Сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 399 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қазанда № 37278 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 257-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 29 қазандағы № 399
бұйрығымен
бекітілген

Сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Cирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 257-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген балық және басқа да су жануарлары түрлеріне жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру тәртібі

      2. Жеке және заңды тұлғалар балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға оларға белгілі болған немесе анықталған, бекітіліп берілген аумақтар шегінде сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген балық және басқа да су жануарлары түрлеріне жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайлары туралы хабарлайды.

      3. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақпарат келіп түскен сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде жұмыс тобын (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрады және басшының не оның орынбасарының шешімімен оның төрағасын айқындайды.

      4. Жұмыс тобының құрамына балық шаруашылығы, су қорын қорғау және пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу мәселелері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.

      Жұмыс тобының құрамына енгізу үшін кандидатуралар аумақтық бөлімшеге сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген балық және басқа да су жануарлары түрлеріне жатқызылған жануарлардың қырылуы туралы ақпарат алынған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.

      5. Тергеп-тексеру осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақпарат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.

      Тергеп-тексеру жүргізу мерзімін аумақтық бөлімше басшысы жұмыс тобы төрағасының қызметтік жазбасы негізінде ұзартудың нақты және толық себептерін көрсете отырып, бір рет қана, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады.

      6. Жұмыс тобының төрағасы жұмысты ұйымдастырады, жұмыс тобының мүшелері арасында міндеттерді бөледі, жұмысты жоспарлауды жүзеге асырады, жұмыс тобының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының көлікке, байланыс құралдарына, жеке қорғаныс құралдарына қажеттіліктерін айқындайды.

      7. Аумақтық бөлімшенің өкілдері жұмыс тобы құрылған сәттен бастап алты сағат ішінде:

      1) оқиға орнының орналасқан жерін белгілейді және балықтар мен басқа да су жануарларының шамамен қырылу ауқымын айқындайды;

      2) балық және басқа да су жануарларының сыртқы белгілері бойынша олардың қырылған уақытын болжаммен белгілейді;

      3) оқиға орнының фото- және бейнетіркеуін жүргізеді;

      4) жеке және заңды тұлғалардан оларға белгілі болған немесе бекітіліп берілген аумақтар шегінде жануарлардың қырылуының анықталған жағдайлары туралы ақпарат келіп түскен сәттен бастап ішкі істер органдарына балық және басқа да су жануарларының қырылуының анықталған орны, уақыты және мән-жайлары туралы хабарлайды;

      5) ішкі істер органдары келгенге дейін ұшалардың және оқиға орнының сақталуын қамтамасыз етеді.

      8. Ішкі істер органдары жиырма төрт сағат ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген балық және басқа да су жануарларының түрлеріне жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуы тұрғысынан бағалауды жүзеге асырады.

      Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар жануарлардың қырылу жағдайлары бойынша тіркеу, қарау, есепке алу және шешімдер қабылдау "Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері алты сағат ішінде су объектілерінің гидрологиялық режимінің өзгеру және су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалану жөніндегі белгіленген талаптардың сақталу мәніне зерттеп-қарауды жүзеге асырады.

      10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері жиырма төрт сағат ішінде:

      1) жағалаудағы су қорғау белдеуін ластаушы заттардың тасталу фактілерінің, су айдындарының ластану көздерінің болуына зерттеп-қарау ұйымдастырады;

      2) тіршілік ету ортасынан алмай өлген балықтар мен басқа да су жануарларынан сынама алуды және зертханалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады және олардың нәтижелерін алады (қажет болған жағдайда).

      11. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері жиырма төрт сағат ішінде:

      1) тергеп-тексеру жүргізуге негіз болған орындарға зерттеп-қарау жүргізеді;

      2) тіршілік ету ортасынан алмай өлген балықтар мен басқа да су жануарларынан сынама алуды және зертханалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады және олардың нәтижелерін алады (қажет болған жағдайда);

      3) тергеп-тексеру нысанасына байланысты салдарды жою және (немесе) болғызбау жөніндегі іс-шараларды айқындайды.

      12. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу мәселелері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның өкілдері жиырма төрт сағат ішінде:

      1) тергеп-тексеру жүргізуге негіз болған орындарға зерттеп-қарау жүргізеді;

      2) жұмыс тобының қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен, жергілікті тұрғындармен өзара іс-қимылын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      3) сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген балық және басқа да су жануарлары түрлеріне жатқызылған өлген жануарлардың ұшалары көмілетін орындарды қамтамасыз етеді.

      13. Ветеринария мәселелері бойынша қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның өкілдері он екі сағат ішінде:

      1) өлген балықтар мен басқа да су жануарларын сыртқы зақымдануларға, жараларға, паразиттерге, ауру көздеріне, улану белгілеріне қарап-тексеру жүргізеді;

      2) қырылу себептерін анықтау, паразиттердің болуын және ішкі ағзалардың жай-күйін анықтау мақсатында ашу жүргізеді;

      3) тіршілік ету ортасынан алмай өлген балықтар мен басқа да су жануарларынан сынама алуды және зертханалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады және олардың нәтижелерін алады (қажет болған жағдайда);

      4) балықтардың және басқа да су жануарларының өлімі туралы ақпаратты, өлу себептерінің нәтижелерін қоса бере отырып орналастырады.

      14. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жұмыс тобы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген балық және басқа да су жануарлары түрлеріне жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт (бұдан әрі – тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт) жасайды.

      Тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт тергеп-тексеру материалдарының негізінде ресімделеді және оған жұмыс тобының мүшелері қол қояды.

      Жұмыс тобының мүшесі тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, жұмыс тобының төрағасы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен тиісті жазба жүргізеді. Жұмыс тобының мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндайды, ол жұмыс тобының төрағасы қол қойғанға дейін тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі.

  Сирек кездесетін және жойылып
кету төнген түрлерге
жатқызылған жануарлардың
қырылу жағдайларын тергеп-
тексеру қағидаларына қосымша

      Нысан

Сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларына тергеп-тексеру жүргізу туралы акт
№________

___________________________
(акт жасау орны)

20 __ жылғы "___" ______________
(күні)

      1. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық

      бөлімшесінің атауы___________________________________________________

      2. Тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздер ____________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Жедел жұмыс тобының құрамы:

      ____________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тергеп-тексеру жүргізуге тартылған адамдардың лауазымы)

      4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:

      20___жылғы "___" _______ бастап 20___жылғы "___" _______ дейін

      5. Сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге

      жатқызылған балық және басқа да су жануарлары түрлеріне жатқызылған

      жануарлардың қырылу жағдайларының себептері туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қосымша: тергеп-тексеру материалдары _______ парақта

      Жедел жұмыс тобы мүшелерінің қолдары:

      ____________________________________________________________________

      лауазымы                         (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      ____________________________________________________________________

      лауазымы                         (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      ____________________________________________________________________

      лауазымы                         (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      ____________________________________________________________________

      лауазымы                         (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      ____________________________________________________________________

      лауазымы                         (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      ____________________________________________________________________

      лауазымы                         (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      ____________________________________________________________________

      лауазымы                         (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады