БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26675 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
6-тармақтың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-1) мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы-мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шарттық негізде қалыптастыруды және сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;";
10-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген ішкі тәртіптің, өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын бақылау (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген).";
19-тармақтың 1) тармақшасы1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары, жергілікті атқарушы органдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың терроризмге қарсы комиссиясы үйлестіруімен тұрақты негізде ұйымдастырады. Бұл ретте, терроризмге қарсы комиссия террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары мен өзге де лауазымды адамдарының террористік сипаттағы өзекті қатерлер туралы хабардар болуын арттыру және терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін (объектіге қатысты терроризм актісін жасау қаупін азайту) жағдайлар жасау жөніндегі, сондай-ақ ықтимал террористік қатерлерден болатын салдарды барынша азайтуға және (немесе) жоюға ықпал ететін сабақтар өткізу арқылы олардың қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды үйлестіреді;";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Аумақтық тізбеге енгізілген объект паспортының жобасы жасалғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде ішкі істер органдары бөлімшесінің басшысына келісуге алдын ала жіберіледі.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Паспорттың бірінші данасы (түпнұсқасы) объектінің жауапты адамында қолжетімділігі шектеулі ақпаратпен жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес сақталады, ал екінші және үшінші даналары бекітілген немесе түзетілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде Ішкі істер органдарының аумақтық органдарға жіберіледі.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Паспорттың мәліметтері шектеулі сипатта болады, олармен жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларында айқындалған.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Терроризм актісін жасаудың ықтимал салдарын ескере отырып мемлекеттік материалдық резерв объектілері мынадай топтарға бөлінеді:
1) бірінші топқа мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы жатады;
2) екінші топқа мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымының филиалдары жатады.".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛЕСІЛДІ"
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасының
"КЕЛЕСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
