Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 3 қарашадағы № 472 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 қарашада № 37350 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17063 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген есептер жер қойнауын пайдаланушылармен "Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЖПБП) электрондық нысанды толтыру және ақпарат ұсынуға уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы ұсынылады, осы Қағидалардың 4-тармағының 4) тармақшасында және 5-тармағының 6) тармақшасында көзделген есептерді қоспағанда, олар жер қойнауын пайдаланушылармен "Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және олардың өндірушілерінің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Тізілім) электрондық нысанды толтыру және ақпарат ұсынуға уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы ұсынылады.";

      3-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің куратор вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
И. Шархан

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрі
міндетін атқарушының
2025 жылғы 3 қарашадағы
№ 472 бұйрығына қосымша
Жер қойнауын
пайдаланушының пайдалы
қатты қазбаларды барлау
және өндіру, кең таралған
пайдалы қазбаларды өндіру
жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде есептерді
ұсыну қағидаларына
3-қосымша

      Ұсынылады: пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps.

      Әкімшілік нысанның атауы: пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және олардағы елішілік құндылық ү

      лесі туралы есеп.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 3-ПҚЕҚ.

      Кезеңділік: жыл сайын пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде, тоқсан сайын пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде.

      Есепті кезең:

     



      тоқсан

     



      жыл.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: жер қойнауын пайдаланушылар.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей, пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей.

      ЖСН/БСН

     


      Жинау әдісі: "Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің және олардың өндірушілердің тізілімі" Мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде.

            1-кесте

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі

Сатып алу үшін код

Сатып алу коды

Сатып алу тәсілі

Сатып алу қорытындысын қортындылау күні (күні, айы, жылы)

Келісімшарттың

Келісімшартты жасасу күні (күні, айы, жылы)

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы

Келісімшарт қызметінің аяқтау күні (күні, айы, жылы)

Келісімшарт мәртебесі

ҚҚС қоспағанда келісімшарттың жалпы сомасы, теңге

ҚҚС қоспағанда СЖЖ жоспарланған сомасы теңге

ТЖҚ жеткізушінің ұйымдық-құқықтық нысаны

ТЖҚ жеткізушінің елі

8

9

10

11

12

13







      кестенің жалғасы

ТЖҚ жеткізушілердің атауы

Жеткізушінің Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)

Жеткізушінің электрондық мекенжайы

Жеткізушінің байланыс телефоны

Жеткізушілер қызметкерлердің саны

Жеткізуші қызметкерлерінің жалпы саны, адам

Қазақстан Республикасының азаматтардың жеткізуші қызметкерлердің саны, адам

14

15

16

17

18

19







      2-кесте

Келісімшарттың

Сатып алу коды

ТЖҚ БНА бойынша ТЖҚ коды

Сатып алынған ТЖҚ атауы және қысқа сипаттамасы (қосымша)

Өлшем бірлігі

Сатып алу көлемінде табиғи білдіру

ҚҚС қоспағанда сатып алу көлемінің бағасын белгілеу, теңге

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің көшірмесі/ "СТ-КZ"
сертификаты берілген тауар өндірушінің Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің көшірмесі/"СТ-КZ" сертификаттың

Сериясы

Берген органның коды

Берген күні (күні, айы, жылы)

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің көшірмесі/ "СТ-КZ" сертификатта көрсетілген тауарда % елішілік құндылық

Жұмыстарда (көрсетілетін қызметтер), % елішілік құндылық

Тауар шығаратын елі

9

10

11

12

13

14

15








      Атауы _________________________________________________________

      Мекенжайы ____________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________

      Орындаушы: _______________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)           (қолы)

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға

      _______________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)   (қолы)

      Жер қойнауын пайдаланушының ЭЦҚ деректері;

      ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты.

      "__" _____ 20 _ жыл _____ сағат ____ минут.

  "Пайдалы қатты қазбаларды
барлау немесе өндіру бойынша
сатып алынған тауарлар, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтер және
олардағы елішілік құндылық
үлесі туралы есеп" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және олардағы елішілік құндылық үлесі туралы есеп" (Нысанның индексі 3-ПҚЕҚ, кезеңділігі: тоқсандық, жылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардағы елішілік құндылық үлесі туралы есеп" әкімшілік деректер нысаны (бұдан әрі - Нысан) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 195-бабы 3-тармағының бірінші және төртінші бөлімдеріне, 215-бабының 3-тармағының бірінші және төртінші бөлімдеріне, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті елішілік құндылық мониторингі болып табылады.

      3. Толтырылған Нысанды жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсынылады;

      пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензиялар (келісімшарттар) бойынша жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей;

      пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар (келісімшарттар) бойынша тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей.

      4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      5. Нысан әр тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет бойынша жеке-жеке толтырылатын екі кестеден тұрады.

2-тарау. 1-кестені толтыру бойынша түсіндірмелер

      6. Нысан мынадай тәртіппен толтырылады:

      1-бағанда уәкілетті орган берген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттың (лицензияның) тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда сатып алу мәнінің коды көрсетіледі: 0 – тауарлар, 1-жұмыс, 2-көрсетілетін қызмет;

      3-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімімен берілген сатып алу коды көрсетіледі;

      4-бағанда сатып алу тәсілі көрсетіледі:

      1) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылар: 101 – ашық конкурс, 103 – бір көзден, 104 – тауар биржаларында, 105 – төмендетуге ашық конкурс (электрондық сауда-саттық), 112 – жоқ тәсілдерін қолдану;

      2) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына (бұдан әрі – Қор) тікелей немесе жанама түрде тиесілі жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалар: 201 – ашық тендер, 209 – жабық тендер, 210 – екі кезеңді ашық тендер, 211 – екі кезеңді ашық тендер жабық тендер, 202 – баға ұсыныстарын сұрату, 203 – бір көзден, 208 – электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында, 204-тауар биржалары арқылы, 212 – "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 2-тармағына сәйкес Қордың Директорлар кеңесі бекітетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының нормаларын қолданбай;

      5-бағанда сатып алу қорытындыларын шығару күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

      6-бағанда сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы шарттың нөмірі көрсетіледі;

      7-бағанда шарттың жасалған күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

      8-бағанда шарттың қолданылу мерзімі (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

      9-бағанда шарттың мәртебесі көрсетіледі:

      "0" мәртебесі жасалған шарттар бойынша көрсетіледі;

      "1" мәртебесі төлемге қарамастан, шарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды растайтын соңғы құжаттың негізінде орындалған шарттар бойынша көрсетіледі;

      "2" мәртебесі шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде бұзылған шарттар бойынша көрсетіледі;

      "3.0" мәртебесі жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі;

      "3.1" мәртебесі төлеміне байланысты емес, шарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды растайтын соңғы құжаттың негізінде орындалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі;

      "3.2" мәртебесі шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде бұзылған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі.

      10-бағанда сатып алуды растайтын теңгемен ҚҚС-ны есепке алмағанда шарттың жалпы сомасы көрсетіледі. Егер шартта шарттың жалпы сомасы айтылмаса, осы шарт бойынша осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жоспарланған сома көрсетіледі. Егер шарт ұзақ мерзімді болса, онда шарттың бүкіл қолданылу кезеңіне шарттың жалпы сомасы көрсетіледі. Егер шартта шарттың жалпы сомасы айтылмаса, бірақ шарттың орындалуына қарай шот-фактуралар немесе орындалған жұмыстардың/көрсетілген қызметтердің актілері ұсынылса, онда әрбір есепті кезең үшін өсу арқылы осы құжаттардың сомасы көрсетіледі;

      11-бағанда теңгемен ҚҚС-ны есепке алмағанда, жылдық сатып алу бағдарламасында жоспарланған сома көрсетіледі;

      12-бағанда шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының анықтамалығына сәйкес тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіледі. Егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда баған толтырылмайды;

      13-бағанда ISO 3166-1-2016 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауларын көрсетуге арналған кодтар. 1-бөлім: Елдердің кодтары" Қазақстан Республикасының Ұлттық жіктеуішіне сәйкес толтыру қажет;

      14-бағанда өнім берушінің атауы көрсетіледі. Егер тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда, атауы заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтамаға сәйкес (заңды тұлғалар үшін) және дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәлікке сәйкес (жеке тұлғалар үшін) көрсетіледі;

      15-бағанда тауарды, жұмысты немесе көрсетілген қызметті берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер тауарды, жұмысты немесе көрсетілген қызметті жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда баған толтырылмайды;

      16-бағанда өнім берушінің электрондық мекенжайы көрсетіледі;

      17-бағанда жеткізушінің байланыс телефоны көрсетіледі;

      18-бағанда өнім беруші қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі;

      19-бағанда жеткізушінің Қазақстан Республикасының азаматтары қызметкерлерінің саны көрсетіледі.

3-тарау. 2-кестені толтыру бойынша түсіндірмелер

      7. Нысан мынадай тәртіппен толтырылады:

      1-бағанда шарттың нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімімен берілген сатып алу коды көрсетіледі. Егер сатып алу жүйені пайдаланбай жүргізілсе, баған толтырылмайды;

      3-бағанда тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес коды көрсетіледі;

      4-бағанда сатып алынған тауардың, жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттар, қасиеттері мен сипаттамалары) көрсетіледі;

      5-бағанда өлшем бірліктері мен шоттардың Мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі. Баған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

      6-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай көріністегі сатып алу көлемі көрсетіледі. Баған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

      7-бағанда қосылған құн салығын есепке алмағанда құндық мәндегі сатып алудың нақты көлемі теңгемен көрсетіледі;

      8-бағанда Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің көшірмесіндегі/"СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат

      9-бағанда Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің көшірмесіндегі/"СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың нөмірі көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      10-бағанда Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің көшірмесіндегі/"СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың сериясы көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      11-бағанда Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің көшірмесіндегі/"СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру органының коды көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      12-бағанда Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің көшірмесіндегі/"СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген күні көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      13-бағанда Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің көшірмесіндегі/"СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы жергілікті қамту пайызбен көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      14-бағанда қосалқы мердігерліктің барлық деңгейлерін ескере отырып, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 28-бабының 2-тармағына сәйкес индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) елішілік құндылық пайызбен (жүздік үлеске дейін) көрсетіледі.

      15-бағанда ISO 3166-1-2016 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауларын көрсетуге арналған кодтар. 1-бөлім: Елдердің кодтары" Қазақстан Республикасының Ұлттық жіктеуішіне сәйкес толтыру қажет.

      Тауардың шығу тегі туралы "СТ-KZ" нысанындағы сертификат 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін күшінде қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады