БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 200 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына, 26-бабының 10-тармағына және "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 290) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының (бұдан әрі – Ұлттық ұлан) әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына, 26-бабының 10-тармағына (бұдан әрі - Заң) және "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 290) тармақшасына сәйкес әзірленген және Ұлттық ұланның әскери қызметшісін Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі - ӘАОО) немесе шет мемлекеттің ӘАОО оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 2-абзацы алынып тасталсын.
2."Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы №77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Әскери оқу орындарына қабылдауға конкурс өткізу кезінде тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен жағдайда:
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;
кемінде екі жыл кезең ішінде жас сарбаз, жас айбын ретінде әскерге дейінгі даярлықтан өткен азаматтар;
теріс себептер бойынша қызметтен босатылған әскери қызметшілерді қоспағанда, қызмет өтілі кемінде он бес жыл әскери қызметшілердің, сондай-ақ, жиырма және одан да көп жыл қызмет өтілімен әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілердің балаларының;
әскери қызмет өткеру кезінде қаза болған, хабарсыз кеткен немесе әскери қызмет өткеру кезеңінде мүгедектік алған әскери қызметшілердің балаларының;
"Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың;
тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылда жалпы білім беретін пəндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың республикалық жəне халықаралық конкурстарының жəне спорттық жарыстардың бірінші - үшінші дəрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздарының, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың немесе конкурстың пəніне сəйкес келген жағдайда, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пəндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының бірінші - үшінші дəрежелі дипломдарымен наградталған жеңімпаздарының басым құқығы бар.";
Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң және норма шығармашылығын үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
ІІМ әскери оқу орындарына кандидаттарға арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер және балл есептеуді бағалау
Тартылу | 100 метрге жүгіру | 3000 метрге жүгіру | ||||||
Баға | Балл | Неше рет орындалғаны | Баға | Балл | Уақыты (секунд) | Баға | Балл | Уақыты (секунд) |
| 23 реттен жоғары әр қайталау үшін 4 балл қосылады |
| 12-ден кем әрбір 0.1 сек үшін 2 балл қосылады | Өте жақсы | 11.30. мин кем әрбір 3 сек үшін 1 балл қосылады | |||
100 | 23 | 100 | 12.0 | 100 | 10.30 | |||
96 | 22 | 98 | 12.1 | 99 | 10.33 | |||
92 | 21 | 96 | 12.2 | 98 | 10.36 | |||
88 | 20 | 94 | 12.3 | 97 | 10.39 | |||
84 | 19 | 92 | 12.4 | 96 | 10.42 | |||
80 | 18 | 90 | 12.5 | 95 | 10.45 | |||
76 | 17 | 88 | 12.6 | 94 | 10.48 | |||
72 | 16 | 86 | 12.7 | 93 | 10.51 | |||
68 | 15 | 84 | 12.8 | 92 | 10.54 | |||
64 | 14 | 82 | 12.9 | 91 | 10.57 | |||
60 | 13 | 80 | 13.0 | 90 | 11.00 | |||
50 | 12 | 78 | 13.1 | 89 | 11.03 | |||
40 | 11 | 76 | 13.2 | 88 | 11.06 | |||
жақсы | 35 | 10 | 74 | 13.3 | 87 | 11.09 | ||
30 | 9 | 72 | 13.4 | 86 | 11.12 | |||
қанағаттанарлық | 25 | 8 | 70 | 13.5 | 85 | 11.15 | ||
20 | 7 | 68 | 13.6 | 84 | 11.18 | |||
66 | 13.7 | 83 | 11.21 | |||||
64 | 13.8 | 82 | 11.24 | |||||
62 | 13.9 | 81 | 11.27 | |||||
60 | 14.0 | 80 | 11.30 | |||||
жақсы | 55 | 14.1 | 79 | 11.33 | ||||
50 | 14.2 | 78 | 11.36 | |||||
қанағаттанарлық | 45 | 14.3 | 77 | 11.39 | ||||
40 | 14.4 | 76 | 11.42 | |||||
35 | 14.5 | 76 | 11.45 | |||||
30 | 14.6 | 75 | 11.00 | |||||
25 | 14.7 | 74 | 11.03 | |||||
20 | 14.8 | 73 | 11.06 | |||||
72 | 11.09 | |||||||
71 | 11.12 | |||||||
70 | 11.15 | |||||||
69 | 11.18 | |||||||
68 | 11.21 | |||||||
67 | 11.24 | |||||||
66 | 11.27 | |||||||
65 | 11.30 | |||||||
64 | 11.33 | |||||||
63 | 11.36 | |||||||
62 | 11.39 | |||||||
61 | 11.42 | |||||||
60 | 11.45 | |||||||
59 | 11.48 | |||||||
58 | 11.51 | |||||||
57 | 11.54 | |||||||
56 | 11.57 | |||||||
55 | 12.00 | |||||||
54 | 12.03 | |||||||
53 | 12.06 | |||||||
52 | 12.09 | |||||||
51 | 12.12 | |||||||
50 | 12.15 | |||||||
Жақсы | 49 | 12.18 | ||||||
48 | 12.21 | |||||||
47 | 12.24 | |||||||
46 | 12.27 | |||||||
45 | 12.30 | |||||||
44 | 12.33 | |||||||
43 | 12.36 | |||||||
42 | 12.39 | |||||||
41 | 12.42 | |||||||
40 | 12.45 | |||||||
Қанағаттанарлық | 39 | 12.48 | ||||||
38 | 12.51 | |||||||
37 | 12.54 | |||||||
36 | 12.56 | |||||||
35 | 12.58 | |||||||
34 | 13.00 | |||||||
33 | 13.02 | |||||||
32 | 13.04 | |||||||
31 | 13.06 | |||||||
30 | 13.08 | |||||||
29 | 13.12 | |||||||
28 | 13.14 | |||||||
27 | 13.16 | |||||||
26 | 13.18 | |||||||
25 | 13.20 | |||||||
24 | 13.22 | |||||||
23 | 13.24 | |||||||
22 | 13.26 | |||||||
21 | 13.28 | |||||||
20 | 13.30 | |||||||
