БҰЙЫРАМЫН:
1. "Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 19-14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 133) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:
жоғары оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығымен бекітілген";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. Осы Байланыс қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1-тармағының 19-14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 133) тармақшасына сәйкес әзірленді және байланыс қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) биометриялық деректер – дербес деректер субъектісінің физиологиялық және биологиялық ерекшелiктерiн сипаттайтын дербес деректер, олардың негізінде осы субъектінің жеке басын анықтауға болады.";
52-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты басқа да ақпараттық-анықтамалық қызметтерді ұсыну (көрсетілетін ұялы байланыс қызметтерінің сапасына түскен шағымдарды қабылдау, ұялы байланыс қызметтерін жақсарту бойынша ұсыныстар қабылдау, роумингтегі байланыс қызметтері туралы ақпарат, күдікті SMS-хабарламалар және (немесе) алаяқтық белгілері бар қоңыраулар туралы өтініштерді қабылдау).";
мынадай мазмұндағы 55-1, 55-2, 55-3, 55-4, 55-5 және 55-6-тармақтармен толықтырылсын:
"55-1. Ұялы байланыс операторы жеке тұлғаның өтініші бойынша жеке, отбасылық және өзге де пайдалануға жеткілікті оннан аспайтын абоненттік нөмірді ресімдейді.
55-2. Ұялы байланыс операторы өтініш негізінде ұялы байланыс операторына осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен абоненттік құрылғылардың, оның ішінде абоненттік нөмірлер қолданылатын машинааралық өзара іс-қимыл абоненттік құрылғыларының сипаттамасы мен сәйкестендіру кодтарын көрсете отырып, тиісті негіздемелерді, қажеттілік дәлелдемелерін ұсынған кезде абонентке оннан астам абоненттік нөмірді ресімдейді.
55-3. Жеке тұлға оннан астам абоненттік нөмір алу үшін өтініште сұратылған абоненттік нөмірлерді пайдаланудың тиісті мақсаттарын көрсетеді, сондай-ақ ұялы байланыс операторымен көзделген ұсынылатын деректердің дұрыстығын растайды.
55-4. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша ұялы байланыс операторы осы Қағидалардың 55-тармағына сәйкес жеке тұлғаға абоненттік нөмірлерді ресімдейді не себебін көрсете отырып және осы Қағидалардың 57-тармағының 16) тармақшасында белгіленген мерзімде бас тартады.
55-5. Бас тарту себептері жойылғаннан кейін жеке тұлға ұялы байланыс операторына өтінішті қайта жібереді.
55-6. Ұялы байланыс операторы шарт негізінде абонентке абоненттік нөмірді ресімдейді.".
мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:
"3-тарау. Алаяқтық, сондай-ақ байланыс желілеріндегі алаяқтық әрекеттердің белгілері бар қоңырау шалу жүзеге асырылған абоненттік нөмірді анықтау тәртібі
116. Ұялы байланыс операторы ішкі антифрод жүйелерін қолданады.
117. Ұялы байланыс операторлары ақпараттық жүйелерін (дерекқорын) интеграциялау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің антифрод-орталығымен келісім жасасады.
118. Ұялы байланыс операторы ішкі антифрод-жүйелерінің негізінде, оның ішінде GSM-шлюздер (сим-бокстар) арқылы алаяқтық белгілері бар SMS-хабарламаларды және (немесе) қоңырауларды, сондай-ақ байланыс желілеріндегі алаяқтық әрекеттерді дербес анықтайды және абонент туралы тегі, аты, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін және абонентке ресімделген абоненттік нөмірлерді қоса алғанда, ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) бере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығын хабардар етеді.
119. Ұялы байланыс операторына ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесі арқылы абоненттің өтініші келіп түскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығынан, оның ішінде GSM-шлюздер (сим-бокстар) арқылы алаяқтық белгілері бар қоңыраулар, байланыс желілеріндегі алаяқтық әрекеттер бойынша ақпарат алған кезде 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеру жүргізіледі.
120. Осы Қағидалардың 119-тармағында көрсетілген ақпарат расталған кезде ұялы байланыс операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығына ақпарат бере отырып, осы абоненттік нөмірге байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұрады.
Алаяқтық әрекеттердің белгілері расталмаған кезде ұялы байланыс операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде алаяқтық әрекеттердің белгілері расталмағаны туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығын хабардар етеді.".
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы |
Д. Мун |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
