Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде техникалық аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 467 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37310 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 492-2) тармақшасына, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде техникалық аудит жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің 2025 жылғы
30 қазандағы № 467
Бұйрыққа қосымша

Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде техникалық аудит жүргізу қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде техникалық аудит жүргізу қағидалары "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс Министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 492-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде техникалық аудит жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық аудиті (бұдан әрі - техникалық аудит) - инженерлік инфрақұрылымды және (немесе) оның элементтерін пайдалану кезеңінде олардың нақты техникалық және технологиялық жай-күйінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жобалық қуатқа сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін сараптамалық жұмыстарының түрі;

      2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым- сумен жабдықтау мен су бұрудың толық технологиялық процесін жүзеге асыратын және сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі тұтынушыларға қызметтер көрсету мақсатында елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдаланатын, сондай-ақ тұтынушылардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйіне техникалық қадағалауды жүзеге асыратын, елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тұтастай дамуын бақылайтын су шаруашылығы ұйымы ;

      3) аккредиттелген ұйым-Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне және (немесе) олардың элементтеріне техникалық аудитті жүзеге асыратын ұйым;

      4) су бұру жүйесі - сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;

      5) сумен жабдықтау жүйесі – суды тұтыну орындарына алуға, сақтауға, дайындауға, беруге және таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені.

      3. Техникалық аудит:

      1) сумен жабдықтау және су бұру жүйелері элементтерінің нақты техникалық және технологиялық жай-күйі (шығындар деңгейі, физикалық тозу, энергетикалық тиімділік, топологияның оңтайлылығы, қуатты резервтеу дәрежесі және басқа да техникалық параметрлер);

      2) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген талаптарға қол жеткізу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      4. Техникалық аудитті жүргізудің міндеттері:

      1) жергілікті атқарушы органдар мен сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдардың шешімдерді тиімді басқаруды қабылдауын қамтамасыз ету;

      2) орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері объектілерінің сенімділігі, сапасы, энергетикалық тиімділігі көрсеткіштерінің нақты мәндерін айқындау;

      3) сумен жабдықтауды және су бұруды дамыту жоспарларын, сарқынды сулардың төгінділерін азайту жөніндегі жоспарларды, ауыз судың сапасын белгіленген гигиеналық нормативтерге және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін, су бұру нормативтерін белгілеу үшін, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің объектілерін (оның ішінде иесіз объектілерді) олардың техникалық жай-күйіне қарай пайдалану үшін қажетті шығыстарды айқындау үшін бастапқы деректерді алу (дайындау).

      5. Техникалық аудит жүргізіледі:

      1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің қолданылуы ішінде бір рет, бірақ кемінде бес жылда бір рет;

      2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымды қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің иесіз объектілерін пайдалану.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген міндеттерді шешу үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым осы Қағидалардың ережелерін басшылыққа алады.

      7. Техникалық аудит сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның тарифтық қаражаты есебінен жүргізіледі.

      8. Техникалық аудит бойынша сараптамалық жұмыстарды орындау мерзімі шартта айқындалады және күнтізбелік алпыс күннен аспайды.

      9. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым аккредиттелген ұйымға техникалық аудитті жүзеге асыру кезінде толық техникалық жәрдем көрсетеді.

      10. Сумен жабдықтау және су бұру объектілерінде техникалық аудит жүргізетін ұйымның құрамында мынадай мамандар бар:

      1) жоба жетекшісі / бас инженер;

      2) сумен жабдықтау жөніндегі инженерлер — тексеру жүргізудің расталған тәжірибесі бар кемінде екі маман;;

      3) су бұру жөніндегң инженер — су бұру жүйелерін зерттеу тәжірибесі бар маман;

      4) инженер-энергетик — сорғы станциялары мен энергетикалық жабдықтармен жұмыс істеу тәжірибесі бар маман;

      5) инженер-эколог — бейінді экологиялық білімі, санитарлық нормалар мен табиғат қорғау заңнамасын білетін маман;

      6) лаборант (химик-аналитик) — аккредиттелген зертханада жұмыс өтілі бар маман;

      7) Техниктер (аспаптарды монтаждаушылар, телеинспекция операторлары) — диагностикалық жабдықтармен жұмыс істеу тәжірибесі бар мамандар;

      8) бұзбайтын бақылау жөніндегі маман — ультрадыбыстық және бейнедиагностикасы жөніндегі сертификатталған маман.

2-бөлім. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде техникалық аудит жүргізу тәртібі

      11. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым жергілікті атқарушы органдарды техникалық аудитті жүргізу күні мен мерзімдері, оны өткізу барысы туралы хабардар етеді.

      12. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым жергілікті атқарушы органдарға жіберетін ақпаратта техникалық аудит жүргізетін аттестатталған сарапшылар туралы мәліметтер, сондай-ақ осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес әзірленетін техникалық аудит жүргізу жоспары қамтылады.

      13. Техникалық аудит жүргізу жоспары мыналарды қамтиды:

      1) Техникалық аудитке жататын объектілердің тізбесі;

      2) техникалық аудитті жүргізу мерзімдері (кезеңдері);

      3) оларға қатысты техникалық аудит жүргізілетін орталықтандырылған сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың жүйелері объектілерінің параметрлерінің, техникалық сипаттамаларының немесе өзге де көрсеткіштерінің тізбесі;

      4) жоспарды бекіткен сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның уәкілетті тұлғасы туралы мәліметтер.

      14. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде техникалық аудит жөніндегі жұмыстардың құрамына мыналар кіреді:

      1) камералдық тексеру;

      2) заттай, көрнекі-өлшеуіш зерттеп-қарауды және орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерін және (немесе) олардың элементтерін заттай, көзбен шолып-өлшеу және аспаптық тексеруді қоса алғанда, мүлікті техникалық түгендеу;

      3) орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің және (немесе) олардың элементтерінің техникалық-экономикалық тиімділігін айқындау.

Параграф 1. Камералдық тексеру

      15. Сумен жабдықтау және су бұру желілерінде камералдық тексеру жүргізу кезінде аккредиттелген ұйым мынадай нормативтік-техникалық құжаттаманы қарайды:

      1) функционалдық - технологиялық, конструктивтік және инженерлік-техникалық шешімдерді қамтитын жобалау құжаттамасы (сызба-жоспарды, бейінді, ерекшеліктерді, түсіндірме жазбаны қоса алғанда);

      2) инженерлік желілердің техникалық сипаттамалары туралы, нақты орындалған жұмыстардың жобалау құжаттамасына сәйкестігі туралы, оларға жобалау ұйымымен келісім бойынша енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді қамтитын атқарушылық құжаттама;

      3) су құбыры (кәріз) желісін пайдаланудың ішкі регламентіне сәйкес пайдалану құжаттамасы;

      4) мәліметтерді қамтитын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның құжаттамасы:

      - сумен жабдықтау және су бұру жүйелері желілерінің және (немесе) олардың элементтерінің техникалық жай-күйі туралы, оның ішінде желілердің телевизиялық диагностикасы бойынша есептер, ақаулы ведомостар;

      - сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің желілеріндегі және (немесе) олардың элементтеріндегі авариялық, оның ішінде құрылыстарды, сумен жабдықтау жүйелерінің желілері мен құрылыстарындағы су ысыраптарының деңгейі туралы;

      - желілер мен құрылыстарды пайдалану мерзімдері және тозуы туралы;

      - ауыз судың сапасын өндірістік Бақылау бағдарламасында айқындалған нүктелердегі судың сапасын (бастапқы және су дайындаудан кейінгі) айқындау нәтижелері туралы;

      - сарқынды суларды тазартудың жобалық параметрлерін және зиянды заттардың, өзге де заттар мен микроорганизмдердің жол берілетін шоғырлануының белгіленген нормативтерін, экологиялық заңнамаға сәйкес белгіленген төгінділерге арналған лимиттерді сақтау бойынша тазарту құрылыстарының техникалық мүмкіндігін айқындау үшін сарқынды сулардың құрамы мен қасиеттерін бақылау бағдарламасында айқындалған нүктелердегі сарқынды сулардың сапасын айқындау нәтижелері туралы.

      Санамаланған техникалық ақпарат болмаған кезде объектілердің конструктивтік схемасы - орталықтандырылған сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың жүйелерін (осындай объектілерде орнатылған жабдықты қоса алғанда) заттай тексеру үшін негіз жасалады.

      16. Орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің объектілерінде орнатылған құрылыстарға, жабдықтарға камералдық зерттеу жүргізу кезінде мынадай нормативтік-техникалық құжаттама талданады: құрылыстарға, жабдықтарға паспорттар, жабдықтарды пайдалану жөніндегі басшылық (нұсқаулық), жобалау құжаттамасы, атқару құжаттамасы (заттай орындалған жұмыстардың жобалау құжаттамасына сәйкестігі туралы немесе жобалаушымен келісім бойынша оларға енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді қамтиды), жоспарлы-алдын ала жөндеудің жоспар-кестесі, жоспарлы-алдын ала жөндеудің орындалуы туралы есептер, объектіні техникалық куәландыру актісі, авариялық акт (су құбыры желісіндегі құбырлардың, құрылыстар мен жабдықтардың зақымдануы немесе оларды пайдаланудың бұзылуы туралы мәліметтерді қамтитын).

      17. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдарында сумен жабдықтау және су бұру желілерінің, құрылыстардың, жабдықтардың орналасқан жері, техникалық сипаттамалары туралы деректерді орталықтандырылған жүргізу және өзектендіру үшін құрылған ақпараттық есепке алу жүйелері, сондай-ақ объектілердің техникалық жай-күйін көрсететін бухгалтерлік, пайдалану, жөндеу және өзге де ақпаратты камералдық тексеру осындай ақпараттық жүйелердің мәліметтерін талдау негізінде жүргізіледі.

      18. орталықтандырылған Сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың жүйелерінің объектілеріне нормативтік-техникалық құжаттаманы талдау нәтижелері бойынша мынадай деректер белгіленеді:

      1) орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері объектілерінің салынған жылы;

      2) орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің объектілерін пайдалануға беру күні;

      3) жоба бойынша және атқарушылық құжаттама бойынша құбыржолдардың материалы, диаметрі, олардың нақты жай-күйі, тозу пайызы;

      4) құбырдың және орталықтандырылған сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұру жүйелерінің өзге де объектілерінің қысымы мен өткізу қабілетінің есептік және нақты параметрлері;

      5) алдыңғы техникалық аудит жүргізілген кезден бастап кезеңде, ал соңғы бес жылда алғаш рет осы талаптарға сәйкес техникалық аудит жүргізілген жағдайда - орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері объектілерінің авариялылығы туралы мәліметтер;

      6) осындай жұмыстарды орындаудың нақты орындарын (мекенжайларын) көрсете отырып, орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің объектілерінде авариялық және жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы, олардың нақты көлемі, жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы ақпарат (жұмыс нәтижелерінің жүйелердің жұмыс істеуіне әсері);

      7) Судың көзінің жай-күйін ескере отырып, сумен жабдықтау көздерінің жағдайына сәйкес, штаттық режимде жұмыс істейтін су дайындау құрылыстарының техникалық мүмкіндіктерінің бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30713 болып тіркелген) "Шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтерінінің талаптарына және сумен жабдықтау көзінің жағдайын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31934 болып тіркелген) "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына және стандарттарға сәйкес ауыз суды дайындауды қамтамасыз ету туралы штаттық режимде жұмыс істейтін су дайындау құрылыстарының техникалық мүмкіндігінің болуы немесе болмауы туралы ақпарат;

      8) Сарқынды суларды тазартудың жобалық параметрлерін қамтамасыз етуде кәріздік тазарту құрылыстарының техникалық мүмкіндігінің болуы немесе болмауы туралы ақпарат және экологиялық заңнамаға сәйкес белгіленген ластаушы заттардың, өзге де заттар мен микроорганизмдердің жол берілетін төгінділері нормативтерінің, төгінділерге лимиттердің сақталуы.

2. Параграф Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің мүлкін техникалық түгендеу

      19. Орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерін техникалық түгендеу камералдық тексеру негізінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым қалыптастырған әрбір түгендеу объектісі бойынша техникалық түгендеу параметрлерін айқындай отырып, техникалық аудит жоспары негізінде жүзеге асырылады.

      20. Орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері объектілерін техникалық түгендеу мыналарды қамтиды:

      1) объектінің орналасқан жерін нақты тексеру және негізгі техникалық параметрлерді анықтау (диаметрі, материалы, типтік өлшемдері);

      2) көзбен шолып-өлшеп тексеру, оның ішінде:

      сорғы станциялары мен құрылыстарын, құбырларын сыртқы және ішкі тексеру;

      көзбен көріп байқалатын ақаулардың, зақымданулардың, ағып кетулердің жиынтығы мен сипаты бойынша тексеру объектісінің техникалық жай-күйін бағалау;

      камералдық тексеру барысында алынған орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері объектілері туралы деректерді көзбен шолып-өлшеп тексеру кезінде белгіленген жүйелердің нақты сипаттамаларымен салыстыру;

      3) Егер нақты және көзбен шолып-өлшеп тексеру техникалық аудит мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік бермеген жағдайда жүргізілетін ішінара аспаптық тексеру, оның ішінде:

      құбырларға теледиагностика жүргізу;

      аспаптық әдістермен ағып кетуді және дефектоскопияны іздеу;

      су жинау құрылыстарында, су дайындау құрылыстарында, сарқынды суларды тазарту және сарқынды сулардың тұнбасын өңдеу құрылыстарында, су құбыры және кәріз сорғы станцияларында орнатылған жабдықтарды диагностикалау, ғимараттар мен құрылыстарды диагностикалау;

      жабдықтың нақты сипаттамаларын өлшеу, қажет болған жағдайда ішінара немесе толық бөлшектеуді қоса алғанда, жабдықты аспаптық тексеру.

      21. Аспаптық тексеру бағдарламасы нақты, көзбен шолу-өлшеу зерттеулерінің нәтижелері мен қорытындылары негізінде әзірленеді, бұл ретте аспаптық тексеру міндетті түрде мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) объектіні жаңғырту қажеттілігі туралы алдын ала қорытынды;

      2) авариялық жағдай туралы алдын ала қорытынды.

      Өзге жағдайларда құрал-саймандық тексеру жүргізу туралы шешім сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның қалауы бойынша техникалық аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты және көзбен шолып-өлшеу талдауының деректері жеткіліксіз болған кезде қабылданады.

      22. Аспаптық тексеру бағдарламалары орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері объектілерінің түріне, дайындау материалына және жай-күйіне және оларды пайдалану жағдайларына байланысты әзірленеді.

      Аспаптық зерттеу бағдарламалары зерттелетін объектілердің дайындау материалы мен жай-күйін және оларды пайдалану шарттарын ескере отырып, орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің объектілеріне тән ақаулар мен зақымдануларды анықтауға және бағалауға бағытталған.

      23. Мүлікті техникалық түгендеу қорытындысы бойынша:

      1) орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері объектілерінің тозу пайызы;

      2) объектінің тексеру күніндегі өзекті техникалық жай-күйі;

      3) объектілерді жөндеуді немесе реконструкциялауды жүргізудің шекті мерзімдері.

      24. Құбырлардың және тексеруге қолжетімсіз құрылыстардың тозуы қызмет ету мерзімдері бойынша нақты қызмет еткен уақыттың орташа нормативті қызмет мерзіміне арақатынасы ретінде айқындалады.

      іс жүзінде қызмет еткен уақыт нормативтік уақытқа жақындаған немесе одан асқан, ал сараптамалық жолмен айқындалатын құрылыстың болжамды (қалдық) қызмет ету мерзімі нормативтік мерзімнен асқан жағдайларда, тозу пайызы іс жүзінде қызмет еткен уақыттың қызмет еткен және болжамды (қалдық) қызмет ету мерзімінің сомасына қатынасымен айқындалады.

      Нақты қызмет еткен уақыт нормативке жақындаған немесе одан асып кеткен, ал құбырлар мен басқа да объектілер мен құрылыстар қарап-тексеру және аспаптық тексеру үшін қолжетімді болған жағдайларда құбыржол мен басқа да объектілердің физикалық тозуын сумен жабдықтауды және (немесе) су бұруды жүзеге асыратын ұйым дербес не аккредиттелген ұйымды тарта отырып айқындайды.

3-параграф. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелері объектілерінің техникалық-экономикалық тиімділігін айқындау

      25. Орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері объектілерінің техникалық-экономикалық тиімділігі техникалық аудиттің әрбір объектісі не бірыңғай белгілері (орналасуы, функционалдық мақсаты, моделі мен маркасы) бар объектілер тобы үшін айқындалады.

      Техникалық аудит объектілерінің әрбір тобы үшін оның техникалық-экономикалық сипаттамаларын көрсететін көрсеткіштердің тізбесі қалыптастырылады. Бұл сипаттамалар объектінің пайдалы функциясын орындауы үшін ресурстарды пайдалану тиімділігін көрсетеді және үлестік көрсеткіш ретінде көрсетіледі. Нысанның техникалық-экономикалық сипаттамасының көрсеткіштеріне пайдалы әсер коэффициенті де жатады.

      Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері объектілерінің және олардың элементтерінің техникалық-экономикалық тиімділігі ең жақсы технологиялары бар техникалық-экономикалық сипаттамалармен салыстыра отырып айқындалады.

      26. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерінің объектілері үшін анықтау (бағалау)жүргізіледі:

      1) өндірістік қуаттардың тапшылығын (профицитін), реттеуші сыйымдылықтардың пайдалы көлемін айқындау мақсатында бағалау жүргізу кезеңінде сумен жабдықтау объектілерінің жобалық және нақты сипаттамаларын;

      2) сумен жабдықтау көзінің жай-күйін және оның маусымдық өзгерістерін ескере отырып, су дайындау құрылыстарының техникалық сипаттамаларын;

      3) сорғы станциялары таратушы су құбыры желісіне беретін ауыз судың сапасы туралы мәліметтерді есепке алу негізінде қолданылатын технологиялық шешімдердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамада, су заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі;

      4) су жинау құрылыстарының, су дайындаудың, сорғы станциялары мен су құбыры желісінің пайдалану сипаттамаларының оңтайлылығы;

      5) су құбыры желілеріндегі зақымданулар мен авариялардың үлес саны, сумен жабдықтау үзілістерінің ұзақтығы;

      6) Су дайындау құрылыстарындағы және су құбыры желісіндегі бағалау жүргізу алдындағы жыл ішіндегі технологиялық бұзушылықтар;

      7) ден қою жеделдігі және жабдықтар мен су құбыры желілерінің жұмысы кезіндегі авариялар мен технологиялық бұзушылықтарды жоюдың жалпы уақыты;

      8) су тазарту құрылыстарынан және су құбыры желісіндегі ауыз судың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігі .

      27. Орталықтандырылған су бұру жүйелерінің объектілері үшін анықтау (бағалау)жүргізіледі:

      1) тазартуға жататын сарқынды суларды ағызу көлемдері, оның ішінде:

      орталықтандырылған жалпы ағынды және тұрмыстық су бұру жүйелеріне ағызылатын сарқынды сулардың жалпы көлеміндегі тазартуға жататын сарқынды сулардың үлесі;

      су бұрудың орталықтандырылған нөсер жүйесіне қабылданатын жерүсті сарқынды суларының жалпы көлеміндегі тазартуға жататын жерүсті сарқынды суларының үлесі;

      су құбыры станцияларының шайынды суларын ағызудың жалпы көлеміндегі тазартуға жататын су құбыры станцияларының шайынды суларының үлесі;

      Ағынды суларды ағызудың жалпы көлеміндегі микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сарқынды сулардың нормативтік сапасын қамтамасыз ететін зарарсыздандырудан өткен сарқынды сулардың үлесі;

      2) тазартылмаған сарқынды суларды ағызу көлемі;

      3) су айдыны-қабылдағыш, сарқынды сулардың диаметрлері, шығыстары бойынша мәліметтерді қалыптастыра отырып, тікелей шығарылымдардың болуы;

      4) өндірістік қуаттардың тапшылығын (профицитін) айқындау мақсатында бағалау жүргізу кезеңінде су бұру объектілерінің жобалық және техникалық сипаттамаларын;

      5) жылжымалы диагностикалық құралдарды пайдалана отырып, техникалық байқау, тексеру нәтижелері негізінде коллекторлардың техникалық жай-күйі;

      6) су бұру құрылыстарындағы авариялылық және бағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдағы кәріз желісіндегі бітелу саны;

      7) бағалау жүргізудің алдындағы жыл ішіндегі су бұру жүйелерінің құрылыстары мен желілеріндегі технологиялық бұзушылықтар;

      8) жабдықтардың, құрылыстардың және инженерлік желілердің жұмысы кезінде авариялар мен технологиялық бұзушылықтарды жоюдың жалпы уақыты мен ден қою жеделдігі ;

      9) кәріздік тазарту құрылыстары мен сарқынды сулардың тұнбасын өңдеу жөніндегі құрылыстардың техникалық сипаттамалары мен мүмкіндіктері сарқынды суларды тазарту және сарқынды сулардың тұнбасын өңдеу сапасының жобалық параметрлерін қамтамасыз етуге;

      10) сарқынды сулардың тұнбасын сақтауға арналған объектілердің техникалық сипаттамаларын және олардың тапшылығының немесе қуат резервінің болуын;

      11) қолданылатын технологиялық шешімдердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамада, су заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін сапа туралы мәліметтерді есепке алу негізінде талап етілетін тазарту тиімділігіне сәйкестігі;

      12) су бұру жүйелері, оның ішінде желілердің, кәріздік тазарту құрылыстары, сарқынды сулардың тұнбасын өңдеу жөніндегі құрылыстар элементтерінің (оның ішінде экологиялық қауіпсіз күйге дейін өңделген немесе кәдеге жаратылған сарқынды сулар тұнбасының үлесін айқындай отырып) пайдалану сипаттамаларының оңтайлылығы;

      13) сарқынды сулар құрамындағы ластаушы заттардың, өзге де заттар мен микроорганизмдердің болуы және сарқынды сулардың құрамы мен қасиеттерінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігі.

      28. Кәріздік тазарту құрылыстарының техникалық мүмкіндігін бағалау, сарқынды суларды нормативтік көрсеткіштерге дейін тазарту тазартылған сарқынды сулардың құрамы мен қасиеттерінің нақты көрсеткіштерін (бактериологиялық көрсеткіштерді қоса алғанда) сарқынды суларды тазартудың жобалық параметрлеріне, ластаушы заттардың, өзге де заттар мен микроорганизмдердің жол берілетін төгінділерінің белгіленген нормативтеріне, төгінділерге арналған лимиттерге, ал сарқынды суларды зарарсыздандыру құрылыстарының тиімділігін айқындау бөлігінде санитарлық нормалар мен қағидаларға сәйкестігін салыстыру жолымен жүргізіледі

      Сарқынды суларды зарарсыздандыру тораптарымен қамтамасыз етілмеген кәріздік тазарту құрылыстары үшін зарарсыздандыру тиімділігін бағалау жүргізілмейді.

      Бағалау үшін кемінде екі жыл кезеңдегі сарқынды сулардың құрамы мен қасиеттерінің орташа жылдық мәндері (иесіз объектілерді беру кезінде мұндай деректер болмаған жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ тазартудың жобалық параметрлеріне және ластаушы заттар мен микроорганизмдердің жол берілетін төгінділерінің белгіленген нормативтеріне, әрбір нормаланатын көрсеткіштер бойынша төгінділерге арналған лимиттерге сәйкес келмейтін тазартылған сарқынды сулардың сынамаларының саны туралы ақпарат пайдаланылады. Сарқынды сулардың нақты орташа жылдық сапасы тазартудың жобалық параметрлеріне немесе жіберілетін төгінділердің белгіленген нормативтерінің құрамындағы шоғырлануға, төгінділерге арналған лимиттерге сәйкес келген кезде түпкілікті бағалау жобалық немесе нормативтік көрсеткіштерге сәйкес келмейтін сарқынды сулар сынамаларының саны ескеріле отырып жүргізіледі. Нәтижесінде сарқынды сулардың тұрақты нормативтік сапасына қол жеткізілмейтін көрсеткіштер анықталады.

      29. Техникалық аудитті аяқтау қорытындылары бойынша жүргізілген техникалық аудиттің нәтижелерін қамтитын, аккредиттелген ұйымның басшысы қол қоятын және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның уәкілетті адамымен келісілген техникалық аудит қорытындысы жасалады.

      30. Техникалық аудиттің қорытындысы:

      1) оларға қатысты техникалық аудит жүргізілген объектілердің тізбесі;

      2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым қызметінің параметрлерінің, техникалық сипаттамаларының, нақты көрсеткіштерінің немесе техникалық аудит жүргізу процесінде анықталған орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері объектілерінің өзге де көрсеткіштерінің тізбесі;

      3) фотосуреттерді, бейнематериалдарды, аспаптық зерттеулер (сынақтар, өлшеулер) нәтижелерін қоса бере отырып, анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды нақты объектіге байланыстыра отырып, сипаттау;

      4) орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері объектілерінің техникалық жай-күйі туралы қорытынды;

      5) тозу пайызын қоса алғанда, тексеру жүргізу сәтінде орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері объектілерінің техникалық жай-күйін бағалау;

      6) орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері объектілерін одан әрі пайдалану мүмкіндігі, шарттары (режимдері) және мерзімдері туралы қорытынды;

      7) нормаларға, Қағидаларға, техникалық регламенттерге, өзге де техникалық құжаттамаға сілтемелер;

      8) қолда бар ең үздік технологиялармен салыстырғанда тиісті орталықтандырылған жүйеде қолданылатын қолданыстағы техникалық шешімдердің техникалық-экономикалық тиімділігін талдау;

      9) ұсынылған ұсынымдар, оның ішінде сенімділік, сапа, энергетикалық тиімділік көрсеткіштерінің жоспарлы мәндері бойынша, орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің зерттелген объектілерін пайдалану режимдері бойынша, оларды жүргізудің шекті мерзімдері көрсетілген, (күрделі жөндеу жүргізуді және инвестициялық жобаларды қоса алғанда) сенімділік көрсеткіштерінің ұсынылған жоспарлы мәндеріне қол жеткізу үшін қажетті іс-шаралар бойынша ұсыныстар, сапа, энергетикалық тиімділік, орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру объектілерін одан әрі пайдалану үшін қажетті жай-күйге келтіру тәсілдері бойынша ұсынымдар және ықтимал жобалық шешімдер.

      31. Аккредиттелген ұйым беретін техникалық аудит жөніндегі қорытындыға техникалық тексеруді жүргізген барлық аттестатталған сарапшылар қол қояды, сарапшылардың дербес мөртаңбасы қойылады және аккредиттелген ұйымның бірінші басшысы бекітеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады