"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 723 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 3 қарашадағы № 1533 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 қарашада № 37339 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22желтоқсандағы № 723 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21873 болып тіркелген)мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларында:

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әскери медицина – әскери-медициналық қызметтің ғылыми білімі (ғылыми-практикалық пәндер кешені) мен практикалық қызметінің жүйесін білдіретін, бейбіт уақытта және соғыс уақытында арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының әскерлерін, бөлімшелері мен ведомстволарын жан-жақты медициналық қамтамасыз етуді өзіне мақсат ететін медицина мен денсаулық сақтау саласы;

      2) әскери-дәрігерлік сараптама – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында медициналық қамтамасыз етуді оңтайлы жасақтау мен жетілдіру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәселелерді шешу мақсатында жүзеге асырылатын ғылыми, әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін білдіретін медициналық қызмет түрі;";

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету – әскери-медициналық (медициналық) көмекті ұйымдастыру мен көрсетуді, медициналық қарап-тексерулер жүргізуді, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықтауды, денсаулық сақтау саласында сараптама жүргізуді, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік қабілеті мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында әскерлердегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының бөлімшелері мен ведомстволарындағы әскери медицина бойынша ғылыми-әдістемелік әзірлемелер мен оқытуды қамтитын іс-шаралар кешені;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры–аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      7) емдеуге жатқызу бюросының порталы – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттің стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдамасын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әскери-медициналық (медициналық) мекемелер, әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етуді жүзеге асыратын өзге де бөлімшелер:

      әскери госпиталь, әскери лазарет, әскери емхана;

      санитариялық-эпидемиологиялық мекеме (санитариялық-эпидемиологиялық орталық және олардың филиалдары);

      медициналық жабдықтау мекемесі (медициналық қойма, медициналық мүлік пен техника сақталатын база (оқшауланған бөлім);

      арнайы әскери-медициналық мекеме (штаттық әскери-дәрігерлік комиссия, әскери медицина орталығы) мен дәрігерлік-ұшу сараптамасы бөлімшесі (бөлімі) (авиациялық медицина зертханасы);

      әскери бөлім (бөлімше) мен мекеменің медициналық ротасы (взводы, бөлімшесі) және медициналық пункті.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Әскерді оқу-жауынгерлік даярлау процесінде медициналық қамтамасыз етілуге:

      жауынгерлік даярлық бойынша сабақ, оқу-жаттығу мен оқ ату;

      дене шынықтыру дайындығы және спорттық іс-шара;

      танкіні және басқа да машинаны суасты жүргізу;

      қарауыл, кезекші күш (ауысым) құрамында әскери қызмет өткеру;

      әскери жеткізу;

      парашютпен секіру;

      сүңгуірлік жұмыс пен су астына түсу жатады.";

      22-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) (бұдан әрі – Әскери-дәрігерлік сараптама қағидалары) сәйкес танкіні және басқа да машинаны суасты жүргізуге жарамдылығын айқындауүшін әскери қызметшілерді медициналық куәландыруды ұйымдастыруды және жүргізуді;";

      мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Сүңгуірлік жұмыс пен су астына түсуді медициналық қамтамасыз ету:

      Әскери-дәрігерлік сараптама қағидаларына сәйкес сүңгуірлік жұмысқа және су астына түсуге жарамдылығын айқындау үшін әскери қызметшіні медициналық куәландыруды ұйымдастыру мен жүргізуді;

      сүңгуір станциясында сүңгуірлерді медициналық қамтамасыз ету журналының және сүңгуірлер декомпрессиясы режимін тіркеу журналының болуын бақылауды;

      сүңгуір қобдишасының, сүңгуірлердің сүңгуі мен суасты жұмысын медициналық қамтамасыз ету кезіндегі шұғыл көмекке арналған жинақтың жиынтықталуын бақылауды;

      талдау нәтижесін журналда тіркеп, су астына түсетін сүңгуірдің тыныс алуына немесе барокамераға берілетін ауа сапасын бақылауды;

      сүңгуірге денсаулық жағдайы бойынша су астына түсуге рұқсат етуді айқындап, медициналық қарап-тексеруді;

      жазатайым оқиға болғанда әскери қызметшіні емдеу мекемесіне эвакуациялап, оған медициналық көмек көрсетуді қамтиды.

