"Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 868 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 қарашада № 37382 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16731 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, оны жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы";

      кірісіпесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 96) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, оны жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2025 жылғы 10 қарашадағы
№ 868 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2018 жылғы 16 наурыздағы
№ 208 бұйрығына
қосымша

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, оны жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, оны жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 96) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, оны жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің және әскери-тергеу бөліністері әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігі

1-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне және әскери-тергеу бөліністері әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, оны жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау тәртібі

      2. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне және әскери-тергеу бөліністері әскери қызметшілеріне (бұдан әрі – ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері) сыныптық біліктілік беру, оны жоғарылату, төмендету және алып тастау жыл сайын оқу кезеңінің қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

      Оқу кезеңі "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіптік қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 95 қбпү бұйрықта (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15310 болып тіркелген) (бұдан әрі – ІІО қызметкерлерін кәсіби даярлауды ұйымдастыру қағидалары) белгіленген талаптарға сәйкес бекітіледі.

      3. Құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдарындағы, әскери қызметтегі, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтіліне, мемлекеттік әкімшілік лауазымдардағы жұмыс өтіліне (бұдан әрі – қызмет (жұмыс) өтілі) байланысты және осы Қағидалардың 20-тармақтың талаптары сақталған жағдайда ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне мынадай сыныптық біліктіліктер:

      "2-сыныпты маман" - кемінде төрт жыл қызмет (жұмыс) өтілі бар (ІІО саптық бөліністерінің және кіші басшы құрамының қызметкерлері үшін - кемінде үш жыл) ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман" – "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет (жұмыс) өтілі бар (ІІО саптық бөліністерінің және кіші басшы құрамының қызметкерлері үшін - кемінде бес жыл) ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман-тәлімгер (шебер)" – "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет (жұмыс) өтілі бар (ІІО саптық бөліністерінің және кіші басшы құрамының қызметкерлері үшін - кемінде жеті жыл) ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне ретімен беріледі.

      ІІО-дағы қызмет (жұмыс) өтілі заңнамада белгіленген тәртіпте есептеледі.

      4. Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, әскери қызметтегі және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметтің (жұмыстың) жалпы өтілі кезінде жүзеге асырылады.

      5. Құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық білім беру ұйымдарының түлектеріне оқу мерзімі сыныптық біліктілігін беру үшін жалпы қызмет өтіліне есептеледі.

      6. Бар сыныптық біліктілігі:

      екі айдан астам уақыт қарамағында, бала күтімі бойынша демалыста болған, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) ведомстволық білім беру ұйымдарында және уағдаластық шеңберінде шет елдерде күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген және ІІО лауазымына қайта тағайындалған ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне;

      ІІО-ға қызметке басқа құқық қорғау органдарынан, азаматтық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтен ауысу (іссапарға жіберу) тәртібінде келген адамдарға;

      құқық қорғау органдарынан, азаматтық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдарынан, әскери қызметтен, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтен шығарылған және ІІО-ға қызметке қайта қабылданған адамдарға;

      сот шешімі бойынша қызметке қайта алынған адамдарға тиісті үстемеақыны белгілей отырып, лауазымға тағайындалған кезде ішкі істер органдары (бөліністері) басшыларының бұйрығымен расталады.

      7. Құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, арнаулы мемлекеттік органдарында, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте он жылдан астам үзіліссіз қызмет (жұмыс) өтілі бар, бұрын сыныптық біліктілігі болмаған, қорытынды тексеруден сәтті өткен жағдайда ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне осы Қағидалардың 20-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі беріледі.

      8. Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілікті беруге жататын ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің тізіміне жүргізіледі

      9. Басшылар (бастықтар) ұсынатын тізімдердің уақтылы жіберілуін, объективтілігін және дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      10. Сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға ұсынылған және орынды себептермен (сырқаттану, демалыс, іссапар) қатыспаған ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері қорытынды тексеруге осы Қағидаларға сәйкес сыныптық біліктілікті беруге, жоғарылатуға көрсетілген мән-жайлар тоқтатылған күннен кейінгі күннен бастап бір ай ішінде ұсынылады.

      Мән-жайлар (сырқаттану, демалыс, іссапар) қайта басталғанда бір айлық мерзімнің есебі соңғы мән-жай тоқтатылған күннен бастап жүргізіледі.

      Мән-жайлардың тоқтатылған күні растайтын құжаттарды қоса бере отырып, басшының ұсынымында тіркеледі.

      11. Осы Қағидалардың 15-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес оқу жылының қорытындысы бойынша сыныптық біліктілігін айқындаудан өтпеген ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері, оларға қатысты орган (бөлініс) бастығы немесе сот қолданған тәртіптік жазаның заңсыздығы туралы шешім қабылдағанда, тәртіптік жазаның күшін жою туралы орган бастығының бұйрығы шыққаннан немесе сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде осы Қағидаларға сәйкес сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға ұсынылады.

      Жоғарыда көрсетілген ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің басшылары (бастықтары) бұйрық шыққан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын (бұдан әрі – кәсіби даярлық бөліністері) ұйымдастыруға жауапты бөліністеріне тиісті материалдарды жолдайды.

      12. Кәсіптік даярлау бөліністері ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін тағайындау, арттыру, төмендету және алып тастау туралы бұйрықтардың жобаларын дайындайды, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес көрсетілген мәселелер бойынша шағымдар мен өтініштерді қарайды.

      Шағымдарды және жаңадан анықталған мән-жайларды қарау кезінде ІІО бөліністері мен органдарының бастықтары (басшылары) он жұмыс күні ішінде тиісті шешім қабылдау үшін негіздерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, кәсіптік даярлық бөліністеріне дәлелді хат жібереді.

      13. ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, төмендету және алып тастау нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІО полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің және әскери-тергеу бөліністерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік анықтау туралы актіде (бұдан әрі - ІІО актісі) көрсетіледі.

      14. ІІО бекітілген актісінің негізінде осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген басшылар күнтізбелік он күн ішінде ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, жоғарылату, төмендету немесе алып тастау туралы бұйрық шығарады.

      Бұйрықтың шығарылған күні сыныптық біліктілікті беру, арттыру, төмендету немесе алып тастау күні болып саналады.

      Бұйрықтың көшірмесі сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы есептеу немесе төлеуді тоқтату үшін қаржылық қызметтерге, сондай-ақ қызметтік жазбаларға және автоматтандырылған ведомстволық деректер базасына мәліметтерді енгізу үшін жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөліністеріне жіберіледі.

      15. Сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілері:

      1) олар ІІО қарамағында болған кезеңде;

      2) қолданыстағы тәртіптік жазалары болғанда;

      3) оларға қатысты қызметтік тергеп-тексеру (тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау) немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданғанға немесе ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылғанға дейінгі кезеңде;

      4) белгіленген мерзімде дәлелді себептерсіз қорытынды тексеруден өтпегенде жіберілмейді.

      16. Сыныптық біліктілік берілген, жоғарылатылған ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне кәсіби даярлық бөліністері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілік кеуде белгілерін береді.

      17. Бұйрықты жариялау және сыныптық біліктілік кеуде белгісін табыс ету салтанатты түрде саптың алдында немесе жиналыста өткізіледі.

      18. ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін төмендету немесе алып тастау, олар кәсіптік қызметтік және дене шынықтыру даярлығы түрлерінің бірі бойынша қанағаттанарлықсыз нәтижелер алған немесе қорытынды тексеруден өтуге дәлелді себептермен келмеген кезінде ішкі істер органдары (бөліністер) басшыларының бұйрығымен жүргізіледі.

      Сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі, ал алып тастау "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі бар ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты жүргізіледі.

      19. ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, арттыру, төмендету және алып тастау туралы материалдар кәсіптік даярлық бөліністерінің номенклатуралық істерінде сақталады және мынадай құжаттар:

      1) ІІО тізімі;

      2) ІІО актісі;

      3) басшының ұсынымы (бар болса);

      4) сыныптық біліктілікті беру, төмендету немесе алып тастау туралы бұйрықтардың көшірмелері болады.

2-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне және әскери-тергеу бөліністерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, жоғарылату өлшемшарттары

      20. ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату үшін ІІО қызметкерлерін кәсіби даярлауды ұйымдастыру қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес жыл сайынғы қорытынды тексеру нәтижелері бойынша мынадай:

      "2-сыныпты маман" - кәсіптік қызметтік және дене шынықтыру даярлығының барлық түрлері бойынша "қанағаттанарлық" бағадан төмен емес;

      "1-сыныпты маман" - кәсіптік қызметтік және дене шынықтыру даярлығының барлық түрлері бойынша "жақсы" бағадан төмен емес;

      "1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)" – кәсіптік қызметтік және дене шынықтыру даярлығының барлық түрлері бойынша "өте жақсы" бағадан төмен емес шекті мәндер белгіленеді.

3-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне және әскери-тергеу бөліністерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, оны жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау

      21. ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беруді, жоғарылатуды, растауды, төмендетуді және алып тастауды:

      1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі – ІІМ Аппаратының басшысына, Министрдің кеңесшілеріне, Министрдің режим жөніндегі көмекшісіне, комитеттердің төрағаларына, ІІМ орталық аппаратының департаменттері мен дербес бөліністерінің бастықтарына және олардың орынбасарларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД, Көліктегі ПД, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі – ҚАЖД), ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының командиріне;

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – ІІМ орталық аппараты бөліністерінің қатардағы және басшы құрамының лауазымдарында қызмет өткеретін ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, ІІМ оқу орталықтарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, (Астана қаласы), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, (Жезқазған қаласы) және облыстардың "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы", "Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі", ІІМ Әскери және арнайы жабдықтау базасы мемлекеттік мекемелерінің бастықтарына және олардың орынбасарларына, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің, Кинологиялық орталықтың бастықтарына және олардың орынбасарларына, әскери-тергеу бөліністерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне;

      3) Министрдің орынбасары - ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жеке құрамына;

      4) ПД, Көліктегі ПД, ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтары – ПД, Көліктегі ПД аппаратының (оның ішінде өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлеріне), ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, бағынысты ішкі істер органдары мен бөліністерінің басшы құрамына;

      5) ІІО-ның қалалық, аудандық және көліктегі бөліністерінің, "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы" (Астана қаласы), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, (Жезқазған қаласы) және облыстардың, "Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі", "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің әскери және арнайы жабдықтау базасы" мемлекеттік мекемелерінің, Кинологиялық орталықтың бастықтары, түзеу мекемелерінің, тергеу изоляторларының, түрмелер мен қоныс колонияларының бастықтары, "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының командирі – бөліністердің жеке құрамына жүзеге асырады.

      22. Сыныптық біліктілігі бар ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерін есепке алуды ІІО кәсіби даярлық бөліністері жүргізеді.

      Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы мәліметтерді жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөліністері бұйрықтың күні мен нөмірін көрсете отырып, ІІО қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне, сондай-ақ автоматтандырылған ведомстволық деректер банкіне енгізеді.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігі

1-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, оны жоғарылату, растау және төмендету тәртібі

      23. Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау және төмендету (бұдан әрі - сыныптық біліктілікті айқындау) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының (бұдан әрі - ҰҰ) әрбір әскери қызметшісінің кәсіби шеберлігін дамытуды ынталандыру, олардың атқаратын лауазымы бойынша кәсіби қызметін жүзеге асыруға әзірлік дәрежесін белгілеу мақсатында жүргізіледі.

      Құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдарындағы, әскери қызметтегі, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі кәсіптік даярлық деңгейіне, қызмет (жұмыс) өтіліне, сондай-ақ әскери тәртіптің жай-күйіне байланысты ҰҰ әскери қызметшілеріне мынадай сыныптық біліктіліктер:

      "3-сыныпты маман" – кемінде бір жыл қызмет (жұмыс) өтілі бар (шақыру бойынша әскери қызметшілер үшін үш айдан кейін), осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген ҰҰ-ның әскери қызметшілеріне;

      "2-сыныпты маман" – "3-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет (жұмыс) өтілі бар (шақыру бойынша әскери қызметшілер үшін алты айдан кейін), осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген ҰҰ-ның әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман" – "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет (жұмыс) өтілі бар, осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген (шақыру бойынша әскери қызметшілерден басқа) ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман - тәлімгер (шебер)" – "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет (жұмыс) өтілі бар, осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген (шақыру бойынша әскери қызметшілерден басқа) ҰҰ-ның әскери қызметшілеріне ретімен беріледі, расталады және сақталады.

      Күнтізбелік есептеумен 25 және одан көп жыл қызмет (жұмыс) өтілі бар әскери қызметшілердің "1 - сыныпты маман - тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігі, осы Қағидалардың 32-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, одан әрі растаусыз қызметінің соңына дейін белгіленген үстемеақыны төлей отырып сақталады.

      Ұлттық ұланның күрең берет және күрең түсті тельняшка кию құқығына біліктілік сынақтарынан сәтті өткен әскери қызметшілеріне осы Қағидалардың 35-тармағында белгіленген тәртіппен қызмет (жұмыс) өтіліне қойылатын талаптар ескерілмей, "1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігін беруге жол беріледі.

      24. ҰҰ спорт командасын даярлау орталығының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігі:

      1) ҰҰ спорт командасын даярлау орталығының резерві құрамына кіретін шақыру бойынша әскери қызметші-спортшыларына:

      "3-сыныпты маман" – "Спорт шеберіне кандидат" атағынан төмен емес спорттық разряды (атағы) бар ҰҰ әскери қызметшілеріне әскерге шақыру күнінен бастап үш айдан кейін;

      "2-сыныпты маман" – "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, "Спорт шеберіне кандидат" атағынан төмен емес спорттық разряды бар ҰҰ әскери қызметшілеріне әскерге шақыру күнінен бастап алты айдан кейін.

      2) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші-спортшыларға (дене шынықтыру және спорт жөніндегі аға нұсқаушыларға):

      "3-сыныпты маман" – кемінде бір жыл қызмет (жұмыс) өтілі, "Спорт шебері" және одан жоғары спорттық атағы бар ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "2-сыныпты маман" – "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет (жұмыс) өтілі, "Спорт шебері" және одан жоғары спорттық атағы бар ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман" – "2 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет (жұмыс) өтілі, "Спорт шебері" және одан жоғары спорттық атағы бар ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман - тәлімгер (шебер)" – "1 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет (жұмыс) өтілі, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" және одан жоғары спорттық атағы бар ҰҰ әскери қызметшілеріне.

      3) офицерлер құрамындағы әскери қызметші-спортшыларға (спорт жөніндегі аға нұсқаушыларға):

      "3-сыныпты маман" – кемінде бір жыл қызмет (жұмыс) өтілі, "Спорт шебері" және одан жоғары спорттық атағы бар ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "2-сыныпты маман" – "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет (жұмыс) өтілі, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" және одан жоғары спорттық атағы бар ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман"– "2 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет (жұмыс) өтілі, "Еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атағы бар ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман - тәлімгер (шебер)" – "1 сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет (жұмыс) өтілі, "Еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атағы бар ҰҰ әскери қызметшілеріне.

      4) офицерлер құрамындағы әскери қызметшілерге (команда бастығына, бас жаттықтырушыға, команданың аға жаттықтырушысына, команданың жаттықтырушысына):

      "3-сыныпты маман" – кемінде бір жыл қызмет (жұмыс) өтілі, "Спорт шебері" және одан жоғары спорттық атағы немесе кемінде бір жыл жаттықтырушылық жұмыс өтілі бар ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "2-сыныпты маман" – "3-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет (жұмыс) өтілі, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" және одан жоғары спорттық атағы немесе кемінде төрт жыл жаттықтырушылық жұмыс өтілі бар, сондай-ақ "Азия чемпионы", "Азия ойындарының чемпионы", "Әлем кубогі кезеңінің жүлдегері" атақтарының бірін жеңіп алған спортшыны дайындаған ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман" – "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет (жұмыс) өтілі, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" және одан жоғары немесе "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атағы немесе кемінде жеті жыл жаттықтырушылық жұмыс өтілі бар, сондай-ақ "Олимпиада ойындарының жүлдегері", "Әлем чемпионатының жүлдегері", "Әлем кубогінің жүлдегері", "Әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы" атақтарының бірін жеңіп алған спортшыны дайындаған ҰҰ әскери қызметшілеріне;

      "1-сыныпты маман-тәлімгер (шебер)" – "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі бар, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" немесе кемінде он жыл жаттықтырушылық жұмыс өтілі бар, сондай-ақ "Олимпиада ойындарының чемпионы", "Әлем чемпионы", "Әлем кубогінің жеңімпазы" атақтарының бірін жеңіп алған спортшыны дайындаған ҰҰ әскери қызметшілеріне беріледі және расталады.

      ҰҰ спорт командасын даярлау орталығының спорттық атақтары жоқ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктіліктері осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жалпы негізде айқындалады.

      25. Сыныптық біліктілік:

      әскери қызметшілер мен сержанттар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер мен әскери қызметшілерге – осы Қағидаларға сәйкес жылына бір рет;

      шақыру бойынша әскери қызметшілерге – осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес айқындалады.

      Шақыру бойынша әскери қызметшілер келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде бұған дейін мерзімді қызмет кезеңінде берілген сыныптық біліктілігі ескерілмейді.

      26. Әскери қызметшілердің кәсіби даярлығының деңгейін барлық инспекторлық, тексерілген оқу пәндері бойынша қорытынды тексерістер, мемлекеттік және бітіру емтихандары, сондай-ақ күрең берет пен күрең түсті тельняшка кию құқығына біліктілік сынақтарының (бұдан әрі – біліктілік сынақтары) нәтижесі бойынша айқындайды.

      27. Сыныптық біліктілігін беруге, растауға және төмендетуге ұсынылған, алайда орынды себептермен (сырқаттану, демалыс, іссапар) кәсіби даярлығы деңгейін тексеруге қатыспаған ҰҰ әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігі сақталады, ал белгіленген үстемеақы төлеу тиісті мән-жайлар аяқталғаннан кейін бір ай ішінде сыныптық біліктілікті айқындаған соң жүргізіледі. Бұл ретте, әскери қызметші қайта болмаған жағдайда немесе бір жағдай (сырқаттану, демалыс, іссапар) екіншісіне ауысқан кезде сыныптық біліктілікті айқындауға арналған уақыт соңғысымен есептеледі.

      Әскери қызметші жоғарыда көрсетілген мән-жайлар тоқтағаннан кейін бір ай өткен соң кәсіби даярлық деңгейін тексеру үшін келмеген кезінде оған сыныптық біліктілік бір сатыға төмендетіледі.

      28. ҰҰ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау үшін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес комиссиялар құрылады.

      Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және басқарма (бөлім, бөлімше) бастықтарының қатарынан кемінде үш мүшеден тұрады. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының, әскери бөлім командирлерінің бұйрықтарымен жыл сайын бекітіледі.

      Комиссия мүшелері болмаған кезінде олардың міндеттерін уақытша атқарушылармен ауыстыруға болады.

      Комиссия мынадай функцияларды:

      сыныптық біліктілікті беруге, растауға, төмендетуге арналған материалдарды қарауын;

      ұсынылған мәліметтердің объективтілігін және шынайлығын тексеруін;

      сыныптық біліктілікті айқындаумен байланысты шағымдар мен өтініштерді қарауын жүзеге асырады.

      29. ҰҰ әскери қызметшілерінің кәсіби даярлығы деңгейін, біліктілік сынақтарын тексеру нәтижелері бойынша командир (бастық) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілікті беруге, жоғарылатуға, растауға және төмендетуге ұсынылатын ҰҰ әскери қызметшілерінің тізімін (бұдан әрі – ҰҰ тізімі) комиссияның қарауына енгізеді.

      ҰҰ тізіміне, әр әскери қызметшіге жиынтық ведомостен үзінді, ал біліктілік сынақтарынан сәтті өткен АМБ әскери қызметшілеріне сынақтардың нәтижелері туралы бұйрықтан үзінді қоса беріледі.

      Бұдан басқа спорт командасын даярлау орталығының спортшылары мен жаттықтырушылары үшін спорттық атағын немесе разрядын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жаттықтырушылық өтілі туралы қызметтік тізімінен үзінді ұсынылады.

      30. ҰҰ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау нәтижелері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰҰ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, растау және төмендету туралы актіде (бұдан әрі – ҰҰ актісі) көрсетіледі.

      ҰҰ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, растау және төмендету ҰҰ актісінің негізінде жүргізіледі, ол осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың бұйрығымен күнтізбелік он күн ішінде бекітіледі.

      ҰҰ актісін бекіту туралы бұйрыққа қол қойылған күн сыныптық біліктілігін айқындау күні болып есептеледі.

      Бұйрықтардың көшірмелері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, сыныптық біліктілігі үшін тиісті үстемеақы есептеу немесе төлемді тоқтату (тоқтата тұру) үшін әскери бөлімдерге, сондай-ақ қаржы бөліністеріне жіберіледі.

