"Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 15 қазандағы № 11-1-4/608 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 қазанда № 37160 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15884 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және қарау, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және қарау, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы
А. Исетов

 

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 11-1-4/608
бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2017 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 11-1-2/420
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және қарау, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелер) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді (бұдан әрі – азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер) қабылдау және қарау, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 153) тармақшасына сәйкес әзірленді және шет елдердегі мекемелердің Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрақты тұратын адамдардан азаматтық мәселелер бойынша өтініштерді қабылдау және қарау, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) өтініш беруші – шет елдегі мекемеге азаматтық мәселелері, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау бойынша өтініш берген адам;

      2) шет елдердегі мекемелер – Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері.

      3. Азаматтық мәселелер бойынша құжаттарды ресімдеу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау туралы анықтамалар бергені үшін "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) көзделген мөлшерлерде консулдық алым алынады.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген, жасаған немесе белгіленген нысан бойынша куәландырған құжаттар заңдастырылған кезде қабылданады.

      Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне тиісті түрде куәландырылған аудармасымен қоса беріледі.

2-тарау. Азаматтық мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және қарау тәртібі

      5. Азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштерге:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш жатады.

      6. Азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер шет елдердегі мекемелерде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті) және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) осы мемлекеттік органдардың әрқайсысына келіп түскен күннен бастап 1 (бір) айдан кешіктірілмейтін мерзімде тіркелуге және қаралуға тиіс.

      Заңның 32-бабына сәйкес, азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштерді қараудың жалпы мерзімі шет елдегі мекемеге құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 6 (алты) айдан аспауға тиіс.

      7. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш еркін нысанда жасалады және оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрақты тұратын шет елдегі мекеме куәландырған заңды өкілдерінің өтініші бойынша кәмелетке толмағандар, іс-әрекетке қабілетсіз адамдар және Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдар немесе "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн және оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 6 маусымдағы №1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесіне және оларға қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес келетiн адамдар мен олардың отбасы мүшелерi шет елдердегі мекемелер арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына келесі құжаттарды қоса береді:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

      2) өмiрбаян (өз қолымен жазылған);

      3) 3,5 х 4,5 көлеміндегі фотосурет;

      4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;

      5) шет мемлекеттің құзыретті органы берген соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама;

      6) шет мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы немесе тоқтатылуы туралы анықтама;

      7) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің (бар болса) көшірмелері;

      8) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы өтініш-келісім;

      9) консулдық алым төленгені туралы құжат;

      10) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      11) жазбаша нысанда білдірілген және шет елдегі мекеме куәландырған Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы келісім (Қазақстан Республикасының азаматтығына 14 жастан 18 жасқа дейінгі адамдарды қабылдау кезінде);

      12) Қазақстан Республикасы бейінді мемлекеттік органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматтығына Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбегі бар немесе Тізбеге сәйкес келетін адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қабылдау кезінде).

      8. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш еркін нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрақты тұратын адамдар шет елдердегі мекемелер арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына келесі құжаттарды қоса береді:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттар;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтығына бұрынғы тиесілігін растайтын құжаттар;

      3) "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 479 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35233 болып тіркелген) сәйкес көлемде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білуді растайтын құжаттар (кәмелетке толмағандарға, іс-әрекетке қабілетсіз адамдарға, Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбегі бар немесе кәсіптері бар және Тізбе бойынша талаптарға сай келетін адамдарға, этникалық қазақтарға қолданылмайды).

      9. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш еркін нысанда жасалады және оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары шет елдердегі мекемелер арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына келесі құжаттарды қоса береді:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

      2) өмiрбаян (өз қолымен жазылған);

      3) 3,5 х 4,5 көлеміндегі фотосурет;

      4) "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20207 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдеген Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім немесе "Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 11-1-4/1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16354 болып тіркелген) сәйкес шет елдегі мекеме ресімдеген Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға шешім ресімделгені туралы хабарлама;

      5) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 болып тіркелген) бекітілген "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес ресімделген соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама;

      6) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің (бар болса) көшірмелері;

      7) шетел азаматтығын алу мүмкіндігін растайтын құжат;

      8) консулдық алым төленгені туралы құжат;

      9) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының, ата-анасының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы куәліктердің, азаматты қайтыс болды деп немесе хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің көшірмелері (бар болса);

      10) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      10. Осы Қағидалардың 7, 8 және 9-тармақтарына сәйкес құжаттар топтамасы толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, шет елдегі мекеме азаматтық мәселелері жөніндегі өтініш келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

      Құжаттарды сәйкестендіру мерзімі шет елдегі мекеме өтініш берушіні хабардар еткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер өтініш беруші оларды осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзімде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірмесе, шет елдегі мекеме құжаттарды қайтарады.

      Құжаттарды қайтару қайта жүгінуге кедергі болмайды.

      11. Осы Қағидалардың 7, 8 және 9-тармақтарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, шет елдегі мекеме мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:

      1) өтініш берушіге Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың құқықтық және өзге де салдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра оның шетелдік азаматтығы танылмайтыны жөнінде Заңның 3-бабының ережелерi түсiндiрiледi және ол туралы сауалнама-өтiнiште белгi жасалады;

      2) қабылданған құжаттарды қарастырады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің әрбір отбасы мүшесіне қорытынды жасайды;

      3) өтініш беруші және оның отбасының әрбір мүшесі туралы мәліметтерді енгізілетін ақпараттың толықтығын қамтамасыз ете отырып, "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) енгізеді.

      12. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет елдегі мекеме енгізген өтініш беруші және оның отбасы мүшелері туралы мәліметтерді "Бүркіт" БАЖ-да қарауды және келісуді жүзеге асырады.

      13. Ұлттық қауіпсіздік комитеті келіскеннен кейін шет елдегі мекеме азаматтық мәселелері жөніндегі қорытындылар мен ресімделген құжаттарды (бұдан әрі – азаматтық мәселелер жөніндегі материалдар) Министрлікке жібереді.

      14. Министрлік азаматтық мәселелер жөніндегі материалдарды қарайды және олар Заңға және (немесе) осы Қағидаларға сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрақты тұратын әрбір өтініш берушіге Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың немесе оны қалпына келтірудің орындылығы, оның ішінде Қазақстан Республикасында оны еңбекке, тұрғын үйге және өзге де орналастыру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы қорытындыларды жасайды және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жібереді.

      15. Азаматтық мәселелер жөніндегі материалдардың Заңға және (немесе) осы Қағидаларға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, Министрлік оларды Заңға және (немесе) осы Қағидаларға сәйкес келтіру қажеттігі туралы шет елдегі мекемені хабардар етеді.

      Кемшіліктерді жою мерзімі Министрліктің хабарламасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде кемшіліктерді жою мүмкін болмаған кезде азаматтық мәселелері жөніндегі материалдарды қарауды шет елдегі мекеме кемшіліктерді өтініш беруші жойғанға дейін тоқтата тұрады, бұл туралы 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш беруші мен Министрлікке жазбаша хабарлайды.

      16. Министрлік шет елдегі мекеменің азаматтық мәселелер жөніндегі материалдарды қарауды тоқтата тұру туралы хабарламасы келіп түскен кезде оларды шет елдегі мекемеге қайтарады.

      17. Өтініш беруші осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес хабарламада көрсетілген кемшіліктерді жойғаннан кейін шет елдегі мекеме азаматтық мәселелері жөніндегі материалдарды Министрлікке жібереді, ол осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес іс-қимылды жүзеге асырады.

      Азаматтық мәселелері жөніндегі материалдарды қарауды тоқтата тұрған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде кемшіліктер жойылмаған жағдайда, шет елдегі мекеме азаматтық мәселесі жөніндегі берген құжаттарды өтініш берушіге қайтарады.

      Құжаттарды қайтару қайта жүгінуге кедергі болмайды.

      18. Азаматтық мәселелері жөніндегі материалдар Министрліктің қорытындыларымен бірге Заңға және "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қаралады.

      19. Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, қалпына келтіру және одан шығу мәселелері бойынша және азаматтық мәселелері жөніндегі өтініш қабылданбаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шығарылады.

      Азаматтық мәселесі жөніндегі қайталап берілген өтініш бұл мәселе бойынша алдыңғы шешімнен кейін 1 (бір) жыл өткен соң қаралады.

      Іс үшін өтініш берушіге мәлім болмаған және мәлім болуы мүмкін болмаған елеулі мән-жайлар туындаған жағдайда, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің талаптары ескерілмей, шет елдегі мекеме қайталап берілген өтінішті қабылдайды.

      20. Министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтық мәселелері жөніндегі Жарлығы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны шет елдегі мекемеге жібереді.

      Шет елдегі мекеме Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтық мәселелері жөніндегі Жарлығы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтық мәселесі жөніндегі қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді.

      21. Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудан, қалпына келтіруден және одан шығудан бас тарту Заңның 17 және 20-баптарында көзделген негіздерде жүзеге асырылады.

      22. Азаматтық мәселелері жөніндегі өтініш қабылданбаған жағдайда, шет елдегі мекеме әкімшілік акт қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын өтініш берушіге Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудан, қалпына келтіруден, одан шығудан бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешімге ұстаным білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты, күні мен орны, тәсілі туралы хабарлайды.

      Өтініш беруші алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде алдын ала шешімге қатысты қарсылықты береді немесе білдіреді.

      Тыңдау нәтижелері бойынша шет елдегі мекеме осы Қағидаларға сәйкес азаматтық мәселелері жөніндегі өтінішті одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды не Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудан, қалпына келтіруден және одан шығарудан бас тартады.

3-тарау. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу тәртібі

      23. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын адамға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеуді шет елдегі мекеме:

      1) Заңның 21-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздерді растайтын құжаттардың бірі болған кезде оның еркін нысанда жасалған Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу туралы өтінішін алған кезде жүзеге асырады.

      Өтінішке Қазақстан Республикасы азаматының паспортының және жеке куәлігінің түпнұсқалары (олар болған кезде) қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және (немесе) жеке куәлігі болмаған немесе жоғалған жағдайда өтініш берушінің жазбаша түсіндірмесі және осы фактіні растайтын құжаттар (олар болған кезде) ұсынылады;

      2) Заңның 21-бабында көзделген негіздердің бар екендігі туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының немесе шет мемлекеттің құзыретті органдарының ресми хабарламасын алған кезде жүзеге асырады.

      24. Осы Қағидалардың 23-тармағының 1) тармақшасына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, шет елдегі мекеме Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу туралы өтініш келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

      Құжаттарды сәйкестендіру мерзімі шет елдегі мекеме өтініш берушіні хабардар еткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер өтініш беруші оларды осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзімде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірмесе, шет елдегі мекеме құжаттарды қайтарады.

      Құжаттарды қайтару қайта жүгінуге кедергі болмайды.

      25. Шет елдегі мекеме осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын адамға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу туралы қорытынды жасайды, "Бүркіт" БАЖ-ға тиісті мәліметтерді енгізеді және өтініш берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы туралы хабардар етеді.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту туралы анықтама беру жөнінде өтініш келіп түскен кезде шет елдегі мекеме 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге еркін нысанда жасалған тиісті анықтаманы ресімдейді.

      26. Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына мен мәліметтерге күмән болған жағдайда, шет елдегі мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және (немесе) шет мемлекеттің құзыретті органдарына сұрау салулар жіберу арқылы олардың түпнұсқалығын тексеруді жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 25-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім шет елдегі мекеме басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы өтініш берушіге ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.

      27. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту күнін есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      28. Шет елдегі мекеме Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының құжатталған халқының ақпараттық деректер базасына мәліметтер енгізу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын (бұдан әрі – "АӨО" РМК) азаматтықты жоғалтуды тіркегені туралы хабардар етеді.

      29. Алынып қойған Қазақстан Республикасы азаматының паспорттары мен жеке куәліктері консулдық мұрағаттың сейфінде сақталады және шет елдегі мекеме Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде "АӨО" РМК-ге жібереді.

4-тарау. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын адамның Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау тәртібі

      30. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын адам Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау үшін шет елдегі мекемеге мынадай құжаттарды (бұдан әрі – азаматтығын айқындау жөніндегі материалдар) береді:

      1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

      2) 3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет;

      3) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шет мемлекеттің азаматтығының жоқтығы туралы құжат;

      4) іске қатысы бар басқа құжаттар (бар болса): туу туралы куәлік, еңбек қызметін растайтын құжаттар, әскери билет, орта немесе толық орта емес білімі туралы аттестат, диплом, мұрағаттық анықтама - шаруашылық кітабынан үзінді, өтініш берушінің Қазақстан Республикасында тұру фактісін растайтын кемінде үш куәгердің өтініші.

      31. Осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, шет елдегі мекеме азаматтығын айқындау жөніндегі материалдар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

      Құжаттарды сәйкестендіру мерзімі шет елдегі мекеме өтініш берушіні хабардар еткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      Егер өтініш беруші оларды осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзімде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірмесе, шет елдегі мекеме құжаттарды қайтарады.

      Құжаттарды қайтару қайта жүгінуге кедергі болмайды.

      32. Осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, шет елдегі мекеме өтініш берушінің "Бүркіт" БАЖ арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) сауалнама-өтініште көрсетілген анықтама деректерін енгізу арқылы айқындайды.

      33. "Бүркіт" БАЖ-да өтініш беруші туралы мәліметтер болмаған жағдайда, шет елдегі мекеме өтініш беруші туралы мәліметтерді алу үшін азаматтығын айқындау жөніндегі материалдардың көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарына сұрау салу жібереді.

      34. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары сұрау салу келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны қарайды және өтініш беруші туралы мәліметтерді шет елдегі мекемеге жібереді.

      35. Шет елдегі мекеме Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарынан өтініш беруші туралы мәліметтерді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындайды және жазбаша нысанда хабардар етеді.

      36. Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) растау туралы анықтама беру жөнінде өтініш келіп түскен кезде шет елдегі мекеме еркін нысанда жасалған тиісті анықтаманы береді.

5-тарау. Шет елдердегі мекемелердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      37. Шағым шет елдегі мекемеге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Шет елдегі мекеме, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі Министрлікке жібереді.

      Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын шет елдегі мекеме, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды Министрлікке жібермеуге құқылы.

      Министрліктің атына келіп түскен шағым тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      38. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Қазақстан Республикасының
шет елдердегі мекемелерінің
Қазақстан Республикасының
азаматтығы мәселелері бойынша
өтініштерді қабылдау және
қарау,
Қазақстан Республикасының
азаматтығын жоғалтуын тіркеу және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататынын
(жатпайтынын) айқындау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Сауалнама – өтiнiш

     


      ___________________________________________________________ сұраймын.
("Мені Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды"
немесе "Маған Қазақстан Республикасының азаматтығын
қалпына келтіруді" көрсетіледі)

Сұрақтар

Жауаптар

1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)


2. Т.А.Ә. өзгерген жағдайда бұрынғы Т.А.Ә., өзгертудің себебі мен күні көрсетілсін


3. Туған күні, айы, жылы мен жері


4. Жынысы


5. Ұлты (қалауы бойынша көрсетіледі)


6. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)


7. Шет мемлекеттің азаматтығы, оның ішінде оған дейін бұрын болған және (немесе) тоқтатылған (жеке басын куәландыратын құжат, азаматтықты алу және (немесе) тоқтату күні мен негізі)


8. Отбасылық жағдайы (некеде (ерлі-зайыптылықта) болу не болмау немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, жесірлік және осы мәліметтерді растайтын құжаттардың берілген күні, нөмірі, орны көрсетіледі)


9. Білімі және білімі бойынша мамандығы, кәсібі (қай оқу орнын, қайда және қашан бітірді, диплом нөмірі, берілген күні мен орны)


10. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (диплом нөмірі, берілген күні, берілген жері)


11. Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға немесе азаматтығын қалпына келтіруге бұрын берілген (бар болса) өтініштер (өтініштің күні, оны қабылдаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы және қарау нәтижелері)


12. Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың негізі мен күні (Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге өтініш берген кезде толтырылады)


13. Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мекенжайы (Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге өтініш берген кезде толтырылады)


14. Осы өтінішпен жүгінген күннің алдындағы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу туралы мәліметтер (шығарып жіберу себебі, шығарып жіберу туралы сот қаулысының нөмірі мен күні)


15. Шет мемлекеттердің әскери міндетіне, мемлекеттік қызметіне, қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметіне қатысы (әскери міндетті немесе әскери міндетті емес, қызмет кезеңі, соңғы лауазымы, атағы, шені)


16. Соттың тиісті үкімінің көшірмесін қоса бере отырып, қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер (күні, тиісті мемлекеттің қылмыстық заңнамасы баптарының диспозициясының атауы, таңдалған бұлтартпау шарасы)


17. Шет мемлекеттің құзыретті органдарының қылмыс жасағаны үшін қылмыстық тәртіппен қудалауы туралы мәліметтер


      18. Еңбек жолы басынан бастап атқарған қызметі (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда).

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеменің, ұйымның және кәсiпорынның атауын жұмыс атқарған кездегі атауына сәйкес көрсету қажет. Әскери қызметтi лауазым бен шенін көрсете отырып толтырылады. Шартты атауы бар кәсiпорындар (пошта жәшiгi) сондай шартты атауымен көрсетiледі. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi (ол бар болған жағдайда).

Айы мен жылы

Мекемесі, ұйымы көрсетiлген лауазымы

Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері




      19. Сiздiң жақын туыстарыңыз (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер).

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын және шетелде тұратын барлық туыстар көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса, онда оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi.

Туыстық деңгейi

Т.А.Ә.

Туған жылы мен жері

Жұмыс орны, лауазымы

Болу елі, тұрғылықты мекенжайы, азаматтығы






      20. Жұбайым/зайыбым ______________________________________

                                          (Т.А.Ә.)

      Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға / қалпына келтіруге құжаттарды ресiмдеуде ________________________/ _______________________.

                  ("иә" немесе "жоқ") (егер жауап "иә" болса, онда оның

                        жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні және

                                    беру органы көрсетіледі)

      21. Сiздiң мекенжайыңыз, телефон нөмiрiңiз ________________________.

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және жазылған деректердің дұрыстығын растаймын, өзім туралы көрінеу жалған ақпарат берудің салдары жөніндегі ескертуді қабылдадым.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудың / қалпына келтірудің құқықтық салдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра оның шетелдік азаматтығы танылмайтыны жөнінде Заңның 3-бабының ережелерi маған түсіндірілді.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес осы сауалнама-өтініште көрсетілген дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.

      Күні және өтініш берушінің қолы __________________________________

  Қазақстан Республикасының
шет елдердегі мекемелерінің
Қазақстан Республикасының
азаматтығы мәселелері бойынша
өтініштерді қабылдау және қарау,
Қазақстан Республикасының
азаматтығын жоғалтуын тіркеу және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататынын
(жатпайтынын) айқындау
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Өтініш-келісім

      Мен, __________________________________________________________, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға / Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге өтініш білдіре отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның аумақтық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның аумағында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндеттенемін.

  20___ жылғы "___" _______
____________________
(қолы)
Қазақстан Республикасының
шет елдердегі мекемелерінің
Қазақстан Республикасының
азаматтығы мәселелері бойынша
өтініштерді қабылдау және қарау,
Қазақстан Республикасының
азаматтығын жоғалтуын тіркеу және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататынын
(жатпайтынын) айқындау
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Сауалнама – өтiнiш

     



      Маған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды ресімдеуге рұқсат беруді сұраймын.

Сұрақтар

Жауаптар

1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)


2. Т.А.Ә. өзгерген жағдайда бұрынғы Т.А.Ә., өзгертудің себебі мен күні көрсетілсін


3. Туған күні, айы, жылы мен жері


4. Жынысы


5. Ұлты (қалауы бойынша көрсетіледі)


6. Отбасылық жағдайы (некеде (ерлі-зайыптылықта) болу не болмау немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, жесірлік және осы мәліметтерді растайтын құжаттардың берілген күні, нөмірі, орны көрсетіледі)


7. Білімі және білімі бойынша мамандығы, кәсібі (қай оқу орнын, қайда және қашан бітірді, диплом нөмірі, берілген күні мен орны)


8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (диплом нөмірі, берілген күні, берілген жері)


9. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген орындалмай қалған мiндеттемелер, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат берумен байланысты міндеттемелер туралы мәліметтер


10. Әскери міндетке қатысы (әскери міндетті, әскери міндетті емес, әскери қызметтен өтсе, қашан, қайда, әскер түрі, әскери атағы көрсетілсін)


11. Қазақстан Республикасының құзыретті органдарының қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартуы туралы мәліметтер


12. Заңды күшіне енген және орындауға жататын соттың айыптау үкімі туралы мәліметтер


13. Өзге мемлекеттің азаматтығын алу мүмкіндігі туралы мәліметтер (беру органы, құжаттың нөмірі мен күні)


14. Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шыққан күні


15. Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығар алдында тұрғылықты мекенжайы (тұрақты тіркеу)


      16. Еңбек жолы басынан бастап атқарған қызмет (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда).

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеменің, ұйымның және кәсiпорынның атауын жұмыс атқарған кездегі атауына сәйкес көрсету қажет. Әскери қызметтi лауазым мен шенін көрсете отырып толтырылады. Шартты атауы бар кәсiпорындар (пошта жәшiгi) сондай шартты атауымен көрсетiледі. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi (ол бар болған жағдайда).

Айы мен жылы

Мекемесі, ұйымы көрсетiлген лауазымы

Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері




      17. Сiздiң жақын туыстарыңыз (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, апа, немерелер).

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын және шетелде тұратын барлық жақын туыстар көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса, онда оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi.

Туыстық деңгейi

Т.А.Ә.

Туған жылы мен жері

Жұмыс орны, лауазымы

Болу елі, тұрғылықты мекенжайы, азаматтығы






      18. Жұбайым/зайыбым __________________________________________

                                          (Т.А.Ә.)

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға құжаттарды ресiмдеуде:

      __________________/________________________________________________.

      ("иә" немесе "жоқ") (егер жауап "иә" болса, онда оның жеке басын

                        куәландыратын құжаттың нөмірі, күні және

                              оны берген орган көрсетіледі)

      19. Сiздiң мекенжайыңыз, телефон нөмiрiңiз ________________________.

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және жазылған деректердің дұрыстығын растаймын, өзім туралы көрінеу жалған ақпарат беру салдары жөніндегі ескертуді қабылдадым.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудың / қалпына келтірудің құқықтық салдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра оның шетелдік азаматтығы танылмайтыны жөнінде Заңның 3-бабының ережелерi маған түсіндірілді.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес өтініште көрсетілген дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.

      Күні және өтініш берушінің қолы ________________________________

  Қазақстан Республикасының
шет елдердегі мекемелерінің
Қазақстан Республикасының
азаматтығы мәселелері бойынша
өтініштерді қабылдау және қарау,
Қазақстан Республикасының
азаматтығын жоғалтуын тіркеу және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататынын
(жатпайтынын) айқындау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
________________ ______
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.),
Қазақстан Республикасының
шет елдегімекеме
басшысының қолы)
Мөр орны
№ ______ 20__ жылғы "___" ______

                              Қорытынды

            _______________________________________________________________

                  (Қазақстан Республикасы шет елдегі мекемесінің атауы)

      _________________ жылы ______________________________________ туылған

                                          (мемлекеттің атауы)

      __________________________ азаматы (шасы) ____________________________

            (азаматтығы)                                     (Т.А.Ә.)

      ____________________________________________________________________

            (Қазақстан Республикасының азаматтығын / нан

                  қабылдау / қалпына келтіру / шығу)

      туралы өтінішпен жүгінді.

      _______ жылдан бастап _________________________________ аумағында

                                    (мемлекеттің атауы)

      тұрақты тұрады.

      Қазіргі уақытта мынадай мекенжай бойынша тұрады: _______________________

      ____________________________________________________________________.

      Қазақстан Республикасында және басқа елдерде тұратын жақын туыстары:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Басқа мәліметтер: _______________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      _______________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының азаматтығын / нан

      қабылдау / қалпына келтіру / шығу)

      туралы өтінішін _____________________________________________ уәждейді.

      Азамат(ша)_____________________________________________________

                                          (Т.А.Ә.)

      ____________________________________________________________________

                  (Қазақстан Республикасының азаматтығын / нан

                        қабылдау / қалпына келтіру / шығу)

      туралы өтінішін _____________________________________________________

                        (Қазақстан Республикасының азаматтығын / нан

                        қабылдауға / қалпына келтіруге / шығуға негіздеме)

      байланысты қанағаттандыруды мүмкін деп санаймыз.

      Өтініш беруші туралы мәліметтер "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізілді.

      Консулдық алым алынды.

      Қосымша ______ парақта.

      __________             ________                         ___________________

      (лауазымы)             (қолы)                               (тегі, аты-жөні)

  20___ жылғы "___"____________
Қазақстан Республикасының
шет елдердегі мекемелерінің
Қазақстан Республикасының
азаматтығы мәселелері бойынша
өтініштерді қабылдау және қарау,
Қазақстан Республикасының
азаматтығын жоғалтуын тіркеу және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататынын
(жатпайтынын) айқындау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
_____________________ ______
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.),
Қазақстан Республикасының
шет елдегі мекеме
басшысының қолы)
Мөр орны
№______ 20__ жылғы "___" _______

            Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын адамның
      Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу туралы қорытынды

      _______________________________________________________________ байланысты

                  ("Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы"

                  Қазақстан Республикасының Заңына сілтемесі

                        көрсетілген Қазақстан Республикасының

                        азаматтығын жоғалтуды тіркеудің негізі)

      ____________________________________________________________________

            (Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы)

      азамат(ша) ___________________________________________________ қатысты

                                    (Т.А.Ә.)

      Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеуді жүзеге асырды.

      ____________________ аумағына тұру үшін _______ жылы шыққан.

      (мемлекеттің атауы)

      Қазақстан Республикасынан шыққанға дейінгі мекенжайы:

      ____________________________________________________________________.

      Қосымша: ______

      __________                   ________                   __________________

      (лауазымы)                   (қолы)                   (тегі, аты-жөні)

  20__ жылғы "____" ________
Қазақстан Республикасының
шет елдердегі мекемелерінің
Қазақстан Республикасының
азаматтығы мәселелері бойынша
өтініштерді қабылдау және қарау,
Қазақстан Республикасының
азаматтығын жоғалтуын тіркеу және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататынын
(жатпайтынын) айқындау
қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Сауалнама – өтiнiш

     



      Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындауды сұраймын.

Сұрақтар

Жауаптар

1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)


2. Т.А.Ә. өзгерген жағдайда бұрынғы Т.А.Ә., өзгертудің себебі мен күні көрсетілсін


3. . Туған күні, айы, жылы мен жері


4. Жынысы


5. Ұлты (қалауы бойынша көрсетіледі)


6. Отбасылық жағдайы (некеде (ерлі-зайыптылықта) болу не болмау немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, жесірлік және осы мәліметтерді растайтын құжаттардың берілген күні, нөмірі, орны көрсетіледі)


7. Білімі және білімі бойынша мамандығы, кәсібі (қай оқу орнын, қайда және қашан бітірді, диплом нөмірі, берілген күні мен орны)


8. Шет мемлекеттердің әскери міндетіне, мемлекеттік қызметіне, қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметіне қатысы (әскери міндетті немесе әскери міндетті емес, қызмет кезеңі, соңғы лауазымы, атағы, шені)


9. Сот органының тиісті үкімінің көшірмесін қоса бере отырып, қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер (күні, тиісті мемлекеттің қылмыстық заңнамасы баптарының диспозициясының атауы, таңдалған бұлтартпау шарасы)


10. Шетелге шығар алдында Қазақстан Республикасында тұрғылықты мекенжайы (тұрақты тіркеуі)


11. Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығу күні


12. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)


      13. Еңбек жолы басынан бастап атқарған қызметтері (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда).

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеменің, ұйымның және кәсiпорынның атауын жұмыс атқарған кездегі атауына сәйкес көрсету қажет. Әскери қызметтi лауазым мен шенін көрсете отырып толтырылады. Шартты атауы бар кәсiпорындар (пошта жәшiгi) сондай шартты атауымен көрсетiледі. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi (бар болған жағдайда).

Айы мен жылы

Мекемесі, ұйымы көрсетiлген лауазымы

Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері




      14. Сiздiң жақын туыстарыңыз (ата-аналар, аға-қарындастар).

Туыстық деңгейi

Т.А.Ә.

Туған жылы мен жері

Жұмыс орны, лауазымы

Болу елі, тұрғылықты мекенжайы, азаматтығы






      15. Сiздiң мекенжайыңыз, телефон нөмiрiңiз _______________________.

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және жазылған деректердің дұрыстығын растаймын, өзім туралы көрінеу жалған ақпарат берудің салдары жөніндегі ескертуді қабылдадым.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес өтініште көрсетілген дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.

      Күні және өтініш берушінің қолы ___________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады