Нотариустар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 705 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қарашада № 37504 болып тіркелді

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Нотариустар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрі Е. Сарсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2025 жылғы 28 қарашадағы
№ 705 Бұйрықпен
бекітілді

Нотариустар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нотариустар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заң) 11-бабының 3-2-тармағына және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Талаптарда қаржы мониторингі субъектілеріне ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыратын нотариустар (бұдан әрі – Субъектілер) жатады.

      3. Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңда және "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      4. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке кабинет – пайдаланушының (қаржы мониторингі субъектісінің) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде бөлінген байланыс арналарындағы, оның пайдаланушыларының (қаржы мониторингі субъектілерінің) уәкілетті органмен электрондық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін профилі;

      2) ҚМ-1 нысаны – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ) саласындағы қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қаржы мониторингі субъектілерінің мәліметтерді беру қағидаларында көзделген қаржылық мониторингке жататын операция туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ) тәуекелдері – Субъектілерді КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ немесе өзге де қылмыстық әрекет процестеріне әдейі немесе абайсызда тарту мүмкіндігі;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін басқару – Субъектілердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ тәуекелдерін анықтау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды азайту (клиенттердің қызметтеріне қатысты) бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы;

      5) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;

      6) клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі – қаржы мониторингі субъектісінде күдікті операцияларды жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге де мүлік қылмыстық әрекеттен, терроризмді қаржыландырудан және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудан түскен кіріс болып табылады деген күдік туындайтын, клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын екі және одан көп күдікті операцияларының жиынтығы;

      7) тәуекелдерді секторлық бағалау – қаржы мониторингі субъектілерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңын қаржы мониторингі субъектілерінің құралдары мен көрсетілетін қызметтерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ) мақсатында пайдалануға бейімділік тұрғысынан сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүргізетін бағалау;

      8) тәуекелдерді ұлттық бағалау – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру қатерінің деңгейлері мен мүмкіндіктерін Қазақстан Республикасында жиналған деректерді талдау тәсілімен айқындау;

      9) нотариат саласындағы уәкілетті орган – өз құзіреті шегінде қаржы мониторингі субъектілерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      10) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган - КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган;

      11) клиенттің досьесі – қаржылық мониторингке жататын ақша және (немесе) өзге де мүлікпен нотариаттық іс-әрекеттерді жасау кезінде ақпараттық жүйеде қалыптасқан және (немесе) іске тіркелген клиент туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар жиынтығы;

      5. Ішкі бақылау мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

      1) Субъектілердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

      2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару үшін жеткілікті деңгейде ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қолдау болып табылады;

      3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдерін барынша азайту.

      6. Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ұйымның ішкі аудит қызметімен не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органмен ішкі бақылау тиімділігін бағалауды, сондай-ақ тәуелсіз аудит жүргізуге шешім болған жағдайда, оны жүргізуін қамтитын ішкі бақылау қағидаларын Талаптарға сәйкес әзірлеуді және қабылдауды;

      2) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органмен электрондық өзара іс-қимыл үшін жеке кабинеттің болуын қамтамасыз етеді.

      7. Субъектілер ішкі бақылау қағидаларды (бұдан әрі – ІБҚ) іске асыруға және сақтауға жауапты тұлғалар болып табылады.

      8. ІБҚ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ-ға бағытталған жұмыстың ұйымдастырушылық негіздерін реттейтін және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында Субъектілердің іс-қимыл тәртібін белгілейтін құжат болып табылады.

      9. ІБҚ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 3-тармағында көзделген бағдарламаларды қамтиды, оларды Субъектілер осы Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және Субъектілердің ішкі құжаты не осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

      10. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, олар қолданысқа енгізілген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Субъектілер ІБҚ-ға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      2-тарау. Субъектілерінің ІБҚ-ын іске асыруға және сақтауға жауапты жұмыскерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      11. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) мынадай рәсімдерді қамтиды:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін Субъект пайдаланатын автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мен бағдарламалық қамтамасыз етулерді қолдану;

      2) клиенттерге іскерлік қатынастар орнатудан және іскерлік қатынастарды тоқтатудан бас тартқан, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тартқан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қолданған жағдайларда жүргізіледі;

      3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиент операциясын күдікті ретінде тану;

      4) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, клиенттің іскерлік қатынастар орнатудан бас тартуы, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуы, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту фактілері туралы, қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтер, ақпарат және құжаттар беру үшін пайдаланылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелердегі және бағдарламалық қамтамасыз етудегі жұмыстың нұсқаулары мен регламенттерін қоса алғанда, қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы мәліметтер;

      Қаржы мониторингіне жататын және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін операцияларды құжаттамалық тіркеу Субъектілер белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады;

      5) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ұйымның ішкі аудит қызметімен не ішкі аудитті жүргізуге қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті өзге органмен ішкі бақылау тиімділігін бағалауды, сондай-ақ тәуелсіз аудит жүргізуге шешімі болған жағдайда, оны жүргізудің нәтижелері бойынша басқарушылық есептілікті уәкілетті органдарға дайындау және ұсыну;

      6) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру, оның ішінде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін, бейрезидент заңды тұлғаны, заңды тұлға құрмай өзге де шетелдік құрылымын тексерудің оңайлатылған және күшейтілген шараларын қолдану рәсімдерінің ерекшеліктері;

      7) Субъектілердің зерделеуге жататын күрделі, ерекше ірі операцияны күдікті операция ретінде тануы;

      8) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту;

      9) бақылау шараларын, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдерін төмендету жөніндегі рәсімдерді әзірлеу;

      10) өз клиенттерін тәуекел дәрежесін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалауды ескере отырып жіктеу;

      11) барлық құжаттар мен мәліметтерді, соның ішінде біржолғы операциялар бойынша, сондай-ақ клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің досьесін және онымен хат алмасуды қоса алғанда, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап немесе біржолғы мәміле жасалған күннен кейін Субъект бекіткен номенклатураға сәйкес, бірақ кемінде бес жыл, оларды сотта дәлелдеме ретінде пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, олар қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ өздерінің құзыретіне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға уақтылы қолжетімді болуы үшін сақтау.

      12) қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты береді, оларда қаржы мониторингі субъектісі, операциялар туралы деректер, сондай-ақ операцияларға қатысушылар, күдікті қызметті айқындау белгілері туралы ақпарат, қаржы мониторингіне жататын күдікті қызмет жөніндегі қосымша ақпарат қамтылады.

      Субъектілердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру жөніндегі қосымша шараларды бағдарламаға енгізуіне жол беріледі.

      Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерді, ақпаратты, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңында белгіленген талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды жеке кабинет арқылы ұсынады.

      Қаржы мониторингі субъектісінің жеке кабинетінде:

      1) көрсетілетін қызметтердің (өнімдердің) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау нәтижелері;

      2) ішкі бақылау қағидалары;

      3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңды білуін тестілеуден өткені туралы сертификат болады.

      12. Ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес Субъектілердің функциялары мыналарды қамтиды:

      1) ІБҚ-ға өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеуді, енгізуді;

      2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың ұсынылуын ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады;

      3) клиенттердің операцияларын күдікті деп тану туралы шешімдер қабылдау;

      4) клиенттердің операцияларын КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларға күрделі, ерекше ірі операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдау;

      5) клиенттердің операцияларын тоқтата тұру не жүргізуден бас тарту туралы және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберу қажеттігі туралы шешімдер қабылдау;

      6) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның күдікті операцияны жүргізуді тоқтата тұру туралы шешімдерін орындау;

      7) клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

      8) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің операциясына қатысты қабылданған шешімдерді құжаттамалық тіркеу;

      9) ІБҚ іске асыру нәтижесінде алынған деректер негізінде клиент досьесін қалыптастыру;

      10) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылдау;

      11) барлық құжаттар мен мәліметтерді сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

      12) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету.

      13. Субъектілер жүктелген функцияларға сәйкес:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді;

      2) нотариат саласындағы және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органдарға оның сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның10-бабының 3-1-тармағына сәйкес береді.

      Субъектілердің қосымша функциялар мен өкілеттіктерді қосуына жол беріледі.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның11-бабының 5-тармағына сәйкес клиенттерге ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөніндегі қолданылған шаралар туралы, іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту туралы, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту туралы хабарлауды қоспағанда, клиенттерге және өзге де тұлғаларға осындай клиенттер мен өзге де тұлғаларға қатысты қабылдайтын КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі шаралар туралы хабарлауға тыйым салынады.

      14. Осы Талаптардың 12-тармағында көзделген Субъектілердің функциялары ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның функцияларымен қоса атқарылмайды.

      3-тарау. Технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілген қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдерін (тәуекелдің төмен, жоғары деңгейлері) басқару бағдарламасы

      15. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында Субъектілер клиенттердің тәуекелдерін және технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.

      Субъектілер Субъектілер қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жария ету тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалауды КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жария ету тәуекелдерінің есебіндегі ақпаратты және ең аз дегенде мынадай тәуекелдердің ерекше санаттарын ескере отырып жүзеге асырады: клиенттердің типі бойынша тәуекел, елдік (географиялық) тәуекел, көрсетілетін қызметтің (өнімдердің) тәуекелі және (немесе) оны ұсыну тәсілі.

      Субъектілер қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау жөніндегі есептен жарияланған ақпаратты, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларына енгізілген бағдарламаларды іске асыру кезінде уәкілетті орган жасаған тұлғалардың тізімдерін ескереді.

      Тәуекелдерді бағалау нәтижелері нотариат саласындағы және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органдардың және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы реттеуші органның талабы бойынша ұсынылады.

      Субъектілер қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау қызметтерді (өнімдерді) ұсынудан бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен сүйемелденеді.

      16. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне мына факторлар жатады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) танымал лауазымды адамдар, олардың жұбайлары мен жақын туыстары, сондай-ақ аталған тұлағалар бенефициарлық иеленушілері болып табылатын заңды тұлғалар;

      2) азаматтығы жоқ адамдар;

      3) Қазақстан Республикасында тіркелген немесе болатын мекенжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары;

      4) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның12 және 12-1-баптарында көзделген террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне (бұдан әрі – Тізім) және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбелер) енгізілген ұйымдар мен адамдар, сондай-ақ аталған адамдардың бенефициарлық меншік иелері;

      Тізім және Тізбелер қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады;

      Субъектілер және олардың жұмыскерлері клиенттерге және өзге де тұлғаларға қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органнан ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен күдікті операциялар жасайтын ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін алғаны туралы хабарлауға құқылы емес.

      5) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар болып табылады;

      6) осы Талаптардың 18-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      7) оған қатысты алынған деректердің дұрыстығына күмән келтіруге негіз бар клиент;

      8) клиент операцияның Субъектілердің әдеттегі практикасынан ерекшеленетін стандартты емес немесе ерекше күрделі есептеу схемаларының асығыс жүргізілуін талап етеді;

      9) өзіне қатысты Субъект бұрын күдік келтірген клиент;

      10) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңдакөзделген клиентті (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі тиісінше тексеру рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-әрекеттерді жасайды.

      17. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелін төмендететін клиенттердің түрлері мына факторларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ оларға бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      2) акциялары Қазақстан Республикасы қор биржасының және (немесе) шет мемлекеттің қор биржасының қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ресми тізіміне енгізілген ұйымдар;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан не Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар.

      4) осы Талаптардың 19-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері жатады.

      18. Субъектілер осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерде қызмет жүргізуге, осындай шет мемлекеттердің клиенттеріне қызметтер (өнімдер) ұсынуға және осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елдік (географиялық) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.

      Операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелін арттыратын шет мемлекеттер мына факторларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткіліксіз орындайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен белгіленген Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 тіркелген) енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      басқа факторлар (сыбайлас жемқорлық деңгейі, есірткінің заңсыз өндірісі, айналымы және (немесе) транзиті туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалар) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру жоғары тәуекелін білдіретін Субъектілер ретінде айқындалған шет мемлекеттер (аумақтар).

      БҰҰ-ның және халықаралық ұйымдардың деректері бойынша осындай мемлекеттердің (аумақтардың) тізбелеріне сілтемелер қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      19. Операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелін төмендететін шетел мемлекеттері мына факторларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      халықаралық стандарттарды орындайтын және ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) мәліметтеріне сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚтиімді жүйесі бар шет мемлекеттер (аумақтар).

      20. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелін арттыратын Субъектілердің қызметтеріне (өнімдеріне) клиент (оның өкілі) бенефициарлық меншік иесі кірген кезде қосылады, бірақ олармен шектелмейді:

      нотариаттық іс-әрекеттерді жеделдетуді талап етеді;

      стандартты емес немесе ерекше күрделі есептеу схемаларын, оларды қолдану Субъектілердің әдеттегі тәжірибесінен өзгеше талап етеді;

      қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-әрекеттерді жасайды;

      операциялар бойынша бұрын күдікті деп танылған.

      21. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелін арттыратын өнімді (қызметті) ұсыну тәсілдері мынаны қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      клиенттің (оның өкіліне) жеке қатысуынсыз операцияны жүзеге асыру;

      клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты клиентті тиісті тексеру шараларын қолдану үшін үшінші тараптардың қызметтерін пайдалану.

      22. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелін төмендететін өнімді (қызметті) ұсыну тәсілдері мынаны қамтиды, бірақ клиенттің жеке қатысуымен операцияларды жүзеге асырумен шектелмейді:

      Субъектілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша тәуекел факторларын енгізуіне жол беріледі.

      23. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде Субъектілер осы Талаптардың 16-22-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекел факторларын, сондай-ақ Субъектілер белгілейтін тәуекелдердің өзге де санаттарын ескере отырып, клиенттерді сыныптау бойынша шаралар қабылдайды.

      Клиент тәуекелінің деңгейін Субъектілер Субъектілерде клиент (клиенттер) туралы бар мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша белгілейді және кемінде екі деңгейден (төмен, жоғары) тұратын тәуекел деңгейін айқындау шәкілі бойынша бағаланады.

      Осы Талаптардың 16-22-тармақтарында көрсетілген тәуекелдер санаттары мен факторларын пайдалана отырып тәуекелдерді бағалау, операциялар (іскерлік қатынастар) мониторингінің нәтижелері негізінде клиенттерге қатысты жүргізіледі.

      Клиент тәуекелінің деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) Субъектілер туралы мәліметтердің жаңартылуына және операциялар (іскерлік қатынастар) мониторингінің нәтижелеріне қарай жүзеге асырады.

      24. Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдерін:

      1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдер мен жаңа іскерлік тәжірибені әзірлеу;

      2) жаңа және бұрыннан бар өнімдер үшін жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды пайдалану кезінде анықтайды және бағалайды.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға немесе жаңа немесе дамушы технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.

      4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      25. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасы Субъектілердің клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және олардың анықтығын тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, клиент (оның өкілі) туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ клиент және олардың өкілдері туралы Заңда көзделген өзге де мәліметтерді алу және тіркеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуінен тұрады:

      1) іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операцияны жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату рәсімі мен негіздерін қоса алғанда, клиенттерді қабылдау тәртібі;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің оңайлатылған және күшейтілген шараларын қолдану рәсімдерінің ерекшеліктері, Субъектінің жеке тұлғаны клиенттің бенефициарлық меншік иесі деп тану туралы шешім қабылдау тәртібі;

      3) Субъектінің қызмет көрсетудегі немесе қызмет көрсетуге қабылданатын жеке тұлғалардың, сондай-ақ аталған тұлғалар бенефициарлық меншік иелері болып табылатын клиенттердің заңды тұлғалары арасынан танымал лауазымды адамдарын, олардың жұбайларын және жақын туыстарын анықтауға және осындай клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;

      4) клиенттің (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесінің Тізімде және Тізбелерде бар-жоғын тексеру тәртібі;

      5) іскерлік қатынастарды қашықтықтан белгілеу кезінде сәйкестендіру ерекшеліктері (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз);

      6) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру мақсатында қосымша, соның ішінде мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат көздерінің сипаттамасы;

      7) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру тәртібі;

      8) клиент досьесінің нысанына, мазмұнына және жүргізу тәртібіне, мәліметтерді жаңарту кезеңділігін көрсете отырып, досьеде қамтылған мәліметтерді жаңартуға (жылына кемінде 1 рет) қойылатын талаптар;

      9) сәйкестендіру жүргізу кезінде алынған ақпаратқа Субъект қызметкерлерінің қол жеткізуін қамтамасыз ету рәсімі;

      10) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, осындай тәуекелді бағалау негіздері.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) басқа Субъект немесе шетелдік қаржы ұйымы тіркелген, келген немесе болған жағдайда Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген іс-әрекеттерді жасауға құқығы жоқ.

      26. Субъектілер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісті тексеруді жүргізу кезінде оларды мынадай міндеттемелер бойынша сәйкестендіреді:

      1) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сенімді, тәуелсіз бастапқы құжаттарды, деректерді немесе ақпаратты қолдана отырып, сәйкестендіру және жеке басын растау;

      2) бенефициарлық меншік иесін анықтау және бенефициарлық меншік иесінің жеке басын тексеру үшін ақылға қонымды шаралар қабылдау, бұл Субъектіге бенефициарлық меншік иесінің кім екенін білетініне сенуге мүмкіндік береді. Заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмаған шетелдік ұйымдар үшін бұл Субъектінің басқару құрылымы мен клиенттің меншігі туралы ақпарат алуын қамтуы керек;

      3) іскерлік қатынастардың мақсаттары мен болжамды сипаты туралы ақпаратты түсіну және қажет болған кезде алу;

      4) жасалатын мәмілелердің Субъектілердің клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі, оның шаруашылық қызметі және тәуекелдердің сипаты туралы, оның ішінде қажет болған жағдайда қаражат көзі туралы мәліметтерге сәйкестігі туралы көз жеткізу үшін тұрақты негізде іскерлік қатынастарға тиісті тексеру жүргізу және осындай қатынастар шеңберінде жасалған мәмілелерге толық талдау жасау;

      5) баламалы немесе ұқсас лауазымдарды атқаратын заңды тұлға құрмаған шетелдік ұйымдарға, жеке деректерге қатысты.

      27. Субъектілерге клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      заңды тұлғаның құжаттарына қол қоюға уәкілетті лауазымды адамның (адамның) жеке басын куәландыратын, сондай-ақ клиент атынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға сенімхатсыз іс-әрекеттер жасауға арналған құжат (құжаттар);

      клиент өкілінің клиенттің атынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға, соның ішінде клиенттің құжаттарына қол қоюға өкілеттіктерін растайтын құжаттар;

      бейрезидент жеке адамның егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және болу құқығына Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгенін куәландыратын құжат.

      Субъектілер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жүргізген кезде клиент туралы мәліметтерді клиенттің (оның өкілінің) және бенефицициарлық меншік иесінің таңдауы бойынша ұсынылатын түпнұсқалардың не құжаттардың нотариаттық куәландырған көшірмелерінің не апостиль қоя отырып, құжаттардың көшірмелерінің негізінде немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген заңдастырылған тәртіппен құжаттық түрде тіркейді.

      28. Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның6-бабының талаптарын ескере отырып, іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізеді.

      29. Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның7-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді, қажет болған кезде жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді алуды және тіркеуді қоса алғанда, іскерлік қатынастарды тексеруді және операцияларды зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейін ескере отырып, клиент туралы алынған мәліметтердің анықтығына тексеруді мынадай жағдайларда жүргізеді:

      1) клиент шекті операция (мәміле) жасаған кезде;

      2) клиент күдікті операция (мәміле) жасаған (жасауға әрекет жасаған) жағдайларда;

      3) клиент ерекше операция (мәміле) жасаған жағдайларда;

      4) клиент қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияны (мәмілені) жасағанда;

      5) клиенттің күдікті қызметті жүзеге асырғандатоқтатылады.

      Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операция (мәміле) жасаған кезде, егер ол осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейі мен осы Талаптарға сәйкес бұрын алынған не қосымша мәліметтер алу қажеттілігін қоспағанда, осындай іскерлік қатынастар орнатылған кезде жүргізілсе, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.

      30. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру шеңберінде осы Талаптардың 27-тармағына сәйкес алынған құжаттар мен мәліметтерді Субъектілер құжаттамалық тіркейді және клиенттің досьесіне енгізеді.

      Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар, оның ішінде қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер және күдікті операцияларды, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін Субъект клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап Субъект бекіткен номенклатураға сәйкес, бірақ кемінде 5 (бес) жыл сақтауы тиіс.

      Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде олар клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін қаржылық мониторингінің басқа Субъектілерінен клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрау салу бойынша оларға, оның ішінде клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне тиісті тексеру шараларына Субъектілер сүйенетін ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе басқа Субъектілердің дерекқорларынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.

      Субъектілер клиенттің досьесін олар ІБҚ-ға сәйкес берген тәуекелінің деңгейіне қарай ол туралы мәліметтерді тіркеу арқылы қалыптастырады. Клиентке төмен деңгей берілген жағдайда оған қатысты тиісті тексерудің жеңілдетілген шаралары жүргізіледі және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтер тізбесі тіркеледі.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда қосымша мәліметтерге КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның5-бабының 5-тармағында көзделген мәліметтер (салықтық резиденттігі, қызмет түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер) жатады.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелінің жоғары деңгейі кезінде қолданылады.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің оңайлатылған шаралары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелінің төмен деңгейі кезінде қолданылады.

      31. Субъектілер клиенттерді (оның өкілдерін)және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде тізімде және тізбелерде осындай клиенттің болуына тексеру жүргізеді.

      Клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) тізімде және тізбелерде болуын тексеру (тізімге және тізбелерге енгізу) клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және оларға өзгерістердің (жаңартулардың) енгізілуіне қарай жүзеге асырылады.

      Субъектілер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде осындай клиенттің жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туысына тиесілігіне тексеру жүргізіледі.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелінің жоғары деңгейі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жарты жылда кемінде 1 (бір) рет жүзеге асырылады.

      Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту мерзімділігі және (немесе) алу қажеттілігі, клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейі және (немесе) клиент пайдаланатын Субъектінің қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі ескеріле отырып белгіленеді.

      Клиентке іскерлік қатынастарды орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаудан бас тартылған жағдайда, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның5-бабының 3-тармағының 1), 2), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою шараларын қабылдау мүмкін болмаған жағдайда Субъектілер қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша осындай факті туралы хабарлама жібереді.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда, Субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатады. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылса, Субъектілер қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.

      5-тарау. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы

      32. Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңныңклиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі, сондай-ақ қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы хабарламаларды анықтау және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберу жөніндегі талаптарын іске асыру мақсатында клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      33. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекітетін күдікті операцияларды айқындау белгілері негізінде жасалған ерекше және күдікті операциялар белгілерінің тізбесі, сондай-ақ Субъектілердің дербес әзірлеуі;

      2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекіткен КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес сипаттамалары бар клиенттің операцияларын анықтау рәсімі;

      3) клиент әдеттен тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүйелі түрде және (немесе) елеулі көлемде жүзеге асырған кезде Субъектілердің клиентке және оның операцияларына қатысты қабылдайтын шараларды қабылдау тәртібі және сипаттамасы;

      4) танымал лауазымды адамдар, олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары болып табылатын, сондай-ақ, олардың жүзеге асырылу нысанына және ақша қаражатының және (немесе) осындай клиенттердің өзге меншігінің шығу көзін анықтауды қоса алғанда, олар жасалған не жасалуы мүмкін сомасына қарамастан көрсетілген тұлғалар бенефициарлық меншік иелері болып табылатын клиенттерге қызмет көрсетуге қабылданған қаржылық операциялардың тұрақты күшейтілген мониторингін жүзеге асыру тәртібі.

      34. Субъектілер клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасының шеңберінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар барлық шекті, ерекше, күдікті операциялар мен операциялардың мақсаттары мен негіздерін белгілеуге бағытталған іс-шараларды жүргізеді.

      Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу нәтижелері Субъектілер қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау үшін, сондай-ақ клиенттердің тәуекелдер деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланылады.

      Клиент операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) Субъектілерде клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және операция жасалғаннан кейін кемінде бес жыл сақталады.

      35. Клиент операцияларын зерделеу жиілігін Субъектілер клиенттің тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын Субъектілер қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жария ету тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін, клиенттің ақшамен операцияларды (операцияларды) жасауын (жасауға әрекет жасауын), сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекітетін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру типологияларын, схемалары мен тәсілдерін ескере отырып айқындайды.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда Субъектілер клиент жүргізетін (жүргізген) операцияларды субъект айқындайтын операцияны жүргізгенге дейінгі кезеңде, бірақ әдетте бір айдан аспайтын мерзімде зерделейді.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейін берген кезде, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған кезде Субъектілер клиент белгілі бір уақыт кезеңінде жүргізетін (жүргізген) операцияларды зерделейді.

      36. Егер осы Талаптардың 20-тармағында көрсетілген операцияларды зерделеу нәтижелері бойынша Субъектілерде клиенттің операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыруға байланысты деп пайымдауға негіз болған жағдайда, клиенттің операциялары күдікті деп танылады.

      Клиент операциясын күдікті операция ретінде тану (танымау) туралы шешімді Субъектілер клиенттің (оның өкілінің) және операцияны жүзеге асыратын бенефициарлық меншік иесінің мәртебесі мен қызметін сипаттайтын өзінің иелігіндегі мәліметтер мен құжаттардың, сондай-ақ клиенттің қаржы-шаруашылық қызметі, қаржылық жағдайы және іскерлік беделі туралы ақпараттың негізінде дербес қабылдайды.

      Бұл ретте операцияны жасау уақыты мен осындай операцияны күдікті деп тану уақыты арасындағы айырмашылық каржы мониторингі Субъектісінің ІБҚ-ға сәйкес клиенттің операциясын зерделеу жиілігін айқындайтын уақыт аралығынан аспауға тиіс.

      Субъектілер қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен тиісті шешім қабылдаған (іс-әрекет жасаған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күдікті операция жасалғаны туралы хабарламалар ұсынады.

      Субъектілер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған, олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар туралы хабарларды қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға операция күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ұсынады.

      6-тарау. Субъектілерді КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында даярлау және оқыту бағдарламасы

      37. Субъектілерді КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 8-тармағына сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында даярлау және оқыту бағдарламасы (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) қаржы мониторингі жөніндегі уәкiлеттi орган нотариат саласындағы уәкілетті органмен келiсу бойынша бекiтілген қаржы мониторингі субъектілеріне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.

      Оқыту бағдарламасының мақсаты Субъектілер жұмыскерлерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңнаманың, сондай-ақ ІБҚ-ның талаптарын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы Субъектінің өзге де ішкі құжаттарын орындауы үшін қажетті білім алуы және дағдыларды қалыптастыруы болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады