Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 қарашада № 37325 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 95-1-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
А. Амрин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 31 қазандағы № 114
Бұйрықпен бекітілген

Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 95-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кепілдік беру лимиті – қаржы агенттігі ЕДБ үшін белгілеген кепілдіктердің шекті сомасы, оның шегінде ЕДБ қаржы агенттігімен келісу рәсімдерінсіз кәсіпкерлерге қаржы агенттігі кепілдігін беру туралы шешім қабылдауға құқылы;

      2) кепілдік қоры – қаржыландыру көлемі 7 (жеті) миллиард теңгеден аспайтын жобалар үшін кредиттер/қаржы лизингі/шартты міндеттемелер/форвардтық шарттар бойынша кепілдік беруге арналған, республикалық бюджет, жергілікті бюджеттер, қаржы агенттігінің меншікті қаражаты, ЕДБ мен өзге де заңды тұлғалардың жарналары, сондай-ақ кәсіпкерлерден кепілдік шығарғаны үшін комиссиялар сомалары есебінен қалыптастырылатын қаражат жиынтығы;

      3) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      4) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.

2-тарау. Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарын есептеу тәртібі

      3. ЕДБ міндетті жарнасының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      Міндетті жарна мөлшері = 0,1 % × кредиттік портфель.

      мұнда:

      міндетті жарна мөлшері – ЕДБ кепілдік қорына төлейтін сома;

      кредиттік портфель – жарна жүзеге асырылатын жылдың басындағы жағдай бойынша әрбір ЕДБ-нің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттік портфелінің жалпы сомасы. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттік портфелінің мөлшері (сомасы) уәкілетті органның деректері негізінде айқындалады.

      4. ЕДБ ерікті жарнасының мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ерікті жарнаның мөлшері = (кепілдендірудің жоспарланатын көлемі / 2 – ЕДБ жарнасы есебінен кепілдендірудің лимиті) / 10.

      мұнда:

      ерікті жарнаның мөлшері – кепілдік беру лимитін ұлғайту мақсатында кепілдік қорына ЕДБ төлеуге жататын сомасы;

      кепілдендірудің жоспарланатын көлемі – ЕДБ қаржы жылы ішінде пайдалануды жоспарлап отырған қаржы агенттігінің кепілдіктері сомасы;

      ЕДБ жарнасы есебінен кепілдендірудің лимиті – 10-ға көбейтілген міндетті жарна негізінде есептелген лимит.

      Жоспарланатын кепілдік беру көлемін ұлғайту қажет болған кезде ЕДБ қаржы жылы ішінде қосымша ерікті жарна енгізеді, содан кейін қаржы агенттігі қ қаржыландыру ретінде бөлінетін өз қаражаты есебінен кепілдік беру лимитінің барабар ұлғаюын қамтамасыз етеді.

      5. ЕДБ кепілдендіру лимиті мынадай формула бойынша белгіленеді:

      ЕДБ кепілдендіру лимиті = (ЕДБ жарналары + қаржы агенттігін қоса қаржыландыруы) × 10.

      мұнда:

      ЕДБ жарналары – ЕДБ кепілдік қорына төлейтін міндетті және ерікті жарналардың сомасы;

      қаржы агенттігін қоса қаржыландыруы – осы ЕДБ-ге кепілдік беру лимитін белгілеу мақсаттары үшін ЕДБ-нің жиынтық жарналарына тең мөлшерде тепе-тең негізде жіберілетін қаржы агенттігінің өз қаражатының сомасы.

      Кепілдік беру лимиті ЕДБ мен қаржы агенттігі қаражатының жиынтық қатысуы есебінен қоса қаржыландыру шарттарында қалыптастырылады.

      6. ЕДБ-нің осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес міндетті жарнаны төлеу жөніндегі міндеттемесі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі енгізілген жылы қаржы агенттігімен екіжақты келісім жасасқан ЕДБ қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі енгізілген жылдан кейінгі жылдан бастап туындайды.

      7. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі енгізілген жылы кепілдік беру лимитін белгілеу туралы қаржы агенттігімен екіжақты келісім жасасқан ЕДБ осы ЕДБ-ге кепілдік беру лимитін белгілеу үшін қаржы агенттігі міндетті жарна бөлген өз қаражатының сомасына тең мөлшерде не 0,286 % мөлшерінде х жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі енгізілген жылы ғана уәкілетті органның деректері негізінде жыл басындағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттік портфелінің жалпы сомасын төлейді. Келесі жылдары міндетті жарнаның мөлшері осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес есептеледі.

      8. ЕДБ міндетті жарналары ретінде төленуге жататын сомалар ЕДБ мен қаржы агенттігі арасындағы екіжақты келісімде көзделген тәртіпте біржолғы не бірнеше төлеммен төленеді. Бұл ретте кепілдік беру лимиті нақты төленген сомаларға барабар ұлғайтылады.

      9. Кепілдік қорына төленетін ЕДБ міндетті жарналарының мөлшерлері мынадай тәуекел факторларының біреуі немесе бірнешеуі болған жағдайда қаржы жылының қорытындысы бойынша ұлғаю жағына қарай түзетілуге жатады:

Р/с

Түзету үшін негіз

Шекті мән

Жарна мөлшерлемесіне үстемеақы мөлшері

1

Портфельдік кепілдіктер бойынша қаржы агенттігі төлеген ЕДБ талаптары көлемінің кепілдік портфелінің берешек қалдығынан асып кетуі

7 %-дан жоғары 10 %-ға дейін қоса алғанда

+0,02%

10 %-дан жоғары 15 %-ға дейін қоса алғанда

+0,05%

15 %-дан жоғары

+0,10%

2

Қаржы агенттігі кепілдікпен берген кредиттер бойынша NPL90+ үлесінің негізгі борыш бойынша берешек қалдығынан асып кетуі

7 %-дан жоғары 10 %-ға дейін қоса алғанда

+0,02%

10 %-дан жоғары 20 %-ға дейін қоса алғанда

+0,05%

20 %-дан жоғары

+0,10%

3

Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттер үлесінің қаржы агенттігінің кепілдігімен берілген кредиттердің жалпы сомасынан асып кетуі

20 %-дан жоғары 30 %-ға дейін қоса алғанда

+0,05%

30 %-дан жоғары

+0,10 %

      10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген бірнеше тәуекел факторлары ЕДБ-де бір мезгілде болған жағдайда, үстемеақы мөлшерлері қосылады.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес айқындалған жарна мөлшерлемесіне түзетулердің жиынтық мөлшері 0,15 пайыздық тармақтан аспауға тиіс.

      Қаржы агенттігі жарна мөлшерінің ұлғаюына әсер ететін анықталған тәуекел факторлары туралы ЕДБ-ге олар анықталған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде хабарлайды. ЕДБ қажет болған жағдайда көрсетілген факторларға қатысты қарсылықты қаржы агенттігінен тиісті хабарлама алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде береді.

      11. ЕДБ анықталған тәуекел факторларын жойып, көрсеткіштерді қаржы жылы аяқталғанға дейін белгіленген шекті мәндерге сәйкес келтірген жағдайда, келесі қаржы жылындағы жарна мөлшері осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген үстемеақыларды қолданбай айқындалады.

      Егер алдыңғы кезеңде жойылған тәуекел факторлары келесі кезеңдерде қайта туындаса, үстемеақылар алдыңғы кезеңде олардың уақытша жойылуына қарамастан жалпы тәртіпте қолданылады.

      12. ЕДБ белгіленген кепілдік беру лимитін қаржы жылының соңына дейін ішінара немесе толық көлемде пайдаланбаған жағдайда жарнаның бір бөлігін қайтару жүзеге асырылмайды.

      13. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі енгізілген жылы пайдаланылмаған кепілдік беру лимиті және ЕДБ төлеген жарна есебінен белгіленген кепілдік беру лимиті келесі қаржы жылына ауыстырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады