БҰЙЫРАМЫН:
1. "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22226 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қағидалардың 11-тармағының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің, 17-тармағының екінші бөлігінің, 19-1-тармағының, 20-тармағының екінші және үшінші бөліктерінің, 21-тармағының үшінші бөлігінің және 22-1-тармағының ережелері 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін қол қойылған Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар негізінде туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына 1-қосымшада:
реттік нөмірлері 2 және 7-жолдар алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
