"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, ұлттық қауіпсіздік органдарының қайтыс болған зейнеткерінің отбасына жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді және жәрдемақыларды тағайындау туралы нұсқаулықты, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын зейнеткерлік куәлігі нысанының сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 90/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының м.а. 2025 жылғы 16 қазандағы № 96/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 қазанда № 37156 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, ұлттық қауіпсіздік органдарының қайтыс болған зейнеткерінің отбасына жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді және жәрдемақыларды тағайындау туралы нұсқаулықты, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын зейнеткерлік куәлігі нысанының сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 90/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34583 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереже 15-тармағының 127) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 734 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, қайтыс болған зейнеткерді жерлеуге бipжолғы төлем және отбасына жәрдемақы тағайындау туралы нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, қайтыс болған зейнеткерді жерлеуге бipжолғы төлем және отбасына жәрдемақы тағайындау туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереже 15-тармағының 127) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 734 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек ciңipгeн жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, қайтыс болған ҰҚО зейнеткерін жерлеуге бipжолғы төлем және отбасына жәрдемақы тағайындау рәсімдерін нақтылайды.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларына, осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі, ол екі данада жасалып, біреуі өтініш берушінің жеке ісіне тігіледі;".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағаның МУА
А. Алтынбаев

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы   Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік Цифрлық даму, инновациялар және

      қорғау министрлігі аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады