"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 14 қазанда № 37117 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15361 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1) тармақшасына, 17-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 33-бабына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, Заңның 30-бабында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Қорға аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері, оның ішінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 820-бабында белгіленген арнаулы салық режимдерін қолданатын және бірыңғай төлем шеңберінде қорға аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын жұмыс берушілер МӘМС-ке аударымдар төлеушілер болып табылады.";

      4-тармақта:

      2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 820-бабында белгіленген арнайы салық режимдерін қолданатын және бірыңғай төлем шеңберінде қорға жарналар төлеуді жүзеге асыратын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері болып табылатын тұлғалар;";

      7) тармақшасы алып тасталсын;

      9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар;";

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Қағидалардың 7 және 7-1-тармақтарында көрсетілген адамдар;";

      7-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекет жарналары МӘМС-ке республикалық бюджеттен мынадай тұлғалар үшін төленеді:";

      2) тармақшасы алып тасталсын;

      6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жұмыс істемейтін мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар;

      7) жұмыс істемейтін бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік жәрдемақыны алушылар;";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Мемлекет жарналары жергілікті бюджеттен мынадай тұлғалар үшін:

      1) субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар;

      2) Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, соңғы үш ай ішінде міндетті зейнетақы жарналарын аудармайтын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік саламаттылығының дағдарыс немесе мүшкіл деңгейлеріне жататын жұмыс істемейтін адамдар.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда, адамдар Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті осындай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан артық алмайды. Жарналарды үздіксіз төлеген және (немесе) олар үшін аударымдарды алпыс ай ішінде төлеген тұлғалар (осы Қағидалардың 7 және 7-1-тармақтарында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап алты айдан аспайтын мерзімге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын сақтайды. Бұл ретте, көрсетілген адамдар төленбеген кезең үшін қорға әрбір ай үшін жарналар төлеуден босатылмайды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Салық агенттері МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды ұстап қалу және аудару туралы, оның ішінде артық (қате) төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді электрондық немесе қағаз жеткізгіштерде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген сақтау мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне сәйкес сақтауды жүзеге асырады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары Заңның 26-бабының 2-тармағына және 26-1-бабының 3-тармағына сәйкес есептеледі (ұстап қалады).

      Мемлекеттің жарналарын есептеу объектісі Заңның 26-бабының 3-тармағына және 26-1 бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.";

      19-1-тармақ алып тасталсын;

      20-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте, жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының жиырма еселенген мөлшерінен аспайды.";

      20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-1. Жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) немесе өзге де заңды тұлғалар табыс төлеген кезде жүзеге асырады.

      Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке көмекшінің жарналары Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес осы шарттар бойынша есептелген барлық кірістерден есептеледі (ұсталады).

      Бұл ретте, жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының жиырма еселенген мөлшерінен аспайды.";

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын және орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар үшін жарналары жарналарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде айқындалады.

      Жарналарды ұстап қалуды және аударуды Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалған интернет-платформа операторы жүзеге асырады.";

      24-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-1. Бірыңғай төлем төлеушілер қорға аударымдар мен жарналарды Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 823-бабында белгіленген мерзімдерде төлейді.";

      27-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      38-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) төлеушіге, ол Заңның 27-бабының 2-2 тармағында және 28-бабының 5-2 тармағында белгіленген мөлшерден асатын аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу объектісінен жеке тұлға үшін аударымдар мен жарналар сомасын төлеген жағдайда;";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынған деректердің негізінде Мемлекеттік корпорация зейнетақы және жәрдемақы төлемдері бойынша қажеттілікті есептеу күніндегі жағдай бойынша олардың нақты саны негізінде Заңның 26-бабының 1-тармағында, 26-1 бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған адамдар санына қажеттілікті ай сайын екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады.";

      мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:

      "46-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынған деректер негізінде қор ай сайын Заңның 26-1 бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған қорға жарналарды төлеуден босатылған адамдардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке жүгінген күні келетін айдан кейінгі айдың екі жұмыс күні ішінде олардың медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымға бекітілген жері бойынша осындай адамдардың санына қажеттілікті қалыптастырады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Қорға жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін МӘМС-ке республикалық бюджеттен мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді Мемлекеттік корпорация уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

      Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркелген жарналарды төлеуден босатылған адамдарға жергілікті бюджеттен МӘМС-ке мемлекеттің жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға ай сайын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

      Уәкілетті орган өтінімнің негізінде есепті кезеңге арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде ақша қаражатын жарналар төлеуден босатылған адамдардың санаттары бөлінісінде төлем тапсырмаларымен ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде қордың шотына аударуды жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган ақша қаражатын аударғаннан кейін жарналар төлеуден босатылған адамдардың санаттары мен көлемін көрсете отырып, ақпаратты қорға жібереді.

      Жергілікті атқарушы органдар өтінімнің негізінде ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде есепті кезеңдегі төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде төлем тапсырмасында жарналарды төлеуден босатылған адамдардың санаты мен санын көрсете отырып, төлем тапсырмаларымен қордың шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:

      "47-1. Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, соңғы үш ай ішінде міндетті зейнетақы жарналарын аудармайтын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік саламаттылығының дағдарыс немесе мүшкіл деңгейлеріне жататын жұмыс істемейтін адамдар үшін МӘМС-ке жергілікті бюджеттен мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімдерді қор осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қажеттілікті қалыптастырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ай сайын жергілікті атқарушы органдарға жібереді.

      Жергілікті атқарушы органдар қажеттілік туралы өтінімді алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жарналарды төлеуден босатылған адамдардың санаттары бөлінісінде төлем тапсырмаларымен, оларда жарналарды төлеуден босатылған адамдардың санаттары мен саны көрсетіле отырып, қордың шотына есепті кезендегі төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында көзделген сомалар шегінде ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады.

      Медициналық қызметтерді тұтынушы осы Қағидалардың 7-1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген адамдар санаттарының бірінен шығып қалған жағдайда, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген МӘМС-ке жарналарды төлеуші ретінде Заңның 15-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС-ке жарналарды төлеу жөніндегі міндет туындайды. Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар осындай тұлға үшін МӘМС жарналарын ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін ай сайын заңнамада белгіленген мөлшерде төлеуге міндетті.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналарына есепті кезеңге арналған қаржыландыру жоспары бойынша бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нақты қажеттілікке сәйкес ақша қаражатының жетіспейтін сомасын аударуды уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырады.";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес Қағидаларға 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын;

      осы бұйрықпен бекітілген Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларында:

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;

      "2) алдыңғы кезең үшін берешек болмаған жағдайда артық есептелгенде (ішінара қайтару);";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші және алпыс тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 13 қазандағы
№ 106 Бұйрыққа 1-қосымша
Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе)
жарналарды есептеу (ұстап
қалу) және аудару қағидалары
мен мерзімдеріне 4-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
  арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында

      орналастырылған.

      Әкімшілік нысанның атауы: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджеттен мемлекеттің жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім ___ 20_ жыл (айға) (___ сағат, __ минут, __ күні бойынша)

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының индексі (форма атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-Қ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есептік кезең: _____20__ж

      Өтеусіз негізде Әкімшілік деректерді жинау нысаны ұсынатын тұлғалар тобы: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға нысанын ұсыну мерзімі: Мемлекеттік корпорация ай сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жібереді.

      ЖСН/БСН

     


      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі: электронды түрде

      *Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке әзірлейді.

Мекеме 226

Бағдарлама 002

Кіші бағдарлама

Ерекшелігі 361

Төлем түрі

Жеңілдікті санаттардағы адамдардың саны (нақты деректер)

Қорға төленуге тиісті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының мөлшері, пайыз

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылы алдындағы орташа айлық жалақы, теңге

Жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9





"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін республикалық бюджеттен мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түріндегі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер









оның ішінде:









балалар









жұмыс істемейтін жүкті әйелдер









МӘМС туралы Заңның 26-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);









жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар









жұмыс істемейтін мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар;









жұмыс істемейтін бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға мемлекеттік жәрдемақыны алушылар









зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері









қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар









тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар









жұмыс істемейтін қандастар









"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар









мүгедектігі бар адамдар









орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар









мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтін адамдар









Жалпы





      Атауы________________________ Мекенжайы____________________________

      Телефоны Электрондық пошта мекенжайы/

      Орындаушы ______________________________ _____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _________________________________________ _____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинау нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыру бойынша түсіндірме "20_ жылғы __________ (бір айға) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджеттен мемлекеттің жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)" (индекс – 1-Қ, кезеңділігі – ай сайын)

      1. Осы түсіндірме "20_ жылғы ______ (бір айға) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджеттен мемлекеттің жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (_______ сағат, __ минут, __ күні бойынша)" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі – Нысан).

      2. 1-бағанда 226-мекеме көрсетіледі;

      3. 2-бағанда 002 бағдарламасы көрсетіледі;

      4. 3-бағанда кіші бағдарлама көрсетіледі;

      5. 4-бағанда 361 ерекшелігі көрсетіледі;

      6. 5-бағанда төлем түрі көрсетіледі;

      7. Кестенің 6-бағанында жеңілдікті санаттардағы адамдардың саны көрсетіледі (нақты деректер);

      8. 7-бағанда қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының сомасы пайызбен көрсетіледі;

      9. 8-бағанда мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындаған ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақысы, теңгеде көрсетіледі.

      10. 9-бағанда адам санын, жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома, теңгеде көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 13 қазандағы
№ 106 Бұйрыққа 2 қосымша
Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе)
жарналарды есептеу (ұстап
қалу) және аудару қағидалары
мен мерзімдеріне 5-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

      Ұсынылады: Жергілікті атқарушы органдар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Әкімшілік нысанның атауы: Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджеттен мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы 20_____ жылғы _________ (ай) (_________ күні _______ сағат_______ минут жағдай бойынша) өтінім __________ 20_ жыл (айға) (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының индексі (форма атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 2-Қ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есептік кезең: _____20__ж

      Өтеусіз негізде Әкімшілік деректерді жинау нысаны ұсынатын тұлғалар тобы: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға нысанын ұсыну мерзімі: Мемлекеттік корпорация ай сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға жібереді.

      ЖСН/БСН

     


      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі: электронды түрде

      *Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке әзірлейді.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Ерекшелік

Төлем түрі

Адам саны (нақты деректер)

Қорға төленуге тиісті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының мөлшері, пайыз

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылы алдындағы орташа айлық жалақы, теңге

Жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9





Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар үшін мемлекеттің жергілікті бюджеттен міндетті медициналық сақтандыруға жарналары түріндегі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер





      Атауы________________________ Мекенжайы_______________________

      Телефоны Электрондық пошта мекенжайы/Орындаушы

      _____________________________ ______________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ______________________________ ___________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
  негізде жинау нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыру бойынша түсіндірме "20_ жылғы __________ (бір айға) субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджеттен мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)" (индекс – 2-Қ, кезеңділігі – ай сайын)

      1. Осы түсіндірме "20_ жылғы __________ (бір айға) субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджеттен мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі – Нысан).

      2. 1-бағанда бюджет бағдарламалардың әкімшісі көрсетіледі;

      3. 2-бағанда бағдарламасы көрсетіледі;

      4. 3-бағанда кіші бағдарлама көрсетіледі;

      5. 4-бағанда ерекшелігі көрсетіледі;

      6. 5-бағанда төлем түрі көрсетіледі;

      7. Кестенің 6-бағанында адамдардың саны көрсетіледі (нақты деректер);

      8. 7-бағанда қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының сомасы пайызбен көрсетіледі;

      9. 8-бағанда мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындаған ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі орташа айлық жалақы, теңгеде көрсетіледі.

      10. 9-бағанда адам санын, жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома, теңгеде көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 13 қазандағы
№ 106 Бұйрыққа 3 қосымша
Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе)
жарналарды есептеу (ұстап
қалу) және аудару қағидалары
мен мерзімдеріне 6-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

      Ұсынылады: Жергілікті атқарушы органдар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін жергілікті бюджеттен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілік туралы 20___ жылғы _______ (ай) (____ күні ____ сағат_____ минут жағдай бойынша) өтінім ____ 20_ жыл (айға) (_______ сағат, __ минут, __ күні бойынша)

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының индексі (форма атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 3-Қ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есептік кезең: _____20__ж

      Өтеусіз негізде Әкімшілік деректерді жинау нысаны ұсынатын тұлғалар тобы: "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор).

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға нысанын ұсыну мерзімі: Қор ай сайын қажеттілікті қалыптастырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға жібереді.

      ЖСН/БСН

     


      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі: электронды түрде

      *Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке әзірлейді

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Ерекшелік

Төлем түрі

Саны, адам

Қорға төленуге тиісті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының мөлшері, пайыз

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылы алдындағы орташа айлық жалақы, теңге

Сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9





"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жергілікті бюджеттен мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түрінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер









оның ішінде:









Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, соңғы үш ай ішінде міндетті зейнетақы жарналарын аудармайтын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғу туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік саламаттылығының дағдарыс деңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар









Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, соңғы үш ай ішінде міндетті зейнетақы жарналарын аудармайтын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғу туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік саламаттылығының мүшкіл деңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар









Жалпы





      Атауы________________________ Мекенжайы___________________________

      Телефоны Электрондық пошта мекенжайы/Орындаушы

      _________________________________ ___________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________ __________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинау нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыру бойынша түсіндірме "20_ жылғы __________ (бір айға) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін жергілікті бюджеттен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)" (индекс – 3-Қ, кезеңділігі – ай сайын)

      1. Осы түсіндірме "20_ жылғы __________ (бір айға) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін жергілікті бюджеттен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі – Нысан).

      2. 1-бағанда бюджет бағдарламалардың әкімшісі көрсетіледі;

      3. 2-бағанда бағдарламасы көрсетіледі;

      4. 3-бағанда кіші бағдарлама көрсетіледі;

      5. 4-бағанда ерекшелігі көрсетіледі;

      6. 5-бағанда төлем түрі көрсетіледі;

      7. Кестенің 6-бағанында адамдардың саны көрсетіледі (нақты деректер);

      8. 7-бағанда қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының сомасы пайызбен көрсетіледі;

      9. 8-бағанда мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындаған ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі орташа айлық жалақы, теңгеде көрсетіледі.

      10. 9-бағанда адам санын, жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома, теңгеде көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 13 қазандағы
№ 106 Бұйрыққа 4 қосымша
Аударымдардың, жарналардың
және (немесе) аударымдарды
және (немесе) жарналарды
уақтылы және (немесе) толық
төлемегені үшін өсімпұлдың
артық (қате) есепке
жатқызылған сомаларын
төлеушілерге қайтаруды жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қор).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

2) "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы

4

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) Мемлекеттік корпорация – 15 (он бес) жұмыс күні;

2) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы – 10 (он) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қор оларды кейіннен төлеушіге аудару үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына ақша аударуы немесе аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұлдар сомаларын төлеушіге қайтарудан дәлелді бас тартуы

7

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу графигі

1) Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республиканың Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа;
2) Қордың жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Өтініштер Мемлекеттік корпорация арқылы және портал арқылы беріледі;
3) Портал – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
төлеуші қайтаруға өтініш берген кезде Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес пайдасына аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілген жеке тұлғадан сомаларды қайтаруға өтініш берген кезде келісім беру туралы өтініш.
2) портал арқылы сұрау салу кезінде:
өтініш;
төлеуші қайтаруға пайдасына жарналар жүргізілген жеке тұлғадан сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтініш:
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" арқылы берген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жіберіледі және сақталады.

10

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) енгізілген деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың 4-тармағында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған;

4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз түрінде немесе электрондық нысанда көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады