"Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 41 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37289 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 41 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 34660 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу қағидалары, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 30 қазандағы
№ 122 бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 41 бұйрығымен
бекітілген

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 22-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеру (бұдан әрі – тергеп-тексеру) жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында басшылықты, медициналық қызметтер (көмек) сапасын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органы – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;

      3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру – мемлекеттік органның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептері мен шарттарын анықтау, оларға жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау жөніндегі қызметі, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдауы;

      4) мүдделер қақтығысы – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеруді жүргізу үшін құрылған комиссия мүшесінің жеке мүдделілігінің шешімді объективті қабылдауына әсер етуі мүмкін жағдай;

      5) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) (бұдан әрі – бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі)) – медициналық қызметтер (көмек) көрсететін жеке және заңды тұлғалар.

      3. Тергеп-тексеруді медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органы Қазақстан Республикасы медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу себептері мен шарттарын анықтау, тиісті шаралар қабылдау және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау мақсатында жүргізеді.

2-тарау. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу қағидалары

      4. Тергеп-тексеруді медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органы мынадай негіздер бойынша жүргізеді:

      1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың адамның өміріне, денсаулығына және жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша осындай факт адамдардың көпшілігіне әсер еткен және бұзушылықтарға жол берген нақты бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) белгілеу талап етілетін жағдайларда жүгінуі;

      2) "Жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-100/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21181 болып тіркелген) қайтыс болғаны туралы ақпарат (шұғыл хабарлама) (бұдан әрі – ақпарат (шұғыл хабарлама).

      5. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органы ақпарат (шұғыл хабарлама) және (немесе) өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіні (бұдан әрі – тергеп-тексеруді тағайындау туралы акт) қабылдайды.

      Оларға қатысты тергеп-тексеру жүргізілетін бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғаларды, пациенттің бағдары мен медициналық көмектің бейіні, түрі, нысандары мен жағдайлары ескеріле отырып, медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органы айқындайды.

      6. Тергеп-тексеруді медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар жүргізеді. Лауазымды тұлғалар:

      1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік медициналық инспекторы және (немесе) оның орынбасары;

      2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның басшысы айқындайтын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік медициналық инспекторлары мен олардың орынбасарлары;

      3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның мамандары болып табылады.

      7. Тергеп-тексеру жүргізуге "Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-103/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21218 болып тіркелген) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сараптама қорытындысын және (немесе) қорытынды беретін дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдемдесу үшін арнаулы ғылыми білімі мен дағдыларын меңгерген тәуелсіз сарапшылар мен (немесе) бейінді мамандар, басқа мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары, консультанттары мен сарапшылары тартылады.

      8. Тергеп-тексеруді жүргізу үшін медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органымен медициналық қызметтер көрсету (көмек) саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардан және осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тұлғалар құрамынан тұратын комиссия құрылады.

      Комиссия мүшелері тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіде бекітіледі.

      Комиссия жұмысына оның жекелеген мүшелерінің қатысуы мүмкін болмағанда және (немесе) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды және осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тұлғаларды қосымша тарту қажет болған жағдайларда, сондай-ақ комиссия мүшесінде мүдделер қақтығысы анықталғанда, тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

      Комиссияны медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органы лауазымды тұлғалардың ішінен, оның жұмысын ұйымдастыратын, жұмысты жоспарлауды жүзеге асыратын, комиссияның көлікке, қызметтік үй-жайларға, байланыс құралдарына, қажетті құжаттарға және ақпараттық жүйелерге қол жеткізуге қажеттілігін айқындайтын комиссия төрағасы басқарады.

      9. Комиссия тергеп-тексеру жүргізу кезінде объективтілік және бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алады. Комиссия тергеп-тексерудің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, комиссия мүдделер қақтығысын болдырмауды ескере отырып қалыптастырылады.

      Мына жағдайлар мүдделер қақтығысы болып саналады:

      1) комиссия мүшесі пациентпен не өтініш иесімен, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметкерлерімен және (немесе) басшылығымен неке (ерлі-зайыптылық) қатынасында немесе жақын туыстық байланыстарда болса;

      2) комиссия мүшесі осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген адамдармен соңғы 5 (бес) жыл ішінде еңбек немесе шарттық қатынастарда тұр немесе тұрған болса.

      Комиссия мүшесінде мүдделер қақтығысы анықталған жағдайда, бақылау мен қадағалау органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіге өзгерістер енгізу жолымен, оны комиссиядан шығарады.

      10. Тергеп-тексеруді жүргізу тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімді құрайды.

      11. Тергеп-тексеру мерзімдері медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту туралы актіні (бұдан әрі – тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту туралы акт) ресімдей отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күнге бір реттен аспайтын уақытқа ұзартылады.

      Тергеп-тексеру мерзімдері сараптамалардың, сараптама қорытындылары және (немесе) қорытынды нәтижелері алынбаған жағдайда, қажетті ақпарат пен құжаттар, гистологиялық зерттеулердің қайта қаралуы, ретроспективтік талдау нәтижелері, патологиялық-анатомиялық ашып қарау нәтижелері алынбаған кезде, сондай-ақ сараптама қорытындысы және (немесе) қорытынды шығару үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми әдебиетті және (немесе) халықаралық әдістемелік ұсынымдарды қосымша зерттеу қажет етілген жағдайларда ұзартылады.

      12. Бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) тергеп-тексеруді жүргізудің басталғаны, тергеп-тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту, оны жүргізуге уәкілетті тұлғалар құрамының өзгеруі және (немесе) толықтырылуы туралы хабардар ету тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіні, тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту туралы актіні, оны жүргізуге уәкілетті тұлғаның құрамы өзгертілген және (немесе) толықтырылған тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіні жіберу жолымен ол басталғанға, ұзартылғанға, тергеп-тексеруді тағайындау туралы актісінде көзделмеген тұлғалардың тергеп-тексеруге қатысуына дейін бір жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады.

      Тергеп-тексеруді тағайындау туралы акт тапсыру туралы хабарламамен не электрондық цифрлық қолтаңба, қол қойылған электрондық құжат арқылы, егер мұндай мекенжайды осы субъект (объект) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органына немесе өзге де органға бұрын ұсынған болса, бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) электрондық поштасы мекенжайы бойынша немесе басқа қолжетімді тәсілмен қолма-қол беріледі.

      13. Комиссия төрағасы және комиссия мүшелері:

      1) тергеп-тексеруге жүргізуге жататын бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындайды;

      2) бұзушылыққа жол беруге әкеп соққан және (немесе) қауіп-қатердің туындауына немесе адамның өміріне, денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіруге жол берілген мән-жайларды анықтайды;

      3) тергеп-тексеру нысанасына қатысуы мүмкін тұлғалардан және (немесе) субъектілерден (объектілерден) жазбаша түсініктемелер алады;

      4) адамның өміріне және (немесе) денсаулығына одан әрі залал келтіруге жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдайды;

      5) пациенттің медициналық құжаттамасын талдайды, субъектінің (объектінің) қызметін және ол ұсынған медициналық көмектің (қызметтің) сапасы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына, медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкестігін бағалайды. Қажет болған жағдайда пациентті қарап, тексеруді жүргізеді;

      6) гистологиялық және патологиялық-анатомиялық зерттеулер болған кезде зерделейді, қайта қарауды қамтамасыз етеді;

      7) аурудың бейіні бойынша зақымданудың ауырлығы, өлімнің себептері, алкогольдік, уытты мас болу, улану белгілерінің болуы туралы басқа тәуелсіз сарапшылардың және (немесе) бейінді мамандардың, сот-медициналық сарапшылардың, ғылыми-зерттеу институттарының патологоанатомдарының қорытындыларын, зертханалық деректердің нәтижелерімен денсаулық жай-күйінің динамикасы туралы ақпарат алады;

      8) ретроспективті талдау, патологиялық-анатомиялық ашып қарау нәтижелерін салыстырады және (немесе) сот-медициналық сараптаманы қайта қарауды қамтамасыз етеді;

      9) тергеп-тексеру үшін қажетті құжаттардың, журналдардың, хаттамалардың, пациенттердің және (немесе) олардың заңды тұлғаларының медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) өтініштері бойынша және өзге де құжаттамалардың көшірмелерін сұратады, алады және зерделейді. Сараптама жүргізу кезінде ақпарат көзі ретінде денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық жүйелер де пайдаланылады;

      10) қажет болған жағдайда тергеп-тексеру нысанасына жататын орын мен құжаттарды фото және (немесе) бейне-тіркеуді жүргізеді;

      11) тергеп-тексеру нысанасына байланысты салдарларды жою және (немесе) болғызбау жөніндегі іс-шараларды айқындайды;

      12) тергеп-тексеру нысанасына қатысуы мүмкін тұлғаларды және (немесе) субъектілерді (объектілерді) осы тұлғаларға және (немесе) субъектілерге (объектілерге) қатысы бар бөлігінде тергеп-тексеру материалдарымен таныстырады.

      14. Тергеп-тексеру барысында комиссия төрағасы және мүшелері құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін ескере отырып, тергеп-тексеруге қатысушыларға олардың жазбаша сұрау салуы бойынша тергеп-тексеруге қатысы бар мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді, тергеп-тексеру нысанасы бойынша консультациялар жүргізеді.

      15. Тергеп-тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акті (бұдан әрі – тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт) жасалады.

      Тергеп-тексеру барысында басқа облыста, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) белгіленген кезде комиссия тергеп-тексеру нәтижелері туралы актімен аяқтайды және тергеп-тексеру материалдарын тиісті облыстар, республикалық маңызы бар қалада және астанада одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органның тиісті бөлімшесіне береді.

      16. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы акті тергеп-тексеру материалдарының негізінде, оның ішінде Комиссия мүшелерінің көпшілігінің пікірі ескеріле отырып ресімделеді. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы акті саны оларға қатысты тергеп-тексеру жүргізілген субъектілер (объектілер) санына байланысты болады.

      Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге комиссия төрағасы және тергеп-тексеру жүргізген барлық комиссия мүшелері қол қояды. Комиссия тергеп-тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасын қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті тұлғасына, жеке тұлғаға) танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін хабарламамен тапсырылады, екінші данасы медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органында қалады.

      17. Комиссия мүшелері тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген қорытындыларымен келіспеген жағдайда, осы актіге қол қоятын күні комиссия төрағасына тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге қосу үшін жазбаша түрде өзінің ерекше пікірін ұсынады, бұл ретте тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге өздері "ерекше пікірді ескеру" деген ескертпемен қол қояды.

      18. Тергеп-тексеру материалдары:

      1) тергеп-тексеруді жүргізу туралы, тергеп-тексеру нысаны бойынша арнайы білімі бар сарапшылар мен мамандарды тергеп-тексеру жүргізуге тарту туралы шешімді және (немесе) тергеп-тексеру нысанасына байланысты комиссия төрағасының басқа да шешімдері және тергеп-тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы қосымша шешімді (бар болған жағдайда);

      2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, сондай-ақ мемлекеттік органдар беретін ақпарат (шұғыл хабарлама), мемлекеттік органдар немесе қызмет субъектілері (объектілері) беретін ақпаратты;

      3) тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіні;

      4) тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіні, оған қосылатын:

      барлық медициналық құжаттама (анықтамалар және көшірмелер, клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері, бейінді мамандардың консультациялары, зардап шеккендердің денсаулығының зақымдану сипаты мен ауырлығы (өлім себебі) туралы медициналық қорытындылар);

      5) мамандар мен сарапшылардың, оның ішінде сот-медициналық сарапшылардың және патологиялық-анатомиялық диагностиканың қорытындыларын;

      6) куәгерлерден, зардап шеккендерден, тергеуге қатысқан тұлғалардан, сондай-ақ медициналық көмекті ұйымдастыруға жауапты лауазымды тұлғалардан сұрау салу және түсіндіру хаттамаларын;

      7) фото, бейне-материалдарды;

      8) тергеп-тексеруге қатысы бар және комиссия төрағасының шешімі бойынша материалға қоса тіркелген өзге де материалдарды қамтиды.

      19. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, оларды жою жөніндегі нұсқаулар, жою мерзімдері көрсетіледі.

      Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кем емес мерзімде айқындалады.

      Анықталған бұзушылықтарды жою үшін қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) оған тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіні тапсырған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен комиссия құрған медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органына жүгінеді.

      Өтініште бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шараларды және оларды жою мерзімдерін ұзартудың қосымша, уақытша және (немесе) қаржылық шығындардың қажеттілігі бөлігінде объективті себептерін жазады.

      Тергеп-тексеру жүргізген медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органы анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініште жазылған дәлелдерді ескере отырып, өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту немесе ұзартудан дәлелді негіздемесі бар бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

      Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) бұзушылықты жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынады.

      20. Тергеп-тексерулер туралы мәліметтер осы Қағидаларға 5-қосымшада бекітілген нысан бойынша медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органының тергеп-тексерулерін есепке алу журналына енгізіледі.

      21. Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша, тергеп-тексеруді жүргізген медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органы, тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде, мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты ресми сайтта орналастырады.

      22. Тергеп-тексеру қорытындыларын медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органы "Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды мен (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21964 болып тіркелген) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіні қабылдау қорытындылары бойынша келесі жұмыс күні ішінде ұсынады.

  Медициналық қызметтер
(көмек) көрсету саласында
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
нысан

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді тағайындау туралы акт "____"________20____жылғы №______

      1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау

      органының атауы__________________________________________________________

      2. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізуге

      уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және

      лауазымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Тергеп-тексеруді жүргізуге тартылатын тәуелсіз сарапшылар мен (немесе) бейінді

      мамандар, басқа мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың

      мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер (бар болған

      жағдайда тегі, аты, әкесінің аты)

      ____________________________________________________________________

      4. Субъектінің (субъектілердің) атауы, объектілердің тізбесі (заңды тұлғаның немесе

      оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, медициналық қызметтер (көмек)

      көрсету саласында тергеп-тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда), оның (олардың) орналасқан жері, жеке

      сәйкестендіру нөмері (лері)/бизнес-сәйкестендіру нөмері (лері), аумақ учаскесі.

      Субъектінің (лердің), объектінің (лердің) деректері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тағайындалған тергеп-тексеру

      нысанасы

      ____________________________________________________________________

      6. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеру жүргізу мерзімі

      20____жылғы "___"_ __________ 20____жылғы "___"_ _____ дейін

      7. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеру жүргізудің

      құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тергеп-тексеруге жататын

      нормативтік құқықтық актілер

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Тексерілетін кезең 20___жылғы "___"___________ 20____жылғы "___"_ _____ дейін

      9. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау

      органның басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы

      10. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау

      органның мөрі

  Медициналық қызметтер
(көмек) көрсету саласында
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

Сараптама қорытындысы және (немесе) қорытынды

      1. Сараптама жүргізген тұлғаның мамандығы, лауазымы, ғылыми дәрежесі көрсетіле отырып, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      2. Сараптама жүргізілген бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы

      3. Сараптама жүргізу негізі немесе тапсырыс беруші туралы мәліметтер

      4. Сараптама жүргізу мерзімдері

      5. Сараптама жүргізу кезеңдері

      6. Сараптама нысанасы

      7. Сараптама нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер

      8. Тұжырым

      9. Ұсыныстар

      ____________________________________________________________________

      Сараптама жүргізген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы

      Күні 202__ жылғы "____"_______________

  Медициналық қызметтер
(көмек) көрсету саласында
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту туралы акт

20 ____жылғы "____"________ №____

      1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау

      органының атауы

      ____________________________________________________________________

      2. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеру жүргізуге

      уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және

      лауазымы

      ____________________________________________________________________

      3. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеруді жүргізуге

      тартылатын тәуелсіз сарапшылар мен (немесе) бейінді мамандар, басқа мемлекеттік

      органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары, консультанттары мен

      сарапшылары туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      4. Субъектінің (субъектілердің) атауы, объектілердің тізбесі (заңды тұлғаның немесе

      оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, медициналық қызметтер (көмек)

      көрсету саласында тергеп-тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда), оның (олардың) орналасқан жері, жеке

      сәйкестендіру нөмері (лері)/бизнес-сәйкестендіру нөмері (лері), аумақ учаскесі.

      Субъектінің (лердің), объектінің (лердің) деректері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тағайындалған тергеп-тексеру

      нысанасы

      ____________________________________________________________________

      6. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеру жүргізу мерзімі

      20____жылғы "___"_ __________ 20____жылғы "___"_ _____ дейін

      7. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру

      20____жылғы "___"_ __________ 20____жылғы "___"_ _____ дейін ұзартылды.

      8. Дәлелді негізбен медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-

      ексеру мерзімдерін ұзартудың құқықтық негіздері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      9. Комиссия төрағасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы

      ____________________________________________________________________

      10. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау

      органының мөрі

      ____________________________________________________________________

  Медициналық қызметтер
(көмек) көрсету саласында
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру

нәтижелері туралы акт №_____ _____________________

20 __ жылғы "____"___________

Актіні жасау орны және уақыты___

      1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау

      органының атауы

      ___________________________________________________________________

      2. Негізбен тергеп-тексеру жүргізілген тергеп-тексеруді тағайындау туралы актінің күні

      мен нөмірі

      ___________________________________________________________________

      3. Тергеп-тексеруді жүргізген тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болған жағдайда) және лауазымы

      ___________________________________________________________________

      4. Тергеп-тексеруді жүргізуге тартылатын тәуелсіз сарапшылар мен (немесе) бейінді

      мамандар, басқа мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың

      мамандары, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________________

      5. Субъектінің (субъектілердің) атауы, объектілердің тізбесі (заңды тұлғаның немесе

      оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, медициналық қызметтер (көмек)

      көрсету саласында тергеп-тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда), оның (олардың) орналасқан жері, жеке

      сәйкестендіру нөмері (лері)/бизнес-сәйкестендіру нөмері (лері), аумақ учаскесі.

      Субъектінің (лердің), объектінің (лердің) деректері

      ____________________________________________________________________

      6. Тергеп-тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі

      ____________________________________________________________________

      7. Тергеп-тексеру нәтижелері, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты

      туралы мәліметтер (денсаулықтың уақытша немесе тұрақты бұзылуына, пациенттің

      мүгедектігіне немесе өліміне алып келген аурудың дамуын және (немесе) асқынуларын

      және ағзалары мен тіндерінің анатомиялық тұтастығы мен физиологиялық

      функциясының бұзылуын егжей-тегжейлі сипаттау, Қазақстан Республикасының

      денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес денсаулық

      сақтаудың жалпы қабылданған немесе озық технологияларына адамдардың емдік-

      диагностика іс-шараларын жасау және тактика жүргізу кезінде іс-әрекеттерінің сәйкес

      келуі)

      8. Тәуелсіз сарапшылар мен (немесе) бейінді мамандардың, тартылған сарапшылардың

      қорытындысы

      ____________________________________________________________________

      9. Бұзушылықтар анықталған нормативтік құқықтық актілердің атауы және оған

      қойылатын талаптар:

Анықталған бұзушылықтар тізбесі

Бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары және нормативтік құқықтық актілердің атауы

Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар мен нұсқаулар, оларды жою мерзімдері

1.




2.




      10. Ерекше пікір (бар болса) _______парақ

      11. Нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасалған тұжырымдар

      12. Анықталған бұзушылықтар бойынша қабылданған шаралар (Қазақстан

      Республикасы заңнамасы шеңберінде әкімшілік хаттаманың нөмірі көрсетіледі)

      13. Тергеп - тексеруді жүргізген төрағаның және комиссия мүшелерінің қолы

      ____________________________________________________________________

      14. Тергеп-тексерілетін субъект (объект) өкілінің тергеп-тексеру актісімен танысқаны,

      тапсырғаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, сондай-ақ тергеп-

      тексеру жүргізу кезінде қатысқан тұлғалар, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас

      тартуы

      ____________________________________________________________________

      15. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар

      Қосымша_______________________________________ "____" парақ

      16. 20__ жылғы "____" ___________ .

      17. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау

      органның мөрі

      18. Акт ___ данада жасалды.

  Медициналық қызметтер
(көмек) көрсету саласында
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
5-қосымша
нысан

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органының тергеп-тексерулерін есепке алу журналы

кіріс хат-хабардың № (өтініштер, шұғыл хабарлама)

Өтініш берушінің БСН/ ЖСН

Тергеп-тексеруді тағайындау туралы актінің № және күні

Тергеп-тексеруге қатысқан тұлғалардың құрамы

Оларға қатысты тергеп-тексеру жүргізілетін субъектілер (объектілер) туралы деректер

Тергеп-тексеру жүргізудің құқықтық негіздері және тексеру кезеңі

Тергеп-тексеру жүргізу мерзімдері


1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Мамандарды тарту туралы шешімнің № және күні

Тергеп-тексеру мерзімін ұзарту туралы актінің № және күні

Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актінің № және күні

Негізгі бұзушылықтар мен нәтижелер

Қоса берілген материалдар

Қабылданған шаралар туралы ақпарат

Комиссия төрағасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы

8

9

10

11

12

13

14

  Медициналық қызметтер
(көмек) көрсету саласында
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
6-қосымша

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

      1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі __________________________________

      _______________________________________________________________

      2. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімдері _______________________________

      _______________________________________________________________

      3. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы нормативтік құқықтық

      актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      4. Қабылданған шаралар

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      5. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау

      органының мөрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады