БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17028 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетіліп отырған бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
"3-1 тарау. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде және олардың аумағы шегінде тергеу изоляторларында пайдаланылатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұру және қалпына келтіру тәртібі
20-1. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде және тергеу изоляторларында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына қызмет көрсетуді тоқтата тұру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органынан келіп түскен талап негізінде жүзеге асырылады.
20-2. Қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторына абоненттік құрылғыларда қызмет көрсету жұмысын тоқтата тұру туралы талап жібереді.
20-3. Сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы талапты алған сәттен бастап 1 (бір) сағат ішінде ұялы байланыс операторын абоненттік құрылғыларда қызмет көрсету жұмысын тоқтата тұруға байланысты талаптың келіп түскені туралы хабардар етеді.
20-4. Ұялы байланыс операторы хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларда қызмет көрсету жұмысын тоқтата тұрады.
20-5. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде және тергеу изоляторларында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларында қызмет көрсету жұмысын қалпына келтіру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органынан тиісті талап келіп түскен кезде жүзеге асырылады.
20-6. Қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторына абоненттік құрылғыларда қызмет көрсету жұмысын қалпына келтіру туралы талап жібереді.
20-7. Сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы талапты алған сәттен бастап 1 (бір) сағат ішінде ұялы байланыс операторын абоненттік құрылғыларда қызмет көрсету жұмысын қалпына келтіруге байланысты талаптың келіп түскені туралы хабардар етеді.
20-8. Ұялы байланыс операторы хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларында қызмет көрсету жұмысын қалпына келтіреді.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – асанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
ТАЛАП ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары жұмысының сәйкестендіру кодтары бойынша байланыс қызметтерін көрсетуді міндетті тоқтата тұру/қалпына келтіру туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабының 9-тармағының 3) тармақшасына, "Хабарласу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 1-тармағының 1-6) тармақшаларына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының қызметін көрсету жұмысын сәйкестендіру коды және телефон нөмірі бойынша тоқтата тұруды/қалпына келтіруді сұраймын:
___________________________________________________________________
(Сәйкестендіру кодының нөмірі және телефон нөмірі)
Байланыс қызметтерін тоқтата тұру/қалпына келтіру туралы осы талапты алған сәттен
бастап 24 сағат ішінде хабарлауды сұраймыз.
Басшы _______________________________/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/
(қолы)
