ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 72 бұйрығының (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16641 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экномика министрлігі