      Бұйрықты жариялау әскери қызметшілердің қызмет орны бойынша салтанатты түрде жүргізіледі, әскери қызметшілерге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілік кеуде белгілері беріледі.

      31. Сынып біліктілігі расталады:

      бала күтімі бойынша демалыстағы ҰҰ-ның әскери қызметшілеріне бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу қызметке шыққаннан кейін оны жыл қорытындысы бойынша растағанға дейін жүргізіледі;

      ҰҰ ведомстволық және әскери-арнаулы ұйымдар, сондай-ақ шетелдік әскери-оқу орындарында оқитын әскери қызметшілеріне уағдаластық шеңберінде қолда бар сыныптық біліктілік сақталады және бүкіл оқу кезеңіне белгіленген үстемақы төленеді, ал сыныптық біліктілікті растау оқу аяқталғаннан кейін және оқу жылының қортындысы бойынша тиісті лауазымға тағайындалғаннан кейін жүргізіледі;

      әскери қызметке келісімшарт бойынша қабылданған немесе ҰҰ-ға құқық қорғау органдарынан, азаматтық қорғау органдарынан, арнайы мемлекеттік органдардан, әскери қызметтен, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтен ауысып келген адамдардың сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақыны төлеу тиісті лауазымға тағайындағаннан кейін оны жыл қорытындысы бойынша растағанға дейін жүргізіледі;

      ҰҰ-дан еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шыққан және қызметке қайта қабылданған адамдарға бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу тиісті лауазымға тағайындағаннан кейін оны жыл қорытындысы бойынша растағанға дейін жүргізіледі;

      екі айдан астам ҰҰ-ның қарамағындағы әскери қызметшілерге бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу тиісті лауазымға тағайындағаннан кейін оны жыл қорытындысы бойынша растағанға дейін жүргізіледі;

      мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген және ҰҰ-ның лауазымдарына қайта тағайындалған ҰҰ-ның әскери қызметшілеріне бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу тиісті лауазымға тағайындағаннан кейін оны оқу жылының қорытындылары бойынша растағанға дейін жүргізіледі;

      сот шешімі бойынша қызметке қайта қабылданған адамдарға бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақы төлеу қызметке қайта қабылданғаннан кейін оны жыл қорытындысы бойынша растағанға дейін жүргізіледі.

      Әскерден жоғары әскери оқу орнына және кері ауыстырылған ҰҰ әскери қызметшілері үшін бар сыныптық біліктілігі сақталады, ал сыныптық біліктілігі үшін белгіленген үстемеақыны төлеу тиісті лауазымға тағайындалғаннан кейін жыл (оқу жылы) соңында бекітілгенге дейін жүргізіледі.

      32. ҰҰ әскери қызметшілеріне:

      1) бар сыныптық біліктілігін растауға арналған өлшемшарттарды орындамағаны үшін;

      2) елеулі тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін;

      3) практикалық (курстық) даярлық (оқу-әдістемелік жиындар) барысында негізгі оқу пәндері бойынша қанағаттанарлықсыз нәтиже алынған үшін, сыныптық біліктілігі төмендетіледі.

      Сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі.

      33. Сыныптық біліктілігі төмендетілген (шақыру бойынша әскери қызметшілерді қоспағанда) әскери қызметшілер төмендетілген күннен бастап бір жылдан кейін ғана кезекті сыныптық біліктілігін беруге жіберіледі.

      34. Сыныптық біліктілігін беруге (растауға) ҰҰ әскери қызметшілері:

      1) ҰҰ-ның қарамағында болған кезеңде;

      2) оларға қатысты қызметтік тергеу (тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау) немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу – оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданғанға немесе ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылғанға дейінгі кезеңде жіберілмейді.

      Қолданыстағы тәртіптік жазалары бар ҰҰ әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік берілмейді. Бұл әскери қызметшілер тек бар сыныптық біліктілікті растауға ғана жіберіледі.

2-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, оны жоғарылату және растау өлшемшарттары

      35. Сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау үшін мынадай кәсіби деңгей көрсету қажет:

      "3-сыныпты маман" – барлық тексерілген пәндер бойынша "қанағаттанарлық" бағадан төмен емес бағаланған.

      ҰҰ Академиясының (Ұлттық ұланның жоғары әскери оқу орнының) бітіруші курсының курсанттары – егер мемлекеттік емтиханға шығарылатын пәндер және диплом жұмысын (жобалар, міндеттер) қорғау нәтижелері бойынша "жақсы" деген бағадан төмен емес бағаға бағаланған;

      "2-сыныпты маман" – барлық тексерілген пәндер бойынша "жақсы" деген бағаға бағаланған;

      "1-сыныпты маман" – барлық тексерілген пәндер бойынша 30%-дан кем емес "өте жақсы" деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша "жақсы" деген бағаға бағаланған;

      "1-сыныпты маман-тәлімгер (шебер)" – барлық тексерілген пәндер бойынша 50%-дан кем емес "өте жақсы" деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша "жақсы" деген бағаға бағаланған.

      Оқу орнында сыныптық біліктілік берілмеген басқа жоғары әскери оқу орындарының түлектеріне біліктілік талаптарын орындағанын растайтын тиісті құжаттар ұсынған кезде әскери бөлім командирі "3 сыныпты маман" сыныптық біліктілігін түлек қызмет орнына келген соң бөлімнің тізіміне тіркелген күннен бастап бір айдан кешіктірмей береді.

      Күрең берет және күрең түсті тельняшка кию құқығына біліктілік сынақтарынан сәтті өткен әскери қызметшілерге біліктілік сынақтары өткізілген жылы қорытынды (инспекторлық тексерулерінің) нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген қызмет (жұмыс) өтілі ескерілмей, "1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігі беріледі.

3-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, және төмендету

      36. ҰҰ әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беруді, жоғарылатуды, растауды және төмендетуді:

      1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарларына;

      2) Министрдiң орынбасары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы – өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшыларына және олардың орынбасарларына, Ұлттық ұлан академиясының бастығына (жоғары әскери оқу орнының) және оның орынбасарларына, тiкелей бағынысты бөлiмдердiң командирлерiне және олардың орынбасарларына, сондай-ақ Бас қолбасшылықтың әскери қызметшiлерiне;

      3) өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары – әскери бөлімдердің командирлеріне және олардың орынбасарларына, сондай-ақ өңірлік қолбасшылық басқармаларының әскери қызметшілеріне;

      4) бастығы (жоғары әскери оқу орнының) – академияның әскери қызметшілеріне және оқуды бітірген жылы бітірушілерге;

      5) әскери бөлімдердің командирлері – әскери бөлімдердің әскери қызметшілеріне жүзеге асырады.

      Сыныптық біліктілік осы Қағидаларға сәйкес айқындалады.

      37. Сыныптық біліктілігі бар ҰҰ әскери қызметшілерін есепке алуды ҰҰ жауынгерлік даярлық бөліністері жүзеге асырады.

      Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы мәліметтер бұйрықтың күні мен нөмірін көрсете отырып, ҰҰ әскери қызметшілерінің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Мақсат" ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне сыныптық
біліктілік беру, оны жоғарылату,
растау, төмендету және алып
тастау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

20_____ оқу жылының қорытындысы бойынша сыныптық біліктілігін беруге жататын ____________________________________________________ (бөліністің атауы) ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің тізімі

Р/с №

Арнаулы (әскери) атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Атқарып отырған лауазымы

Аттестатталған лауазымдардағы жалпы
қызмет өтілі

Қолданыстағы тәртіптік жазасы (болған жағдайда)

Сыныптық біліктілігін беруге ұсынылады

1

2

3

4

5

6







      Бөлініс бастығы (басшы)

      ________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда))

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне сыныптық
біліктілік беру, оны жоғарылату,
растау, төмендету және алып
тастау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

ІІО полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне және әскери-тергеу бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті анықтау туралы акті

Р/с №

Арнаулы (әскери) атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Атқарып отырған лауазымы

Аттестатталған лауазымдардағы жалпы қызмет өтілі

Бар сыныптық біліктілігі берілгені (жоғарылатылғаны, растал
ғаны, төмендетіл
гені, алып тасталғаны) туралы бұйрықтың күні мен нөмірі, кім берді (расталды, төмендетілді, алып тасталды)

Нәтижелері (тиісті сыныптық біліктіліктер үшін бағалау өлшемшарттары бойынша)

Қорытынды

Бақылау тестілеу пәндерінің түрлері Практикалық атыс Дене шынықтыру даярлығы Жауынгерлік күрес тәсілдері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12






