ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 514 бабының 7 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны беру қағидалары мен мерзімдері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысаны.
2. "Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысанын, оны мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 131 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16406 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 22 қазандағы № 616 бұйрығына қосымша 1 |
Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну
қағидалары мен мерзімдері
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны беру қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 514-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және мынадай жағдайларда тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны беру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды:
кейіннен әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды уақытша әкелу кезінде;
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде, олар кейіннен әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін болады;
тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты әкелу (әкету) кезінде.
2. Осы Қағидалардың ережелері мынадай жағдайларда қолданылады:
1) тауарларды уақытша әкелуге (әкетуге):
жылжымалы мүлікті және көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары бойынша;
көрмелер мен жәрмеңкелерге;
2) тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты әкелуге (әкетуге) тыйым салынады.
2 тарау. Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну тәртібі мен мерзімдері
3. Хабарлама осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде ұсынылады.
4. Салық төлеуші хабарламаны негізінде тауарларды әкелу (әкету) жүзеге асырылған әрбір шарт (келісімшарт) бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органына тауарлардың кодына жеке ұсынады.
5. Хабарлама 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынылады:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген күннен бастап;
Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілген күннен бастап.
Хабарлама тауарларды әкелудің (әкетудің) әрбір күніне ұсынылады.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 22 қазандағы № 616 бұйрығына 2 қосымша |
|
| нысан |

Ескертпе: Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны толтыру нысанына қосымшада көрсетілген.
| Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысанына қосымша |
Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. Хабарламада мынадай деректер көрсетіледі:
1-жолда салық төлеушінің жеке сәйкестендіру немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН, БСН) көрсетіледі;
2-жолда тауарларды әкелуді (әкетуді) жүзеге асырушының атауы немесе тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
Заңды тұлға үшін: құрылтай құжаттарына сәйкес атауы, жеке тұлға үшін – жеке басты куәландыратын құжаттарға сәйкес салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама сәйкес атауы көрсетіледі;
3-жолда "Тауарларды өткізу":
3 I торкөз Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде белгіленеді, олар кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетіледі немесе тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты әкелу кезінде белгіленеді;
3 II торкөз тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде белгіленеді, олар кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін болады немесе тауарларды олардың бір заңды тұлғаның шегінде берілуіне байланысты әкету кезінде белгіленеді;
4-жолда "Тауарларды әкелу (әкету) үшін негіз":
4 I торкөз Қазақстан Республикасының аумағына (аумағына) кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) әкетілетін (әкелінетін) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан (аумағына) тауарларды уақытша әкелу (әкету) кезінде белгіленеді. 4 I торкөзіне белгі қойылған жағдайда А немесе В торкөзіне белгі қойылады;
4 I А торкөзі жылжымалы мүлікті және көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары бойынша тауарларды уақытша әкелу (әкету) кезінде белгіленеді;
4 І В торкөзі тауарларды көрмелер мен жәрмеңкелерге уақытша әкелу (әкету) кезінде белгіленеді;
4 II торкөз тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан (аумақтарынан) Қазақстан Республикасының аумағына (аумақтарына) әкелу (әкету) кезінде олардың бір заңды тұлға шегінде берілуіне байланысты белгіленеді;
5-жолда Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) тауарларды әкелу (әкету) жүргізілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің коды көрсетіледі;
6-жолда тауарларды әкелу (әкету) жүзеге асырылған және тауар құнына қолданылатын шартта (келісімшартта) айқындалатын валюта коды көрсетіледі;
7 жолда осы Қағидалардың 8 тармағына сәйкес хабарлама қайта ұсынылған жағдайда бұрын ұсынылған хабарламаның тіркеу нөмірі көрсетіледі;
8-жолда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың 10 таңбалы коды көрсетіледі;
9-жолда әкелінген (әкетілген) тауарлардың толық атауы көрсетіледі;
10-жолда тауарларды әкелу (әкету) жүзеге асырылған шартқа (келісімшартқа) сәйкес әкелінген (әкетілген) тауарлардың орналасқан жері көрсетіледі;
11-жолда тауарларды әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарт (келісімшарт) туралы мәліметтер (атауы, күні және нөмірі) көрсетіледі;
12-жолда тауарларды әкелу (әкету) жүзеге асырылған шартта (келісімшартта) айқындалатын әкелінген (әкетілген) тауарлардың құны көрсетіледі;
13-жолда тауарларды әкелу жүзеге асырылған шартқа (келісімшартқа) және/немесе тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес келетін әкелінген тауарлардың саны, сондай-ақ өлшем бірліктері көрсетіледі. Бұл жол 3 I торкөзде белгі қойылған жағдайда толтырылады;
14-жолда "Тауарларды әкелу мерзімі":
"с" торкөзінде тауарларды әкелу күні көрсетіледі;
"по" торкөзінде шартқа (келісімшартқа) сәйкес тауарларды болжамды әкету күні көрсетіледі. Бұл жол 3 I торкөзде белгі қойылған жағдайда толтырылады;
15-жолда тауарларды әкету жүзеге асырылған шартқа (келісімшартқа) және/немесе тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес әкетілген тауарлардың саны, сондай-ақ өлшем бірліктері көрсетіледі. Бұл жол 3 II торкөзде белгі қойылған жағдайда толтырылады;
16-жолда "Тауарларды әкету мерзімі":
"с" торкөзінде тауарларды әкету күні көрсетіледі;
"по" торкөзінде шартқа (келісімшартқа) сәйкес тауарларды болжамды әкелу күні көрсетіледі. Бұл жол 3 II торкөзде белгі қойылған жағдайда толтырылады;
"салық төлеушінің (басшының) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)" жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі. Егер хабарламаны жеке тұлға ұсынса, жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес оның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі, дара кәсіпкер үшін-дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес атауы;
"Хабарлама берілген күн" жолында хабарламаның мемлекеттік кірістер органына ұсынылған күні көрсетіледі;
"Мемлекеттік кірістер органының коды" жолында салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;
"Құжаттың кіріс нөмірі" жолағында хабарламаның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
2. Хабарламада көрсетілген әкелінген (әкетілген) тауарлардың орналасқан жері туралы шарттың (келісімшарттың) талаптары өзгерген кезде, салық төлеуші бұрын ұсынылған хабарламада көрсетілген мерзім өткенге дейін хабарламаны қайта ұсынады.
Бұл хабарламаны ұсынылған кезде тек мынадай деректер толтырылады:
ЖСН (БСН) (1-жол);
тауарларды әкелуді (әкетуді) жүзеге асыратын атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (2-жол);
бұрын ұсынылған хабарламаның тіркеу нөмірі (7-жол);
әкелінген (әкетілген) тауарлардың орналасқан жері (10-жол).
Егер хабарламада көрсетілген әкелінген (әкетілген) тауарлардың болу мерзімі аяқталғанға дейін тараптардың (контрагенттердің) өзара келісімімен уақытша әкелінген (әкетілген) тауарлардың болу мерзімі ұзартылған жағдайда, салық төлеуші бұрын ұсынылған хабарламада көрсетілген мерзім өткенге дейін хабарламаны қайта ұсынады.
Бұл жағдайда хабарлама ұсынылған кезде тек мынадай деректер толтырылады:
ЖСН (БСН) (1-жол);
тауарларды әкелуді (әкетуді) жүзеге асыратын атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (2-жол);
бұрын ұсынылған хабарламаның тіркеу нөмірі (7-жол);
негізінде әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарт (келісімшарт), оның негізінде әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарттың (келісімшарттың) күні мен нөмірі (11-жол);
әкелу мерзімі (14-жол) немесе әкету мерзімі (15-жол).
