БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 744 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12525 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 42) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 28) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 42) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарының органдарының мамандары шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу тәртібін белгілейді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дұрыстығын нақтылау Заңның 12-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады";
2 және 3 тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу тәртібі";
"3-тарау. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды қорытындылау бойынша уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық статистика органдарының іс-әрекеті".
2. "Әкімшілік деректердің сапасын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № қағидалары болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 82-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысымен бекітілген Деректерді басқару жөніндегі талаптардың 12-тармағына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 75-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректердің сапасын бағалау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
М. Турлубаев |
Әкімшілік деректердің сапасын бағалау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әкімшілік деректердің сапасын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 82-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысымен бекітілген Деректерді басқару жөніндегі талаптардың (бұдан әрі – Талаптар) 12-тармағына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 75-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар Әкімшілік деректердің сапасын бағалау тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) және оның аумақтық бөлімшелері әкімшілік деректердің сапасын бағалау кезінде қолданады.
4. Осы Қағидаларда "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ келесі анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
2) әкімшілік деректердің сапасын бағалау – әкімшілік деректердің Талаптарға сәйкестік деңгейін анықтау процесі;
3) әкімшілік деректердің сапасын бағалау субъектісі (объектісі) – әкімшілік дереккөз және (немесе) оның дерекқоры;
4) деректер қоры – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы өңдеуге жарамды, жүйеленген деректер жиынтығы;
5) деректер сапасының өлшемшарттары – деректер сапасының жалпы қабылданған, деректер сапасының дәлдік, толықтық, өзара байланыстылығы, салыстырмалылық, өзектілік, бірегейлік, дәйектілік, уақтылылық, айқындылық, қолжетімділік сияқты аса маңызды өлшемшарттарын бағалау және бақылау үшін пайдаланылатын өлшемшарттары;
6) статистика жөніндегі әдіснамалық кеңес (бұдан әрі – Әдіснамалық кеңес) – уәкілетті орган ведомствосының консультативтік-кеңесші органы.
2-тарау. Әкімшілік деректердің сапасын бағалау тәртібі
5. Әкімшілік деректердің сапасын бағалау Заңының 12-1-бабына сәйкес әкімшілік деректер сапасын бағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты мемлекеттік бақылау шеңберінде жүргізіледі.
6. Әкімшілік деректердің сапасын бағалау үшін уәкілетті орган ведомствосының бірінші басшысы не оны алмастыратын уәкілетті тұлға бекіткен әкімшілік деректердің сапасын бағалаудың жартыжылдық жоспар-кестесіне (бұдан әрі – Жоспар-кесте) сәйкес бағалау жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымына дейін деректер бақылаушылары тартылады.
7. Жоспар-кесте мыналарды қамтиды:
1) Жоспар-кестені бекіту мерзімі;
2) әкімшілік деректердің сапасын бағалау субъектісі (объектісі) атауы;
3) әкімшілік деректер сапасына бағалау жүргізу кезеңі;
4) уәкілетті органның ведомствосына әкімшілік деректердің сапасы бойынша есепті (бұдан әрі – сапа бойынша есеп) ұсыну күні;
5) Жоспар-кестеге қол қоюға уәкілетті адамның қолы.
Жоспар-кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу деректер бақылаушылары әкімшілік дереккөзге қатысты жоспардан тыс тексеруге қатысуға тартылған, ақпараттандыру объектілерін және әкімшілік дереккөздердің дерекқорларын өнеркәсіптік пайдалану тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған, сондай-ақ олардың меншік және (немесе) иелену құқығы жеке секторға берілген жағдайларда жүзеге асырылады.
8. Әкімшілік деректердің сапасын бағалау Заң талаптарына және Талаптарға сәйкестігіне, сондай-ақ әкімшілік дереккөздің дерекқорын деректердің бірдей жинағы бар басқа ресми дереккөздердің деректерімен салыстыру және салыстыру арқылы деректер бақылаушымен жүзеге асырылады.
9. Деректерді бақылаушы дерекқорларды салыстыру кезінде деректер алшақтығының маңыздылығын айқындайды және сапа бойынша есепте мемлекеттік статистика саласындағы бұзушылық дәрежесінің градациясына сәйкес деректердің алшақтық дәрежесін береді: елеусіз, елеулі.
1) елеусіз бұзушылықтар:
әкімшілік дереккөз ұсынған әкімшілік деректердің бірдей мәндердің жиынтығын қамтитын басқа ресми дереккөздерден алынған деректермен 10%-ға дейін сәйкес келмеуіне;
Заңның 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұлттық анықтамалық ақпарат элементтерінің қолданылмауына;
2) елеулі бұзушылықтар:
Заңның 12-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ұлттық анықтамалық ақпараттың келісілмеген элементтерін қолдануға байланысты бұзушылықтар;
Заңның 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның ведомствосымен әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін келісілмеуіне;
әкімшілік дереккөздің анық емес әкімшілік деректерді ұсынуымен;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген) бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларына сәйкес әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсынбауымен;
Деректерді басқару жөніндегі талаптармен белгіленген әкімшілік деректер сапасының көрсеткіштеріне сәйкес келмеуімен;
ұсынылған дерекқорлардың Деректерді басқару жөніндегі талаптарда белгіленген деректерді қолдауға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуімен;
шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығымен бекітіліп, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамасы талаптарын сақтамауымен;
әкімшілік дереккөз ұсынған әкімшілік деректердің бірдей мәндердің жиынтығын қамтитын басқа ресми дереккөздерден алынған деректермен 10%-дан астам алшақтығымен байланысты бұзушылықтар.
10. Әкімшілік деректер мен бірдей мәндердің жиынтығын қамтитын басқа ресми дереккөздерден алынған деректер арасындағы пайыздық айырмашылықты анықтау кезінде мына формула қолданылады:
![]()
R % - әкімшілік деректердің басқа ресми дереккөздерден алынған деректермен пайыздық алшақтығы;
а – әкімшілік деректер;
b – әкімшілік деректермен салыстырылатын бірдей мәндердің жиынтығын қамтитын басқа ресми дереккөздерден алынған деректер.
11. Әкімшілік деректердің сапасына жүргізілген бағалау қорытындылары бойынша деректер бақылаушысы сапа бойынша есепті қалыптастырады және оны электрондық құжат айналымы арқылы уәкілетті орган ведомствосымен келіседі. Сапа бойынша есепті толтыру құрылымы осы Қағидаларға қосымшада келтірілген.
12. Нақтылаулар және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде сапа жөніндегі есепті деректер бақылаушысы 5 жұмыс күні ішінде пысықтайды.
13. Деректер бақылаушысы сапа бойынша келісілген есепті Әдіснамалық кеңеске қарауға ұсынады.
14. Сапа бойынша есепті қарау нәтижелері бойынша Әдіснамалық кеңес ресми статистикалық ақпаратты өндіруде әкімшілік деректерді пайдалану және (немесе) статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру бойынша ұсынымдарды ұсынады.
15. Заң талаптарын және (немесе) Талаптарда бұзушылықтар анықталған жағдайларда деректер бақылаушысы сапа бойынша есепті келіскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде сараптамалық қорытындыны уәкілетті орган ведомствосына электрондық құжат айналымы арқылы жолдайды, онда:
1) сараптамалық қорытындыны жасау орны, нөмірі және күні;
2) әкімшілік дереккөздің атауы;
3) әкімшілік дереккөздің дерекқорының базасының атауы;
4) бұзушылық дәрежесін көрсете отырып, мемлекеттік статистика саласында анықталған бұзушылықтар және оларды жою туралы ұсынымдар;
5) әкімшілік деректердің сапасын бағалау үшін тартылатын деректер бақылаушысының тегі, аты, әкесінің аты;
6) әкімшілік деректердің сапасын бағалау үшін тартылатын деректерді бақылаушының жұмыс телефоны мен электрондық поштасының мекенжайы көрсетіледі .
16. Уәкілетті органның ведомствосы:
елеусіз бұзушылықтар бойынша әкімшілік дереккөзге оларды жою туралы ұсынымдар жібереді;
елеулі бұзушылықтар бойынша Заңның 12-1-бабына сәйкес әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізеді.
17. Әкімшілік деректердің сапасын бағалау нәтижелері әкімшілік дереккөз жағында талдауға жатады және Талаптардың 32-42-тармақтарына сәйкес әкімшілік деректердің сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бастапқы деректер болып табылады.
18. Әкімшілік деректер деректер сапасының өлшемшарттарының біріне сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері оларды анық емес деп айқындайды.
| Әкімшілік деректердің сапасын бағалау қағидаларына қосымша |
