"Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 390 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 қазанда № 37220 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29862 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықта:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Электрондық жер кадастрлық карталарды жасауды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен жасалған шарт негізінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктердің есептік кварталдарының электрондық жер-кадастрлық карталарын жасау кезінде жоспар-график жасалады, онда әкімшілік-аумақтық бірліктердің есептік кварталдарының қолданыстағы электрондық жер-кадастрлық карталары және жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктер көрсетіледі.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекаралары өзгерген кезде жаңадан құрылған есептік кварталға немесе шекаралары өзгертілген есептік кварталға жаңа электрондық жер-кадастрлық карта жасалады.

      Электрондық жер-кадастрлық карталарды жаңарту кезеңділігі:

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заң) 3-бабының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген елді мекендерде – 4-6 жыл;

      Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңның 3-бабы 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген елді мекендерде – 7-10 жыл.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады