"Халық санының және құрылымының көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 134" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2025 жылғы 10 қарашадағы № 28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 қарашада № 37394 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халық санының және құрылымының көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15860 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 34) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халық санының және құрылымының көрсеткіштерін есептеу әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Халық санының және құрылымының көрсеткіштерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері халық санының және құрылымының көрсеткіштерін есептеу кезінде қолданады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Демографиялық жүктеме коэффициенттері 16-63 жас аралығындағы ер адамдар мен 16 жастан бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа дейін әйелдер жастағы 1000 адамына шаққандағы балалар мен зейнеткерлік жастағы адамдар санының қатынасын сипаттайды.

      Демографиялық жүктеме коэффициенттері келесі формулалар бойынша есептеледі:

     


      мұнда:

     

– балалар демографиялық жүктеме коэффициенті;

     

– зейнеткерлік жастағы адамдардың демографиялық жүктеме коэффициенті;

     

– демографиялық жүктеменің жалпы коэффициенті;

     

– 0 жастан 16 жасқа дейінгі халықтың жалпы саны;

      а – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес әйелдердің зейнетке шығуының жалпыға бірдей белгіленген жасы;

     

16-62 (а-1) – 16 жастан 63 жасқа дейінгі ерлер мен 16 жастан а-1 жасқа дейінгі әйелдер саны;

      а-1 – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес белгіленген әйелдердің зейнеткерлік жасынан бір жасқа кем әйелдердің жасы;

     

– 63 және одан жоғары жастағы ер адамдар, а және одан жоғары жастағы әйелдер саны.

      Келесі жылдары демографиялық жүктеме коэффициенттерін есептеу кезінде әйелдердің зейнеткерлік жасы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес алынады.".

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Халық статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Халық статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне басшылыққа және жұмыста пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық статистика
бюросының басшысы
М. Турлубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады