ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қолма-қол ақша айналысы және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 3-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтарын және Тізбеге 1-қосымшаны қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы 2025 жылғы 10 қарашадағы № 71 қаулысына қосымша |
Қолма-қол ақша айналысы және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау мәселелері бойынша өзгерістер және толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 253 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7926 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереженің 19-бабының екінші бөлігі екінші абзацының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидалары осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 228 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12946 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-бабы екінші бөлігі екінші абзацының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін (бұдан әрі – ақша белгілері) олардың дизайны (нысаны) өзгерген кезде ауыстыру тәртібін айқындалады.";
3-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жаңа үлгідегі ақша белгісін айналысқа шығару күні, оның номиналы және дизайнының (нысанының) қысқаша сипаттамасы;
2) жаңа үлгідегі ақша белгісін айналысқа шығарған күннен бастап жаңа және ескі үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі, сондай-ақ ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне ауыстыру тәртібі;";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ұлттық Банк Басқармасының айналыстағы ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне ауыстыру туралы қаулысы қолданысқа енгізілген күннен бастап Ұлттық Банк Ұлттық Банктің өкілдіктеріне және филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына (бұдан әрі – банктер), Ұлттық пошта операторына, шет елдердің орталық (ұлттық) банктеріне және Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына (Интерпол) айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру мерзімдері туралы ақпаратты жібереді.
7. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі жаңа үлгідегі ақша белгісі айналысқа шығарылған күннен бастап 12 (он екі) айды құрайды.".
3. "Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19612 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-бабы екінші бөлігі екінші абзацының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-бабы екінші бөлігі екінші абзацының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – заңды тұлға, заңды тұлғалар) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру тәртібі айқындалады.
Қағидаларда "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң), "Ақпараттандыру туралы" және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мәндерінде қолданылатын ұғымдар пайдаланылады.";
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде мына құжаттарды:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру туралы электрондық өтінішті (бұдан әрі – лицензия беру туралы өтініш);
2) жарғының электрондық көшірмесін;
3) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;
4) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыруға қажетті үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттардың және техникалық паспорттардың (электрондық техникалық паспорттардың) электрондық көшірмелерін;
5) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтердің, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның басшысы туралы мәліметтердің және Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкер туралы мәліметтердің электрондық көшірмелерін;
6) жарғылық капитал мөлшерінің қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден:
жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген;
атқарушы органның басшысы және заңды тұлғаның қызметкерлері болып табылатын адамдарда өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқ екенін растайтын;
наркологиялық және психоневрологиялық денсаулық сақтау ұйымдарында диспансерлік есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқтығын растайтын;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, заңды тұлғаның тіркелу іс-әрекеттері туралы;
Қағидалардың 2-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын тіркеу туралы мәліметтерді алады.";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Жылжымалы және жылжымайтын мүлік, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқықтары және зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтар ретіндегі салымдар тәуелсіз бағалау актілері қоса беріле отырып, ақшалай нысанда бағаланады.";
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның қолданысын тоқтата тұру, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензиядан айыру "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 48-бабы 1-тармағының 1), 4), 7), 11), 12), 13) және 13-1) тармақшаларында, сондай-ақ Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 45-бабының 1-1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.";
19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 11-қосымшада жазылған.";
11-қосымша Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
4. "Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент- банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереженің 19-бабы екінші бөлігі екінші абзацының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында (бұдан әрі – банк) және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда (бұдан әрі – инкассаторлық ұйымдар) Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыруды қоса алғанда, кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) құндылықтар – төлем құжаттары, құжаттардың бланкілері, бағалы қағаздар, бағалы металдар, асыл тастар, бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған бұйымдар, қоймалардың (сейф бөлмелерінің), сейф депозитарийлерінің, автоматты режимде жұмыс істейтін құрылғылардың және оларға кассеталардың кілттері (кілттердің телнұсқалары), қорғалатын банктік ақпарат сақталатын электрондық (цифрлық) тасымалдағыштар;";
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Банк мынадай кассалық операцияларды жүзеге асырады:
1) клиенттен қолма-қол ақша қабылдау, клиентке қолма-қол ақша беру - "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 30-бабында көзделген банктік және өзге операцияларды жүргізу үшін;";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Банк қызметкерінің жеке заттары, қолма-қол ақшасы және құндылықтары кассалық тораптан тыс, банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен сақталады.
Банк қызметкерлерінің кассалық торапқа дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен фото және бейне тіркеу функциясы жоқ байланыс құралдарын алып кіруіне болады.";
19-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) парақтап қайта саналған банкноттарды, бір-бірлеп қайта саналған монеталарды Қағидалардың 57 және 58-тармақтарына сәйкес қолма-қол ақшаның түпнұсқалығын және төлемділігін тексере отырып қабылдайды;";
3) клиенттің қойған қолының бар болуын және операциялық қызметкердің қатысуымен қойған қолының бар болуын тексереді, оларды қол қою үлгілерімен салыстырып тексереді;";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Қолма-қол ақша беру мынадай кассалық шығыс құжаттары:
1) чек;
2) кассалық шығыс ордері негізінде жүзеге асырылады.
Қолма-қол ақшаны заңды тұлға-клиентке және заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға-клиентке (бұдан әрі – дара кәсіпкерлер) беру қолма-қол ақша берілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға-клиент және дара кәсіпкерлер ұсынған қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінім бойынша банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Кассада заңды тұлға-клиентке және дара кәсіпкерге қолма-қол ақша беру үшін қажетті сома болған жағдайда, ақша беру заңды тұлға-клиент және дара кәсіпкер қолма-қол ақша алуға өтінім берместен, өтініш жасаған күні жүзеге асырылады.";
31-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) клиенттің қойған қолының бар болуын және операциялық қызметкердің қатысуымен қойған қолының бар болуын тексереді, оларды қол қою үлгілерімен салыстырып тексереді;";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Касса қызметкері номиналдары бойынша қайта саналған және сұрыпталған монеталарды қаптарға, пакеттерге, тюбиктерге орайды.
Пакеттерге немесе тюбиктерге оралған монеталар санын банктер дербес белгілейді. Пакеттер және тюбиктер сыртқы тігісі жоқ және бүлінбеген қаптарға оралуға тиіс.
Бір қапқа оралатын монеталар сомасы номиналы бойынша мынадай санда белгіленеді:
1 теңге – 4000 (төрт мың) дана;
2 теңге – 4000 (төрт мың) дана;
5 теңге – 3000 (үш мың) дана;
10 теңге – 2500 (екі мың бес жүз) дана;
20 теңге – 2500 (екі мың бес жүз) дана;
50 теңге – 1500 (бір мың бес жүз) дана;
100 теңге – 1000 (бір мың) дана;
200 теңге – 750 (жеті жүз елу) дана.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Қолма-қол ақшаны автоматты режимде жұмыс істейтін құрылғыларға жүктеу үшін қолма-қол ақша парақтап кассетаға салынады, кассеталар кілтке жабылады және қолма-қол ақшаның сақталуын қамтамасыз ететін және кассеталарды рұқсатсыз ашу мүмкіндігін болдырмайтын тәсілмен пломбаланады. Кассеталарды мөрлеу үшін пломбалардың түрлерін (қағаз пломбалар, пластик нөмірлеу пломбалары, жапсырма пломбалар, бояғыш заттары бар пломбалар және т.б.) банктер дербес таңдайды.";
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау:
1) клиенттің және банктің немесе инкассаторлық ұйымның;
2) клиенттің, банктің және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын банктің немесе инкассаторлық ұйымның арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын банк, инкассаторлық ұйым банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін 5 (бес) жыл бойы сақталуын қамтамасыз етеді.";
91, 92, 93 және 94-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"91. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын банк, инкассаторлық ұйым ай сайын банктің инкассация бөлімшесінің, инкассаторлық ұйымның басшысы бекітетін Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттердің тізімін (бұдан әрі – Тізім) жүргізеді. Тізімдер жеке папкаға тігіледі және олардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде 3 (үш) жыл сақталады.
92. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын банк, инкассаторлық ұйым клиенттің Тізімде тіркелген нөмірін бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келу карточкасын ай сайын жасайды. Келу карточкасында қосымша ақпаратты көрсетуге болады.
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын банк, инкассаторлық ұйым келу карточкаларының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін оларды жасаған күннен бастап 3 (үш) жыл бойы сақталуын қамтамасыз етеді.
93. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын банк, инкассаторлық ұйым банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ететін және бөлшек нөмірмен нөмірленетін тұтастықтың бұзылуының көрінетін белгілерінсіз ашылуына жол бермейтін сөмкелер қолданады, мұнда:
алым – Тізімде тіркелген клиенттің нөмірі;
бөлім – сөмкенің реттік нөмірі.
Бір клиентке арналған сөмкелердің реттік нөмірлері қайталанбайды.
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған өзге де құрылғыларды (сейф-пакеттер, кассеталар, кейстер мен контейнерлер, оның ішінде арнайы бояумен жарақтандырылған кейстер мен контейнерлер) пайдалану тәртібі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын банктің, инкассаторлық ұйымның ішкі құжаттарымен айқындалады.
94. Клиент банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын банкке, инкассаторлық ұйымға пломбаның екі үлгісін ұсынады. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды банктің инкассация бөлімшесінде, инкассаторлық ұйымда сақтаған жағдайда пломба үлгісінің қосымша бір данасын ұсынады. Пломбалардың үлгілері картон парағына банкноттар, монеталар және құндылықтар салынған сөмкелерді пломбалау үшін клиенттің қысқартылған атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген нақты екі жақты пломбиратордың бедерімен бекітіледі.
Банктің инкассация бөлімшесінің, инкассаторлық ұйымның басшысы клиенттен алынған пломбалардың үлгілерін тексереді және банктің, инкассаторлық ұйымының пломбасын клиенттің пломбасы үлгісінің астындағы шпагатқа салу арқылы оларды куәландырады және Тізімде тіркелген оның нөмірі мен оған бекітіліп берілген сөмкелер нөмірін көрсетеді.
Пломбаның куәландырылған үлгісінің бір данасы клиентке сөмкелерді алған кезде банктің, инкассациялау ұйымының қызметкеріне ұсыну үшін беріледі. Екінші данасы клиенттің сөмкесін алған кезде пломбаның сәйкестігін тексеру үшін банктің касса қызметкеріне беріледі. Пломба үлгісінің қосымша данасы клиенттің сөмкелерін сақтау кезінде пломбалардың сәйкестігін тексеру үшін банктің инкассация бөлімшесінде, инкассаторлық ұйымда болады.
Банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ететін және тұтастықтың бұзылуының көрінетін белгілерінсіз ашылуына жол бермейтін сөмкелерді жабуға (сүргі салуға) арналған өзге де құрылғыларды пайдалануға болады. Сөмкелерді жабуға (сүргі салуға) арналған өзге де құрылғыларды пайдалану тәртібі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын банктің, инкассаторлық ұйымның ішкі құжаттарымен айқындалады.";
95-тармақ алып тасталсын;
102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"102. Банктің инкассация бөлімшесінің, инкассаторлық ұйымның басшысы немесе кезекші инкассаторы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру кезінде берілген және алынған құжаттар мен қаражатты есепке алуға арналған журналды (бұдан әрі – Берілген және алынған құжаттарды есепке алуға арналған журнал) жүргізеді. Берілген және алынған құжаттарды есепке алуға арналған журналдағы жазбалар ол толығымен пайдаланылғанға дейін жасалады және оны пайдалану аяқталғаннан кейін 3 (үш) жыл бойы сақталады.";
106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"106. Жолдама құжаттың нысанын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын банк, инкассаторлық ұйым белгілейді, ол мынадай мәліметтерден тұрады:
1) жолдама құжаттың нөмірі;
2) сөмкені қалыптастыру күні;
3) клиенттің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4) сөмкені қабылдайтын банктің атауы;
5) сөмкедегі банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың жалпы сомасы;
6) банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың номиналы, саны және әрбір номиналдың сомасы бойынша тізімдемесі;
7) сөмкеге соғылған пломбаның нөмірі;
8) клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы және қолы.
Жолдама құжат клиент, банк пен жинаушы инкассатор үшін үш данада жасалады. Сөмке жеткізіліп, тапсырылғаннан кейін жинаушы инкассатор жолдама құжатты банктің инкассация бөлімшесінің, инкассаторлық ұйымның басшысына немесе кезекші инкассаторына тапсырады, ол жеке папкаға тігіледі және кемінде 1 (бір) жыл сақталады.";
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"114. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдау үшін жөнелтуші клиент тасымалданатын банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың тізімдемесін үш данада жасайды:
1) бірінші данасы конвертке салынып, сүргі соғылады және банктің инкассация бөлімшесінің, инкассаторлық ұйымның қызметкерлері бригадасының жетекшісі арқылы алушы клиентке жөнелтіледі;
2) екінші данасы банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қабылдау және өткізу үшін банктің инкассация бөлімшесінің, инкассаторлық ұйымның қызметкерлері бригадасына беріледі;
3) үшінші данасы жөнелтуші клиентте қалады.
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қабылдау мен өткізу жүзеге асырылғаннан кейін инкассаторлар бригадасының жетекшісі тасымалданатын банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың тізімдемесін банктің инкассация бөлімшесінің, инкассаторлық ұйымның басшысына немесе кезекші инкассаторына тапсырады, ол жеке папкаға тігіледі және кемінде 1 (бір) жыл сақталады.";
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"123. Инкассацияланған банкноттар, монеталар және құндылықтармен бірге банктің инкассация бөлімшесінің, инкассаторлық ұйымның қызметкерлері қоймадағы немесе сейф бөлмесіндегі сейфтердің (металл шкафтардың) бірінде келу карточкасын, сенімхатты, қызметтік куәліктерді орналастырады және құлыпқа жабады.
Жұмыс күні ішінде бірнеше бағыт болған жағдайда, жұмыс күніндегі соңғы бағыт аяқталғаннан кейін банктің инкассация бөлімшесі, инкассаторлық ұйым қызметкерлерінің сенімхатын және қызметтік куәлігін қоймадағы немесе сейф бөлмесіндегі сейфтердің (металл шкафтардың) бірінде орналастырады және жабады.";
4-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау тәртібін айқындайды.
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айналыстан алынатын банкноттар мен монеталар – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ескі үлгідегі, заңды төлем құралы болып табылатын және жаңа үлгідегі банкноттармен және монеталармен қатар айналыста болатын банкноттары мен монеталары;
2) айналыстан алынған банкноттар мен монеталар – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ескі үлгідегі, заңды төлем құралы болуы тоқтатылған банкноттары мен монеталары;
3) тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар – "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16120 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларында айқындалған, бүлінулері бар Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған банкноттары мен ақаулы (бүлінген) монеталары;
4) Ұлттық Банктің филиалдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) аумақтық филиалдары және Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал).
2-тарау. Айналыстан алынатын және алынған банкноттар мен монеталарды айырбастау
4. Айналыстан алынатын банкноттар мен монеталар жаңа үлгідегі банкноттармен және монеталармен қатар айналыста болатын Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен белгіленген кезеңде заңды төлем құралы болып табылады, шектеулерсіз Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылданады, банк шоттарына есепке алынады, барлық банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және Ұлттық Банктің филиалдарында шектеусіз айырбасталады.
5. Айналыстан алынған банкноттар мен монеталарды банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, Ұлттық пошта операторы және Ұлттық Банктің филиалдары заңды төлем құралы болып табылатын банкноттарға және монеталарға "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде, оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 228 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12946 болып тіркелген)бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде, оларды ауыстыру қағидаларында белгіленген уақыт кезеңі ішінде және тәртіппен айырбастайды.
3-тарау. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталарды айырбастау
6. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар заңды төлем құралы болып табылады.
7. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар барлық банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және Ұлттық Банктің филиалдарында белгіленген құны бойынша, қандай да болмасын шектеулерсіз айырбасталады.
8. Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына және Ұлттық пошта операторына келіп түскен тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен сұрыпталады, айналысқа жіберілмейді және Ұлттық Банктің филиалдарына өткізіледі.
9. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталардың түпнұсқалығына күмән болған жағдайда, олар түпнұсқалығын анықтау үшін банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына және Ұлттық пошта операторына өткізіледі. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы және Ұлттық пошта операторы оларды Ұлттық Банктің филиалына түпнұсқалығын анықтау үшін сараптамаға жібереді.
Ұлттық Банктің филиалы тозған және бүлінген банкноттар мен монеталарды "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21299 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес сараптамадан өткізеді және айырбастайды.
"Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру | |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы |
1) лицензия алу; | |
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Барлық кіші түрлері бойынша: |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Жолданым порталда тіркелген күннен бастап: лицензия берген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Барлық кіші түрі бойынша: |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Кіші түрлері бойынша: |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және оны алу тәсілдері |
1) лицензия беру үшін лицензиялық алым 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды; |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес өтініш берген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін заңды тұлға портал арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері |
1) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрімен айналысу; |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда және көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Сенімхат
Осы сенімхат ___________________________________
(банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды
_________________________________________________________________
инкассациялауды жүзеге асыратын банк, инкассаторлық ұйым)
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)
клиенттерден _____________________________________________________
(аудан, қала, облыс)
аумағында әрбір жекелеген жағдайда жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисі
арқылы алынған, жинақтаушы-инкассатордың жеке басын растайтын
(сәйкестендіретін) деректерді, келу карточкасын міндетті түрде көрсете отырып,
банкноттар, монеталар және құндылықтар салынған пломбаланған сөмкелерді алуға
берілді.
Қолы ________________________________ куәландырылады.
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)
Сенімхат 20___ жылғы "___" ____________ дейінгі мерзімге берілді*.
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын
банктің, инкассаторлық ұйымның басшысы ________ _______________________.
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
* қолданылу мерзімі өткеннен кейін кемінде 3 (үш) жыл сақталады.
