ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 337-бабы 1-тармағының 6) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу (пайдалану) актісін келісу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
2025 жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
2025 жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
2025 жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2025 жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
2025 жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
2025 жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі
2025 жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2025 жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму
министрлігі
2025 жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
2025 жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
2025 жылғы "___" ___________
| Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2025 жылғы 31 қазандағы № 509 Бұйрығымен бекітілген |
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу (пайдалану) актісін келісу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу (пайдалану) актісін келісу қағидалары (бұдан әрі ‒ Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 337-бабы 1-тармағының 6) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу (пайдалану) актісін (бұдан әрі ‒ енгізу актісі) келісу тәртібін айқындайды.
2. Енгізу актісі ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді және (немесе) көрсетілген жұмыстардың нәтижесін және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізуді (пайдалануды) растайтын құжат болып табылады.
2-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу (пайдалану) актісін келісу қағидалары
3. Енгізу актісі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті саланың уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісіледі.
4. Өтініш беруші қағаз тасығышта және (немесе) электронды түрде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанда көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға енгізу актісін келісуге береді.
5. Енгізу актісі келіп түскен кезде уәкілетті орган құжаттарды қабылдап алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастырады, оның ішінде:
1) өтініш беруші ұсынған құжаттар тізбесінің толықтығын, дұрыстығын тексереді;
2) қажет болған кезде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың мәлімделген нәтижесінің, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің көшпелі іс-шараларын жүзеге асырады;
3) енгізу актісін келіседі немесе дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.
6. Енгізу актісін келісуден бас тарту үшін:
1) өтініш берушінің құжаттар тізбесін толық ұсынбауы;
2) өтініш беруші енгізу актісін келісу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректер мен мәліметтердің дұрыс болмауы;
3) көшпелі іс-шаралардың қорытындысы бойынша өндірісте ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың мәлімделген нәтижесін, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізудің болмауы негіз болып табылады.
7. Белгіленген нысанға сәйкес келтірілген енгізу актісі ол қайта келіп түскен сәттен бастап қаралады.
| Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу (пайдалану) актісін келісу қағидаларына қосымша |
нысан
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу (пайдалану) актісі
1. Өнеркәсіптік меншік объектісін құруға байланысты, оның ішінде қорғау құжаты бар жұмыстар бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің атауы:
_____________________________________________
_____________________________________________
2. Қысқаша андатпа:
_____________________________________________
_____________________________________________
3. Енгізу әсері (экономикалық, әлеуметтік, экологиялық) әсер саласының астын сызу):
_____________________________________________
_____________________________________________
4. Енгізу орны мен күні:
_____________________________________________
_____________________________________________
5. Енгізу нысаны:
_____________________________________________
_____________________________________________
Кәсіпорынның/ұйымның уәкілетті адамының қолымен куәландырылған мынадай құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет:
1) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған шарт және техникалық тапсырма (техникалық ерекшелік) (бар болған жағдайда);
2) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35615 болып тіркелген) бекітілген Бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларына 9-қосымшаға сәйкес ақпараттық карта (бар болған жағдайда);
3) мәлімделген ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жүргізу кезінде құрылған зияткерлік меншік объектілеріне алынған қорғау құжаты (патент, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік);
4) мәлімделген ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерін, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан және лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты беру туралы шартты не өзге де шарт бойынша стартап компаниялардан зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алу фактісін растайтын құжаттар зияткерлік меншік объектісін коммерцияландыруды растайтын құжаттар (зияткерлік меншік объектісін коммерцияландыру мақсатында оны енгізуді растайтын шарт және (немесе) құжат) (бар болған жағдайда);
5) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізгеннен кейін ұйымдағы технологиялық процестердің және (немесе) шығарылатын өнімнің тұтыну қасиетінің (техникалық сипаттамасы) жақсаруын растайтын құжат (технологиялық процестердің картасы, өндірістік процестердің технологиялық регламенті немесе технологиялық процестердің, тұтыну қасиетінің және/немесе техникалық сипаттаманың өзгеруін растайтын өзге де құжат).
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ақпараттық жүйелерден құжаттар алуға келісім беру ________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қолтаңбалар:
1. Субъекті немесе өтініш берушінің заңды өкілі (ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыруды жүргізген салық төлеуші)
Лауазымы ____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
(қолы)
Лауазымы _____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
(қолы)
2. Өндірістік қызметіне ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелері, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру нәтижелері енгізілген ұйымның субъектісі немесе оның заңды өкілі
Лауазымы ____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
(қолы)
Лауазымы _____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
(қолы)
