Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 10 қарашадағы № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 қарашада № 37381 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы (бұдан әрі – Академия):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академия ректорына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2025 жылғы 10 қарашадағы
№ 139 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын қызметтік автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік мекеменің аппаратын орналастыру үшін аумақпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 5 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14991 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының білім алушыларын мүлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 22 тамыздағы № 100 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17340 болып тіркелген);

      3) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтетін адамдарға арналған жеке тамақтану рационының, азық-түліктің, жабдықтың, асханалық–ас үй мүкәммалының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22486 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады