"Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 348 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 398-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 21 қазанда № 37178 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 19.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33456 тіркелген) мынадай өзгертулер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасын газдандырудың бас және өңірлік схемаларын дайындау қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 125) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасын газдандырудың бас және өңірлік схемаларын дайындау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидаларында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас және өңірлік схемаларын дайындау қағидалары";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасын газдандырудың бас және өңірлік схемаларын дайындау қағидалары "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 125) тармақшасына cәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасын газдандырудың бас және өңірлік схемаларын дайындау тәртібін айқындайды.";

      3 және 4-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Схема мынадай екі кезеңде әзірленеді:

      1) облыстардың, республикалық маңызы қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өңірлік газдандыру схемасын қалыптастыруы;

      2) схеманы уәкілетті органның қалыптастыруы және бекітуі.

      Өңірлік газдандыру схемаларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары 4 (төрт) ай ішінде әзірлейді.

      Өңірлік газдандыру схемалары әзірленгеннен кейін уәкілетті органның келісуі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары 2 (екі) ай ішінде бекітеді.

      4. Өңірлік газдандыру схемаларын бекіткеннен кейін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидаларға сәйкес дайындалған өңірлік газдандыру схемаларын уәкілетті органның жанынан құрылатын Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына ұсынуды қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

      "17. Уәкілетті орган схеманың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.";

      қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасын
газдандырудың бас және
өңірлік схемаларын дайындау
қағидаларына қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады