Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 147-1-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қазынашылықтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны бірінші ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің м.а | А. Амрин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
| Министрдің м.а 2025 жылғы 31 қазандағы № 116 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік қазынашылықтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қазынашылықтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 147-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қазынашылықтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қазынашылық – бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органның бюджетті қазынашылық атқару жөніндегі уәкілетті органның функциялары жүктелген ведомствосы;
2) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер – Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған, жасалған "толық бітіріп берілетін" құрылыс шарттары бойынша белгілі бір күнге тапсырыс беруші қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің бюджеттен бөлінетін сомасы бойынша тапсырыс беруші мен өнім берушінің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;
3) "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарт – жобалау, іздестіру, құрылыс-монтаждау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу) және басқа да жұмыстарды орындауды, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарға ілеспе тауарлар жеткізу мен жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мен техникалық қадағалау қызметтерін қоспағанда, қызметтер көрсетуді қамтитын, объектіні салу және оны пайдалануға беру жөніндегі кешенді жұмыстар нысанасы болып табылатын шарт.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алу тәртібі
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды мемлекеттік қазынашылық "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.
4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік қазынашылыққа осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оны) күніне дейін жасалған Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар бойынша ақпарат береді.
5. Мемлекеттік қазынашылық осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы жиынтық есепті қалыптастырады және тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасы) күніне дейін оларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
6. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өзінің ресми интернет-ресурсында Кодекстің 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы жиынтық есепті жариялауды жүзеге асырады.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер жасалған "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар бойынша "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді толық төлеген кезде орындалды деп есептеледі.
Ұсынылады: бюджетті қазынашылық атқару жөніндегі уәкілетті органның функциялары жүктелген бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органның ведомствосы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://www.ecc.kz/ru/project/e-minfin интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Жасалған "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар бойынша ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-ЖША.
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: __ тоқсан __ жыл.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды өтеусіз ұсынатын тұлғалар тобы: республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оны) күніне дейін.
Бизнес сәйкестендіру нөмірі. |
|
Жинау әдісі: электронды түрде.
Жасалған "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар бойынша ақпарат
теңге
№ | ББӘ | "Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарт бойынша жобаның атауы | "Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шартта белгіленген жобаны іске асыру мерзімдері | Күні және тіркеу нөмірі | Тапсырыс беруші | Өнім беруші | Шарттың жалпы сомасы | Жиыны, төлемдер графигі бойынша мемлекеттік міндеттемелер сомасы | Жиыны, мемлекеттік міндеттемелердің нақты төленген сомасы | Жоспар | Факт |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Телефоны ____________________ Электрондық поштаның мекенжайы ______________
Орындаушы ____________________________________________ _________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам
______________________ _______________ ____________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
| "Жасалған "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Жасалған "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс: 1-ЖША, кезеңділігі: тоқсан сайын)
1. Осы түсіндірме республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жасалған "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар бойынша ақпарат жасауына және ұсынуына арналған.
2. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер теңгемен толтырылады.
3. Есеп бюджетті қазыналық атқару жөніндегі уәкілетті органның функциялары жүктелген бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органның ведомствосына ұсынылады.
Бағандарда мыналар көрсетіледі:
1-бағанда жобаның реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі көрсетіледі;
3-бағандарда "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарт бойынша жобаның атауы көрсетіледі;
4-бағанда "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шартқа сәйкес жобаны іске асыру мерзімдері көрсетіледі;
5-бағанда "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шартты тіркеу күні мен нөмірі көрсетіледі;
6-бағанда тапсырыс беруші көрсетіледі;
7-бағанда өнім беруші көрсетіледі;
8-бағанда "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттың жалпы сомасы көрсетіледі;
9-бағанда төлемдер графигі бойынша мемлекеттік міндеттемелердің сомасы көрсетіледі;
10-бағанда мемлекеттік міндеттемелердің нақты төленген сомасы көрсетіледі;
11-бағанда жоспар көрсетіледі;
12-бағанда факт көрсетіледі.
Ұсынылады: бюджетті қазынашылық атқару жөніндегі уәкілетті органның функциялары жүктелген бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органның ведомствосы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://www.ecc.kz/ru/project/e-minfin интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы жиынтық есеп.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-ЖЕ.
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: __ тоқсан __ жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасы) күніне дейін.
Бизнес сәйкестендіру нөмірі |
|
Жинау әдісі: электронды түрде.
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы жиынтық есеп
теңге
№ | ББӘ | Мемлекеттік органның атауы | "Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарт бойынша жобаның атауы | Өнім беруші | Шарттың жалпы сомасы | Жиыны, төлемдер графигі бойынша мемлекеттік міндеттемелердің сомасы |
Жиыны, мемлекеттік міндеттемелер | Жоспар | Факт |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Телефоны ____________________ Электрондық поштаның мекенжайы ______________
Орындаушы ____________________________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндеттерін орындайтын адам
______________________ _______________ ______________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
| "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы жиынтық есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы жиынтық есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс: 2-ЖЕ, кезеңділігі: тоқсан сайын)
1. Осы түсіндірме республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы жиынтық есепті жасауына және ұсынуына арналған
2. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер теңгемен толтырылады.
3. Есеп бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады.
Бағандарда мыналар көрсетіледі:
1-бағанда жобаның реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі көрсетіледі;
3-бағанда мемлекеттік органның атауы көрсетіледі;
4-бағанда "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарт бойынша жобаның атауы көрсетіледі;
5-бағанда өнім беруші көрсетіледі;
6-бағанда "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттың жалпы сомасы көрсетіледі;
7-бағанда төлемдер графигі бойынша мемлекеттік міндеттемелердің сомасы көрсетіледі;
8-бағанда мемлекеттік міндеттемелердің нақты төленген сомасы көрсетіледі;
9-бағанда жоспар көрсетіледі;
10-бағанда факт көрсетіледі.
