ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 21 қазандағы № 109 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің кейбір өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізімі
1. "Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшада, көлемі мен кезеңділігінде 1-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
".
2. "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларында:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар, шетелдіктер және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар үшін, ЕМС шарты бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің азаматтары болып табылатын көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін МСАК көрсетуді МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін мәліметтерді алу (немесе) беру мақсатында ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қормен медициналық қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) және (немесе) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған медициналық ақпараттық жүйелері бар МСАК ұйымы және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар жүзеге асырады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жақын маңдағы әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан МСАК ұйымына бекітілген шекаралас аумақтарында тұратын адамдарды қоспағанда, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын ескеріле отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) іске асырылды.".
3. "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24094 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларында:
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. МСАК ұйымдарында бекітілген халықты дәрілік қамтамасыз ету "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".