      Сүңгуірлік жұмыспен су астына түсуді медициналық қамтамасыз ету үшін медициналық көмек көрсететін мүлік жиынтығы мен санитариялық автомобильде құрамында дәрігер, фельдшер (мейіргер) бар медициналық бригада бөлінеді.";

      34-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 589 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21552 болып тіркелген) сәйкес жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді;";

      мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:

      "38-1. Келісімшарт бойынша әскери қызметшінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ әскери қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша,әскери қызмет міндеттерін атқарумен байланысты ауыруы бойынша әскери қызметтен шығарылған, сондай-ақ жиырма және одан көп еңбек сіңірген жылы бар адамдарды (бұдан әрі – әскери қызметтен шығарылған адамдар) әскери госпитальға (лазаретке) емделуге жатқызу:

      1) госпиталь (лазарет) емханалық бөлімшесінің не алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымының және (немесе) емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы бойынша – тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебіненшарт шеңберінде жоспарлы түрде стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету;

      2) госпиталь (лазарет) емханалық бөлімшесінің жолдамасы бойынша не тікелей жүгіну кезінде – әскери-медициналық мекемеге бөлінген қаражат есебінен қосымша көлемдегі медициналық көмеккөрсету үшін жүзеге асырылады.

      Әскери-медициналық мекеме басшылығы медициналық көрсеткіші болғанда емделуге жоспарлы жатқызу көлемінен 20 % шегінде көрсетілген санаттағы азаматтарды жоспарлы емделуге жатқызу туралы шешімді мынадай санаттағы адамдар үшін дербес қабылдайды:

      1) әскери қызметтен шығарылған:

      мүгедектікке әкелген ауруына байланысты;

      басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимылғақатысқан;

      бітімгершілік операцияларға қатысқан;

      Қазақстан Республикасының немесе бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының орденімен (ордендерімен) наградталған;

      күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп еңбек сіңірген жылы бар;

      2) келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің отбасы мүшелері:

      көп балалы ана болып табылатын зайыбы;

      мүгедектігі бар адам болып табылатын жұбайы (зайыбы);

      мүгедектігі бар балаға (балаларға) тікелей күтім жасайтын жұбайы (зайыбы).

      Стационарлық жағдайда медициналық көмек "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы42-1 және 42-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "42-1. Әскери қызметшіге стоматологиялық көмек көрсету үшін жағдай болмағанда әскери-медициналық мекеме (медициналық бөлімше) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес стоматологиялық көмек көрсету қызметін денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алады.

      42-2. Келісімшарт бойынша әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ әскери қызметтен шығарылған адамдарға стоматологиялық көмек әскери-медициналық мекемеге бөлінген қаражат есебінен қосымша көлемдегі медициналық көмек шеңберінде көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы49-1-тармақпен толықтырылсын:

      "49-1.Келісімшарт бойынша әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ әскери қызметтен шығарылған адамдарға амбулатория жағдайында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ – 194/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 болып тіркелген) сәйкес олар әскери-медициналық мекемеде тіркелген жағдайда жүзеге асырылады.

      Әскери қызметшінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ әскери қызметтен шығарылған адамдарға алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. "Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 238/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21746 тіркелген)мамандандырылған медициналық көмекті арнайы диагностикалау, емдеу, медициналық оңалту әдістері, оның ішінде қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызмет құралдарын пайдалану талап етілетін ауру кезінде әскери-медициналық мекеменің (медициналық бөлімшенің) бейінді мамандары көрсетеді.";

      мынадай мазмұндағы 50-1-тармақпен толықтырылсын:

      "50-1. Әскери-медициналық мекеме келісімшарт бойынша әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ әскери қызметтен шығарылған адамдарға амбулатория жағдайында консультациялық-диагностикалық көмек көрсетудішарт шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық оңалту мақсатында әскери қызметшіге санаториялық-курорттық емдеу ұсынылады.";

      56, 57, 58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Әскери қызметтен шығарылған, жиырма бес және одан көп еңбек сіңірген жылдары бар адамдарға (бұдан әрі – әскери зейнеткерлер) мемлекет есебінен "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 1-тармағына сәйкес бекітілетін аурулар тізбесі бойынша көрсеткіш болғанда санаториялық-курорттық емдеу ұсынылады.

      Жыл сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қорғаныс істері департаментінде стационарлық немесе амбулаториялық емдеу нәтижесін, динамикалық байқау деректерін ескеріп, санаториялық-курорттық емделуге мұқтаж әскери зейнеткерлердің тізімі жасалады.

      Алдағы жылға санаториялық-курорттық емделуге мұқтаж әскери зейнеткерлер тізімі 25 желтоқсаннан кешіктірілмей БӘМБ-ғаберіледі.

      57. Санаториялық-курорттық емделуге мұқтаж әскери зейнеткерлердің жиынтық тізімін жасау, алынған санаториялық-курорттық көрсетілетін қызметті облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша бөлу, бөлінген санаториялық-курорттық көрсетілетін қызмет санын және санаториялық-курорттық ұйымға бару кестесін жеткізу осы Қағидалардың 54-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      58. Санаториялық-курорттық емделуге жіберу үшін әскери зейнеткерлерді іріктеуді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қорғаныс істері департаментінде құрылған комиссия жүзеге асырады.

      Санаториялық-курорттық емделуге жіберілетін әскери зейнеткерлерге:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санаториялық-курорттық емделуге жолдама;

      2) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 069/у нысаны бойынша санаториялық-курорттық карта беріледі.

      59. Санаториялық-курорттық емделуге жіберілетін әскери қызметшілер мен әскери зейнеткерлердің тізімін әскер түрі, әскер тегі, өңірлік қолбасшылық, әскери бөлім мен мекеме бақылауды жүзеге асыру үшін санаторийге барған күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей БӘМБ-ғабереді.

      Санаториялық-курорттық емделуге мұқтаж (жіберілетін) адамдардың тізімін жасау кезінде әскери қызметшінің (әскери зейнеткердің) әскери атағы, тегі, инициалдары, ЖСН, еңбек сіңірген жылдары, санаториялық-курорттық емделуге жіберу үшін медициналық көрсеткіш, бұрын алынған санаториялық-курорттық емдеу туралы мәліметтер көрсетіледі.";

      61 және 62-тармақта мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Әскери-медициналық мекемеде (медициналық бөлімшеде) зертханалық диагностикалау "Зертханалық диагностика жүргізуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 257/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21768 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады. Әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін қажетті зертханалық зерттеу тізбесі болмағанда әскери-медициналық мекеме (медициналық бөлімше) зертханалық диагностикалау қызметін көрсететін денсаулық сақтау ұйымымен азаматтық-құқықтық шарт жасайды.

      62. Әскери-медициналық мекемеде патологиялық-анатомиялық диагностикалау "Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 259/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21790 болып тіркелген) сәйкес хирургиялық операция және (немесе) биопсия (операциялық-биопсиялық материал) арқылы алынған пациенттің ағзасындағы (ағза фрагментіндегі), тіні мен жасушасындағы, сондай-ақ мәйіт тініндегі, ағзасы мен жасушасындағы өзгерістер жиынтығын талдау арқылы диагноз қою мақсатында жүргізіледі. Патологиялық-анатомиялық диагностикалау мүмкін болмағанда әскери-медициналық мекеме патологиялық-анатомиялық диагностикалау қызметін көрсететін денсаулық сақтау ұйымымен азаматтық-құқықтық шарт жасайды.";

      166-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "166. Екпе жасау жоспарлы (профилактикалық) тәртіппен және эпидемиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Әскери-медициналық мекеме (медициналық бөлімше)екпе жасаукезінде "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулар тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысын басшылыққа алады.".

      Эпидемиялық көрсеткіш бойынша екпе жасау өңірлі кошақта және эпидемиялық ахуалды ескеріп жүргізіледі.";

      251-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшенің медицина және фармацевтика кадрын тағылымдамадан өткізу әскери бөлім (бөлімше) менмекеме медициналық ротасының (взводының, бөлімшесінің) және медициналық пунктінің, әскери емхананың, дәрігерлік-ұшу сараптамасы бөлімінің (авиациялық медицина зертханасының) дәрігерлерін әскери госпитальға (лазаретке) жұмыс бабындағы іссапарға жіберу (он тәулікке дейін) не кезекшілікке тарту арқылы жүзеге асырылады.";

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осытармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Д. Косанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2025 жылғы 3 қарашадағы
№ 1533 Бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерінде әскери-
медициналық (медициналық)
қамтамасыз ету қағидаларына
3-қосымша
Нысан

      Әскери бөлім мен мекеменің бұрыштамалық мөртаңбасы

Санаториялық-курорттық емделуге жолдама

      1. _____________________________________________________________ жіберіледі

      (санаториялық-курорттық ұйымның атауын көрсету)

      2. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________________________________

      3. Жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________

      4. Әскери атағы ____________________________________________________________

      5. Туған күні _______________________________________________________________

      6.Еңбек сіңірген жылдары (әскери зейнеткерлер үшін) ____________________________

      7. Әскери бөлім мен мекеме __________________________________________________

      8. Санаториялық-курорттық емделу үшін көрсеткіші _____________________________

      __________________________________________________________________________

      9. Санаторийге кіретін күн ___________________________________________________

      Командир (бастық) _________________________________________________________

      (әскери атағы, қолтаңбасы, инициалдары мен тегі)

      М.О. (әскери бөлім мен мекеменің елтаңбалы мөрі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады