БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнiмдерді жаңартып отыру кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 67/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32009 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімдерді жаңартып отыру кезеңділігі жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Геодезия және картография департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – |
|
| Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі | Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімді жаңартып отыру кезеңділігі
Ескертпе:
Қажет болған жағдайда картографиялық өнімдерді жаңартып отыру кезеңі Қазақстан Республикасының экономикалық қажеттілігіне, жекелеген аумақтарды кешенді дамыту, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс қабілетін нығайту және жергілікті жердің өзгеру дәрежесіне қарай қысқарады не ұлғаяды.
* Теңіз навигациялық карталарын қазіргі уақыт деңгейінде ұстау және оларды жарамды жағдай күйіне келтіру мақсатында оларды жаңартып отыру мерзімі мынадай жағдайларда қысқартылады:
1) теңізде жүзу қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер ететін және картографиялау ауданындағы навигациялық жағдайды өзгертетін қазіргі замандағы және шынайы жаңартулар (гидрографиялық жұмыстардың нұсқаулығына сәйкес өткізілген қорытынды бойынша өзгерістер мен түзетулер) бар кезінде;
2) тұрақты және шынайы сипаты бар координаттарымен 75 және одан жоғары жаңартулар (корректуралық өзгерістер) бар кезінде;
3) **Картаның геодезиялық негізін өзгертуге байланысты түзетулер енгізу қажеттілігі;
4) көлемі үш жапсырманы арттыратын картаның көлемінде түзетулер енгізу қажеттілігі кезінде (әрқайсысы 15×25 сантиметр көлемімен);
5) өткен тираждарды шығындау және оларды толықтыру қажеттілігі кезінде.
**Картаның геодезиялық негізі – картаны жасау үшін қажетті геодезиялық мәліметтер жиынтығы. Оларға белгілі бір координаттар жүйесі және осы жүйеде анықталған тірек нүктелерінің координаттары жатады. Геодезиялық негіз Жердің физикалық бетінен шартты математикалық бетке (эллипсоид беті) өтуді анықтайды және картада бейнеленген географиялық объектілердің сәйкесінше олардың ендігі, бойлығы мен биіктігі бойынша дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді. Геодезиялық негізге жер бетінде немесе шартты математикалық бетінде (эллипсоид бетінде) координаттардың көмегімен анықталған нүктелер жер бетінде бекітілген тірек пункттері жатады.
***Ауыл шаруашылығы карталарын жаңарту кезеңдері келесі жағдайларда:
1) мемлекеттік шекараның өтуі, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың шекаралары (шектері), облыс шекаралары, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шекаралары (шектері), аудандар шекаралары, ауылдық округтер шекаралары, қалалар, кенттер, ауылдық елді мекендер шекаралары (шектері), ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шекаралары өзгергенде;
2) ауыл шаруашылығы картасында бейнеленген нысандар мен контурлардың 75 пайызы және одан да көбі жаңартылып өзгергенде қысқартылады.
