Об утверждении Правил уплаты акцизов на импортируемые подакцизные товары с территории государств, не являющихся членами Евразийского экономического союза

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 693 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 қарашада № 37385 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 553-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 12 қарашадағы
№ 693
Бұйрықпен бекітілген

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер төлеу қағидалары Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 553-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді, Салық кодексінің 536-бабында айқындалған, акцизделетін тауарларды декларациялайтын тұлғалардың (бұдан әрі-акцизді төлеушілер) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі-ЕАЭО) мүше болып табылмайтын мемлекеттерден шығарылатын акцизделетін тауарларға акциздер төлеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Акциздерді төлеу тәртібі мен мерзімдері

      2. Егер ЕАЭО-ның және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында өзгеше көзделмесе, акциз төлеушілер акцизделетін тауарларды әкелу кезінде "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес кедендік төлемдерді төлей отырып, бір мезгілде акцизді төлейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады