ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28320 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мыналар:
1) "қызметкерлердің құзыретін арттыру" мемлекеттік ынталандыруға байланысты шығындарды өтеуді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілері;
2) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде және үлестес жеке/заңды тұлғалар тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері;
3) Шығындарды өтеу туралы келісімнің талаптарын бұзған және шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша берілген ақшалай қаражатты қайтармаған өтініш берушілер;
4) арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) қатысушылары мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдалана алмайды.";
5-тармақтың 1) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
5-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) технологиялық жабдық – негізгі технологиялық процестерді орындауға арналған және өнімді дайындаудың негізгі өндірістік функциясын (логистикалық, тоңазытқыш жабдықтарды, крандарды, көлік құралдарын, тиегіштерді қоспағанда) орындау үшін тікелей тартылатын жабдық;";
5-тармақтың 9), 10) тармақшалары алып тасталсын;
5-тармақтың 15) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"15) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеуші өнеркәсіптің қазақстандық шығарылған тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер";
5-тармақтың 19) және 20) тармақшалары алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Осы Қағидалар шеңберінде еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік ынталандыру мынадай мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну болып табылады:
1) қызметкерлердің құзыретін арттыруға:
Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді еңбек өнімділігін арттыру бойынша кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру. Топ-менеджерлерге қаржылық (бухгалтерия), әкімшілік, құқықтық бөлімшені қоспағанда, заңды тұлғаның басшысы немесе атқарушы органның мүшесі немесе өндірілген өнімді/көрсетілетін қызметтерді өндіру және/немесе жылжыту жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы жатады;
инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру кезіндегі ұзақтығы 3 (үш) айдан аспайды;
2) цифрлық технологияларды енгізуге:
цифрлық жабдықты сатып алуға арналған (пайдаланылмаған жабдықтар, 3D-сканер, 3D-принтер, сканер және көшіру функциялары бар кең форматты плоттер-принтер);
3) технологиялық процестерді жетілдіруге:
байланысты шығындарды қоса алғанда, кәсіпорынның жалпы жұмыс істеуін оңтайландыру:
энергия аудитін жүргізу;
технологиялық жабдықтарды сатып алу (пайдаланылмаған жабдықтар);
байланысты шығындарды қамтитын өнім өндіру процестерін қамтамасыз етуге, сүйемелдеуге және басқаруға:
жабдықпен жұмыс бойынша нұсқаманы (оқытуды) қоса алғанда, жабдықты монтаждаумен және/немесе жабдықты шеф-монтаждаумен;
4) прогрессивті басқарушылық және өндірістік технологияларды (энергия тиімді және жасыл технологияларды, Kaizen, TPM, Six Sigma, 5S және Kanban – үнемді өндіріс элементтерін) енгізу арқылы жүзеге асырылатын өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру";
13-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) өтінім берілген күнге дейін алдыңғы 3 (үш) жыл үшін салық аударымдарының жыл сайынғы ұлғаюын қамтамасыз ететін. Осы тармақшаның талабы қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық төлеуден босатылған және/немесе тіркелген күнінен бастап ұлттық институтқа өтінім түскен күнге дейін күнтізбелік жеті жылдан аз уақыт өткен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қолданылмайды.
Егер өтініш беруші жеке кәсіпкер болып табылған жағдайда өтінімге өтінім берілген күнге дейін соңғы 3 (үш) жыл ішінде салық төлеуші төлеген барлық салықтар бойынша дербес шоттан үзінді көшірме қоса берілуі қажет";
13-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) қазақстандық тауар өндіруші тізіліміндегі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне технологиялық жабдықты сатып алуға және цифрлық жабдықты сатып алуға арналған шығындарды қоспағанда, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне өтінім берілген күнге дейін жиырма төрт айдан ерте емес жұмсалған (аяқталған) шығындар сомасының 40% мөлшерінде негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі:
қызметкерлердің құзыретін арттыру бойынша өтемақы сомасы күнтізбелік жылы отыз миллион теңгеден аспауға тиіс;
цифрлық технологияларды енгізу бойынша өтеу сомасы күнтізбелік жылы алпыс миллион теңгеден аспауға тиіс;
технологиялық процестерді жетілдіру бойынша жабдықпен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаманы (оқытуды) қоса алғанда, жабдықты монтаждауға және/немесе жабдықты шеф-монтаждауға арналған шығындарды қоспағанда, өтеу сомасы күнтізбелік жылда алпыс миллион теңгеден аспауға тиіс (ол бойынша өтеу сомасы күнтізбелік жылы он екі миллион теңгеден аспауға тиіс);
өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша өтеу сомасы күнтізбелік жылы жиырма миллион теңгеден аспауға тиіс.
Мемлекеттік ынталандырудың әрбір шарасы немесе шығындардың түрі бойынша мемлекеттік ынталандыру шаралары күнтізбелік жылда шығындарды өтеуге бір келісімнен артық жасалмайды";
Мынандай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Технологиялық жабдықты сатып алуға және цифрлық жабдықты сатып алуға жұмсалған шығындар шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне жұмсалған шығындардың жалпы сомасының 40% мөлшерінде негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі, бұл ретте соңғы төлем, егер төлем бірнеше төлем құжаттарымен жүзеге асырылған жағдайда, ұлттық институтқа өтінім келіп түскен күнге дейін жиырма төрт айдан ерте жүзеге асырылмауға тиіс, бұл ретте өтеу сомасы күнтізбелік жылы алпыс миллион теңгеден аспауға тиіс.;
15, 15-1, 15-2 және 15-3-тармақтар алып тасталсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Өтініш берушінің ұлттық институт өтеуге қабылдайтын шығындарының сомасы мынадай негізде айқындалады:
1) төлем құжаттары;
2) сатып алынған жабдықтың жалпы сомасына жабдықтың (орындалған жұмыстардың) қабылдау-берілуін растайтын бастапқы есепке алу құжаттары (қабылдау-беру актісі, қорларды тарапқа босатуға арналған жүкқұжат және басқалар) немесе көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына акт (актілер).";
18-тармақ алып тасталсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Өтініш беруші шығындарды өтеу шеңберінде шетел валютасындағы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, шығындарды өтеу сомасы өтініш беруші көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін орындаушыға төлем жасаған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің валюта бағамы негізге алына отырып есептеледі.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде өтініш берушінің топ-менеджерлерін кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру кезіндегі шығындарды өтеу мыналарды қамтиды:
1) инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде өтініш берушінің топ-менеджерлерін кәсіптік даярлауды және/немесе қайта даярлауды және/немесе біліктілігін арттыруды жүзеге асырған орындаушының көрсетілетін қызметтерінің құны;
2) іссапарға жіберу орнына және тұрақты жұмыс орнына бір рет қайтуға жол жүру құны (шығындар болған кезде);
3) жұмыскердің кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау мерзімі ішінде (бір айдан аспайтын) және/немесе инженерлік-техникалық персоналдың (үш айдан аспайтын), өндірістік персоналдың, оның ішінде өтініш берушінің топ-менеджерлерінің (шығындар болған кезде) тәуліктік шығындардан басқа өмір сүру құны.";
21, 22-тармақтар алып тасталсын;
23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Жұмыскерлердің құзыретін арттыру шеңберінде, іссапарға жіберу орнына және бір рет тұрақты жұмыс орнына қайтуға және шетелде тұруға арналған өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру кезінде өтініш беруші шеккен жол жүру және тұру бойынша өтініш беруші ұсынатын шығындар "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен белгіленген шекті нормалардан аспайтын мөлшерде өтеледі.
24. Өтініш беруші мемлекеттік ынталандырудың әрбір шарасы бойынша еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шарасын алуға жеке өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Қызметкерлердің құзыретін арттыруға және/немесе технологиялық процестерді жетілдіруге және/немесе өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға және/немесе цифрлық технологияларды енгізуге арналған өтінім оған қоса берілетін құжаттармен бірге осы Қағидалардың 4-тарауына және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Технологиялық процестерді жетілдіруге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне және осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес "Цифрлық технологияларды енгізуге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы беріледі.";
мынадай мазмұндағы 28-4-тармақпен толықтырылсын:
"28-4. Ұлттық институт қажет болған жағдайда ұсынылған құжаттар топтамасын, сатып алынған жабдықтың және/немесе өтінім шеңберінде орындалған жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің болуын салыстыру үшін өтініш берушінің өндірістік объектісіне шығуды жүзеге асырады.
Шығу қорытындысы ұлттық институттың есебінде көрсетіледі және растайтын фотоматериалдар қоса тіркеледі. Шығуды жүзеге асыру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатылады.";
36-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) алынған мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде қарсы міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау тәуекелдері анықталған кезде уақтылы ден қою";
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу", "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу", "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу", "Цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібі";
40-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"40. "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті беруші жеке және/немесе заңды тұлғалардың – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде бекітілген кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа, Қазақстанда өңделген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің (осы параграфта бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініші арқылы көрсетеді:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) Порталға.";
45-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"28-4-тармаққа сәйкес шығуды жүзеге асыру кезінде ұлттық институт өтініш берушіні хабардар етеді және мемлекеттік қызметті көрсетуді 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті беруші жеке және/немесе заңды тұлғалардың – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде бекітілген кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа, Қазақстанда өңделген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің (осы параграфта бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініші арқылы көрсетеді:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) Порталға.";
51-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"28-4-тармаққа сәйкес шығуды жүзеге асыру кезінде ұлттық институт өтініш берушіні хабардар етеді және мемлекеттік қызметті көрсетуді 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатады.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті беруші жеке және/немесе заңды тұлғалардың – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде бекітілген кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа, Қазақстанда өңделген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің (осы параграфта бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініші арқылы көрсетеді:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) Порталға.";
57-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"28-4-тармаққа сәйкес шығуды жүзеге асыру кезінде ұлттық институт өтініш берушіні хабардар етеді және мемлекеттік қызметті көрсетуді 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады."
57-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"57-1. "Цифрлық технологияларды енгізуге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі осы параграфта – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті беруші жеке және/немесе акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа, Қазақстанда өңделген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалардың-өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің (осы параграфта бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініші арқылы көрсетеді:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) Порталға.";
57-6-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"28-4-тармаққа сәйкес шығуды жүзеге асыру кезінде ұлттық институт өтініш берушіні хабардар етеді және мемлекеттік қызметті көрсетуді 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады.";
4-тараудың 3-2-параграфы алып тасталсын;
4-тарау мынадай мазмұндағы 4-параграфпен толықтырылсын:
"4-параграф. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
58. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
59. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес мыналар қаралуға жатады:
1) көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
60. Көрсетілетін қызметті берушінің, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру немесе жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға оны ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз тасығышта берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.
61. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.";
1, 3, 4, 5, 5-1 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
8 және 9-қосымшалар алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін:
1) осы бұйрықтың 1-тармағының отыз үшінші және 34 отыз төртінші –абзацтарын, осы бұйрыққа 2-қосымшаның 8-тармағының 8) тармақшасын, осы бұйрыққа 3-қосымшаның 8-тармағының 8) тармақшаларын, осы бұйрыққа 4-қосымшаның 8-тармағының 8) тармақшасын, осы бұйрыққа 5-қосымшаның 8-тармағының 6) тармақшасын, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болатын.
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаның 8-тармағының 7) тармақшасын, осы бұйрыққа 3-қосымшаның 8-тармағының 7) тармақшасын, осы бұйрыққа 4-қосымшаның 8-тармағының 7) тармақшасын, осы бұйрыққа 5-қосымшаның 8-тармағының 5-тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі | Е. Нагаспаев | 
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға өтінім (өтініш беруші бланкіде толтырады (бар болған жағдайда)
1. Өтініш берушінің атауы.
2. Заңды және нақты мекенжайы (индексі, облысы, қаласы/ауданы, елді мекені,
көшесі, телефоны).
3. Бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің деректері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – ТАӘ), лауазымы, жұмыс немесе ұялы телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы).
4. Өтініш берушінің Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)/Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН).
5. Орындаушының БСН/ЖСН (егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда).
6. Өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі (бар болса) және күні.
7. Орындаушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі (бар болса) және күні (егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса).
8. Негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып).
9. Шығарылатын өнімнің атауы.
10. Жылына ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам)*.
11. Өтініш беруші мемлекеттік және/немесе салалық бағдарламалардың қатысушысы болып табыла ма (егер бар болса, онда мемлекеттік қолдау шараларын алған жылын, қандай бағдарламалар шеңберінде және қандай мемлекеттік қолдау шараларын алғанын көрсетіңіз).
12. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) шеңберінде мемлекеттік ынталандырудың қандай шарасын пайдалану жоспарлануда (қажеттісін белгілеңіз):
☐ қызметкерлердің құзыретін арттыру;
☐ цифрлық технологияларды енгізу;
☐ технологиялық процестерді жетілдіру;
☐ өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру;
13. Өтінім берілген күнге соңғы 3 (үш) жылдағы салық аударымдарын (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көрсету. Осы тармақтың талабы қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық төлеуден босатылған және/немесе тіркелген күнінен бастап ұлттық институтқа өтінім түскен күнге дейін күнтізбелік екі жылдан аз уақыт өткен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қолданылмайды.
1) 20 _ жыл – _______ теңге;
2) 20 _ жыл – _______ теңге;
3) 20 _ жыл – _______ теңге.
14. Өтініш берушінің банктік деректемелерін көрсету.
Осы өтініммен өтініш беруші ұсынылған ақпараттың дұрыстығына, ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен түпнұсқалығына кепілдік береді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар етеді және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тіркеушінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береді.
Өтініш беруші сұратылып отырған мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде келтірілген іс-шаралар бойынша шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде республикалық және /немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылмағанын растайды.
Мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға өтінімді толтырған байланыс тұлғасы
(Т.А.Ә., лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы):
________________________________________________________.
Осы Өтінімге мынадай құжаттарды және құжаттардың көшірмелерін қоса беремін:
1) _____________________________________________________________;
2) _____________________________________________________________;
3) _____________________________________________________________;
4) _____________________________________________________________;
5) _____________________________________________________________.
Өтінімді толтыру күні _______________
Өтініш берушінің бірінші басшысы (міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының
міндеттерін орындау туралы растайтын құжат болған кезде)), жеке кәсіпкер немесе
олар уәкілеттік берген тұлға (сенімхат болған кезде) немесе жеке тұлға
__________ _________________
(қолы) (ТАӘ)
Мөр орны (болған жағдайда)
| "Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарының тізбесі | ||
| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) | 
| 2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | 
1) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) | 
| 3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 14 (он төрт) жұмыс күні | 
| 4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде | 
| 5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту. | 
| 6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін | 
| 7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | 
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); | 
| 8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | 
Инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді кәсіптік даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе біліктілігін арттыруға, оның ішінде шетелде, еңбек өнімділігін арттыру және/немесе қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде: | 
| 9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | 
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; | 
| 10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | 
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. | 
| "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарының тізбесі | ||
| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) | 
| 2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | 
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) | 
| 3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 14 (он төрт) жұмыс күні | 
| 4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде | 
| 5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Осы мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту. | 
| 6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін | 
| 7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | 
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); | 
| 8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | 
Энергетикалық аудит бойынша технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде: | 
| 9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | 
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; | 
| 10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | 
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. | 
| "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарының тізбесі | ||
| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) | 
| 2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | 
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) | 
| 3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 14 (он төрт) жұмыс күні | 
| 4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде. | 
| 5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Осы мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту. | 
| 6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін | 
| 7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | 
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); | 
| 8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | 
Көрсетілетін қызметті алушы өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде мынадай құжаттарды ұсынады: | 
| 9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | 
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; | 
| 10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | 
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. | 
| "Цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарының тізбесі | ||
| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) | 
| 2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | 
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал)  | 
| 3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 14 (он төрт) жұмыс күні | 
| 4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. | 
| 5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Осы мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту. | 
| 6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін | 
| 7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | 
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); | 
| 8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | 
Цифрлық жабдықты сатып алуға жұмсалған шығындар бойынша цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады: | 
| 9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | 
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; | 
| 10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | 
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. | 
Шығындарды өтеу туралы келісім ______ қаласы "___" ___________ 20 ___жыл
"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы
бұдан әрі "Ұлттық институт" деп аталатын,
атынан_______________________________________________,
негізінде әрекет ететін __________________________________________________,
бір жағынан, және______________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы) бұдан әрі "Өтініш беруші" деп аталатын
________________________________
_________________________________________________________________,
(негізінде әрекет ететін басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________, екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке
алғанда "Тарап" деп аталатындар өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің
еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру
шараларын ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде төмендегілер
туралы осы Шығындарды өтеу туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты:
1. Келісімнің мәні
1. Ұлттық институт Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын
ұсынуға міндеттенеді "_____________________________________
________________________________________________________________"
(мемлекеттік ынталандыру шараларының атауы) шығындарды өтеу түрінде
______________________________________________
(шығындар түрі) сомада
________________________________________________________теңге
(сомасы жазумен)
өтінімге сәйкес толық көлемде, ал өтініш беруші осы Келісімнің 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік ынталандыру шараларының нысаналы индикаторларына қол жеткізеді.
2. Өтініш беруші шығындарды өтеу шеңберінде шетел валютасындағы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, шығындарды өтеу сомасы өтініш берушінің орындаушыға көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін ақы төлеу күніне немесе шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде жалақы төлеу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің валюта бағамы негізге алына отырып есептеледі.
3. Ағымдағы шотта мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін қажетті ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, шығындарды өтеуді ұлттық институт бюджеттік бағдарламалар әкімшісінен қаражат түскенге дейін тоқтата тұрады. Бұл ретте ұлттық институт өтініш берушіні Қағидаларда белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.
2. Тараптардың міндеттемелері
4. Ұлттық институт міндеттенеді:
1) Келісімді орындауға елеулі әсер етуі мүмкін Қағидаларды іске асыруға байланысты барлық өзгерістер туралы өтініш берушіні хабардар ету;
2) осы Келісімге қол қойылған күннен кейін екі жыл ішінде мемлекеттік ынталандыру шараларының іске асырылуына мониторинг жүргізу.
3) алынған мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде қарсы міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау тәуекелдері анықталған жағдайда, өтінім берушіге келісімге қол қойылған күннен бастап алты айда бір рет кезеңділікпен тәуекелдер туралы хабарлау.
5. Өтініш беруші міндеттенеді:
1) ұлттық институтқа одан әрі мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін бастапқы статистикалық деректерді уәкілетті органға және өтелетін шығындар бойынша көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) актісіне (актілеріне) қол қойылған күннен кейін 2 (екі) жыл бұрын, 2 (екі) жыл және ұлттық институт мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингін жүргізу мақсатында келісімге қол қойылғаннан кейін 2 (екі) жыл бұрын деректерді қоса алғанда, ұлттық институтқа таратуға келісім берілсін. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойған ұлттық институтқа түскен күн Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күн болып есептеледі. Алғашқы статистикалық деректерді таратуға келісім нысаны осы Келісімге қосымшада келтірілген;
2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректері негізінде ұлттық институттың жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мониторинг жүргізу үшін қажетті деректерді ұсыну;
3) қол жеткізу нысаналы индикаторлар шығындарды өтеу туралы келісім жасалған кезден бастап екі жыл ішінде мемлекеттік ынталандыру шаралары, атап айтқанда, осы Келісімнің 1-тармағына сәйкес кәсіпорынның өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерінің көлемін мемлекет салған сомадан кемінде 2 (екі) есе ұлғайту;
4) ұлттық институттың жазбаша сұрау салуына сәйкес ұлттық институттан оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік ынталандыру шарасының іске асырылу барысы туралы ақпаратты мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес ұсыну;
5) Келісім шарттары бұзылған жағдайда, шығындарды өтеу түрінде ұлттық институт берген ақшалай қаражатты ұлттық институттан тиісті хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қол жеткізілген нысаналы индикаторларға пропорционалды түрде қайтаруды қамтамасыз ету.
6) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығын, уақтылығын және анықтығын қамтамасыз ету.
3. Тараптардың құқықтары
6. Ұлттық институт құқылы:
1) мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда мемлекеттік ынталандыру шарасының іске асырылу барысы туралы, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректері мемлекеттік ынталандыру шарасының іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін өтініш берушіден ақпарат сұрату;
2) осы Келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзу және шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік ынталандыруға қарай берілген ақшалай қаражатты қайтаруды талап ету.
4. Тараптардың жауапкершілігі
7. Ұлттық институт жауапты:
1) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру шеңберінде берілген ақпараттың толықтығы, уақтылығы және дұрыстығы;
2) мемлекеттік ынталандыру шараларын уақтылы бергені үшін.
8. Өтініш беруші жауапты:
1) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы, уақтылығы және анықтығы;
2) осы Келісімнің 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік ынталандыру шараларының нысаналы индикаторына қол жеткізу;
3) осы Келісімнің шарттары бұзылған жағдайда шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша берілген ақшалай қаражатты уақтылы қайтару.
5. Құпиялылық
9. Осы Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ Тараптар осы Келісімді жасасу және орындау барысында алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды.
Банк құпиясы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 4-тармағына сәйкес ашылуы мүмкін.
Өтініш берушінің атауына және мемлекеттік ынталандыру шараларына, жүргізілген өтеу сомасына қатысты ақпарат құпия ақпаратқа жатпайды.
10. Тараптар осы Келісімнің құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері осы Келісімді іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге жол берілмейді.
11. Осы Келісімнің талаптарын бұза отырып, Тараптардың кез келгені құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жария ету салдарынан екінші Тарап шеккен ықтимал залалдарды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.
6. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
12. Тараптар міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін, сондай-ақ олардың орындалуын кідірткені үшін, егер бұлар еңсерілмейтін күштің (дүлей зілзаланың немесе көздеу немесе алдын алу мүмкін емес өзге де мән-жайлардың), сондай-ақ келісім шарттарын орындамауға немесе тиісінше орындамауға әкеп соғатын соғыс қимылдарының, ереуілдердің және өзге де төтенше жағдайлардың салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
13. Еңсерілмес күш мән-жайларына сілтеме жасайтын тарап 3 (үш) жұмыс күні ішінде екінші тарапқа еңсерілмес күш мән-жайларының басталғаны туралы да, аяқталғаны туралы да хабарлауға міндетті.
14. Егер тараптардың бірі еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде келісім бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші тараптың бұл туралы бірінші тарапты келісім бұзылған күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ете отырып, Келісімді бұзуға құқығы бар.
7. Даулы мәселелерді шешу
15. Ұлттық институт пен өтініш беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс.
16. Егер келіссөздер нәтижесінде ұлттық институт пен өтініш беруші дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені дауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы сотының қарауына береді.
8. Қорытынды ережелер
17. Осы Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және оған қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жыл бойы қолданылады.
18. Осы Келісімге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар оларды жазбаша түрде ресімдеген және кейіннен осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын барлық Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған кезде жарамды болады.
19. Деректемелер (заңды мекенжайлар, шот нөмірі) өзгерген жағдайда Тараптар бір-біріне дереу хабарлайды.
20. Егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, Тараптар осы Келісімді басшылыққа алады.
21. Осы Келісім әрбір тарап үшін бір-бірден бірдей заңды күші бар екі данада жасалды.
9. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Ескертпе:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
БСК – банктік сәйкестендіру коды.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсынылады.
Интернет-ресурста орналастыру нысаны: www.mps.gov.kz.
"Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын іске
асыру өнеркәсібін дамыту саласындағы ұлттық институттың есебі"
Есептілік кезеңі: 20___ жылғы __ тоқсан.
Индекс: 1 – ҚИЭО.
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Ақпарат ұсынатын тұлғалар: "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт
орталығы" акционерлік қоғамы.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі
айдың 25 күнінен кешіктірмей.
| БСН/ЖСН | 
 
 | 
Жинау әдісі: қағаз тасымалдағышта
| мың теңге | |||||||||
| р/с № | Кәсіпорынның атауы | Мемлекеттік ынталандыру шараларының атауы | Өтінімнің келіп түскен күні | Мемлекеттік ынталандыру шарасын ұсыну туралы шешім қабылданған күн | Шығындар сомасы | Сомасы, есепті күнге қаржыландырылған | Ағымдағы жағдайы | ||
| өтініш берушінің жеке қатысуы | мемлекеттік ынталандыру | ||||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |
Атауы (респондент) _____________________________________________________
Мекенжай (респондент)_________________________________________________
Басшы немесе оның міндеттерін орындайтын тұлға:
____________________________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
Орындаушы:________________________________________________ ___________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
Орындаушының телефон нөмірі, электрондық адресі: ___________________
Күні: 20__ жылғы "____" ___________
Ескертпе: толтыру бойынша түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған
"Еңбек
өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру
өнеркәсібін дамыту саласындағы ұлттық институттың есебі" осы нысанға қосымшада
келтірілген.
| "Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық институттың мемлекеттік шараларды іске асыру туралы есебі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша | 
"Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық институттың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы есебі" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы нысан Қағидаларда көзделген мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингін іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Толтырылған Нысанды "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ұсынады.
3. Көрсеткіштер ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніне нақты деректер бойынша қалыптастырылады.
4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
6. Нысанның 2-бағанында Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған кәсіпорынның атауы көрсетіледі.
7. Нысанның 3-бағанында Қағидалар шеңберінде берілген мемлекеттік ынталандыру шараларының атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 4-бағанында өтінімнің келіп түскен күні көрсетіледі.
9. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну туралы шешім қабылданған күн көрсетіледі.
10. Нысанның 6-бағанында өтініш берушінің жеке қатысу сомасы көрсетіледі.
11. Нысанның 7-бағанында мемлекеттік ынталандыру сомасы көрсетіледі.
12. Нысанның 8-бағанында есепті күнге қаржыландырылған сома көрсетіледі.
13. Нысанның 9-бағанында ағымдағы жай-күйі көрсетіледі.
 
           
          

