Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына ұсынатын жеке тұлғалар туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 29 қазандағы № 644 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қазанда № 37262 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабы 3-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына ұсынатын жеке тұлғалар туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және цифрлық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 29 қазандағы
№ 644 бұйрыққа 1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына ұсынатын жеке тұлғалар туралы мәліметтер

      20____ "___" ________ бастап 20____ "___" ________ дейінгі кезең үшін

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz интернет–ресурста орналастырылған.

      Әкімшілік нысанның атауы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына ұсынатын жеке тұлғалар туралы мәліметтер.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЖТМ1.

      Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын.

      Есепті кезең: ай, тоқсан, жыл.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Жеке сәйкестендіру
нөмірі / бизнес-
сәйкестендіру нөмірі



      (жеке тұлғалар деректерді ұсынған жағдайда, сондай-ақ біріктірілген түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі: электронды түрде.

      ____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлғаның атауы

      ____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Жеке тұлға бойынша мәліметтер

Жарнаны, аударымды, төлемді жүзеге асырған тұлға

жеке сәйкестендіру нөмірі

тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

Жеке сәйкестендіру нөмірі /
бизнес-сәйкестендіру нөмірі

атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

1

2

3

4

5

      Кестенің жалғасы

Төлем мақсатының коды

Жарнаның, аударымның, төлемдердің және (немесе) олар бойынша өсімпұлдардың төленген күні

Кезең

Жарналардың, аударымдардың, төлемдердің және (немесе) олар бойынша өсімпұлдардың сомасы, теңгеде

6

7

8

9

Атауы _________________________________
___________________________________

Мекенжайы _____________________
____________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы___________________________________

      Орындаушы ___________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      қолы, телефон Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      қолы

      Мөр орны ___________________________________________

      Ескертпе: жеке тұлғалар туралы ұсынылатын мәліметтерге:

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға міндетті жарналар мен аударымдар және (немесе) оларға өсімпұлдар бойынша;

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 198-бабына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) оларға өсімпұлдар бойынша, сондай-ақ зейнетақы төлемдері бойынша;

      зейнетақы төлемдерін алушыларға мемлекет кепілдік берген, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті және (немесе) кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде төленген сомалар бойынша;

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің Ерекше бөлігінің 3-бөліміне сәйкес әлеуметтік аударымдар және (немесе) олар бойынша өсімпұлдар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша;

      мынадай әлеуметтік төлемдер (жәрдемақылар):

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

      мемлекеттік арнайы жәрдемақылар;

      зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарды, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мемлекеттік жәрдемақыларды алушыларды жерлеуге берілетін біржолғы төлем;

      бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

      бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек;

      саяси қуғын-сүргін құрбандарына және зардап шеккендерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік төлемдер;

      бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      банкроттықтың салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу үшін төлемдерді капиталдандыру мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер бойынша деректер жатады.

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына ұсынатын жеке тұлғалар туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшаға сәйкес келтірілген.

  "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шешімі бойынша
құрылған, Қазақстан
Республикасының заңнамасына
сәйкес зейнетақы жарналарын,
әлеуметтік аударымдар мен
әлеуметтік төлемдерді, міндетті
әлеуметтік медициналық
сақтандыруға арналған
жарналар мен аударымдарды
есепке алуды қамтамасыз ететін
тұлғалардың мемлекеттік
кірістер органдарына ұсынатын
жеке тұлғалар туралы
мәліметтер" нысанына қосымша

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына ұсынатын жеке тұлғалар туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына ұсынатын жеке тұлғалар туралы мәліметтер" нысаны мынадай деректерді қамтиды:

      1-бағанда – реті бойынша нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда – пайдасына зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударым, әлеуметтік төлем, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар жүзеге асырылған жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      3-бағанда – пайдасына зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударым, әлеуметтік төлем, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар жүзеге асырылған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі;

      4-бағанда – жарналарды, аударымдарды, төлемдерді жүзеге асырған тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      5-бағанда – жарналарды, аударымдарды, төлемдерді жүзеге асырған заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі;

      6-бағанда – "Экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдерді тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) сәйкес төлем мақсатының тиісті коды көрсетіледі;

      7-бағанда – жарнаның, аударымның, төлемдердің және (немесе) олар бойынша өсімпұлдардың төленген күні көрсетіледі;

      8-бағанда –жарна, аударым, төлем және (немесе) олар бойынша өсімпұл жүргізілген кезең (ай, тоқсан, жыл) көрсетіледі;

      9-бағанда – жарнаның, аударымдардың, төлемдердің және (немесе) олар бойынша өсімпұлдардың сомасы теңгеде көрсетіледі.

      Ескертпе: Нысанды ұсынған кезде зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік төлемдер, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдар туралы мәліметтер әрқайсысы жеке ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 29 қазандағы
№ 644 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 539 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20804 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 539 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 307 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22509 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 539 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 906 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29412 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 539 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 19 шілдедегі № 776 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33142 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады