"Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 31 шiлдедегi № 933 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 тамызда № 36576 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15589 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларында:

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент оқуға түсу (қабылдау) жылының 1 ақпанынан бастап осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелгенде және порталдың есептік жазбасына қосылғанда www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған не бір реттік парольмен куәландырылған өтініш береді.

      Қызмет көрсетуші арқылы жүгінген жағдайда студент осы Қағидаларға 3-1-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қосымша ұсынады.

      Құжаттарды қабылдау оқуға түсу (қабылдау) жылының 30 маусымына дейін жүзеге асырылады.

      ЖЖОКБҰ қызметкері әскери кафедрада оқуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент ұсынған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар тапсырылған күні жүзеге асырады, студент толық емес құжаттар топтамасын не қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынса, осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) осы Қағидаларға 3-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттарды қабылдау туралы;

      2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала шешім, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылғаны, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау уақыты, күні мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетудің оң нәтижесі не оны көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде әскери білім беру мәселесіне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 3-1, 3-2, 3-3-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Д. Косанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2025 жылғы 31 шілдедегі
№ 933 бұйрығына
1-қосымша
Запастағы офицерлер мен
запастағы сержанттар
бағдарламалары бойынша
әскери дайындық қағидаларына
3-1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедраға оқуға түсу үшін өтінішті қабылдау"

2.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілі

1) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал).

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағазда

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушыны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасына оқуға түсу үшін кандидат ретінде қабылдау туралы хабардар ету не осы Тізбенің 10-тармағында көзделген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда алу тәсілі

Тегін

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1. Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күнін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
2. Порталда – жөндеу жұмысына байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күні өтініш жасағанда баянатты қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш жасағанда:
1) белгіленген үлгіге сәйкес қабылдау туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) көлемі 3х4 сантиметр фотосурет – 4 дана;
4) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
5) факультет пен мамандықты көрсетіп, ЖЖОКБҰ-да нақты оқығаны туралы анықтама.
2. Портал арқылы өтініш жасағанда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында өтініш.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті, электрондық фотосуретті, жеке тұлға соттылығының болуы не болмауы туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

10.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

1. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ведомствоаралық сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабының болуы.
2. Көрсетілетін қызметті алу үшін талап етілетін қызметке тыйым салу туралы күшіне енген сот шешімінің болуы.
3. Көрсетілетін қызметті алушымен байланысты арнайы құқықтан айыру туралы күшіне енген сот шешімінің болуы.

11.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшелігі ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпаратты көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы ұйымның интернет-ресурсына орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылған телефон арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2025 жылғы 31 шілдедегі
№ 933 бұйрығына
2-қосымша
Запастағы офицерлер мен
запастағы сержанттар
бағдарламалары бойынша
әскери дайындық қағидаларына
3-2-қосымша
Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы)

      Сізге_______________________________________________________________

      ___________________________________________сәйкес мемлекеттік қызметті

      көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз. Қызметті көрсетуден бас тарту себебі:

      _____________________________________________________________________

      (егжей-тегжейлі себеп)

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери

      кафедрасының бастығы

      ____________________________________________________________

      (оқу орнының атауы)

      _______________________________________________________________

      (инициалдары мен тегі)

      Орындаушы _______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      Телефоны ______________________________________________

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңның 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2025 жылғы 31 шілдедегі
№ 933 бұйрығына
3-қосымша
Запастағы офицерлер мен
запастағы сержанттар
бағдарламалары бойынша
әскери дайындық қағидаларына
3-3-қосымша
Нысан

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасына оқуға түсу үшін кандидат ретінде қабылдау туралы хабарлама

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      оған______________________________________________________________________

      (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери

      кафедрасының атауы)

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери

      кафедрасына оқуға түсу үшін кандидат болып табылатыны туралы берілді.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери

      кафедрасының бастығы

      ______________________________________________________________________

      (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскер

      кафедрасының атауы)

      _______________________________________

      (инициалдары мен тегі)

      Орындаушы _______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      Телефоны ___________________

      Сіз ағымдағы жылғы "__" ____ дейінгі мерзімде конкурстық іріктеу кезеңінен өту үшін

      ЖЖОКБҰ-ға келуіңіз қажет.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңның 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады