БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректер жинауға арналған нысандар:
1) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы бақылау-инспекциялық қызмет туралы мәліметтер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы бақылау-инспекциялық қызмет жөніндегі жиынтық ақпарат осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) браконьерлікпен күрес туралы мәліметтер осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы қызметі жөніндегі мәліметтер осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) жануарлар дүниесін аулау туралы мәліметтер осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) жануарлар дүниесін есепке алу туралы мәліметтер осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері осы бұйрықты басшылыққа алсын және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне бекітілген нысандарға сәйкес дұрыс ақпарат беруді қамтамасыз етсін.";
Бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшалар алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгiнің
Ұлттық статистика бюросы