Өтті-өтпеді

Өтті/өтпеді

Өтті/өтпеді

баға

баға

баға


      Бөлініс бастығы

      (басшы) _____________________________________________

      Жауапты қызметкер ________________________________________________

      20___жылғы "____"_______________

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне сыныптық
біліктілік беру, оны жоғарылату,
растау, төмендету және алып
тастау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

СЫНЫПТЫҚ БІЛІКТІЛІК КЕУДЕ БЕЛГІЛЕРІ

"1-СЫНЫПТЫ МАМАН-ТӘЛІМГЕР (ШЕБЕР)" ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі

     



"1-СЫНЫПТЫ МАМАН" ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі

     



"2-СЫНЫПТЫ МАМАН" ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне арналған кеуде белгісі

     



  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне сыныптық
біліктілік беру, оны жоғарылату,
растау, төмендету және
алып тастау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Сыныптық біліктілігін беруге, растауға және төмендетуге ұсынылған ҰҰ әскери қызметшілерінің тізімі

Р/с №

Лауазымы

Әскери атағы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Бұрын берілген сыныптық біліктілігі (бұйрықтың № мен күні, кім берді) (болған жағдайда)

Жұмыс (қызмет) өтілі

Қорытынды нәтиже

Қолданыстағы тәртіптік жазасы

Біліктілік комиссиясының ұсынысы

1.









2.









      Қосымша: Жиынтық ведомостен үзінді.

      Әскери бөлімнің командирі полковник

      М.О. 20___ жылғы "_____" __________

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
ызметшілеріне сыныптық
біліктілік беру, оны жоғарылату,
растау, төмендету және алып
тастау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

ҰҰ әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау және төмендету туралы акті

      Комиссия құрамында: комиссия төрағасы (лауазымы, әскери атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)), комиссия төрағасының орынбасары (лауазымы, әскери атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)) және комиссия мүшелері (лауазымы, әскери атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)) сыныптық біліктілігін беруге, растауға, сақтауға және төмендетуге ұсынылған құжаттарды және 20 _____жылғы ___________ - __________ аралығында өткізілген ҰҰ әскери қызметшілерін кәсіби даярлау нәтижелерін қарап, мынадай шешім шығарады:

Р/с №

Лауазымы

Әскери атағы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Бұрын берілген сыныптық біліктілігі (бұйрықтың № мен күні, кім берді) (болған жағдайда)

Жұмыс (қызмет) өтілі

Қорытынды нәтиже

Қолданыстағы тәртіптік жазасы

Біліктілік комиссиясының ұсынысы

1.









2.









      Комиссия төрағасы ________________________________________________

      Төрағаның орынбасары ______________________________________________

      Комиссия мүшелері ________________________________________________

      Комиссия хатшысы ________________________________________________

      20___жылғы "____"_________

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне сыныптық
біліктілікн беру, оны
жоғарылату, растау, төмендету
және алып тастау қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

СЫНЫПТЫ МАМАННЫҢ КЕУДЕ БЕЛГІЛЕРІ

ҰҰ әскери қызметшілеріне арналған (мерзімді қызметтегі сарбаздардан басқа) "1-СЫНЫПТЫ МАМАН-ТӘЛІМГЕР (ШЕБЕР)" кеуде белгісі (ҰҰ авиациясы жерүсті авиациялық мамандарының лауазымдарындағы әскери қызметшілер үшін – "ТӘЛІМГЕР (ШЕБЕР)")

     



ҰҰ әскери қызметшілеріне арналған (мерзімді қызметтегі сарбаздардан басқа) "1-СЫНЫПТЫ МАМАН" кеуде белгісі

     



ҰҰ әскери қызметшілеріне арналған (мерзімді қызметтегі сарбаздардан басқа) "2-СЫНЫПТЫ МАМАН" кеуде белгісі

     



ҰҰ әскери қызметшілеріне арналған (мерзімді қызметтегі сарбаздардан басқа) "3-СЫНЫПТЫ МАМАН" кеуде белгісі

     



Мерзімді қызметтегі сарбаздарға арналған "2-СЫНЫПТЫ МАМАН" кеуде белгісі

     



Мерзімді қызметтегі сарбаздарға арналған "3-СЫНЫПТЫ МАМАН" кеуде белгісі

     



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады