ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 21-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | А. Сапаров | 
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 22 қазандағы № 387 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 2-қосымша | 
 "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" 
 мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
4) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ) – жүргізу тәртібі Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заң) айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;
5) кадастрлық (бағалау) құны – мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелері және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;
6) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
8) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектісі;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті:
1) елді мекендер жерлерінің жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды – Мемлекеттік корпорация;
2) елді мекендердің жерлерін қоспағанда, жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Мемлекеттік институт) көрсетеді.
"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскенің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт арқылы, не портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның/Мемлекеттік институттың операциялық залының жұмыскері (оператор) өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.
Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпия сөзді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Портал арқылы жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексеруді, қабылдауды және Тізбеде көрсетілген құжаттарды құжаттар қабылдаған күні тіркеуді 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырады;
2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) жібереді;
3) ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалуына жауапты жұмыскерді айқындайды;
4) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкестігін тексереді, қажет болған жағдайда құжаттарды жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінен (мұрағаттан) мұрағат істерін, (жер-кадастрлық істерін және мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті басқа материалдарын) сұратады және ЖМБМК АЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді.
Егер елді мекен жерлерінде орналасқан жер учаскесі ЖМБМК АЖ қабаттарында (елді мекеннің шекаралары, бағалау аймақтары және басқа да анықтамалықтар) көрсетілмеген, бірақ бұл ретте Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты бар болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу жүзеге асырылады.
Елді мекенде орналасқан ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау үшін жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу жүзеге асырылады.
Елді мекен жерлерінде орналасқан елді мекеннің белгіленген және өзекті шекаралары, жер учаскесінің бағалау аймақтары және жер учаскесінің өзекті шекаралары жоқ жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау үшін жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу жүзеге асырылады.
Елді мекен жерлерінде орналасқан, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығында пайдалану мақсаты үшін берілетін жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, ҚБ жұмыскері осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін дайындайды (бұдан әрі – жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі) және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын адамға жолдайды;
5) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын адам жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін тексереді және Мемлекеттік корпорация басшысына қол қоюға жолдайды;
6) Мемлекеттік корпорация басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 6 (алты) сағат ішінде тексереді және оған қол қояды;
7) құжаттарды беру жөніндегі құрылымдық бөлімшенің жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы жібереді;
8) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес көрсетілетін қызметті жеке басын не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік корпорацияға портал арқылы жүгінген кезде:
1) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері құжаттарды қабылдауды, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын және тіркеуді жүзеге асырады және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға құжаттарды қабылдаған күні 3 (үш) минут ішінде береді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушының өзі жауапты;
2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және 5 (бес) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалуына жауапты жұмыскерді анықтайды;
3) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді және ЖМБМК АЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді.
Елді мекен жерлерінде орналасқан, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығында пайдалану мақсаты үшін берілетін жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға жүгінген кезде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін қалыптастыру 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
елді мекендер жерлерінде орналасқан жер учаскелері бойынша ЖМБМК АЖ елді мекеннің шекаралары бекітілген, өзекті және жер учаскесінің бағалау аймақтарының шекаралары белгіленген, өзекті болған жағдайда 30 (отыз) минут ішінде жұмысты жүргізуге қажетті құжаттардың бар-жоғы тексеріледі, ЖМБМК АЖ арқылы кестелер мен қабаттардан (елді мекеннің шекаралары, бағалау аймақтары және басқа да анықтамалықтар) ақпарат жиналады, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін қалыптастыру автоматтандырылған үдерісі жүзеге асырылады;
4) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын адам жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актіні тексереді және Мемлекеттік корпорацияның басшысына қол қоюға жолдайды;
5) Мемлекеттік корпорацияның басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 6 (алты) сағат ішінде тексереді және оған қол қояды;
6) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін қол қойылған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.
8. Мемлекеттік институтқа жүгінген кезде:
1) Мемлекеттік институттың жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды құжаттарды қабылдаған күні ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға береді;
2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және мемлекеттік қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;
3) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын тексереді және жер учаскесін сәйкестендіреді.
Елді мекендер жерлерін қоспағанда жер учаскелері бойынша құжаттар келіп түскен жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін ЖМБМК АЖ-мен сәйкестендіреді, түзету коэффициенттерінің есебін жасайды, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеуді жүргізеді.
Елдi мекендер жерлерін қоспағанда, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін берiлетiн жер учаскелері бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін қалыптастыру 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Елді мекендер жерлерін қоспағанда ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау үшін жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің түзету коэффициенттерінің есебін жасайды, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеуді жүргізеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, ҚБ жұмыскері жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актіні дайындайды және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын адамға жолдайды;
4) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын адам 6 (алты) сағат ішінде жер учаскесінің түзету коэффициенттерінің есебін және кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актіні тексереді және Мемлекеттік институттың басшысына қол қоюға жолдайды;
5) Мемлекеттік институттың басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 6 (алты) сағат ішінде тексереді және оған қол қояды;
6) Мемлекеттік институттың кеңсе жұмыскері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде тіркейді;
7) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік институттың жұмыс графигіне сәйкес жеке басын не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген құжат, немесе цифрлық құжаттар сервисінің электрондық құжаты негізінде, немесе әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
9. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалымның өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт мемлекеттік қызметті көрсету не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тыңдау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі не Мемлекеттік корпорациясының/Мемлекеттік институттың кеңсесі арқылы беріледі.
10. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне кешіктірілмей енгізілуін қамтамасыз етеді.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Мемлекеттік корпорацияға/Мемлекеттік институтқа және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
11. Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік корпорацияның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік институттың шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік институт басшысының, жер ресурстарын басқару бойынша орталық уәкілетті органның (бұдан әрі – ведомство) атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға жібереді. Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт, ведомство – ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Мемлекеттік корпорацияның/Мемлекеттік институттың, ведомствоның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
14. ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша | 
"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | 
1) елді мекендер жерлерінің жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); | 
| 2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | 
1)Мемлекеттік корпорация: | 
| 3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: | 
| 4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | 
1) Мемлекеттік корпорация: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде; | 
| 5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | 
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. | 
| 6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | 
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құны "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 23/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 192630 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларға 1.3.1, 1.3.2, 1.3.3 және 1.3.4-тармақтарға сәйкес мөлшерде есептеледі. | 
| 7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | 
1) Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін; | 
| 8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы: | 
| 9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер | 
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; | 
| 10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар | 
Мемлекеттік қызметті тікелей Мемлекеттік корпорация арқылы алу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. | 
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы өтініш
Елді мекендер жерлерінде/елді мекендер жерлерін қоспағанда орналасқан (қажеттінің астын сызу), ауданы _____ гектар, шаруашылық орталығы (ауыл, поселке)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)
мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын
айқындау бойынша жұмыстарды жүргізуді сұраймын.
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бұдан бұрын берілген жер
учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезінде):
___________________________________________________________________
________________________________________________________________
Дербес деректерімді және "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
Көрсетілетін қызметті алушы
______________________________________________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
| 20__ жылғы "____" __________. "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан | 
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі №
1. Өтініш беруші: _______________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы)
2. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бар болса):____________________
3. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты:______________________________
4. Жер учаскесінің орналасқан жері:________________________________
5. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу
| Аймақ нөмірі (елді мекендер жерлеріне), алқап түрлері, топырақ типі (ауылшаруашылығы пайдаланылатын жерлер үшін) | Ауданы, гектар/шаршы метр* | Жер үшін төлемнің базалық мөлшерлемесі, теңге | Түзету коэффициенті | Кадастрлық (бағалау) құны, теңге | 
| Жиыны | 
      *Елді мекендер жерлерінің санаттары бойынша кадастрлық (бағалау) құнын айқындау
 шаршы метрмен жүзеге асырылады
       6. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны: _______________ құрайды. 
                                           (сомасы жазумен)
       7. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын
__________________________________________________________________ 
                         (ұйымның атауы)
_______________________________________________________ айқындады.
       Басшы _______________________________________________________ 
       (басшысының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, мөрі) немесе
             басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20 жылғы " " _________ " "
| "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша | |
| Нысан | 
              Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала 
                               шешім туралы хабарлама
                         Құрметті ____________________________
      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының
1-тармағына сәйкес, осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын
 айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, себебі:
__________________________________________________________________
                         (бас тарту себептерін санамалау)
       Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі)
жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды
білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):
___________________________________________________________________ 
             (тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі):
       мекенжайы бойынша ғимаратта:/бейнеконференцбайланыс/өзге де
                         коммуникация құралдары арқылы)
       Мемлекеттік корпорация/ Мемлекеттік институт
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
             (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 жылғы " " ___________
"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы), аудандардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері | 
| 2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | 
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы; | 
| 3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау, жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде; | 
| 4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. | 
| 5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. | 
| 6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін | 
| 7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | 
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін; | 
| 8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | 
бірінші кезең:  | 
| 9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер | 
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; | 
| 10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар | 
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. | 
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 22 қазандағы № 387 бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 21-қосымша | 
"Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер учаскесі – осы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесіне иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы, жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықтардың (аукциондардың) қорытындылары бойынша хаттама.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдап алынған құжаттарды көрсетілетін қызметті орындауға жауапты өндірістік құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) құжаттарды қабылдаған күні береді.
6. ҚБ басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және құжаттарды қабылдаған күні жауапты орындаушыны айқындайды.
Жауапты орындаушы құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді тексереді;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтеріне сәйкес шығындар есебін жүргізеді, материалдарды қоса береді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісін дайындайды және оны ҚБ басшысына жолдайды.
ҚБ басшысы ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісін тексеріп оған қол қояды және ҚБ қызметкеріне жолдайды.
Құжаттарды беру жөніндегі құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісін тіркейді.
Құжаттарды беру жөніндегі ҚБ-ның жауапты орындаушысы ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісін тіркейді.
Дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
7. Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалымның өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
8. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы ақпараттың енгізілуін қамтамасыз етеді.
10. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2- тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
13. ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
"Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). | 
| 2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы | 
| 3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні ішінде | 
| 4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Кағаз түрінде | 
| 5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. | 
| 6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | 
Мемлекеттік институт көрсететін мемлекеттік қызметтің құны "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) уақытша бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының 2025 жылғы 14 қазандағы № 228-25П бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларға 1 және 4 параграфтарға сәйкес мөлшерде есептеледі. | 
| 7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | 
Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. | 
| 8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | 
Көрсетілетін қызметті берушіге: | 
| 9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер | 
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; | 
| 10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар | 
Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. | 
Нысан
Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау туралы өтініш
      _________________________________________________________________
_________________________________________________________________
             (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)
 мекенжайы бойынша _________ гектар алаңда орналасқан жер учаскесі бойынша ауыл 
шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын 
алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындауды сұраймын.
       Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бар болса) _______________________
       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару
 комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу ммлекеттік институты" 
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бизнес 
сәйкестендіру нөмірі 231140024109) дербес деректерімді және "Ауыл шаруашылығын 
жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою 
кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін 
қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және 
өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін.
       Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға 
қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
       Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды 
тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық 
почтасы, телефон нөмірі.
       Көрсетілетін қызметті алушы
__________________________________________________________________
       (жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты
             (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)
       Қабылданған құжаттардың тізбесі (атауы, қашан және кім берді):
       1. __________________________________________________________
       2. __________________________________________________________
       3. __________________________________________________________
       4. __________________________________________________________
Байланыс телефоны _______________________________________________
Ескертпе _________________________________________________________
20__ жылғы "___"__________.
 Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісі
_________________________________________________________________
 (жер пайдаланушы (меншік иесі)
 _________________________________________________________________
 (нысаналы мақсаты)
 _________________________________________________________________
 (орналасқан жері, алаңы (гектар)
| № | Ауыл шаруашылығы алқабының атауы | Топырақ типінің атауы | Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативі (теңге) | Алаңы (гектар) | Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу сомасы (теңге) (4-баған х 5-баған=) | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 
| Барлығы: | |||||
"Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының директоры
________________________________________ ___________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Мөрдің орны (бар болса)
Күні: 20___ жылғы "____" _______.
Келісілді:
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы)
Орындаушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
_______________ _________________________________________
(қолы) (күні)
Нысан
              Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім
                               туралы хабарлама
                         Құрметті _______________
      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 
1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты 
емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы 
өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатынын 
хабарлаймыз, өйткені:
____________________________________________________________________
                         (бас тарту себептері)
       Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі)
жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды
білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек):
_______________________________________________________________ 
       (тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдауды өткізу орны (тәсілі): ғимаратта 
 мекенжай бойынша:/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация
 құралдары арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________ 
                   (басшының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20___ жылғы "____" _______
 
           
          
