ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 779-бабына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералдық шикізаттың немесе қатты пайдалы қазбалардың өткен (есептік) тоқсандағы нақты көлемі туралы мәліметтердің нысаны белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
И. Шархан |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 25 қарашадағы № 505 Бұйрыққа қосымша Әкімшілік деректерді жинауға |
|
| арналған нысан |
Ұсынылады: жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: minerals.e-qazyna.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: "Жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералдық шикізаттың немесе қатты пайдалы қазбалардың өткен (есептік) тоқсандағы нақты көлемі туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы".
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: СФОД-1.
Кезенділік: тоқсан сайын.
Есепті кезең: ____ тоқсан 20 ____ жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: жер қойнауын пайдаланушылар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: өткен (есептік) тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей.
ЖСН/БСН
![]()
Жинау әдісі: Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қағаз жеткізгіште және интернет-порталдың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде: Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы: minerals.e-qazyna.kz.
1-кесте.
№ р/с | Жер қойнауын пайдаланушының атауы | лицензияның/ келісімшарттың №, берілген күні | Кен орнының атауы | Пайдалы қазбалардың түрі | Өлшем бірлігі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Кестенің жалғасы
Өткен (есептік) тоқсан үшін | |||||||
Есепті кезең | Минералды шикізатты немесе ҚПҚ өндірудің нақты көлемі | Өндіру кезінде жер қойнауындағы нормаланатын шығындардың көлемі | Өндіру кезінде жер қойнауындағы нақты шығындардың көлемі | ||||
Минералды шикізаттың немесе ҚПҚ-ның баланстық қорлары | Минералды шикізаттың баланстан тыс қорлары немесе ҚПҚ | Пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке енгізілмеген | Минералды шикізаттың немесе ҚПҚ-ның баланстық қорлары | Минералды шикізаттың баланстан тыс қорлары немесе ҚПҚ | Минералды шикізаттың немесе ҚПҚ-ның баланстық қорлары | Минералды шикізаттың баланстан тыс қорлары немесе ҚПҚ | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Кестенің жалғасы
Өткен (есептік) тоқсан үшін | |||||||
Минералды шикізатты немесе ҚПҚ өндірудің нақты көлемі | Өндіру кезінде жер қойнауындағы нормаланатын шығындардың көлемі | Өндіру кезінде жер қойнауындағы нақты шығындардың көлемі | |||||
KAZRC бойынша ресурстар | KAZRC бойынша қорлар |
KAZRC бойынша ресурстар |
KAZRC бойынша ресурстар | KAZRC бойынша қорлар |
KAZRC бойынша ресурстар | KAZRC бойынша қорлар |
KAZRC бойынша ресурстар |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
Кестенің жалғасы
Алдыңғы есепті кезеңдер үшін түзету | |||||||
Түзету кезеңі (тоқсан) | Минералды шикізатты немесе ҚПҚ-ны өндірудің нақты көлемі | Өндіру кезінде жер қойнауындағы нормаланатын шығындардың көлемі | Өндіру кезінде жер қойнауындағы нақты шығындардың көлемі | ||||
Минералды шикізаттың немесе ҚПҚ-ның баланстық қорлары | Минералды шикізаттың немесе ҚПҚ баланстан тыс қорлары | Пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке енгізілмеген | Минералды шикізаттың немесе ҚПҚ-ның баланстық қорлары | Минералды шикізаттың немесе ҚПҚ баланстан тыс қорлары | Минералды шикізаттың немесе ҚПҚ-ның баланстық қорлары | Минералды шикізаттың немесе ҚПҚ баланстан тыс қорлары | |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кестенің жалғасы
Алдыңғы есепті кезеңдер үшін түзету | |||||||
Минералды шикізатты немесе ҚПҚ өндірудің нақты көлемі | Өндіру кезінде жер қойнауындағы нормаланатын шығындардың көлемі | Өндіру кезінде жер қойнауындағы нақты шығындардың көлемі | |||||
KAZRC бойынша ресурстар | KAZRC бойынша қорлар |
KAZRC бойынша ресурстар |
KAZRC бойынша ресурстар | KAZRC бойынша қорлар |
KAZRC бойынша ресурстар | KAZRC бойынша қорлар |
KAZRC бойынша ресурстар |
31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 |
Атауы _______________________________________________________________
Мекенжайы __________________________________________________________
Телефон ____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы________________________________________
Орындаушы ________________________________________________________
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) __________ қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы
тұлға_______________________________________________________________
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) _________ қолы
Басып шығарылатын орын
(жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚПҚ – қатты пайдалы қазбалар;
KAZRC – Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар
және минералдық қорлар туралы қазақстандық жария есептілік кодексі.
| Жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералдық шикізаттың немесе қатты пайдалы қазбалардың өткен (есептік) тоқсандағы нақты көлемі туралы мәліметтер нысанына қосымша |
"Жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералдық шикізаттың немесе қатты пайдалы қазбалардың өткен (есептік) тоқсандағы нақты көлемі туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (СФОД-1 индексі, кезеңділігі тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералдық шикізаттың немесе қатты пайдалы қазбалардың өткен (есептік) тоқсандағы нақты көлемі туралы мәліметтер" (бұдан әрі - Нысан) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме.
2. Нысан Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 779-бабына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектісін айқындау, сондай-ақ мемлекеттік теңгерімді жүргізу мақсаттары үшін толтырады, өндірілген минералдық шикізат және (немесе) қатты пайдалы қазбалар айқындалады:
1) Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен минералдық шикізат немесе қатты пайдалы қазбалар жөніндегі мемлекеттік теңгерім шеңберінде;
2) кен орнындағы есептен шығарылған қорлар құрамынан өндірілетін минералдық шикізатты немесе қатты пайдалы қазбаларды (ысыраптарды қайтару) ескере отырып;
3) Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар және минералдық қорлар туралы қазақстандық жария есептілік кодексіне сәйкес айқындалған пайдалы қазбалар қорлары бойынша.
4. Нысанға Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
5. Нысанда қолданылатын терминдер мен анықтамалар о"Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17053 болып тіркелген) қолданылатын мағынада пайданылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме.
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда жер қойнауын пайдаланушының атауы көрсетіледі;
3-бағанда лицензияның, келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
4-бағанда минералды шикізат немесе ҚПҚ өндіру жүзеге асырылатын кен орнының атауы көрсетіледі;
5-бағанда жер қойнауынан өндірілген минералды шикізаттың немесе ҚПҚ түрі көрсетіледі;
6-бағанда минералдық шикізат немесе ҚПҚ қорларының есепті және жиынтық баланстарында пайдаланылатын өлшем бірліктері көрсетіледі;
7-бағанда өткен (есептік) кезең деп түсінілетін есепті кезең көрсетіледі (мысалы: 2026 жылғы 4-тоқсан);
8-бағанда 13-бағанда көрсетілген ысыраптарды қоспағанда, жер қойнауынан жер бетіне шығарылған минералдық шикізаттың немесе ҚПҚ баланстық қорларының құрамынан өндірудің нақты көлемі көрсетіледі;
9-бағанда 14-бағанда көрсетілген ысыраптарды қоспағанда, жер қойнауынан жер бетіне шығарылған минералдық шикізаттың баланстан тыс қорларының немесе ҚПҚ құрамынан өндірудің нақты көлемі көрсетіледі;
10-бағанда негізгі келісімшарт/ лицензия бойынша пайдалы қазбалардың мемлекеттік есебіне енгізілмеген жер қойнауынан жер бетіне шығарылған минералдық шикізатты немесе ҚПҚ өндірудің нақты көлемі көрсетіледі (3, 4, 5-бағандар);
11-бағанда уәкілетті орган бекіткен нормативтік шығындардың мөлшеріне сүйене отырып, минералдық шикізаттың баланстық қорларын немесе ҚПҚ өндіру кезінде жер қойнауындағы нормаланатын шығындардың көлемі көрсетіледі;
12-бағанда уәкілетті орган бекіткен нормативтік шығындардың мөлшеріне сүйене отырып, минералдық шикізаттың баланстан тыс қорларын немесе ҚПҚ өндіру кезінде жер қойнауындағы нормаланатын шығындардың көлемі көрсетіледі;
13-бағанда минералдық шикізаттың баланстық қорларын немесе ҚПҚ өндіру кезінде жер қойнауындағы нақты шығындардың көлемі көрсетіледі;
14-бағанда минералдық шикізаттың баланстан тыс қорларын немесе ҚПҚ өндіру кезінде жер қойнауындағы нақты шығындардың көлемі көрсетіледі;
15-бағанда 20-бағанда көрсетілген ысыраптарды қоспағанда, KAZRC бойынша (өлшенген, анықталған санаттар бойынша) ресурстардан жер қойнауынан өндірілген минералдық шикізаттың немесе ҚПҚ-ның нақты көлемі көрсетіледі;
16-бағанда 21-бағанда көрсетілген ысыраптарды қоспағанда, жер қойнауынан өндірілген минералдық шикізаттың немесе KAZRC бойынша қорлардан ҚПҚ-ның нақты көлемі көрсетіледі;
17-бағанда, 22-бағанда көрсетілген ысыраптарды қоспағанда, KAZRC бойынша (болжамды санат бойынша) ресурстардан жер қойнауынан өндірілген минералдық шикізаттың немесе ҚПҚ-ның нақты көлемі көрсетіледі;
18-бағанда уәкілетті орган бекіткен жер қойнауындағы нормативтік шығындардың мөлшерін негізге ала отырып, KAZRC (өлшенген, анықталған санаттар бойынша) бойынша ресурстарды өндіру кезінде жер қойнауындағы нормаланатын шығындардың көлемі көрсетіледі;
19-бағанда уәкілетті орган бекіткен жер қойнауындағы нормативтік шығындардың мөлшерін негізге ала отырып, KAZRC бойынша қорларды өндіру кезінде жер қойнауындағы нормаланатын шығындардың көлемі көрсетіледі;
20-бағанда KAZRC бойынша ресурстардан минералдық шикізатты немесе ҚПҚ өндіру кезінде жер қойнауындағы нақты шығындардың көлемі көрсетіледі (өлшенген, анықталған санаттар бойынша);
21-бағанда KAZRC бойынша қорлардан минералдық шикізатты немесе ҚПҚ өндіру кезінде жер қойнауындағы нақты шығындардың көлемі көрсетіледі;
22-бағанда KAZRC бойынша (болжанатын санат бойынша) ресурстардан минералдық шикізатты немесе ҚПҚ өндіру кезінде жер қойнауындағы нақты шығындардың көлемі көрсетіледі;
23-бағанда түзету жүргізілетін алдыңғы есепті тоқсан көрсетіледі: 20__ жыл тоқсан;
24-38-бағандарда бұрын 8-22-бағандарда көрсетілген алдыңғы есепті тоқсандар үшін алшақтық анықталған кезде минералдық шикізаттың тиісті көлемдерінің немесе ҚПҚ айырмасы көрсетіледі.
