БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы аумағына тас өнімдерінің үшінші елдерден жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36809 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тас өнімдерінің жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды 6801000000 - тас төсегіштер, жиектемелі - табиғи тастан төсеуге арналған тастар мен плиталар (тақтатастан басқа), 6802931000 - гранит жылтыратылған әшекейленген немесе таза салмағы 10 кг немесе одан астам, оюланғаннан басқа, өзге де өңдеуден өткен, 6802939000 - ескерткіштер немесе құрылысқа арналған гранит) көліктің барлық түрлерімен әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;
2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті және "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы;
3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
И. Шархан |
