БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/578 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11780 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы";
Бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 218) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже";
1, 2, 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 218) тармақшасына сәйкес әзірленді және қорықшылық қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі (бұдан әрі – қорықшылық қызмет) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында жануарлар дүниесін қорғау функцияларын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы субъектілерінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
3. Қорықшылық қызметі аңшылық шаруашылығы субъектісі директорының бұйрығымен құрылады және оған (басшылыққа) бағынады.
4. Қорықшылық қызметке аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлері: аңшылық шаруашылығы директорлары, аға қорықшылар (болған жағдайда), қорықшылар жатады.
5. Қорықшылық қызметті аңшылық шаруашылығы субъектілері өз қаражаты есебінен құрады.";
7, 8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қорықшылық қызметі қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын аңшылық шаруашылығы субъектiсі әзiрлейдi және бекiтедi.
8. Аңшылық шаруашылығының қорықшылық қызметіне он сегіз жасқа толған тұлғалар қабылданады.
9. Аңшылық шаруашылығының субъектілері қорықшылық қызмет құрылғаннан немесе оның құрамы өзгергеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне тиісті ақпаратты (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қызметтік куәлігінің және омырауға тағатын белгісінің нөмірі көрсетілген қызметкерлердің тізімі) ұсынады.";
10-тармағының бірінші бөлігінде:
3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жеке және заңды тұлғалардың аң аулауға құқық беретін құжаттарын тексеруге;";
5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған аулау құралдарын, заңсыз аулап алынған аң аулау өнімдерін, тыйым салынған аулауға арналған қару түрлерін кейіннен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға беру үшін алып қоюға;
6) бекітіліп берілген аңшылық алқабының аумағында көлік құралдарын тоқтатуға құқығы бар.";
10-тармағының екінші бөлігінде:
1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бекiтілiп берiлген аңшылық алқаптарында жануарлар дүниесiн қорғауды қамтамасыз етуге;
2) аң аулау қағидаларын, аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, сондай-ақ тыныштық аймақтарында жануарлар дүниесін пайдалануға қойылған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтардың жолын кесуге;";
11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қорықшылық қызметінің жұмысында мынадай құжаттар пайдаланылады:
1) директор:
облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқапты бекітіп беру туралы шешімінің көшірмесі;
аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт;
"Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) нысан бойынша аңшылық шаруашылығы субъектiлерi берген жолдамаларды тiркеу журналы;
аңшылық алқабының карта-схемасы;
аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспары;
жануарларды есепке алу материалдары;
2) аға қорықшы (бар болса), қорықшы:
аңшылық шаруашылығы субъектісі, олардың бірлестіктері (аңшылар бірлестіктерін қоса алғанда) берген қызметтік куәлік;
қорықшыға қорық учаскесін (айналымды) бекітіп беру туралы аңшылық шаруашылығы субъектілері бұйрығының көшірмесі және оның карта-схемасы;
қызметтік қаруды алып жүруге және сақтауға рұқсат.".
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. |
Ж. Алиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
