"Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы және "Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 933 бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 1647 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 қарашада № 37488 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15589 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлық қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлық қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 933 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36576 болып тіркелген) күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледіі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Д. Косанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2025 жылғы 25 қарашадағы
№ 1647 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 24 шілдедегі
№ 375 бұйрығымен
бекітілген

Запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының әскери оқытылған резервін әскери даярлау тәртібін айқындайды.

      2. Азаматтарды запастағы офицерлер және (немесе) сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлау (бұдан әрі – әскери даярлау) Қазақстан Республикасының әскери оқытылған резервін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (бұдан әрі – ҚР ҚК) офицерлер мен сержанттар құрамының бастапқы лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында алатын жоғары кәсіптік білім негізінде әскери даярлық бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) академиялық кезең – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) семестр, триместр, тоқсан сияқты үш нысанның бірінде белгілейтін оқу кезеңі;

      2) әскери кафедра (әскери факультет) (бұдан әрі – ӘК) – запастағы офицерлер және (немесе) запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлауды және студенттерді әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ-ның құрылымдық бөлімшесі;

      3) ӘК оқу-материалдық базасы (бұдан әрі – ОМБ) – ӘК-ге жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін арналған жергілікті жер учаскесі, ғимарат, құрылысжай, үй-жай, материалдық және техникалық құрал жиынтығы;

      4) "әскери күн" әдісі – ӘК-де оқу процесін ұйымдастыру нысаны, ол кезінде әскери даярлық бойынша барлық сабақ түрін өткізу әскери даярлық үшін ЖЖОКБҰ арнайы бөлетін күндері ӘК белгілеген күн тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады;

      5) әскери даярлық бағдарламасы – оқу пәнінің мақсатын, міндеттерін және мазмұнын айқындайтын құжат.

      4. Азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау өтеусіз (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша) және өтеулі негізде, запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша – өтеулі негізде ЖЖОКБҰ-да ҚК-нің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жұмылдыру қажеттілігін, сондай-ақ әскери оқытылған резервті жинақтау қажеттілігін негізге алып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ) тәртіптемесіне сәйкес жүргізіледі.

      Өтеулі негізде әскери даярлық үшін оқыту құнын ЖЖОКБҰ айқындайды.

      5. ЖЖОКБҰ басшысы өтеулі негіздегі әскери даярлыққа ҚР ҚМ-мен келісу бойынша меншік нысанына және бағыныстылығына қарамастан, ӘК жоқ басқа да ЖЖОКБҰ студенттерін жібере алады.

      6. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлыққа 588, оның ішінде теориялық даярлыққа – 458 және практикалық даярлыққа – 130 академиялық сағат бөлінеді.

      Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлыққа – 294, оның ішінде теориялық даярлыққа – 180 және практикалық даярлыққа – 114 академиялық сағат бөлінеді.

      Жас жігіттер әскери даярлықтың практикалық бөлігін далалық жағдайда (әскери-оқу практикасы), ал қыздар ЖЖОКБҰ не әскери бөлімдер (мекемелер) мен әскери арнайы оқу орындары базасында өтеді.

      7. Әскери даярлық бағдарламалары бойынша оқуға қабылданған азаматтар ӘК-ге оқуға түскен жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан бастап сабаққа кіріседі.

      Әскери даярлық мерзімі:

      1) запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламасы бойынша – кемінде 2 жыл 5 ай;

      2) запастағы сержанттарды әскери даярлау бағдарламасы бойынша – кемінде 1 жыл 5 ай болып белгіленеді.

      8. Запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламалары бойынша оқу үшін студенттер өтініштерді бакалавриаттың білім беру бағдарламасының мерзіміне байланысты әртүрлі оқу курстарында мынадай тәртіппен береді:

      бірінші курста – 3 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар, оның ішінде қысқартылған оқу мерзімін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар;

      бірінші және екінші курстарда – 4 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар;

      бірінші, екінші және үшінші курстарда – 5 жылдық және 6 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар.

      Запастағы сержанттарды әскери даярлау бағдарламалары бойынша оқу үшін студенттер өтініштерді бакалавриаттың білім беру бағдарламасының мерзіміне байланысты әртүрлі оқу курстарында мынадай тәртіппен береді:

      бірінші курста – 2 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар (қысқартылған оқу мерзімін көздейтін білім беру бағдарламалары);

      бірінші және екінші курстарда – 3 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар;

      бірінші, екінші және үшінші курстарда – 4 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар;

      бірінші, екінші, үшінші және төртінші курстарда – 5 жылдық және 6 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар.

      9. Мерзімді қызмет өткерген студенттер медициналық куәландырудан өткеннен кейін өтеусіз негізде (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша) конкурстан тыс әскери даярлауға жіберіледі.

      10. ӘК-де студенттерді даярлаудың жыл сайынғы қажеттілігін есептеуді жұмылдыру қажеттілігі мен әскери оқытылған резервті жинақтау қажеттілігін негізге алып, ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысына жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі жүргізеді және оны іріктеу жылының 1 ақпанына дейінгі мерзімде әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне жібереді.

      11. ӘК-де студенттерді даярлаудың жыл сайынғы қажеттілігін есептеу және әскери даярлықтан өту үшін студенттерді қабылдау бойынша ЖЖОКБҰ ұсыныстары негізінде әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі ӘК-ге оқуға түсу үшін студенттерді қабылдау жоспары түрінде тәртіптемені (бұдан әрі – қабылдау жоспары) әзірлейді, онда әрбір ӘК үшін әскери даярлық бағдарламаларының тізбесіне сәйкес запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша орындар саны айқындалады. Қабылдау жоспарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді. Қабылдау жоспарынан үзінді ЖЖОКБҰ басшыларының атына қабылдау жоспары бекітілгеннен кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      12. Әскери даярлық "әскери күн" әдісімен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Нақты ЖЖОКБҰ-да оқыту ерекшелігін ескеріп, ЖЖОКБҰ-ның қалауы бойынша әскери даярлықты ұйымдастырудың басқа да нысанына жол беріледі, бұл ретте әскери күн аптасына бір реттен сиретпей ұйымдастырылады.

      13. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған және қорытынды емтихандарды тапсырған студенттер ЖЖОКБҰ-ны бітірген соң "запастағы лейтенант", "запастағы медицина қызметінің лейтенанты" әскери атағын беруге ұсынылады.

      14. Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған және қорытынды емтихандарды тапсырған студенттер "запастағы сержант", "запастағы медицина қызметінің сержанты" әскери атағын беруге ұсынылады.

      15. ӘК әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесімен келісу бойынша ЖЖОКБҰ басшысы бекітетін әскери кафедраның (әскери факультеттің) шевронын әзірлейді.

      Студенттер үшін киім нысаны осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген. ӘК студенттері мен қызметкерлері киім нысанының шеврондары, төсбелгілері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тағылады.

      16. Әскери даярлықты ұйымдастыру, ол үшін қажетті ОМБ жасау, қару-жарақ пен әскери техниканың сақталуын, оны пайдалануды қамтамасыз ету, құпиялылық режимін сақтау ЖЖОКБҰ басшысына жүктеледі.

2-тарау. ӘК-де оқу үшін студенттерді қабылдау және іріктеу тәртібі

      17. Әскери даярлық бағдарламалары бойынша оқуға түсуге студенттерді қабылдауды құрылымында ӘК жұмыс істейтін ЖЖОКБҰ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент оқуға түсу (қабылдау) жылының 1 ақпанынан бастап осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелгенде және порталдың есептік жазбасына қосылғанда электрондық цифрлық қолтаңба қойылған не бір реттік парольмен куәландырылған www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш жасағанда студент осы Қағидаларға 3-қосымшаның 9-тармағында сәйкес көрсетілген құжаттарды қосымша береді.

      Өтінішті қабылдау оқуға түсу (қабылдау) жылының 30 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады.

      ЖЖОКБҰ қызметкері ӘК оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент құжаттарды берген күні құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады. Студент құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттарды қабылдау туралы;

      2) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала шешім, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылғаны, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау нысаны (жазбаша/ауызша), уақыты, күні мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызметті көрсетудің оң нәтижесі не оны көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес қарайды және ол тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес ұзартылуы мүмкін.

      Егер Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін сотта шағымдануға жол беріледі.

      18. ӘК бар ЖЖОКБҰ ҚР ҚМ-ға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша 1 сәуірге дейін ӘК ОМБ бейіні мен мүмкіндіктерін ескеріп, әскери даярлықтан өту үшін студенттерді іріктеу бойынша ұсыныстарды жібереді.

      19. Запастағы офицерлер және (немесе) сержанттар бағдарламалары бойынша оқу үшін студенттерді іріктеу үшін әрбір ӘК үшін бөлек іріктеу комиссиялары құрылады және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрығымен бекітіледі, олар мүшелердің тақ санынан (кемінде 5 адам) тұрады және оларға:

      1) комиссия төрағасы – ҚР ҚМ өкілі;

      2) комиссия төрағасының орынбасары – ҚР ҚМ өкілі;

      3) ҚР ҚК әскери полиция органының өкілі;

      4) ӘК бекітілген әскери бөлімнің (мекеменің) өкілі немесе дене шынықтыру дайындығы мен спортқа жауапты адамы, ал олар болмағанда ЖЖОКБҰ дене шынықтыру және спорт кафедрасының өкілі;

      5) ЖЖОКБҰ ӘК оқытушысы енгізіледі;

      6) комиссия хатшысы (дауыс беру құқығынсыз) болып ЖЖОКБҰ ӘК өкілі тағайындалады.

      Іріктеу комиссиясының жұмыс істеу мерзімі мен құрамы бойынша ұсыныстарды ӘК бастықтары (бұдан әрі – ӘКБ) ҚР ҚМ-ға 30 маусымнан кешіктірмей жібереді.

      20. Іріктеу комиссиялары қабылдау жоспарына сәйкес конкурстық негізде ӘК-де оқу үшін студенттерді іріктеуді жүзеге асырады. Іріктеу комиссиясының регламенті мен жұмыс істеу мерзімі іріктеу комиссияларын құру туралы бұйрыққа және ЖЖОКБҰ-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес айқындалады.

      21. ӘК 1 қазанға дейін студенттерге іріктеу комиссиясының жұмыс істеу мерзімі туралы ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.

      22. ӘК-де оқу үшін студенттерді іріктеу процесі төрт кезеңде жүзеге асырылады:

      бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) медициналық куәландырудан өту;

      екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;

      үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;

      төртінші кезең – ЖЖОКБҰ басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу, бұл ретте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымын бітірген студенттер үшін үлгерімнің орташа балы дипломға қосымша негізінде айқындалады.

      Конкурстың әрбір кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі.

      Мерзімді қызмет өткерген студенттер конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінен өтеді және әскери билет негізінде қабылданады.

      23. Медициналық куәландырудан өту үшін студенттерге ӘК-де ресімделген медициналық куәландыру карталары беріледі (бұдан әрі – 7-нысан). Студенттерді медициналық куәландыру қабылдау жылының 1 сәуірінен бастап жергілікті әскери басқару органдарында жүргізіледі. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін 7-нысан бойынша медициналық куәландыру нәтижесі іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей ӘК-ге беріледі.

      24. Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.

      25. Студенттердің дене шынықтыру дайындығы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру нәтижесімен бағаланады. Үш нормативті тапсыру жиынтығы бойынша 9 балл жинамаған студенттер конкурс кезеңінен өтпеген болып саналады.

      26. Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу ЖЖОКБҰ-ның компьютерлік сыныптарында өткізіледі және ынталандыру, стреске төзімділік, сыни және қисынды ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.

      27. Кәсіби-психологиялық іріктеуден өту және дене шынықтыру дайындығы нәтижесі комиссия мүшелері қол қоятын ведомоста ескеріледі.

      28. Іріктеу комиссиясының отырыстары іріктеу комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және "әскери даярлыққа жіберілсін", "өтеулі негізде оқуға ұсынылсын", "бас тартылсын" деген шешімдердің біреуін қабылдаумен осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама ресімдеумен сүйемелденеді.

      29. Шешім қарапайым көпшілік дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда іріктеу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      30. ӘК-де өтеусіз негізде оқу үшін бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейінгі рейтингіде тұрған студенттер жіберіледі.

      31. Конкурс кезеңінің нәтижесімен келіспеген студент сол күні іріктеу комиссиясының төрағасына жазбаша түрде (еркін нысанда) өтініш береді.

      32. Өтініштің мәнісі бойынша хаттамамен ресімделген іріктеу комиссиясының шешімі өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік 1 күн ішінде "қанағаттандырылсын" немесе "бас тартылсын" деген тұжырыммен қабылданады.

      33. Конкурс нәтижесі іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін келесі күні сағат 17.00-ге дейін ӘК-нің ақпараттық стендіне орналастырылады.

      34. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

3-тарау. ӘК оқу-материалдық базасы

      35. Әскери даярлықты ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін ЖЖОКБҰ басшысы ӘК-ні мынадай сипаттамасы мен құрамы бар ОМБ-мен қамтамасыз етеді:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жалпыәскери жарғыларының талаптарына қатысты ішкі тәртіпті ұйымдастыру және ұстау мүмкіндігімен құрылыс, санитариялық нормалар мен қағидаларға, өрт, күзет қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келетін және коммуникация желісін, сондай-ақ қару-жарақ, жабдық, әскери және басқа да техника үлгілерін орнату үшін жарамды желіні жүргізуге технологиялық мүмкіндігі бар кемінде 150 студентті орналастыру үшін оқшауланған дәрісханалық қор, ол мыналарды:

      кемінде 2 оқу взводының студенттерін бір уақытта орналастырып, мультимедиялық құралдармен (проекторлармен, интерактивті тақталармен) жабдықталған дәріс аудиторияларын (дәріс залдары) – кемінде 1 аудиторияны (залды);

      атыс қаруының макеттерін орнату үшін стенділер мен конструкцияларды, тактикалық іс-қимылдарды пысықтау, бүркемелеу және бағдарлау үшін жергілікті жердің макеттерін қамтитын мультимедиялық құралдармен (проекторлармен, интерактивті тақталармен), практикалық аймақпен жабдықталған, кемінде 1 оқу взводын орналастыру мүмкіндігімен оқу аудиторияларын (сыныптар, кабинеттер) – кемінде 3 аудиторияны;

      интернет желісіне шығатын автоматтандырылған жұмыс орындарымен жабдықталған, кемінде 1 оқу взводын бір уақытта орналастыру мүмкіндігімен компьютерлік сыныпты (кабинетті);

      интернет желісіне шығатын автоматтандырылған жұмыс орындарымен жабдықталған, кемінде 20 жұмыс орнын жалпы орналастыру мүмкіндігімен оқытушылар кабинеттерін – кемінде 3 кабинетті;

      2) кемінде 1 оқу взводын орналастыру мүмкіндігімен оқу залын қамтитын және интернет желісіне шығатын кемінде 15 бірлік автоматтандырылған жұмыс орнымен жабдықталған арнайы кітапхана, әрбір әскери даярлық бағдарламасы бойынша ақпараттық қамтамасыз ету құралдары (кемінде бір оқу взводына есептелген санда оқулықтар, оқу-әдістемелік материалдар, оқ ату және көлік жүргізу курстары, жалпыәскери жарғылар, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес ақпараттық стенділер (плакаттар). Қорды сақтау орындары қызмет бабында пайдалану материалдары үшін арнайы сақтау орындарымен (шкафтармен) жабдықталады. Қорды сақтау мақсатында кітапхана бейнебақылаумен және күзет және өрт дабылдамасы жүйесмен жарақтандырылады;

      3) мынадай үлгілерді қамтитын оқу-жаттығу қаруы мен оқу-жаттығу оқ-дәрілерін сақтау бөлмесі: оқу-жаттығу атыс қаруы – Калашников (АК-74, АКС-74) автоматының масса-габариттік макеті (бұдан әрі – МГМ) кемінде 30 бірлік, Калашников оқшашарының МГМ (РПК-74) кемінде 3 бірлік, мергендік винтовканың МГМ (СВД) кемінде 3 бірлік, Макаров пистолетінің МГМ (МП) кемінде 3 бірлік, пневматикалық винтовка кемінде 3 бірлік, қол гранатаатқышының МГМ (ҚТҚГ) кемінде 1 бірлік; оқу-жаттығу гранатасы (Ф-1, РГД-5 макеттері) әрбір атаудың кемінде 5 бірлігі; оқу-жаттығу оқ-дәрісі – 5,45 мм калибрлі оқу-жаттығу патроны кемінде 30 бірлік, 7,62 мм калибрлі кемінде 50 бірлік, 9 мм калибрлі кемінде 16 бірлік; оқу-жаттығу минасы (ПМН, МОН-50, ОЗМ-72 жаяу әскерге қарсы минасының макеттері, ТМ-62 танкіге қарсы минасының макеттері) әрбір атаудың кемінде 2 бірлігі;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары саптық жарғысының талаптарына сәйкес жабдықталған және квадратқа ұқсас нысандағы алаңы кемінде 600 шаршы метр саптық плац; әскери кафедраға саны кемінде 2 жиынтық 40 орындық шатыр;

      5) қару-жарақты, техниканы және арнайы дағдыларды қауіпсіз меңгеруге арналған оқу-жаттығу кешені, ол жалпыәскери даярлыққа арналған интерактивті сабақ жинағы бар виртуалды полигонның үш өлшемді симуляторын; қарауыл қалашығының макетін (экспликациясын); атыс (лазерлік) тирін қамтиды;

      6) қару-жарақ, әскери және басқа да техника үлгілерін сақтауға арналған үй-жайларды (ангарлар, бокстар) қамтитын оқу-қосалқы қор. Жалпыәскери даярлық бойынша оқу процесін қамтамасыз ету үшін ангарларда, бокстарда кемінде бір әскери техниканың (жаяу әскер жауынгерлік машинасының және (немесе) броньды транспортердің және (немесе) танкінің) болуы көзделеді;

      7) кемінде 3 бірлік мультикопторлы типтегі пилотсыз жүйе (дрон); оптикалық аспаптар мен бақылау құралдары – кемінде 20 бірлік бинокль, түнде көру аспабы; кевларлы қорғаныш дулығалары, әрбір атаудан кемінде 60 бірлік шағын сапер күрегі;

      8) жеке қорғану құралдары – жалпыәскери сүзгілі газтұмша, әрбір атаудың кемінде 30 жиынтығының жалпыәскери қорғаныш костюмі; кемінде 5 бірлік радиациялық және химиялық барлау аспаптары; тактикалық медицина сабағына арналған медициналық жабдықталған сынып, ол: жүрек-өкпе реанимациясын пысықтауға арналған манекен-тренажерді, бұлшықет ішіне және көктамыр ішіне енгізуге арналған манекен-тренажерді, бұрауышты (турникеттерді) салуды пысықтауға арналған манекен-тренажерді, жаралануды симуляциялау және дағдыларды кешенді пысықтау үшін толық өлшемді манекенді, алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарын (қан тоқтатқыш бұрауыш, таңғыш материал, тактикалық қайшы, кеудені тесіп өткен жарақатқа арналған пластырь, мұрын-жұтқыншақ ауа шығару түтігі, антисептик құралдар), медициналық құралдар мен аспаптарды (тонометр, стетофонендоскоп, термометр, жаралыларды тасымалдауға арналған құралдар) қамтиды.

      Әскери даярлықтың ерекшелігін ескеріп, ЖЖОКБҰ басшысы әскери даярлық бағдарламаларына сәйкес ОМБ қосымша қамтамасыз етеді.

      Студенттер саны 150 адамнан асқан жағдайда ОМБ қаражатының көлемі мен инфрақұрылым объектілерінің саны пропорционалды түрде ұлғайтылуға тиіс.

      36. ӘК өзі бекітілген әскери бөліммен (мекемемен), ҚР ҚМ әскери оқу орнымен ӘК ОМБ қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

      ӘК әскери-оқу практикасын өткізу кезінде ҚР ҚМ әскери бөлімдері (мекемелері) мен әскери оқу орындарының далалық оқу базасын пайдаланады. Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының оқу базаларын пайдалануға жол беріледі.

      37. Әскери даярлық оқу процесін ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 411 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15641 болып тіркелген) Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) оқу-материалдық базасын ұйымдастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес ӘК бекітілген әскери бөлімнің (мекеменің), ҚР ҚМ әскери оқу орнының теңгерімінде тұрған ОМБ-ны бірлесіп пайдалануға жол беріледі.

4-тарау. Әскери ант қабылдау

      38. ӘК студенттері Отан қорғаушы күні қарсаңында салтанатты жағдайда әскери ант қабылдайды.

      39. ӘКБ ұсынуы бойынша ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен әскери ант қабылдау уақыты, орны мен тәртібі бекітіледі.

      40. Студенттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы немесе бекітілген әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы алдында әскери ант қабылдайды. Әскери оркестрдің қатысуы ұсынылады.

      41. Әскери ант қабылдау рәсімі белгіленген уақытта жаяу сапта – ӘК қызметкерлері үшін салтанатты киім нысанында, студенттер үшін – қарумен далалық киім нысанында роталық (взводтық) лек сызығында жүзеге асырылады.

      Белгіленген тәртіппен Жауынгерлік Ту сапқа тұру орнына шығарылады.

      Әскери ант қабылдағанға дейін ӘКБ командасы бойынша сап алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көтеріледі, жеке құрам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалғаннан кейін ЖЖОКБҰ басшысы өз сөзінде Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын сақтау қажеттігін, әскери анттың және Қазақстан Республикасының халқына адалдыққа әскери ант қабылдаған студенттерге жүктелетін құрметті міндеттің маңыздылығын атап өтеді.

      ЖЖОКБҰ басшысының сөзінен кейін ӘКБ ту ұстаушы мен ассистенттерге саптың ортасына шығу үшін команда береді, одан кейін: "ЕРКІН ТҰР" деген команда береді және оқу бөлімшелерінің жетекшілеріне студенттердің әскери ант қабылдауына кірісуді бұйырады. Оқу бөлімшелерінің жетекшілері кезекпен ант қабылдайтын студенттерді саптан шақырады.

      Әскери ант қабылдаған студент әскери анттың мәтінін бөлімше сабының алдында мемлекеттік немесе орыс тілінде дауыстап оқиды, одан кейін ант қабылдайтын адамдардың тізімінде өзінің тегіне сәйкес келетін бағанға өз қолымен қол қояды.

      Әскери ант қабылдайтын адамдар тізімдерінің бланкілері осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша алдын ала дайындалады.

      Әскери ант қабылдайтын адамдар тізімі бланкісінің бірінші парағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының суреті және әскери анттың мәтіні орналастырылады.

      Ант қабылдау аяқталғаннан кейін әскери ант қабылдағандардың жеке қолтаңбасы бар тізімді оқу бөлімшелерінің жетекшілері ӘКБ-ға тапсырады.

      ЖЖОКБҰ басшысы әскери ант қабылдаған студенттерді құттықтайды. Оқу бөлімшелері құттықтауға созылыңқы дауыспен үш дүркін "Ура" деп жауап береді. Оркестр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды. Одан кейін шақырылған адамдар сөз сөйлейді. ӘКБ "Ту ұстаушы, САПҚА ТҰР" деген команда береді.

      Әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты маршпен және әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын шығарумен аяқталады. Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын шығару және әкету Саптық жарғыда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      Төмен температура мен қолайсыз ауа-райында әскери ант қабылдау үй-жайда өткізілуі мүмкін. Белгіленген күні әскери ант қабылдамаған студенттер оны келесі күндері ӘКБ-ның басшылығымен қабылдайды.

      42. Әскери ант қабылдау рәсіміне әскери басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, ардагерлер ұйымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

      43. Әскери ант қабылдаған студенттердің тізімі ӘКБ-ның ұсынуы бойынша ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен ресімделеді. Бұйрықтан үзінді белгіленген тәртіппен ЖЖОКБҰ-ның орналасқан жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына бес күн мерзімінде жіберіледі.

      44. Әскери ант қабылдаған студенттердің жеке қолы қойылған тізімдер ӘК-де 5 жыл бойы сақталады, кейіннен мұрағатқа тапсырылады. Әскери ант қабылдаған студенттердің тізімін сақтауға жауапкершілік ӘКБ-ға жүктеледі.

5-тарау. Әскери даярлықтан шеттету, оқыту нысанын өзгерту, ауыстыру және қайта қабылдау

      45. Студентті әскери даярлықтан шеттету, қайта қабылдау және ауыстыру ӘКБ-ның ұсынуы бойынша ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

      46. Әскери даярлықтан шеттету ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) академиялық үлгермеушілігі үшін;

      2) ЖЖОКБҰ басшысы бекіткен ішкі тәртіп талаптарын бұзғаны үшін;

      3) академиялық кезең ішінде дәлелсіз себеппен 18 сағат оқу сабағына қатыспағаны үшін. Дәлелсіз себептерге уақытша еңбекке жарамсыздық (ауру), сондай-ақ жақын туыстарының қайтыс болуы, тиісті ресми құжаттармен расталған отбасылық немесе қызметтік мән-жай сияқты өзге де мән-жай жатады (қатыспау себептерін дәлелді деп тану мәселесін комиссия қарайды немесе ұсынылған құжаттар негізінде ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен айқындалады);

      4) әскери-оқу практикасынан өтуден жалтарғаны үшін;

      5) денсаулық жағдайы бойынша;

      6) өз қалауы бойынша;

      7) білім беру қызметтерін өтеулі көрсету шартының талаптарын бұзғаны үшін;

      8) ЖЖОКБҰ-дан шығарылуына байланысты.

      47. ӘК бар ЖЖОКБҰ студенттері үшін өтеулі оқу негізінен өтеусіз (мемлекеттік білім беру тапсырысы) негізге ауыстыру әскери даярлықтың барлық кезеңі процесінде ӘКБ ұсынысы бойынша ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

      48. Әскери даярлықтан өтетін студентті бір ЖЖОКБҰ-дан екіншісіне ауыстырған кезде әскери даярлыққа рұқсат ету бос орын болған кезде студент бұрын оқыған әскери даярлық бағдарламасы бойынша ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

  Запастағы офицерлер және
запастағы сержанттар
бағдарламалары бойынша
әскери даярлық қағидаларына
1-қосымша

Студенттердің далалық киім нысанының жалпы түрі

     


Киім нысаны жеңдегі белгісінің (сол жақ жеңдегі) жалпы түрі

      (далалық киім нысанында)

     


      (күнделікті киім нысанында)

Күнделікті киім нысаны төсбелгісінің жалпы түрі

     


  Запастағы офицерлер және
запастағы сержанттар
бағдарламалары бойынша
әскери даярлық қағидаларына
2-қосымша
Нысан ____________________
(ЖЖОКБҰ атауы) әскери
кафедрасының (әскери
факультетінің) бастығына
__________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), ЖЖОКБҰ
факультетінің атауы)

Өтініш

      Сізден мені әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Іріктеу және әскери даярлық кезеңіне дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      20__ж. "___" _________________________(студенттің қолтаңбасы)

  Запастағы офицерлер және
запастағы сержанттар
бағдарламалары бойынша
әскери даярлық қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедраға (әскери факультетке) оқуға түсу үшін өтінішті қабылдау"

2.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
2) www.​egov.​kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағазда

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушыны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасына (әскери факультетіне) оқуға түсу үшін кандидат ретінде қабылдау туралы хабардар ету не осы Тізбенің 10-тармағында көзделген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда алу тәсілі

Тегін

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1. Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күнін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
2. Порталда – жөндеу жұмысын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасағанда баянатты қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш жасаған жағдайда:
1) белгіленген үлгіге сәйкес қабылдау туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) өлшемі 3х4 сантиметр фотосурет – 4 дана;
4) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
5) факультет пен мамандықты көрсетіп, ЖЖОКБҰ-да нақты оқығаны туралы анықтама.
2. Портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті, электрондық фотосуретті, жеке тұлғаның соттылығының болуы не болмауы туралы анықтаманы, факультеті мен мамандығы көрсетілген ЖЖОКБҰ-да нақты оқуы туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

10.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 2-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісу туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

11.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшелігі ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпаратты көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы ұйымның интернет-ресурсына орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының интернет-ресурсына орналастырылған телефон арқылы алуға болады.

  Запастағы офицерлер және запастағы
  сержанттар бағдарламалары бойынша
  әскери даярлық қағидаларына
  4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

      ________________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы)

      Сізге ___________________________________________________________

      сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз.

      Қызметті көрсетуден бас тарту себебі:

      ________________________________________________________________

      (егжей-тегжейлі себеп)

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери кафедрасының (әскери факультетінің) бастығы ___________________________________________________________________________
(оқу орнының атауы)

_________________________________________________________________________
(тегі және инициалы)

      Орындаушы __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      Телефоны ______________________________________________

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңның 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

  Запастағы офицерлер және
запастағы сержанттар
бағдарламалары бойынша
әскери даярлық қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасына (әскери факультетіне) оқуға түсу үшін кандидат ретінде қабылдау туралы хабарлама

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      оған________________________________________________________________

      (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери

      кафедрасының (әскери факультетінің) атауы)

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери

      кафедрасына (әскери факультетіне) оқуға түсу үшін кандидат болып табылатыны

      туралы берілді.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери кафедрасының (әскери факультетінің) бастығы

________________________________________________________________________

(жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери кафедрасының (әскери факультетінің) атауы)

_______________________________________________________________________

(тегі және инициалы)

      Орындаушы _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      Телефоны ___________________

      Сізге ағымдағы жылғы "__" ____ дейінгі мерзімде конкурстық іріктеу кезеңінен өту үшін ЖЖОКБҰ-ға келуіңіз қажет.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңның 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

  Запастағы офицерлер және
запастағы сержанттар
бағдарламалары бойынша
әскери даярлық қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама _________________________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы)

      Сізге ______________________________________________________________

      ________________________________________ сәйкес мемлекеттік қызметті

      көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз. Қызметті көрсетуден бас тарту

      себебі:

      ____________________________________________________________________

      (егжей-тегжейлі себеп)

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери кафедрасының (әскери факультетінің) бастығы

      ____________________________________________________________________

      (оқу орнының атауы)

      _____________________________________________________________________

      (тегі және инициалы)

      Орындаушы __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      Телефоны ______________________________________________

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңның 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

  Запастағы офицерлер және
запастағы сержанттар
бағдарламалары бойынша
әскери даярлық қағидаларына
7-қосымша
  Үлгі

20__ жылы ______________________________________________________

(ЖЖОКБҰ атауы) жанындағы әскери кафедраға (әскери факультетке) запастағы офицерлер және (немесе) запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өту үшін студенттерді іріктеу бойынша ұсыныстар

Р/с №

Әскери даярлық бағдарламаларының тізбесі

Студенттер саны

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламалары бойынша

Өтеусіз негізінде

Өтеулі негізде

Барлығы

135







110

60

5

15

45

10

245

1.

Киберқауіпсіздік*

40

20

-

-

-

-

60

2.

Пилотсыз ұшу аппараттарының бөлімшелері мен бөлімдерін жауынгерлік қолдану

30

15

-

15

-

-

60

3.

Қаржылық қамтамасыз ету*

15

15

5

-

-

10

45

4.

Әскери қатынастар жәнетеміржол, су және әуе көлігімен әскери тасымалды ұйымдастыру

15

10

-

-

10

-

35

5.

Жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану

10

-

-

-

35

-

45

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша

10

-

-

-

10

-

10

1.

Оқ ату

10

-

-

-

10

-

10

      Ескертпе: *- осы әскери даярлық бағдарламалары бойынша студент қыздарды оқытуға жол беріледі.

      ЖЖОКБҰ басшысы

  Запастағы офицерлер және
запастағы сержанттар
бағдарламалары бойынша
әскери даярлық қағидаларына
8-қосымша

Студент жігіттер үшін дене шынықтыру бойынша нормативтер

Р/с №

Бақылау жаттығуы

Балл

"5" (өте жақсы)

"4" (жақсы)

"3" (қанағаттанарлық)

1.

100 м (с) жүгіру

14,2

14,5

15,0

2.

3000 м (мин) жүгіру

13,00

15,00

16,00

3.

Биік белтемірде тартылу (саны)

12

10

8

Студент қыздар үшін дене шынықтыру бойынша нормативтер

Р/с №

Бақылау жаттығуы

Балл

"5" (өте жақсы)

"4" (жақсы)

"3" (қанағаттанарлық)

1.

100 м (с) жүгіру

16,0

16,5

17,0

2.

1000 м (мин) жүгіру

4,50

5,10

5,30

3.

Шалқасынан жатқан күйде қолын желкесіне қоюмен денені көтеру (саны)

25

20

15

  Запастағы офицерлер және
запастағы сержанттар
бағдарламалары бойынша
әскери даярлық қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

__________________________________________________________________
(ЖЖОКБҰ атауы) әскери кафедрасында (әскери факультетінде) әскери даярлыққа тарту үшін студенттерді іріктеу жөніндегі іріктеу комиссиясы отырысының № __ хаттамасы

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

Туған күні, айы, жылы

Факультет

Мамандық шифры

Оқу курсы

Оқу тобы

ӘДК нәтижесі

Психологиялық тестілеу нәтижесі

Кәсіби-психологиялық іріктеу балы

Дене шынықтыру бойынша нормативті тапсыру нәтижесінің балы

Оқу үлгерімінің рейтингісі бойынша балл

Қорытынды рейтингілік балл

Комиссияның шешімі

1.














2.














3.














4.














5.














6.














  Запастағы офицерлер және
запастағы сержанттар
бағдарламалары бойынша
әскери даярлық қағидаларына
10-қосымша

Ақпараттық стендтер (плакаттар)

Р/с №

Атауы

1.

Суреттер: Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Гимн, ҚР ҚК эмблемасы

2.

Әскери ант мәтіні

3.

Әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттері

4.

ҚР ҚК құрылымы туралы ақпарат

5.

ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының портреті

6.

Портреттер: Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Иван Панфилов, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Сергей Луганский, Сабыр Рақымов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Шоқан Уәлиханов

7.

ҚР ҚМ және ҚР ҚК Бас штабы басшы құрамының портреттері

8.

Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызмет міндеттерін атқаруы кезіндегі кепілдіктері

  Запастағы офицерлер және
запастағы сержанттар
бағдарламалары бойынша
әскери даярлық қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

___________________________________________________________________
(ЖЖОКБҰ атауы) әскери ант қабылдаған әскери кафедра (әскери факультет) студенттерінің тізімі

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты

 
Әскери ант қабылдау туралы қолтаңба

1



2



3



4



5



6



7



8



9



10



11



12



13



14



15



16



17



18



19



20




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады