БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қаржы мониторингі жөніндегі органдардың жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы мониторингі жөніндегі органдардың жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
60-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Айдауылмен алып жүру бағыты көліктегі ішкі істер органдарымен келісіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жедел департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
