Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 4 қарашадағы № 511 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 қарашада № 37347 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
міндетін атқарушысы
Г. Кобенова

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
міндетін атқарушысы
2025 жылғы 4 қарашадағы
№ 511 бұйрығымен
бекітілген

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидалары "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу тәртібін айқындайды.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік білім беру тапсырысы) білім беру гранттары түрінде білім беру бағдарламаларына, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) түрі мен мәртебесіне байланысты дифференциацияланып орналастырылады.

2-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру тәртібі

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеу, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, орта мерзімді кезеңге арналған кадрларға қажеттілік туралы нәтижелерді жыл сайын 1 сәуірден кешіктірмей ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынады.

      3. Уәкілетті орган орта мерзімді кезеңге арналған кадрларға қажеттілікті болжау жүйесінің нәтижелері негізінде, сондай-ақ жоғары білім мен ғылымды дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, жоспарларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17565 болып тіркелген) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары топтарының жіктеуішіне сәйкес даярлау бағыттары бөлінісінде мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастырады.

3-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу тәртібі

      4. Даярлау бағыттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру бағдарламалары топтарына, сондай-ақ жоғары білім мен ғылымды дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, жоспарларды ескере отырып, ЖЖОКБҰ-ға, шетелдік жоғары білім беру ұйымдарының филиалдарына қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша бөлінеді.

      5. Мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу білім беру бағдарламалары топтары бойынша үш жылдық кезеңге жүзеге асырылады.

      Әрбір білім беру бағдарламалары тобы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі мына формула бойынша айқындалады:

     


      мұнда:

      Gi = і-ші білім беру бағдарламалары тобы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі;

      Pi = орта мерзімді кезеңге арналған і-ші білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрларға қажеттілік;

     

= барлық білім беру бағдарламалары топтары бойынша орта мерзімді кезеңге арналған кадрларға жиынтық қажеттілік;

      G = жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім кадрларын даярлау бағыттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемі;

      i = білім беру бағдарламаларының нақты тобына оның атауы бойынша сілтеме жасайтын индекс.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде жекелеген білім беру бағдарламалары топтары үшін басым өлшем ретінде түлектерді жұмыспен қамту пайызы ескеріледі. Аталған көрсеткіш еңбек нарығында түлектердің сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

      Есептелген мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі оның белгіленген жалпы көлемін сақтау арқылы бүтін санға дейін дөңгелектенеді.

      Қажет болған кезде білім беру бағдарламалары тобы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы санын сақтау мақсатында түзету жүргізілуі мүмкін.

      6. Мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу үшін уәкілетті орган Мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссия құрамына уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың, Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері кіреді.

      Комиссия мүшелерінің арасынан көпшілік дауыспен төраға, оның орынбасары және хатшы сайланады.

      Комиссияның құрамы бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды. Комиссия отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқанда заңды деп есептеледі.

      Комиссия шешімдері отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері санының жай көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырыстың хаттамасымен ресімделеді, оған төраға қол қояды. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      7. Уәкілетті орган Комиссия шешімінің негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру бағдарламалары топтары бойынша, оның ішінде өңірлерге ЖЖОКБҰ түрі мен мәртебесіне байланысты саралап бөледі.

      8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 357 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33174 болып тіркелген) жоғары білімді кадрларды даярлау бағыттары бойынша әрбір бағыт үшін қабылдау квоталарының мөлшері көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады