"Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 13 қазанда № 37107 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 9) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларында:

      2-тармақтың 13) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) "migration.enbek.kz" көші-қон қызметтерін көрсетудің бірыңғай порталы – көшіп-қонушылардың есебі мен қозғалысын, сондай-ақ көші-қон саласында қызметтер ұсынудың мониторингін қамтамасыз ететін Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) цифрлық экожүйесінің кіші жүйесі;

      14) "migration.enbek.kz" көші-қон қызметтерін көрсетудің бірыңғай порталының мобильді қосымшасы (бұдан әрі – мобильді қосымша) – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған әрі ұялы байланыс, Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен функцияларға қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "migration.enbek.kz" көші-қон қызметтерін көрсетудің бірыңғай порталы арқылы, ақпараттандыру объектілері арқылы: мобильді қосымшасы, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі, Мемлекеттік корпорация не www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі-тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, қандас мәртебесін беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) береді.

      4. "migration.enbek.kz" көші-қон қызметтерін көрсетудің бірыңғай порталы немесе мобильді қосымшасы арқылы берілген өтініш осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қарауы үшін "Қандас" ААЖ-ға түседі.";

      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Комиссия өтініш келіп түскен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қарайды және өтініш берушіге қандас мәртебесін беруден бас тарту туралы немесе қандас мәртебесін беру туралы ұсыныс шығару туралы мынадай шарттарды ескере отырып:";

      9-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қандас мәртебесін беру немесе беруден бас тарту туралы ұсынымды комиссия қабылдайды және ол хаттамамен ресімделеді. Комиссияның әрбір отырысы барысында этникалық қазақтардың өтініштерін қараудың бейнежазбасы жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Ұсынылған құжаттар бойынша уәжделген ескертулер туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлама (портал, электрондық пошта, SMS арқылы) жібереді.

      Тыңдау хабарлама жіберілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін беруге не ұзартуға өтінішті қабылдау туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжделген бас тартуды қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының дәлелді себептермен тыңдауға қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы растайтын құжаттарды ұсына отырып, тыңдауға келмеу себептерінің аяқталу мерзімімен ауыстырылады.

      Жергілікті атқарушы орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтініш берушіге қандас мәртебесін беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және "Қандас" ААЖ арқылы қабылданған шешімді өтініш берушіге, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне не Мемлекеттік корпорацияға жібереді;";

      10-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қандас" ААЖ арқылы өтініш берушіге, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесіне не Мемлекеттік корпорацияға өтініш берушіге қандас мәртебесін беру туралы шешім жібереді, ол өтініш беруші шешімде көрсетілген қоныстандыру өңіріне келген күні күшіне енеді, оған қоса беріледі:";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өтініш пен қоса берілген құжаттар келіп түскен күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қандас мәртебесін бір рет алты айдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы шешім қабылдайды.";

      20 және 21-тармақтар алынып тасталсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешімі өтініш берушіні кейіннен хабардар ету үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2025 жылғы 10 қазандағы
№ 317 бұйрығына қосымша
Қандас мәртебесін беру немесе
ұзарту қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Қандас мәртебесін беру

немесе ұзарту қандас мәртебесін беру".

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:

1. Жалпы тәртіпте мәртебе алу;

2. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы қандас мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімі негізінде мәртебе алу; 3. Мәртебені ұзарту;

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1. Қандас мәртебесін беруге өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді
- шет елдердегі мекемелер (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар үшін);
- мобильді қосымшасы;
- Мемлекеттік корпорация;
- migration.enbek.kz" көші-қон қызметтерін көрсетудің бірыңғай порталы;
- www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырады.
2. Қандас мәртебесін ұзартуға өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган және Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1. Қандас мәртебесін беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 30 жұмыс күні ішінде.
2. Қандас мәртебесін ұзарту бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 3 жұмыс күні ішінде.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты: көрсетілетін қызметті берушіде-30 минут, Мемлекеттік корпорацияда-15 минут;
Көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-30 минут, Мемлекеттік корпорацияда-20 минут, "бір өтініш" қағидаты бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде-60 минут.

4

Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны

Қағаз/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін, электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: қандас мәртебесін беру кезінде – қандас куәлігін беру, қандас мәртебесін ұзартқан жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органның шешімі.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде 1 (бір) жыл ішінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш берушінің сұрау салуы бойынша Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен түсіре отырып, жергілікті атқарушы органнан бұрын алынған қандас куәлігін береді. migration.enbek.kz порталында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жеке кабинетте көрсетіледі.

6

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – www.enbek.gov.kz интернет-ресурсы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерден басқа, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдерінде дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет тұрғылықты жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті веб-портал арқылы брондауға болады.
3) веб-порталда, "migration.enbek.kz" порталында, мобильдік қосымшасында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
4) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында орналастырылған: www.gov.kz.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:
1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі не Мемлекеттік корпорация арқылы қандас мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімі негізінде жалпы тәртіппен мәртебе мен мәртебе алу үшін:
1) өмірбаян (еркін түрде);
2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (бар болса) қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен;
3) өтініш берушінің осы Қағидалардың 2-тармағының 18) тармақшасында көзделген шартқа сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері (туу туралы куәліктердің, шетелдік паспорттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмелері, үміткерлердің ұлтын растайтын этникалық қазақтар шыққан елдің арнаулы органдарының басқа да ресми құжаттары), "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 11-1) тармақшасында көзделген оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен Қазақстан Республикасының қандас және азаматтығы мәртебесін алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына тиесілігін айқындау жөніндегі комиссияның ұсынымы болмаған жағдайда.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянын қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады, сондай ақ мемлекеттік базалардан электрондық көшірмелер мен деректерді пайдалануға мүмкін болады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
2. Мәртебені ұзарту үшін:
өтініш беруші осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес өтініш береді.
Өтініш берушілерден ақпараттық жүйелерден құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Қандас мәртебесін беру не одан бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган өтінішті тіркеген күннен кейін 30 жұмыс күні ішінде ресімдейді.
Жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін беруден мынадай негіздер бойынша енгізуден бас тартады:
1) үміткерлердің "Халықтың көші-қоны туралы" Заңның 20-бабы 1) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі;
2) өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
3) қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы қолдаухат беретін этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерлейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілігі туралы өзге де ақпараттың болуы;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын этникалық қазақтың қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
5) қандастарды аумақтық-әкімшілік бірлікте қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы немесе этникалық қазақтың қоныстандыру үшін ұсынылған аумақтық-әкімшілік бірліктен бас тартуы.
Сондай-ақ, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында көзделген негіздер мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болып табылады.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет-ресурста Көрсетілген www.gov.kz. "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады