Әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 13 қарашадағы № 1596 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 14 қарашада № 37413 болып тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Д. Косанов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2025 жылғы 13 қарашадағы
№ 1596 бұйрығымен
бекітілді

Әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу процесін ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) жанындағы әскери кафедраларда (әскери факультеттерде) оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады:

      1) академиялық кезең – ЖЖОКБҰ үш нысанның бірін белгілейтін оқу кезеңі: семестр, триместр, тоқсан;

      2) академиялық күнтізбе – оқу жылы ішінде демалыс (каникул мен мереке) күндері көрсетілген оқу және бақылау іс-шараларын, әскери-оқу практикасын өткізу күнтізбесі;

      3) әскери кафедра (әскери факультет) – запастағы офицерлер және (немесе) запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлауды және студенттерді әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы ЖЖОКБҰ құрылымдық бөлімшесі;

      4) "әскери күн" әдісі – әскери даярлық бойынша барлық сабақ түрін өткізу әскери даярлық үшін ЖЖОКБҰ арнайы бөлетін күндері әскери кафедра (әскери факультет) белгілеген күн тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу процесін ұйымдастыру нысаны;

      5) әскери-оқу практикасы (бұдан әрі – ӘОП) – әскери даярлықтың тиісті бағдарламасы бойынша теориялық білімді, машықтарды бекітуге, практикалық дағдыларды меңгеру мен дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;

      6) әскери даярлық бағдарламасы (бұдан әрі – ӘДБ) – оқу пәнінің мақсаттарын, міндеттерін және мазмұнын айқындайтын құжат;

      7) емтихан – академиялық кезеңде теориялық білім мен практикалық машықты бағалауға бағытталған аралық бақылау нысаны;

      8) инженерлік-техникалық персонал (бұдан әрі – ИТП) – оқу процесін техникалық қолдауды, жабдық пен оқу-материалдық техникалық базаға қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін әскери кафедра (әскери факультет) қызметкерлері;

      9) қорытынды емтихан – студенттердің теориялық білімді, практикалық дағдылар мен машықтарды меңгеру деңгейін кешенді бағалауға бағытталған барлық әскери даярлық бағдарламасы аяқталғаннан кейін жүргізілетін қорытынды бақылау нысаны;

      10) оқу-әдістемелік жиын (бұдан әрі – ОӘЖ) – оқыту шеберлігін үйлестіру және сапасын арттыру мақсатында оқу жылы басталар алдында жүргізілетін профессор-оқытушы құрамы әдістемелік жұмысының нысаны;

      11) оқу-әдістемелік комиссия (бұдан әрі – ОӘК) – әскери кафедраның (әскери факультеттің) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметі мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган;

      12) оқу-көмекші персонал (бұдан әрі – ОКП) – іс жүргізу және оқу процесін ұйымдық-техникалық сүйемелдеу жұмысын жүзеге асыратын әскери кафедра (әскери факультет) қызметкерлері;

      13) профессор-оқытушы құрамы (бұдан әрі – ПОҚ) – оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, тәрбие және әскери-патриоттық жұмысты тікелей жүзеге асыратын әскери кафедра (әскери факультет) қызметкерлерінің санаты;

      14) тапсырыс беруші – мүддесінде әскери оқытылған резервті даярлау жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ), Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының құрылымдық бөлімшесі;

      15) үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) – пәннің мазмұнын, пәнді оқу мақсатын, міндеттерін, пәннің арналуын, тақырыптық жоспар мен сабақ түрлерін, ұсынылатын әдебиет тізімін регламенттейтін құжат;

      16) үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) – әскери даярлықты жүргізуге оқу уақытының жалпы мөлшерін, жалпыәскери компоненттің уақыт мөлшері мен пәндер тізбесін, мамандық бойынша пән компонентіне бөлінетін уақыт мөлшерін, ӘОП, сондай-ақ аралық және қорытынды бақылау іс-шараларын айқындайтын құжат;

      17) үлгерімді ағымдағы бақылау – оқу бағдарламасына сәйкес академиялық кезең ішінде, ӘОП-да профессор-оқытушы құрамы жүргізетін студенттердің білімін жүйелі тексеру.

      3. Әскери даярлық қосымша оқыту түрі болып табылады және теориялық және практикалық оқыту курсынан тұрады. Әскери даярлыққа бөлінген сағат саны Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15589 болып тіркелген) Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Оқу процесін ұйымдастыру тәртібі

      4. Әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу процесін ұйымдастыру барлық элементінің толық және тиімді жүргізілуін және әскери оқытылған резервті даярлау, оның ішінде қашықтан оқытуды пайдаланып даярлау жөніндегі міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

      5. Әскери кафедраның (әскери факультеттің) оқу жылына арналған оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау ЖЖОКБҰ-ның академиялық күнтізбесі негізінде жүзеге асырылады және әскери кафедраның (әскери факультеттің) оқу процесін регламенттейтін іс-шаралар кешенін білдіреді.

      6. Әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу процесін жоспарлау оқу жылы басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын аяқталады.

      7. Әскери кафедрада сабақ "әскери күн" әдісімен ұйымдастырылады. Әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу сабағының ұзақтығы – күніне кемінде 8 академиялық сағат (оның ішінде оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы). Академиялық сағат ұзақтығын ЖЖОКБҰ айқындайды.

      8. ҮОЖ-ны әскери білім беруге жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесінің бастығы бекітеді.

      9. Жалпыәскери компонент пәндері қамтылған ҮОБ-ны ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесінің бастығы бекітеді.

      10. ҮОЖ және ҮОБ 3 жылда 1 рет қайта бекітіледі.

      11. ӘДБ-ны ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі әскери кафедралармен (әскери факультеттермен) бірлесіп, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді.

      ӘДБ тапсырыс берушілермен келісіледі және оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары бекітеді. ӘДБ 3 жылда кемінде 1 рет қайта қаралады және қайта бекітіледі.

      12. ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі ӘДБ-ны әскери кафедраға (әскери факультетке) жібереді.

      13. Әскери кафедрада (әскери факультетте) мынадай оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі құжаттар әзірленеді және жүргізіледі:

      1) әскери кафедра (әскери факультет) бастығының оқу жылына арналған әскери даярлықты ұйымдастыру жөніндегі өкімі;

      2) жұмыс оқу жоспарлары;

      3) оқу жылына (академиялық кезеңге) арналған запастағы офицерлер (запастағы сержанттар) бағдарламалары бойынша әскери даярлық бағдарламасынан өту жоспар-графигі (бұдан әрі – жоспар-график);

      4) сабақ кестесі;

      5) емтихан кестесі;

      6) оқу жылына арналған әскери кафедра (әскери факультет) оқу жүктемесінің есебі;

      7) әскери кафедраның (әскери факультеттің) оқу жылына және бір айға арналған жұмыс жоспары;

      8) оқу сабағының сапасын бақылау жоспары;

      9) оқу сабағының сапасын бақылау журналы;

      10) әскери кафедра (әскери факультет) және ОМК отырыстарының хаттамасы;

      11) әскери кафедраның (әскери факультеттің) оқу-материалдық базасын дамыту мен жетілдірудің жылдық жоспары;

      12) сабақты есепке алу журналы;

      13) ПОҚ-ның оқу жылына арналған жеке жұмыс жоспары;

      14) емтихан ведомосы;

      15) әскери кафедрада (әскери факультетте) студенттердің оқудағы жетістіктерін балдық-рейтингілік бағалау қағидалары;

      16) ПОҚ-ның сабаққа өзара қатысу жоспары;

      17) отырыс хаттамалары және қорытынды емтихан комиссиясының емтихан ведомосы;

      18) оқу жылындағы әскери кафедраның (әскери факультеттің) жұмысы туралы есеп.

      14. Әскери кафедра (әскери факультет) бастығының оқу жылына арналған әскери даярлықты ұйымдастыру жөніндегі өкімінде мыналар көрсетіледі:

      1) оқу жылының және академиялық кезеңнің басталуы мен аяқталуы;

      2) әскери кафедра (әскери факультет) ПОҚ-ның оқу-әдістемелік жиынын өткізу мерзімі;

      3) оқу взводындағы, циклдегі оқу, тәрбие және әскери-патриоттық жұмыстың жай-күйіне жауапты адамдар;

      4) ПОҚ-ны цикл, ИТП мен ОКП-ны бөлімдер (бөлімшелер) бойынша бөлу;

      5) ішкі қызметті ұйымдастыру тәртібі;

      6) оқу-жаттығу қару-жарағы мен әскери техниканың, оқу-жаттығу оқ-дәрілерінің, аспабының, әскери-техникалық мүліктің және ЖЖОКБҰ мүлкінің болуын және жай-күйін тексеру тәртібі;

      7) қызметкерлер мен студенттер үшін киім нысаны;

      8) инфрақұрылым объектілерін, ішкі үй-жайлар мен әскери кафедра (әскери факультет) аумағын бекіту;

      9) ішкі тексеру комиссиясының құрамы;

      10) әскери кафедраның (әскери факультеттің) оқу процесін, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік ісін, тәрбие және әскери-патриоттық жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты басқа да мәліметтер.

      15. Жұмыс оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша барлық оқу кезеңіне ҮОЖ және ӘДБ негізінде әзірленеді.

      16. ЖОЖ-ны әскери кафедра (әскери факультет) бастығы бекітеді.

      17. Жоспар-график осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖОЖ негізінде әзірленеді. Жоспар-график оқу жылына жасалады және оны әскери кафедра (әскери факультет) бастығы бекітеді.

      18. Сабақ кестесі академиялық кезеңге жоспар-графикке сәйкес әзірленеді және оны әскери кафедра (әскери факультет) бастығы сабақ басталғанға дейін 10 күннен кешіктірмей бекітеді.

      19. Сабақ кестесінде: сабақ өткізілетін күн, уақыты, орны, оқу взводы (бөлімшесі), пәндер, тақырып және сабақ нөмірі, сабақ түрі, оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмыс, ПОҚ-ның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – ТАӘ) көрсетіледі.

      20. Емтихан кестесін әскери кафедра (әскери факультет) бастығы бекітеді және бірінші емтихан басталғанға дейін 10 күн бұрын ПОҚ-ға және студенттерге жеткізіледі.

      21. Оқу жүктемесінің нормасы ЖЖОКБҰ-да қолданылатын оқу жүктемесінің нормаларына қатысты белгіленеді және ЖЖОКБҰ басшысы оқу жылы басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді. Оқу жүктемесінің есебі оқу жүктемесінің нормасын, білім алушылар санын және әскери даярлық бағдарламаларының санын негізге алып жүргізіледі.

      22. Әскери кафедраның (әскери факультеттің) оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ЖЖОКБҰ-ның жоспарлау құжаттарын ескеріп, әскери кафедра (әскери факультет) бастығы әзірлейді және ЖЖОКБҰ басшысы оқу жылы басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді.

      Әскери кафедраның (әскери факультеттің) оқу жылына арналған жұмыс жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) әскери даярлықты жоспарлау мен ұйымдастыру;

      2) оқу-әдістемелік жұмыс;

      3) ғылыми-әдістемелік жұмыс;

      4) ӘОП-ға дайындалу және өту іс-шаралары.

      23. Әскери кафедраның (әскери факультеттің) бір айға арналған жұмыс жоспары әскери кафедраның (әскери факультеттің) оқу жылына арналған жұмыс жоспары негізінде әзірленеді және оны әскери кафедра (әскери факультет) бастығы бекітеді.

      24. Оқу сабағының сапасын бақылау жоспары осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық кезеңге жасалады және оны әскери кафедра (әскери факультет) бастығы бекітеді.

      25. Оқу сабағының сапасын бақылау журналы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. Оқу сабағының сапасын бақылау нәтижесі ПОҚ-ға тексеретін күні жеткізіледі.

      26. Әскери кафедраның (әскери факультеттің) отырыстары әскери кафедра (әскери факультет) бастығының жетекшілігімен қажеттілігіне қарай, бірақ айына бір реттен сиретпей өткізіледі және хаттамамен ресімделеді.

      27. Сабақты есепке алу журналы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір оқу взводына жүргізіледі. Сабақты есепке алу журналын ЖЖОКБҰ-да қолданылатын цифрлық технологияны пайдаланып жүргізуге рұқсат етіледі.

      28. ПОҚ-ның оқу жылына арналған жеке жұмыс жоспары әскери кафедра (әскери факультет) ПОҚ-ның жұмысын жоспарлау мен есепке алу жөніндегі негізгі құжат болып табылады.

      ПОҚ-ның жеке жұмыс жоспарын ПОҚ дербес әзірлейді және оны әскери кафедра (әскери факультет) бастығы бекітеді. Әскери кафедра (әскери факультет) бастығының жеке жұмыс жоспарын оқу жұмысы мәселесіне жетекшілік ететін ЖЖОКБҰ-ның лауазымды адамы бекітеді.

      29. Емтихан ведомосын әскери кафедраның (әскери факультеттің) оқу бөлімі (бөлімшесі) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды. Емтихан ведомосы емтихан кезеңіне әрбір оқу взводына бір данада жасалады.

      30. Әскери кафедрада (әскери факультетте) студенттердің оқудағы жетістіктерін балдық-рейтингілік бағалау қағидаларын әскери кафедра (әскери факультет) ЖЖОКБҰ-да қолданылатын балдық-рейтингілік бағалау жүйесіне қатысты әзірлейді және оны ЖЖОКБҰ басшысы бекітеді.

      31. ПОҚ-ның өзара сабаққа қатысу жоспары академиялық кезеңге әзірленеді және оны әскери кафедра (әскери факультет) бастығы бекітеді. ПОҚ-ның өзара сабаққа қатысуы жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.

      32. Қорытынды емтихан комиссиясы отырысының хаттамасы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді. Хаттаманы қорытынды емтихан комиссиясының хатшысы жүргізеді және ол әскери кафедрада (әскери факультетте) белгіленген тәртіппен сақталады. Қорытынды емтихан комиссиясының хатшысы ОКП қатарынан тағайындалады.

      33. ӘОП ҮОБ-ға және ӘДБ-ға сәйкес өткізіледі. ӘОП-ны өткізу жоспар-графигі Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығымен өтетін жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей бекітіледі.

      34. ӘОП өткізудің бекітілген жоспар-графигі негізінде ЖЖОКБҰ басшысы ӘОП-ны ұйымдастыру және өткізу туралы бұйрық шығарады.

      Бұйрықта ӘОП мерзімі, өткізу орны, әкімшілік құрамы, жеке құрамды ӘОП-дан өтетін жерге дейін және кері қарай жеткізу тәртібі, тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібі айқындалады.

      35. ӘОП өткізу кезеңіне мынадай құжаттар әзірленеді және жүргізіледі:

      1) әскери кафедра (әскери факультет) бастығының ӘОП кезеңіне оқу взводын және ротасын құру туралы өкімі;

      2) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленген негізгі іс-шаралар жоспар-күнтізбесі;

      3) сабақты есепке алу журналы;

      4) сабақ кестесі;

      5) емтихан ведомосы.

      36. ПОҚ-ның, ИТП мен ОКП-ның тұрақты тұратын жеріне күнделікті қайтып оралуы қамтамасыз етілмейтін жағдайда ӘОП кезінде олардың ӘОП-да болуы қызметтік іссапар ретінде ресімделеді.

      37. Әскери кафедраның (әскери факультеттің) өтеусіз негізде білім алатын студенттері ӘОП кезеңінде бюджет қаражаты есебінен тиісті норма бойынша тамақтанумен қамтамасыз етіледі. Әскери кафедраның (әскери факультеттің) өтеулі негізде білім алатын студенттері ӘОП кезеңінде тиісті әскери кафедра (әскери факультет) жұмыс істейтін ЖЖОКБҰ есебінен тиісті норма бойынша тамақтанумен қамтамасыз етіледі.

      38. ӘОП кезеңінде оқу аптасының ұзақтығы – 6 жұмыс күні.

      39. ӘОП ЖЖОКБҰ, ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері (мекемелері), әскери арнаулы оқу орындары базасында өткізіледі.

      40. Студент ұлдар ӘОП-дан өту кезінде ішкі нарядта қызмет өткеруге тартылады. Студент қыздар ӘОП-дан өту кезінде оқу сабағына ғана тартылады.

      41. Студенттер ӘОП-дан өткен кезде оларды оқу процесіне байланысты емес шаруашылық және басқа да жұмысқа тартуға жол берілмейді.

      42. Студент ӘОП-да 24 сабақтың академиялық сағатынан (3 күн) астам болмаған кезде оның ӘОП-дан өтуі келесі жылға ауыстырылады.

      43. ӘОП өткен оқу материалы көлемінде емтиханмен аяқталады.

3-тарау. Оқу-әдістемелік жұмыс және ғылыми-әдістемелік жұмыс

      44. Әскери кафедраның (әскери факультеттің) оқу-әдістемелік жұмысы пәнді оқыту әдістемесін жетілдіруге, барлық оқу сабақ түрін өткізудің тиімділігі мен сапасын арттыруға, оқу процесін ұйымдастыру мен әдістемелік қамтамасыз етуге, оқытушылардың педагогикалық біліктілігі мен шеберлігін арттыруға бағытталған.

      45. Әскери кафедрадағы (әскери факультеттегі) оқу-әдістемелік жұмыс:

      1) ПОҚ-ның оқу-әдістемелік жиынын, кеңесті (отырысты) және әдістемелік сабақты ұйымдастыру мен өткізуді;

      2) ПОҚ-ның педагогикалық шеберлігін арттыруды;

      3) оқу сабағын бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуді;

      4) нұсқау беру-әдістемелік, көрнекі, ашық және сынақ сабағын ұйымдастыру мен бақылауды;

      5) барлық оқу сабағының түрін өткізу және әдістемелік қамтамасыз ету үшін қажетті оқу-әдістемелік материалды әзірлеуді;

      6) педагогикалық жұмыстың озық тәжірибесін зерделеуді, жинақтау мен таратуды қамтиды.

      46. Оқу-әдістемелік жиын кестесін әскери кафедра (әскери факультет) бастығы бекітеді.

      47. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызмет мәселелерін қарау үшін әскери кафедрада (әскери факультетте) ОӘК құрылады.

      ОӘК ПОҚ қатарынан кемінде 7 мүшеден тұратын әскери кафедра (әскери факультет) бастығының шешімімен құрылады. ОӘК хатшысы ОҚП қатарынан тағайындалады.

      48. ОӘК отырыстары әскери кафедраның (әскери факультеттің) жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және хаттамамен ресімделеді.

      Отырыс бекітілген құрамның кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады. Шешім қатысушылардың қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Отырыс хаттамасына комиссия төрағасы мен хатшысы үш жұмыс күні ішінде қол қояды.

      49. Нұсқау беру-әдістемелік сабақ (бұдан әрі – НӘС) әскери даярлық бағдарламаларының анағұрлым маңызды және күрделі тақырыптары бойынша өткізіледі. НӘС сабақты ұйымдастыру мен өткізу әдістемесін пысықтау, анағұрлым тиімді әдістемелік тәсілдерді меңгеру, оқу мәселелерін түсінуде және пысықтау әдістемесінде бірегейлікті белгілеу мақсатында өткізіледі. НӘС-ны әскери кафедра (әскери факультет) бастығы, оның орынбасарлары, цикл бастығы, аға оқытушылар өткізуі мүмкін.

      50. Көрнекі сабақ оқу сабағының кестесіне сәйкес ұйымдастырылады, бұл ретте оны өткізуге тартылатын әскери кафедраның (әскери факультеттің) ПОҚ санатын ОӘК отырысында төраға бекітеді.

      51. Ашық сабақ оқу сабағының кестесіне сәйкес тәжірибе алмасу, ПОҚ-ның сабақты ұйымдастыруда және оларды өткізу әдістемесінде көмек көрсетуі мақсатында өткізіледі.

      52. Сынақ сабағы жаңадан келген оқытушылармен өткізіледі.

      53. Әскери кафедраның (әскери факультеттің) ғылыми-әдістемелік жұмысы:

      1) ғылыми-әдістемелік конференцияға, кеңеске және дөңгелек үстелге қатысуды;

      2) әскерді (күшті) даярлаудың озық тәжірибесін және әлемдегі жергілікті жанжал тәжірибесін зерделеуді және оларды оқу процесіне ендіруді;

      3) әскери кафедрада (әскери факультетте) әскери даярлық бағдарламаларын талдауды;

      4) оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеуді және баспаға дайындауды;

      5) ережелер, қағидалар, тағылымдамалар, нұсқаулықтар және басқа да нормативтік құжаттар жобасын әзірлеуге және қарауға қатысуды қамтиды.

4-тарау. Студенттердің үлгерімін бақылау және оқудағы жетістігін бағалау

      54. Үлгерімді ағымдағы бақылау әртүрлі бақылау нысанын қолданып, студенттердің теориялық және практикалық даярлығы деңгейін бағалау мақсатында әрбір оқу пәнінің тақырыбы бойынша жүзеге асырылады.

      55. Академиялық кезең аяқталғаннан кейін аралық бақылау нысаны емтихан болып табылады.

      56. Аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру әскери кафедра (әскери факультет) бастығының оқу процесіне жетекшілік ететін орынбасарына жүктеледі.

      57. Емтихан жазбаша, ауызша, тестілік, практикалық немесе аралас нысанда өткізіледі. Тестілік нысан кезінде күніне екі емтиханға дейін өткізуге жол беріледі.

      58. Емтихандарға, оның ішінде қорытынды емтихандарға ағымдағы үлгерімі бойынша академиялық берешегі және оқу үшін төлем бойынша берешегі жоқ студенттер жіберіледі.

      59. Емтихан қабылдауды емтихан комиссиясы жүзеге асырады. Емтихан комиссиясының құрамы мен емтихан өткізу нысаны әскери кафедра (әскери факультет) бастығының өкімімен айқындалады. ӘОП бойынша емтиханға емтихан комиссиясының құрамына әскери кафедра (әскери факультет) бастығының орынбасарларының бірі қосылады.

      60. Емтиханды, оның ішінде қорытынды емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емтихан материалы әзірленеді. Емтихан материалы әскери кафедраның (әскери факультеттің) ОӘК отырысында талқыланады және оны әскери кафедра (әскери факультет) бастығы бекітеді.

      61. Емтиханда (ӘОП емтиханында, қорытынды емтиханда) алған бағамен келіспеген студент нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні емтихан комиссиясы төрағасының атына жазбаша өтінішпен (еркін нысанда) апелляция өткізу туралы өтініш жасайды. Апелляциялық комиссияның құрамы әскери кафедра (әскери факультет) бастығының шешімімен бекітіледі.

      62. Студенттің өтініші ол жүгінген күні тіркеледі және оны апелляциялық комиссия қарайды. Апелляциялық комиссия апелляцияны қарауды студенттің қатысуымен (оның қалауы бойынша) өтініш тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      63. Қарау нәтижесі бойынша хаттама жасалады, онда күні, апелляциялық комиссия құрамы, апелляция мәні, қабылданған шешім және апелляциялық комиссия мүшелерінің қолтаңбасы көрсетіледі.

      64. Қорытынды емтихан комиссиясының құрамы әскери кафедра (әскери факультет) бастығының өкімімен бекітіледі. Қорытынды емтихан комиссиясы әртүрлі циклдің ПОҚ өкілдерінің (басқа пән оқытушыларының) тақ санынан (кемінде бес), сондай-ақ ЖООКБҰ басшысының өкімінде айқындалатын ЖООКБҰ өкілдерінен тұрады.

      65. Студенттер қорытынды емтиханды жалпыәскери компонент пәндері және мамандығы бойынша пән компоненті бойынша тапсырады.

      66. Қорытынды емтиханға ӘОП-дан өткен, академиялық берешегі және оқу үшін төлем бойынша берешегі жоқ студенттер жіберіледі.

      67. Қорытынды емтиханға дайындалуға және өткізуге 2 жұмыс күні (дайындалуға 6 академиялық сағат, емтиханға 6 академиялық сағат) бөлінеді.

      68. Қорытынды емтихан жазбаша, ауызша немесе тест нысанында өткізіледі.

      69. Емтихан уақытында студенттер рұқсат етілген анықтамалық – карталарды, кестелерді, макеттерді, плакаттарды, техника моделін немесе олардың шартты суреттерін пайдалана алады. Қағаздағы, электрондық жеткізгіштегі ақпаратты пайдалануға, қорытынды емтиханды тапсыру аудиториясынан шығуға, сондай-ақ оның ішіне қабылдау-беру электрондық құрылғыны (оның ішінде мобильді телефондарды) кіргізуге жол берілмейді.

      70. Егер қорытынды емтиханды өткізу барысында студент материалдармен алмасып, қорытынды емтиханды тапсыру аудиториясынан шықса, қағаздағы, электрондық жеткізгіштегі ақпаратты, сондай-ақ қабылдау-беру құрылғысын пайдаланса, қорытынды емтиханды қабылдау тоқтатылады, студент қанағаттанарлықсыз баға алады.

      71. Қорытынды емтиханда алған баға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды емтихан комиссиясының хаттамасына енгізіледі.

      72. Әскери даярлық бойынша қорытынды емтиханды тапсырмаған студенттер қорытынды емтиханды екі рет қайта тапсыруға жіберіледі. Қорытынды емтиханды қайта тапсыру әскери кафедра (әскери факультет) бастығы бекіткен графикке сәйкес жүзеге асырылады.

      73. Әскери даярлық аяқталғаннан кейін бөлімшеге жауапты адам әрбір студентке қызметтік мінездеме жасайды.

  Әскери кафедрада (әскери
факультетте) оқу процесін
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Бекітемін
_______________________________
20___ жылғы ___________________

      Запастағы офицерлер бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың үлгілік оқу жоспары

Р/с №

Бөлім мен пән атауы

Академиялық сағат саны

1.

Жалпыәскери компонент


2.

Мамандық бойынша пән компоненті


3.

Әскери-оқу практикасы, оның ішінде:


жалпыәскери компонент


мамандық бойынша пән компоненті


4.

Емтихандар


5.

Қорытынды емтихан



Барлығы:


      Запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың үлгілік оқу жоспары

Р/с №

Бөлім мен пән атауы

Академиялық сағат саны

1.

Жалпыәскери компонент


2.

Мамандық бойынша пән компоненті


3.

Әскери-оқу практикасы, оның ішінде:


жалпыәскери компонент


мамандық бойынша пән компоненті


4.

Емтихандар


5.

Қорытынды емтихан



Барлығы:


  Әскери кафедрада (әскери
факультетте) оқу процесін
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Бекітемін
_______________________________
20___ жылғы ___________________

Запастағы офицерлер (запастағы сержанттар) бағдарламалары бойынша үлгілік оқу бағдарламасы

      Пән атауы: _______________

      Пән мақсаты:__________________

      Пәнді оқу мақсаты мен міндеттері: ________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Пәннің тақырыптық жоспары

Р/с №

Тақырып нөмірі мен атауы

1.

1-тақырып

2.

2-тақырып

      Пән мазмұны

      1-тақырып ___________________________________________________________

      2-тақырып ___________________________________________________________

      Ұсынылатын әдебиет тізімі_________________________________________

  Әскери кафедрада (әскери
факультетте) оқу процесін
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Титул парағы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

Келісілді
_______________________________
_______________________________
20___ жылғы______ _____________

Бекітемін
________________________________
________________________________
20___ жылғы ______ ______________





Келісілді
_______________________________
_______________________________
20___ жылғы______ _____________


Әскери даярлық бағдарламасы (запастағы офицерлер немесе запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша) "________________________________________________________________" (әскери даярлық бағдарламасының атауы)

      1. Қолданысқа енгізілді ____________________________

      (титул парағының соңы)

Мазмұны

№ р/с

Атауы

бет

1.

Жалпы ережелер


2.

Әскери даярлық бағдарламасының қысқаша сипаттамасы


3.

Жалпы ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулар


4.

Мамандық бойынша пәндер компонентінің оқу уақытын жалпы есептеу


5.

Пәннің сипаттамасы және сабақ тақырыбы


6.

Пән тақырыптарын қарау кезінде сабақта студенттермен пысықталатын нормативтер тізбесі


7.

Қорытынды емтиханға дайындалу және өткізу


8.

Әдебиет тізімі


9.

Оқу-материалдық база


      1. Жалпы ережелер ______________________________________________

      2. Әскери даярлық бағдарламасының қысқаша сипаттамасы _____________

      3. Жалпы ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулар _____________________

      2. Мамандық бойынша пәндер компонентінің оқу уақытын жалпы есептеу

Пән атауы

Сағат саны

Барлығы

Теория

ӘОП

ЖООКБҰ-да барлығы

Дәріс

Семинар

Топтық сабақ
(жаттығу)

Практикалық сабақ

ӘОП-да барлығы

Топтық сабақ
(жаттығу)

Практикалық сабақ

1.










2.










Емтихандар










Қорытынды емтиханға дайындалу және өткізу










Пән үшін сағат санының жиыны










      3. Пәннің сипаттамасы және сабақ тақырыбы

      3.1 Пән атауы _____________________

      Мазмұны _____________________________________

      Пәннің мақсаттары мен міндеттері ________________________

      Әдістемелік нұсқаулар ___________________________

      Оқу сабағының тақырыптары мен түрлері бойынша оқу уақытын бөлу

Пән атауы және сабақ тақырыбы

Сағат саны

Барлығы

Теория

ӘОП

ЖОО-да барлығы

Дәріс

Семинар

Топтық жаттығу

Практикалық сабақ

ӘОП-да барлығы

Практикалық сабақ

Топтық жаттығу

1.










2.










      1-тақырып _____________

      1-сабақ ___________

      Пән тақырыбын қарау кезінде сабақта студенттермен пысықталатын нормативтер

      тізбесі ____________________________________________________________________

Норматив қамтылған құжат атауы

Норматив нөмірі



      3.2 Пән атауы __________________________________________

      Мазмұны _____________________________________________

      Пәннің мақсаттары мен міндеттері ________________________

      Әдістемелік нұсқаулар __________________________________

      Оқу сабағының тақырыптары мен түрлері бойынша оқу уақытын бөлу

Пән атауы және сабақ тақырыбы

Сағат саны

Барлығы

Теория

ӘОП

ЖОО-да барлығы

Дәріс

Семинар

Топтық жаттығу

Практикалық сабақ

ӘОП-да барлығы

Практикалық сабақ

Топтық жаттығу

1.










2.










      1-тақырып _____________

      1-сабақ ___________

      Пән тақырыбын қарау кезінде сабақта студенттермен пысықталатын нормативтер

      тізбесі_____________________________________________________________________

Норматив қамтылған құжат атауы

Норматив нөмірі



      4. Қорытынды емтиханға дайындалу және өткізу

      Емтиханға дайындалу – __ сағат;

      Емтихан өткізу – ___ сағат;

      Қорытынды емтиханға дайындалу – ___ сағат;

      Қорытынды емтихан өткізу – ___ сағат.

      5. Ұсынылатын әдебиет тізімі __________________________________

      6. Әскери даярлық бағдарламасы бойынша оқу процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін қажетті оқу-материалдық техникалық база: "Әскери даярлық бағдарламасының атауы"

Р/с №

Атауы

Өлш. бірлігі

Әскери кафедраға (әскери факультетке) адам

250-ге дейін

500-ге дейін

750-ге дейін

1000-нан астам

1







2







      Дәрісхана (сынып) атауы және арналуы

Р/с №

Дәрісхана атауы

Дәрісхананың арналуы

Жарақтандырылуы, жабдықталуы

Стенд, плакат

1





2





  Әскери кафедрада (әскери
факультетте) оқу процесін
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Бекітемін
___________________________
20___ жылғы ______ _________

Жұмыс оқу жоспары

Әскери даярлық бағдарламасы:

______________________________________

Бастапқы штаттық-лауазымдық санаты:

______________________________________

Оқу мерзімі:

______________________________________


      1. Оқу процесінің графигі

ай

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

1-жыл


















2-жыл


















3-жыл


















      Кестенің жалғасы

ай

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

апта

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

1-жыл


















2-жыл


















3-жыл


















      Кестенің жалғасы

ай

мамыр

маусым

шілде

тамыз

апта

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

51

52

1-жыл



















2-жыл



















3-жыл




















Сары


Көк


Қызғылт сары


Қызыл


Жасыл


Күлгін



Оқу сабағы


Емтихан


ӘОП


Қорытынды емтихан


Каникул


Мереке күні


            2. Уақыт бюджеті бойынша жиынтық деректер

Әскери даярлық кезеңі

Күнтізбелік апта

Оқу уақытын бөлу

Барлығы

оның ішінде

Барлық оқу сабағы (сағатпен)

оның ішінде

Каникул, мереке (демалыс) күні

Оқу
уақыты

Оқу сабағы кесте бойынша

Емтихан

ОҚБӨЖ

Қорытынды емтихан

1-оқу жылы









2-оқу жылы









Әскери-оқу практикасы









3-оқу жылы









Жиыны









      3. Оқу уақыты бюджетінің есебі

Әскери даярлық жылы және академиялық кезең

Күнтізбелік күн саны

Оқу күнін бөлу


Оқу уақытының бюджеті (сағат)

Барлығы

оның ішінде

Оқу күні

Емтихан

Қорытынды емтихан

Оқу сабағы

6 сағаттық оқу аптасында

Әскери-оқу практикасы есебінен қосымша

ЖИЫНЫ

Каникул

Демалыс күні

Мереке күні

1

1












2












Жиыны












2

3












4












Жиыны












3

5












Жиыны












Барлығы












      4. Оқу процесінің жоспары

 
Оқу пәнінің атауы

 
Барлық сағат

Оқу уақытын бөлу

Әскери даярлық жылдары және академиялық кезең бойынша

Әскери даярлық жылдары және академиялық кезең бойынша емтихан және қорытынды емтихан

 
ӘОП

1-жыл

2-жыл

3-жыл

1-жыл

2-жыл

3-жыл

күз

көктем

күз

көктем

көктем

күз

көктем

күз

көктем

көктем

Жалпыәскери компонент


























Мамандық бойынша пән компоненті


























Емтихан













Қорытынды емтихан













Жиыны













      Әскери кафедра (әскери факультет) бастығының орынбасары

      ___________________________________________________

  Әскери кафедрада (әскери
факультетте) оқу процесін
ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Бекітемін
__________________________
20___ жыл ________________

20__ – 20__оқу жылына арналған запастағы офицерлер (запастағы сержанттар)
бағдарламалары бойынша әскери даярлықтан өту
жоспар-графигі

Пән атауы

Сағат саны

Күздегі семестр

апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15


















Сағат жиыны

















Емтихан


















Пән атауы

Сағат саны

Көктемдегі семестр

апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15


















Сағат жиыны

















Емтихан

















Пән атауы

Сағат саны

Көктемдегі семестр

апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15


















Сағат жиыны

















Қорытынды емтихан

















  Әскери кафедрада (әскери
факультетте) оқу процесін
ұйымдастыру қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Бекітемін
__________________________
20___ жылғы ______ ________

___________________________ оқу жылының
________________________________________
(академиялық кезеңіне)
арналған оқу процесінің сапасын бақылау
жоспары

Р/с

Тексерілетін оқу взводы

Тексерілетін сабақ

Сабақ жетекшісі

Тексеру күні

Тексеруші адам

Орындалуы туралы белгі

1.







2.







      Әскери кафедра (әскери факультет) бастығының орынбасары

      _____________________________________________________

  Әскери кафедрада (әскери
факультетте) оқу процесін
ұйымдастыру қағидаларына
7-қосымша
Нысан

Оқу сабағының сапасын бақылау
журналы ____________________________________________
әскери кафедра (әскери факультет) атауы

Профессор-оқытушы құрамының тізімі

Р/с

Әскери атағы

Тегі және инициалы

Бет нөмірі














Р/с

Сабақ болатын күн

Бақылау жүргізген адамның лауазымы, ә/атағы,
А.Ә.Т.

Пән атауы, тақырып нөмірі. Сабақты кім өткізді

Өткізу сапасы туралы қорытынды, негізгі кемшіліктер, жақсарту жөніндегі нұсқаулар, сабақты бағалау және тексерушінің қолы

Сабақ өткізген адамның қолы және қабылданған шаралар туралы белгі

1












2












  Әскери кафедрада (әскери
факультетте) оқу процесін
ұйымдастыру қағидаларына
8-қосымша
Нысан

"ЖЖОКБҰ атауы" КеАҚ

     


_______________ сабақты есепке алу журналы

20__ – 20_ оқу жылына арналған

      әскери даярлық бағдарламасы бойынша: ___________________________________

                                                (бағдарлама атауы)

Взводқа жауапты адам:

______________________________________________________

(лауазымы, әскери атағы, ТАӘ.)


Басталды: 20___ж. "_____"_______________
Аяқталды: 20___ж. "_____"_______________

      Журналды жүргізу қағидалары

      1. Журнал студенттердің үлгерімін, сабаққа қатысуын, сондай-ақ профессор-оқытушы құрамының оқу жоспары мен оқу жүктемесін орындауды есепке алудың негізі құжаты болып табылады.

      2. Журнал оқу бөлімінде қатаң есептіліктегі құжат ретінде сақталады. Ол сабақ басталар алдында взводқа жауапты адамға беріледі және әскери даярлық күні сабақ аяқталған кейін оқу бөліміне тапсырылады.

      3. Сабақ өткізетін ПОҚ барлық жазбаны журналда дербес жүргізеді.

      4. "Сабақ мазмұны" деген бағанда тақырып нөмірі, сабақ нөмірі мен атауы және түрі көрсетіледі.

      5. Студенттердің сабақта болмау себептері мынадай шартты белгімен көрсетіледі:

      "С" – сырқат; "Н" – наряд; "І" – іссапар; "Д" – демалыс (академиялық демалыс); "Б" – басқа дәлелді себеп; "ДС" – дәлелсіз себеп.

      6. Барлық бақылау түрі бойынша оқу жетістігі әскери кафедрада әзірленген балдық-рейтингілік жүйе бойынша бағаланады.

      7. Емтиханға шығарылмайтын пәндер бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерімін бақылау негізінде қойылады.

      8. Емтиханға және қорытынды емтиханға шығарылатын пәндер бойынша баға қызыл түспен белгіленген бағанға қойылады:

      ағымдағы бақылау бағасы — АББ;

      емтихан бағасы — ЕБ;

      пән үшін қорытынды баға — ҚБ.

      Журналдың оң жақ бұрышында емтихан комиссиясының құрамы көрсетіледі және олардың қолтаңбасы қойылады.

      Сонымен қатар, мынадай жазба жасалады:

      "Күздегі/көктемдегі семестрдің оқу бағдарламасы толық меңгерілді".

      9. Студентке нормативті орындағаны үшін баға Құрлық әскерлерін жауынгерлік даярлау жөніндегі нормативтер жинағына сәйкес қойылады.

      10. Журналдағы барлық түзету жанына түзету енгізген ПОҚ ескертпе жасауы және қолтаңбасын қоюы тиіс.

      11. Журнал жүргізудің дұрыстығын цикл бастығы мен оқу бөлімінің бастығы академиялық кезеңде бір реттен сиретпей тексереді. Журналды жүргізу бойынша ескерту журналдың соңында тұрған бақылау парағында тіркеледі.

      Мазмұны

Р/с №

Мазмұны

Бет нөмірі

1.



2.



      Оқу взводының атаулы тізімі

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы, күні, айы

ЖЖОКБҰ (факультет)

1.




2.





Р/с №

Телефон нөмірі

Үй мекенжайы (уақытша)

ҚР ҚК-дегі қызметі

Әскери ант қабылдаған күні

1.





2.





      Пән тауы: ____________________________________________________

Р/с №

Студенттің тегі мен инициалдары

Сабақ өткізілетін күн
















1.

















2.

















      Оқытушылар: ___________________________________________________

      ________________________________________________________________

                        (әскери атағы, Т.А.Ә.)

Күні

Сабақ мазмұны

Сағат саны

Өзіндік дайындыққа тапсырма

Оқытушының тегі мен қолтаңбасы











      Өзіндік дайындыққа қатысуды есепке алу

Р/с №

Студенттің тегі мен инициалдары

Сабақ өткізілетін күн
















1.

















2.

















      Оқытушы (взводқа жауапты адам) ________________________________________

                                          (әскери атағы, Т.А.Ә.)

Күні

Сабақ мазмұны

Сағат саны

Өзіндік дайындыққа тапсырма

Оқытушының тегі мен қолтаңбасы











      Нормативті орындауды есепке алу

Р/с №

Студенттің тегі мен инициалдары

Сабақ өткізілетін күн
















1.

















2.


















Күні

Орындалатын норматив

Оқытушының тегі мен қолтаңбасы







      Журналдың жай-күйін және жүргізуді бақылау парағы

Тексеру күні

Тексерушінің журналдың жай-күйі және жүргізу бойынша ескертуі

Тексеруші адам (лауазымы, әскери атағы, қолы)

Ескертулермен танысқан адамның қолы

Жою туралы белгі






  Әскери кафедрада (әскери
факультетте) оқу процесін
ұйымдастыру қағидаларына
9-қосымша
Нысан

№ ___ емтихан ведомосы
(оның ішінде ӘОП үшін)
20__ж. ____ _____________

      ____________ оқу жылының ____________ академиялық кезеңі

      Бақылау нысаны – __________________

      ____________________________ әскери даярлық бағдарламасы

      ___________ оқу взводы

      ___________________________________________________________
(оқу пәнінің атауы)

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты

Факультет (ЖООКБҰ)

Бағалау (балдық-рейтингілік жүйе бойынша)

Емтихан алушының қолтаңбасы

Балл саны

Әріптік жүйе бойынша бағалау

1.












Взвод үшін жиыны




      Жалпы тізім бойынша: ____________________________________________

      Емтихандағы студенттер саны ________________________

      олардың ішінде жалпы балмен тапсырды:

      - 90-нан 100 балға дейін _______ адам.

      - 70-тен 89 балға дейін _____ адам.

      - 50-ден 69 балға дейін _____ адам.

      - 25-тен 49 балға дейін _____ адам.

      - 0-ден 24 балға дейін ______ адам.

      Емтиханға келмеген студенттер саны ________________________________

      Емтиханға жіберілмеген студенттер саны _____________________________

      Емтихан алушы: __________________________________________________

                              (әскери атағы, қолы, тегі мен инициалы)

Әскери кафедра (әскери факультет) бастығы
___________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі мен инициалы)

  Әскери кафедрада (әскери
факультетте) оқу процесін
ұйымдастыру қағидаларына
10-қосымша
Нысан

      20__ ж. "____"_________ қорытынды емтихан комиссиясы отырысының

      хаттамасы

      Қатысқандар:

      Қорытынды емтихан комиссиясының төрағасы: ____________________

      Қорытынды емтихан комиссиясының мүшелері: ____________________________

      ______________________________________________________________________

      1. __________________________________________ әскери даярлық бағдарламасы

      (мамандық бойынша әскери даярлық бағдарламасының атауы)_

      бойынша білім алатын _______________________________ оқу взводы

                              (оқу взводының нөмірі)

      ____________________________ студенттері әскери даярлық бойынша

            (ЖООКБҰ атауы)

      емтихан тапсырды.

      2. Қорытынды емтиханда студенттер мынадай нәтиже көрсетті:

Р/с

Т.А.Ә,

Алынған баға (балдық-рейтингілік жүйе бойынша)

1
Теориялық сұрақ

2
Теориялық сұрақ

3
Теориялық сұрақ

4
Практикалық сұрақ

5
Практикалық сұрақ

6
Орташа балл









      3. Жалпы балмен тапсырды:

      90-нан 100 балға дейін ___ адам ( %)

      70-тен 89 балға дейін ___ адам ( %)

      50-ден 69 балға дейін ___ адам ( %)

      25-тен 49 балға дейін ___ адам ( %).

      0-ден 24 балға дейін ___ адам ( %).

      4. Студенттерді пән бойынша даярлаудағы жалпы кемшіліктер: ____________________

      ___________________________________________________________________________

      5. Қорытынды. 50 және одан жоғары балл алған студенттер мамандық бойынша әскери

      даярлық бағдарламасы бойынша запастағы офицер (сержант) әскери атағын беруге

      ұсынылады:

      __________________________________________________________________________

            (мамандық бойынша әскери даярлық бағдарламасының атауы)

      Қорытынды емтихан комиссиясының төрағасы: _________________________________

                                                      (әскери атағы, қолы)

      Қорытынды емтихан комиссиясының мүшелері:

      __________________________________

                  (әскери атағы, қолы)

  Әскери кафедрада (әскери
факультетте) оқу процесін
ұйымдастыру қағидаларына
11-қосымша
Нысан

Келісілді
әскери бөлімінің командирі
________________________________




Бекітемін
Әскери кафедра бастығы
_____________________________


202_ ж. "__"__________ бастап запастағы офицерлер мен сержанттарды әскери даярлық бағдарламалары бойынша (ЖЖОКБҰ атауы) әскери кафедра студенттерімен ӘОП-да өткізілетін негізгі іс-шаралардың

жоспар-күнтізбесі

Р/с №

Іс-шара атауы

Жауапты бөлімше

ӘОП-дан өту күндері

1



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

2



дс

сс

ср

бс

жм

сб

жс

дс

сс

ср

бс

жм

сб

жс

3

















4

















5

















6

















7

















Жиыны:















Әскери кафедра (әскери факультет) бастығының орынбасары
__________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, инициалы)

Сары

- "запастағы офицерлер" даярлық бағдарламасы

Көк

- "запастағы сержанттар" даярлық бағдарламасы

Қызыл

- мереке күні

Қызғылт сары

- далалық шығу

  Әскери кафедрада (әскери
факультетте) оқу процесін
ұйымдастыру қағидаларына
12-қосымша
Нысан
Бекітемін
____________________________
20___ жылғы ______ __________

Емтихан материалы
(оның ішінде ӘОП үшін)
___________________________________________________ пәні бойынша
пән атауы

      Әскери даярлық
бағдарламасы бойынша: ________________________________________________
                        әскери даярлық бағдарламасының атауы


ОӘК отырысында талқыланды:
20___ ж. "______" _________, №_____ хаттама
Нақтыланды:
20___ ж. "______" _________№_____ хаттама

      1. Емтиханды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұйымдық-әдістемелік нұсқаулар: _____________________________________________________________________

      2. Емтиханға шығарылатын сұрақтар тізбесі

      1)

      2)

      3)

      2.1 Қорытынды емтиханға шығарылатын сұрақтар тізбесі

      1)

      2)

      3)

      2. Билет және/немесе тестілік тапсырма

      1-нұсқа

      (Тест)

      1) сұрақ

      A) жауаптар нұсқасы

      B)

      C)

      D)

      E)

      (Емтихан)

      № 1 билет

      1)

      2)

      3) (практикалық)

      (Қорытынды емтихан)

      № 1 билет

      1)

      2)

      3)

      4) (практикалық)

      5) (практикалық)

      3. Дұрыс жауап (өткізу нысаны – тестілеу)

      4. Емтиханды бағалау өлшемшарты

      4.1 Қорытынды емтиханды бағалау өлшемшарты

      Аға оқытушы

      запастағы полковник ____________________________________________

      Цикл бастығы

      запастағы полковник ____________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады