Х




3

Кіріс кернеуі мен тоқты тексеру



Х



4

Жарықтықтың әрбір сатысында шығыс тоғын тексеру



Х



5

Реттегіштегі шығыс жүктемесін тексеру (қажет болған жағдайда)




Х


6

Бақылау-өлшеу аспаптарының әрбір жарықтық деңгейінің дұрыс жұмыс істеуін тексеру




Х


7

Тиристордың ашылу бұрышын тексеру





Х

8

Оқшаулау кедергісін өлшеу функциясының жұмысын, сақинаның үзілуін тексеру





Х

9

Күйіп кеткен шамдарды анықтау жүйесін тексеру





Х

10

Коррозия ошақтарын тазалау және қайта бояу (қажет болған жағдайда)






11

Кіріс және шығыс параметрлерін калибрлеу





Х

      9. Перронның прожекторлық жарықтандыруына техникалық қызмет көрсету, мынадай кесте мен іс-шаралардан тұрады:

Жұмыс түрлері

ТҚ-1

ТҚ-2

ТҚ-3

ТҚ-5 / ТҚ-М

Жоспардан тыс

1

Күйіп кеткен шамдарды тексеру, ауыстыру

Х




Х

2

Қашықтықтан басқарудан ауысудың жұмыс істеуін тексеру (бар болса); жөндеу


Х




3

Прожекторлардың бағыттылығы мен көлбеу бұрышын тексеру және реттеу



Х



4

Әуе кемелері тұрақтарының жарықтандыру деңгейін тексеру




Х

Х

      10. Дизель-генераторлық қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, мынадай кесте мен іс-шаралардан тұрады:

Жұмыс түрлері

ТҚ-1

ТҚ-3

ТҚ-6

1

Техникалық параметрлердің күйін, қателер мен сұйықтықтың ағып кетуін тексеру

Х



2

Генераторды ұзақтығы кемінде 10 минут жүктемемен іске қосу


Х


3

Желі жоғалған кезде автоматты түрде іске қосылуын тексеру


Х


4

Генератордың жұмыс режиміне шығу уақытын тексеру


Х


5

Кернеудің рұқсат етілген рұқсаттарға сәйкес келетініне көз жеткізу үшін вольтметр көрсеткіштерін тексеру

Х



6

Ауыстырғыш жабдықты шамадан тыс қыздыруға және ақаулықтарға тексеру


Х


7

Генераторды тербелістерге және қызып кетуге тексеру


Х


8

Дизельдік қозғалтқышты кез келген біркелкі емес жұмыс үшін тексеру


Х


9

Сынақтан кейін резервуардағы жанармай деңгейін жылжыту; қажет болған жағдайда жанармай құю


Х


10

Ауытқуларды немесе қажетсіз өнімділік көрсеткіштерін анықтау үшін тексеру; түзету шараларын қабылдау және жөндеу


Х


11

Сынақ жүргізу кезінде өлшеу құралдарының көрсеткіштерін оның тізілімі және ықтимал ақауларды анықтау үшін алдыңғы көрсеткіштермен салыстыру



Х

      11. Осы регамент жарықпен сигнал беру жабдықтары мен электр қондырғыларының жүйелеріне профилактикалық қызмет көрсетуге қойылатын минималды талаптарды белгілейді.

      12. Әуеайлақ пайдаланушысы басшылыққа ала отырып, техникалық қызмет көрсетудің жиірек немесе кеңейтілген кезеңділігі мен құрамын белгілеуге құқылы:

      жабдықты дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасымен (нұсқаулықтарымен, басшылық құжаттармен);

      жабдықтың техникалық жай-күйін талдау нәтижелерімен;

      климаттық және басқа да жергілікті факторларды ескере отырып, пайдалану шарттары.

      13. Бұл ретте техникалық қызмет көрсетудің көлемі мен жиілігі осы регламентте белгіленгеннен төмен болмауы керек.

      14. Профилактикалық техникалық қызмет көрсету бойынша регламенттік жұмыстарды орындауға арналған қызмет жабдықталады кем дегенде мынадай электр өлшеу құралдарымен:

      мультиметр (әмбебап өлшеу құралы);

      мегаомметр (оқшаулау кедергісін өлшегіш);

      микроомметр (өтпелі кедергі өлшегіш);

      тоқ қысқыштары (тоқ қысқыштары);

      фазалық-нөлдік ілмекті өлшеуіш (қысқа тұйықталу ілмектері);

      жерге тұйықтау кедергісін өлшегіш;

      люксметр (жарық өлшегіш);

      фазалық көрсеткіш;

      жарықты өлшеу функциясы бар колориметр кд/м2;

      динамометрлік кілт;

      портативті осциллограф.

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 28 қарашадағы
№ 410 Бұйрыққа 3-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының ұшуын
электрлі жарықпен-техникалық
қамтамасыз ету қағидаларына
11-қосымша

ҰЭЖТҚ ӘУЕЖАЙ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЭТҚ ТОРАБЫНЫҢ КАБЕЛЬДІК ЖЕЛІЛЕРІ ЖУРНАЛЫНЫҢ НЫСАНЫ

      Журналға енгізілуі тиіс:

      1. Әуежай кабель желiлерiне қызмет көрсетуге жауапты

      адамдардың тiзiмi.

      2. Кабельдің (фидердiң) _______________________________________

      (нысаннан нысанға дейiнгi нөмiрi)

      2.1. Паспорты:

      ______ маркалы кабель, ұзындығы ____ м, ________________ нысанынан

      (нысан атауы)

      _________________ нысанына дейiн _________________________ төседi.

      (нысан атауы) (төсеу тәсілі)

      (монтаждау ұйымы)

      Төселген кезiнде __ жалғастырушы және ____ шеттiк муфталар салынды.

      (тәсiлi)

      Қоректендiрiлетiн электрлі қабылдағыштардың жалпы қуаты_________кВт.

      Қыс кезiндегi ең жоғары мүмкiндiктегi дайын жүктеме мөлшерi ____ А,

      ал жаз кезiнде, _____ А.

      2.2. Пайдаланымдық сынақтар, өлшеулер мен профилактикалық

      жөндеулер тiзбесі, ток жүктемелерiн өлшеудiң, жоғары кернеумен

      оқшауламаларды сынау деректемелерi.

      3. Осы кабель желiсiнiң ақаулары мен бұзылу тiзбесi:

Күні

Ақаулықтың орны, сипаты

Орындалған жұмыстар

Орындаушы





      4. Кабельдің маркасы, оның ұзындығы, жалғастырушы муфталардың

      саны және т.б. көрсетiлген кабель желiсiнiң трассалық схемасы.

      КАБЕЛЬ ЖЕЛІЛЕРІН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖӨНДЕУ ЖУРНАЛЫНЫҢ НЫСАНЫ

Күні

Орындалған жұмыстардың атаулары
(Зақымданған орны мен сипаты және оны жою, жоғары кернеумен сынау, күрделi, ағымдық, профилактикалық жөндеулер және т.б.)

Орнатылған муфта, саны (дана)

Жөндеуден кейiнгi оқшаулама кедергiсi, кОм





  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 28 қарашадағы
№ 410 Бұйрыққа 4-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының ұшуын
электрлі жарықпен-техникалық
қамтамасыз ету қағидаларына
21-қосымша

ЖЕР ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН РҰҚСАТ

      ________________________________________________________ аумағында

      (әуежай, АА кәсіпорны) ______________________________ өкiлi

      _______________________ мырзаға (ұйымның атауы, лауазымы)

      _________________________________________________________________

      (жұмыс жүргізу орны)

      __________________________________________________________ жұмысын

      (жұмыстың сипаты)

      _______________________________________________________ келісілген

      (тұлғаны және ұйымды көрсету) 20__ жылғы ____________________ келісілген

      ______________________________________, (тұлға мен ұйымды көрсету)

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №330 бұйрығымен бекітілген Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларды сақтау кезінде.

      Жұмыстар осы рұқсатта көрсетілген мерзімдерде мынадай шарттарды орындай отырып басталуы тиіс:

      1. Әуежай аумағындағы жер жұмыстары техника қауіпсіздігі қағидалары сақталған және тиісті пайдалану қызметтерінің техникалық қадағалауымен орындалуы тиіс.

      2. Жұмыстарды орындау кезінде жұмыстарды жүргізуге жауапты адам өзімен бірге рұқсаты және бекітілген жобасы (эскизі) бар жерде болуға міндетті.

      3. Жұмыстарды жүргізуге жауапты адам олар басталғанға дейін рұқсатта көрсетілген пайдалану қызметтерінің өкілдерін жұмыс орнына шақыруға, олармен бірге жерасты коммуникацияларының нақты орналасуын белгілеуге және олардың толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

      Жер жұмыстарын тетіктермен орындау кезінде олар үшін өндіріске жауапты адам жер қазу тетігінің жүргізушісіне экскизді тапсыруға, жұмыс шекарасының орнында сақталуын қамтамасыз етуге тиіс жұмыс істеп тұрған жерасты коммуникацияларының орналасуын көрсетуге міндетті.

      Пайдалану қызметтерінің басшылары өздерінің жауапты өкілдерінің құрылыс ұйымының шақыруы бойынша жұмыс орнына келуін қамтамасыз етуге және өздеріне тиесілі жерасты коммуникацияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар туралы жазбаша түрде жан-жақты нұсқаулар беруге міндетті.

      4. Қолданыстағы коммуникациялардың зақымдануына жұмыс жүргізетін ұйым және жұмыстарды орындауға жауапты адам жауапты болады.

      5. Әрбір жұмыс орны қоршалып, стандартты ескерту белгілерімен жабдықталуы керек. Кешкі уақытта қоршауға қызыл түсті габариттік шамдар бекітілуі тиіс.

      6. Қазба жұмыстарын жүргізу кезінде трассада кездесетін жерасты коммуникацияларын (кабельдерін) тоқтата тұру кезінде сақтық шараларын сақтау қажет.

      Жұмыстарды жүргізу өкілдермен келісілді: Электр техникалық қызмет ұшуды қамтамасыз ету _________________________ _________________

      (лауазымы, аты-жөні) (қолы)

      Әуеайлақ қызметі __________________________ _________________

      (лауазымы, аты-жөні) (қолы)

      Жылу-техникалық және инженерлік жүйелер қызметі санитарлық-техникалық қамтамасыз ету __________________ _________

      (лауазымы, аты-жөні) (қолы)

      "Қазаэронавигация" РММ: _____________________________ _________

      (лауазымы, аты-жөні) (қолы)

      РТЖБП қызметі_____________________________ ___________________

      (лауазымы, аты-жөні) (қолы)

      Қозғалыс қызметі ______________________________ ________________

      (лауазымы, аты-жөні) (қолы)

      Мен, ___________________________________________________________

      (аты-жөні, жұмыстарды өндірушінің лауазымы және атауы ұйымдар)

      ___________________, көрсетілгендердің барлығын сақтауға міндеттенемін

      талаптардан жоғары және осы рұқсаттың міндеттемелерін орындамағаны үшін

      жауаптымын ________________________________________________

      (қолы, күні)

      Жұмыстарды жауапты орындаушы ұйымының мекенжайы

      ___________________________________, телефон _________________

      Жұмыстарды жауапты орындаушының үйінің мекенжайы

      _______________________________________, телефон________________

      Жұмыстарды жоғарыда көрсетілген шарттарды сақтай отырып жүргізуге рұқсат

      етемін бастап "____"________20 ____ж. бойынша "____"_______20____ ж.

      Әуежай бастығы _____________________ _____________________

      (қолы) (аты-жөні)

      "____"______________20 ___ ж.

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 28 қарашадағы
№ 410 Бұйрыққа 5-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының ұшуын
электрлі жарықпен-техникалық
қамтамасыз ету қағидаларына
23-қосымша

Жарықпен сигнал беру жабдығын жерде және ұшуда тексеруге қойылатын талаптар

      Жердегі тексерулер

      1. Жердегі тексерулер жарық сигнал беру жабдығы сипаттамаларының сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізіледі.

      2. Жарықпен сигнал беру жабдық жүйесінің жердегі тексерулері белгілі бір жиілікте орындалуы тиіс бірқатар әртүрлі іс-шараларды қамтиды. Бұл тексерулер мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      зақымдалған шамдарды немесе блоктардың бөліктерін тексеру;

      сүзгілердің жай-күйі;

      коррозияның болуы;

      жабдықтың тазалығы;

      блоктардың бекіту элементтерін тарту;

      шамдарды туралау (бағдарлау);

      ылғалдың/судың болуы;

      шамдардың электрлік қосылыстары;

      әрбір блоктың құрылымы мен іргетасының жай-күйі.

      3. Жарықпен сигнал беру жабдықтары мен электр қондырғыларын жердегі тексеру нәтижелері бойынша тиісті акт жасалады, оның көшірмесі ұшуды тексеруді жүзеге асыратын ұйымға ұсынылады.

      Ұшуды тексеру

      4. Күндізгі және түнгі уақытта бақылау-тексеру ұшулары кезінде мыналар белгіленеді:

      жүйенің барлық шамдарының жарқырау қарқындылығы бірдей (а);

      сызбаны қалыптастыратын оттар негізінен бір көлденең жазықтықта орналасқан (b);

      ұшу-қону жолағының екі жағындағы сәйкес шамдар бір уақытта көрінетін болады және қажет болған жағдайда синхронды түрде түсін өзгертеді (c);

      жүйе сырғанау жолының дұрыс еңіс бұрышын көрсетеді, кесу бұрыштары дұрыс орнатылған (d);

      ұшудағы шамдардың көріну қашықтығы белгіленген талаптарға сәйкес келеді (e);

      жүйе күндіз-түні бағытында толық көрінетін ҰҚЖ-ның осьтік сызығының жалғасуына қатысты азимут жобалық мәнге (f) сәйкес келеді;

      шамдардың жарықтығын реттеу сатылары реттілікпен және іркіліссіз өзгертіледі (g);

      жүйе оттарының және ҰҚЖ оттарының жарқырау қарқындылығы жарық күшінің қондырғылары бірдей болған кезде сәйкес келеді (h);

      "барлығы қызыл" сигналын көзбен шолып қабылдау кезінде кедергілердің үстінен ұшып өту кезіндегі биіктік қоры жеткілікті болып табылады (i);

      Күндізгі уақытта орындалған (d) тармақтарда көрсетілген бұрыштарды өлшеу нәтижелері болған жағдайда түнгі өлшеулер жүргізілмейді. Субъективті визуалды бағалау жеткілікті деп саналады.

      Ұшуды тексеру барысында аэронавигациялық емес шамдардың болуы тексеріледі, бұл аэронавигациялық жердегі шамдарды анық тануға немесе бағытын өзгертуге кедергі келтіреді.

      5. ЖСБЖ жұмысқа жарамдылығына объективті баға беру үшін жарықпен сигнал беру жабдығының жүйелерін ұшуды тексеру кезінде суретке түсіру және жоғары сапалы бейнекамераға түсіру керек. Бейнежазбалар мен фотосуреттер қонуға бет алған кезде жақындату оттары мен ҰҚЖ туралы толық мәліметтерді алу үшін қажетті уақыт ішінде түсіріледі. Фотосуреттерді басып шығару үшін ЖСБЖ оттарының 2-3 жоғары сапалы негативтері таңдалады. Әзірленген пленкада ұшу күні мен ұшу тексерісі жүргізілген ҰЗ немесе ӘК нөмірлері көрсетіліп, ҰЭЖТҚЕ қызметінде сақталуы тиіс. Фотосуреттер немесе басып шығарулар ЖСБЖ ұшу тексеріс актісіне қоса беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 28 қарашадағы
№ 410 Бұйрыққа 6-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының ұшуын
электрлі жарықпен-техникалық
қамтамасыз ету қағидаларына
24-қосымша

ЖАРЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ КАБЕЛЬДІК САҚИНАЛАРДЫҢ ОҚШАУЛАУ КЕДЕРГІСІН ТЕКСЕРУ ХАТТАМАСЫ
ЖР үй-жайы немесе қосалқы станцияның №______________________________
Кабельдік сақинаның белгіленуі ________________________________

1

2

3

4

Күні

Оқшаулағыштың кедергісі, Ом

Ауа райы жағдайлары мен ескертпелер

Лауазымы, аты-жөні, қолы





ҰЭЖТҚЕ қызметінің жарық жүйесінің кабельдік сақиналарының оқшаулау кедергісін өлшеу журналы

Күні

кабельдік журнал бойынша кабельдің №

Трасса

Кабельдік сақинаның белгіленуі

Оқшаулағыштың кедергісі
МОм

Ұзындығы
(м)

Қайдан

Қайда








      Барлық әуеайлақ сақиналарындағы оқшаулағыштың кедергісін өлшеу айына кемінде бір рет жүргізіледі. Егер әуеайлақта олардың ұзақ қызмет ету мерзіміне немесе басқа себептерге байланысты жүйелі түрде істен шығатын тізбектер болса, апта сайынғы тексерулерді жүргізуді қарастыру. Ықтимал ақаулардың көптеген орындары, егер профилактикалық қызмет көрсетудің бір бөлігі ретінде апта сайынғы оқшаулағыш кедергісін тексеруді әдетке айналдырса, олар проблемаға айналғанға дейін күндізгі уақытта табылуы мүмкін. Кабель сақиналары көрсетілген кедергіні өлшеу хаттамалары және жарық жүйесінің кабель сақиналарының оқшаулау кедергісін өлшеу журналдары жарықтық реттегіштерінің үй-жайында сақталады. Хаттамада тексеру жүргізу кезіндегі ауа райы жағдайлары, мысалы, жуырдағы найзағайдың белсенділігі және т.б., анықталған ақаулар орындары мен олардың себептері қамтылған.

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 28 қарашадағы
№ 410 Бұйрыққа 7-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының ұшуын
электрлі жарықпен-техникалық
қамтамасыз ету қағидаларына
25-қосымша

КАБЕЛЬ САҚИНАСЫН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖӨНДЕУ ЖУРНАЛЫНЫҢ НЫСАНЫ

Күні

Орындалған жұмыстардың атауы (зақымдану орны мен сипаты және оны жою, жоғары кернеулі сынақтар, күрделі, ағымдағы, профилактикалық жөндеу және т.б.)

Орнатылған муфталардың саны, дана

Жөндеуден кейінгі оқшаулау кедергісі, кОм





ҰЭЖТҚЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОЙМАСЫНДАҒЫ ҚҚКЖ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕН ТҰТЫНУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖУРНАЛЫ

Күні

Жабдықтың немесе материалдың атауы

Жабдықтың немесе материалдың кірісі
(саны)

Жабдықтың немесе материалдың шығысы
(саны)

Қоймадағы қалдық
(саны)

Ескертпе

Т.А.Ә.
Қолы









ҰЭЖТҚЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОЙМАСЫНДАҒЫ ЖАБДЫҚТАРДЫ, ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖУРНАЛЫ

      Жабдықтың, аспаптың немесе өлшеу құралдарының атауы ___________________

      Өлшем бірлігі______________________________


Күні

Кіріс және шығыс құжатының нөмірі

Жабдықтың немесе материалдың кірісі
(саны)

Жабдықтың немесе материалдың шығысы
(саны)

Қоймадағы қалдық
(саны)

Ескертпе

Т.А.Ә.
Қолы

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 28 қарашадағы
№ 410 Бұйрыққа 8-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының ұшуын
электрлі жарықпен-техникалық
қамтамасыз ету қағидаларына
26-қосымша

ЖСБЖ істен шығуларының жинақтау-картасы

      Құрал түрі ___________, зауыттық нөмірі ____________

      Дайындалған күні ____, пайдалануға берілген күні ________________________

      Нысанда орнатылған ___________, ұйымдар

Күні

Атқарылған жұмыс

бас тарту

зақымдану

Істен шығулар мен зақымданулар саны, оның ішінде себептер бойынша

пайдалану басталғаннан бері

бір бас тартуға

бір зақымға


1

2

3

4

5

6

7

8

9































      (ЖСБЖ ақаулары мен зақымдары үшін сақтау картасының артқы жағы)

      Жинақтау-картасы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жылына бір рет толтырылады.

      Істен шығулар мен зақымданулардың себебі 1-9 цифрлармен көрсетіледі, олардың мынадай мәндері бар:

      1 – істен шығу – ажырату жабдық немесе метеожағдайлардың әсері;

      2 – блоктың, модульдің, тақшаның істен шығуы (ТАЭ-типтік ауыстыру элементтері);

      3 – бағдарламалық жасақтаманың істен шығуы/жұмыс істемеуі;

      4 – электр тізбегі элементтерінің істен шығуы;

      5 – қашықтан басқару құралының мониторының істен шығуы;

      6 – ширақжіптер, жиынтық жалғау кабельдерін оқшаулауды бұзудың істен шығуы, кабель қосқыштарының істен шығуы;

      7 – схеманың механикалық элементтерінің (қозғалтқыш, редуктор, тісті доңғалақтар, мойынтіректің) істен шығуы;

      8 – ақпаратты тарату желілерінің істен шығуы (модемдер, MUX, РРС, ТОБЖ және т.б.) пайдаланушы ұйымның жауапкершілігі шегінде арнаны құрайтын жабдық) (жалға алынған арналарды қоспағанда);

      9 – істен шығу - белгісіз себеппен.

      ("Себептер бойынша істен шығулар мен зақымданулар саны" бағанын толтырған кезде істен шығулар және бір түрдегі зақымданулар жинақталады және бір санмен көрсетіледі).

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 28 қарашадағы
№ 410 Бұйрыққа 9-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының ұшуын
электрлі жарықпен-техникалық
қамтамасыз ету қағидаларына
27-қосымша

ЖАРЫҚТЫҚ РЕТТЕГІШТЕРІНЕ ФОРМУЛЯРЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ, КҚҚ, ҮҚБК, ДГҚ

      1. Формуляр - бұл өндіруші кепілдік берген ЖСБЖ, ҮҚБК, ДГҚ негізгі параметрлері мен техникалық сипаттамаларын куәландыратын, осы құралдардың техникалық жай-күйін көрсететін және олардың жұмысы туралы ақпаратты қамтитын құжат. (ұзақтығы мен жұмыс жағдайлары, техникалық қызмет көрсету, жөндеу түрлері, компоненттер мен бөлшектерді ауыстыру және бүкіл жұмыс кезеңіндегі басқа мәліметтер).

      2. Жаңа жабдыққа арналған формуляр болмаған жағдайда формулярды пайдаланушы ұйым іске қосады, "Арнайы белгілер" бөлімінде ҰЭЖТҚЕ қызметінің бастығы тиісті жазба жасайды. Жабдықтың түріне байланысты формулярда мынадай бөлімдер болады:

      1) жалпы нұсқаулар (формулярды жүргізу бойынша);

      2) бұйым, жиынтық туралы жалпы мәліметтер (бұйымның (жиынтықтың) атауы, жабдық жиынтығына кіретін зауыттық немесе шартты нөмірлер);

      3) негізгі техникалық деректер мен сипаттамалар, қызмет ету мерзімі;

      4) жиынтықтылық (жеткізу тізімі);

      5) қабылдау (пайдалануға беру, консервациядан шығару) туралы ақпарат;

      6) бұйымды пайдалану кезіндегі қозғалысы туралы мәліметтер;

      7) бұйымды пайдалануды жауапты персоналға бекіту туралы мәліметтер;

      8) жұмысты (атқарылған жұмысты) есепке алу;

      9) істен шығулар мен ақауларды есепке алу;

      10) еңбекті қажет ететін техникалық қызмет көрсетуді есепке алу;

      11) бақылау өлшемдері (ұшу, жердегі тексерулер туралы ақпарат);

      12) бұйымның және оның құрамдас бөліктері конструкциясының өзгергені туралы мәліметтер пайдалану және жөндеу процесінде;

      13) пайдалану уақытында бұйымның құрамдас бөліктерін ауыстыру туралы мәліметтер;

      14) бұйымды жөндеу туралы мәліметтер (ақаулықтарды есепке алу), анықталған кемшіліктерді жоюға арналған іс-шаралар;

      15) формулярдың жүргізілуін тексеру нәтижелері туралы мәліметтер;

      16) айрықша белгілер;

      17) ЖСБЖ істен шығулар мен зақымдануларды жинақтау картасы;

      18) қосымшалар (пайдалануға беру туралы бұйрықтар, техникалық жай-күй актілері, істен шығуды тергеу).

      Формулярдың беттері нөмірленеді, формуляр тігіледі, ҰЭЖТҚЕ қызметінің бастығы қол қояды, АА ұйымының (бөлімшесінің) басшысы бекітеді.

      3. Формулярдың сақталуына және оның дұрыс жүргізілуіне осы құрал бекітілген ҰЭЖТҚЕ қызметінің маманы жауапты болып табылады.

      4. Формуляр жоғалған жағдайда телнұсқа АА ұйымы (бөлімшесі) басшысының рұқсатымен жасалады.

      5. Формулярды жүргізу барлық бөлімдер бойынша жүргізіледі. Формулярдағы барлық жазбалар анық және ұқыпты жүргізіледі. Тазартулар мен расталмаған түзетулерге жол берілмейді. Түзетулерді ҰЭЖТҚЕ қызметінің бастығы (ол болмаған кезде оның міндетін атқарушы тұлға) куәландырады.

      6. Формулярдың барлық парақтары толтырылған кезде қосымша парақтар тігіледі. Егер қосымша парақтарды тігу мүмкін болмаса, формуляр жаңасына ауыстырылады. Жаңа формулярға ескі формулярдың әрбір бөлімі бойынша жинақталған деректер енгізіледі. Бұл жазбалар АА ұйымының (бөлімшесінің) басшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен бекітіледі. Ескі формуляр акт бойынша жойылады.

      7. Қаражаттың игерілгендігі туралы деректер ай сайын жабдық есептегіштерінің көрсеткіштері немесе осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰЭЖТҚЕ қызметінің жұмысын есепке алу журналындағы жазбалар негізінде енгізіледі.

      8. Бұйымның негізгі параметрлерінің бақылау өлшемдерінің бағандарында жазбалар өлшеу құралдарымен өлшеу нәтижелері бойынша жүргізіледі.

      9. Жөндеу туралы мәліметтерде белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін техникалық параметрлер және анықталған негізгі ақаулар жазылады.

      10. "Қорытындылар" бағанында анықталған кемшіліктерді жоюға арналған іс-шаралар жазылады.

      11. Формулярда құралдың істен шығуы мен зақымдануының жинақтауыш-картасы жүргізіледі.

      12. Бөлшектерді ауыстыру және жабдықты ағымдағы жөндеу туралы жазбаларды жөндеуді жүргізген адамдар жүргізеді. Бұл ретте ауыстырылған құрамдас бөліктердің атауы, нөмірлері, олардың атқарымдары, ауыстырылу себебі көрсетіледі.

      13. Консервациядан шығару туралы жазбалар құралды пайдалануға орнату кезеңінде жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 28 қарашадағы
№ 410 Бұйрыққа 10-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиациясының ұшуын
электрлі жарықпен-техникалық
қамтамасыз ету қағидаларына
28-қосымша

ЖСБЖ қарап-тексеру парағы

      Қарап-тексеруді жүргізудің басталу уақыты ________________

      ҰҚЖ-дағы қарап-тексерудің ұзақтығы________________

      Тексерушінің Т.А.Ә. ________________, қолы

      Ауа райы жағдайлары ___________________


Оттар жүйесінің атауы

Тексерілетін жұмыстардың тізбесі

Жай-күйі
(С- сәйкес, N - сәйкес емес)

Ескертпе

Жақындату оттары;
Бүйірлік (қону) оттар;
БЖЖ бүйірлік оттары;
Кіру және шектеу оттары;
Бұрылу алаңының бүйірлік оттары

Күйген шамдарды анықтау;
әрбір жарықтық деңгейінің жұмысын тексеру;
шынылардың бүтіндігін тексеру



Глиссаданы көзбен көріп индекациялау

Әрбір жарықтық деңгейінің жұмыс істеуін тексеру;
Әрбір блокты тексеріп, көз жеткізу мақсатында:
а) барлық шамдар бірдей қарқындылықта жанып, тұрғанына;
b) зақымдану белгілерінің жоқтығына;
c) оттың түсінің қызылдан ақ түске блоктың барлық элементтерінде бір уақытта өзгеруіне;
d) линзаларының ластанбағанына.



ҰҚЖ осьтік оттары;
Қону аймағының оттары;
БЖЖ осьтік оттары;
"ТОҚТА" желісінің оттары

Күйген шамдарды анықтау;
Әрбір жарықтық деңгейінің жұмыс істеуін тексеру;
Шынылардың бүтіндігін тексеру; Линзалардың тазалығын тексеру



Импульстік оттар

Күйген шамдарды анықтау;
Шынылардың бүтіндігін тексеру



Әуеайлақ белгілері

Күйген шамдарды анықтау;
Әрбір жарықтық деңгейінің жұмыс істеуін тексеру;
Шынылардың бүтіндігін тексеру



      Ескерту: оттар жүйесінің атауы әуеайлақта орнатылған жүйеге байланысты толтырылады

Оттық қосалқы станцияларды қарап-тексеру парағы

      Қарап-тексеруді жүргізудің басталу уақыты ________________

      ҰҚЖ-дағы қарап-тексерудің ұзақтығы________________

      Тексерушінің Т.А.Ә. ________________, қолы

Тексерілетін жұмыстардың тізбесі

Жай-күйі
(С- сәйкес келеді, N - сәйкес келмейді)

Ескертулер

КҚҚ екі кірістің болуы



КҚҚ секциялық автоматты ажыратқышының жұмысқа қабілеттілігі



КҚҚ коммутациялық аппараттарының жұмысқа қабілеттілігі



ҮҚБК кірісінде кернеудің болуы



ҮҚБК шығысында кернеудің болуы



ДГҚ даярлығы



Жарықтық реттегіштердің жұмыс істеуі




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады